2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 625 абзацпен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
Осы баптың ережелері осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларға қолданылмайды;
2. Медицинаға арналған салықтық шегерімді Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы өз пайдасына жұмсалған медицинаға арналған шығыстар бойынша қолданады.
3. Медицинаға арналған салықтық шегерім күнтізбелік жылға айқындалған айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолданылады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 617 абзац жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Бұл ретте осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) шығыстарын және (немесе) ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын жұмыскердің пайдасына төлеуге кететін жұмыс берушінің шығыстарын жабу үшін медицинаға және кірісті түзетуге арналған салықтық шегерімнің жалпы сомасы күнтізбелік жыл үшін жиынтығында күнтізбелік жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
4. Медицинаға арналған салықтық шегерімді қолдану үшін мыналар растайтын құжаттар болып табылады:
1) жазбаша нысанда жасалған жағдайда - медициналық көрсетілетін қызметтердің құны бөліп көрсетілген ақылы медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт;
2) медициналық көрсетілетін қызметтердің құны туралы ақпаратты қамтитын үзінді көшірме;
3) медициналық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын құжат.
5. Медициналық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша салықтық шегерімдер неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетiн салықтық кезеңде қолданылады:
медициналық көрсетілетін қызметтерді алу күні;
медициналық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу күні.
6. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде ұсынылған медициналық көрсетілетін қызметтерге шетел валютасымен ақы төленген кезде осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстарды теңгемен қайта есептеу төлемді жүзеге асыру күніне Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы қолданыла отырып жүзеге асырылады.
349-бап. Сыйақылар бойынша салықтық шегерім
1. Сыйақылар бойынша салықтық шегерімді Қазақстан Респуликасының резидент-жеке тұлғасы өз пайдасына жұмсалған, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінен алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады.
2. Сыйақылар бойынша салықтық шегерімді қолдану үшін мыналар растайтын құжаттар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен жасалған ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты;
2) сыйақы сомалары бөліп көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі;
3) осындай қарыз бойынша сыйақының өтелгенін растайтын құжат.
3. Салықтық шегерімдер неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетін салықтық кезеңде қолданылады:
ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі бойынша сыйақыны өтеу күні;
сыйақыны төлеу күні.
38-тарау. Төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығы бойынша есептеу,
төлеу және салықтық есептілікті ұсыну тәртібі
350-бап. Төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығы бойынша жалпы ережелер
1. Жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және бюджетке төлеуді төлем көзінен салық агенті осы Кодекстің 321-бабының 1) - 12) және 17) тармақшаларында көрсетілген кірістер бойынша, егер мұндай кірістерді аталған салық агенті төлеуге тиіс болса (төлесе), жүзеге асырады.
2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, резидент-жеке тұлғаға кіріс төлейтін мынадай тұлғалар салық агенттері деп танылады:
1) дара кәсіпкер;
2) жеке практикамен айналысатын адам;
3) заңды тұлға, оның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент.
Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлға филиалын, өкілдігін немесе филиал немесе өкілдік ашпай тұрақты мекемесін Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойған күннен бастап салық агенті деп танылады;
4) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 220-бабына сәйкес тұрақты мекеме құрмаса, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға.
3. Мыналар салық агенттері деп танылмайды:
1) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, шет мемлекеттің консулдық мекемелері;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар және қорлар.
4. Резидент-заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесіне бір мезгілде мынадай міндетті жүктеуге құқылы:
төлем көзінен салық салуға жататын, осындай құрылымдық бөлімше есепке жазған, төлеген кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару;
осындай құрылымдық бөлімшенің шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу және төлеу.
Резидент-заңды тұлға қабылдаған осындай шешім:
жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшеге қатысты - осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап;
қалған жағдайларда - осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Резидент-заңды тұлғаның осындай шешімінің күшін жою осындай шешімнің күші жойылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Депозитарлық қолхаттар бойынша кірістерден жеке табыс салығын есептеуді және ұстап қалуды осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті жүргізеді.
Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде резидентке төленетін кірістер бойынша салық агентінің салықтық міндеттемені орындау, сондай-ақ төлем көзінен ұсталып қалған табыс салығын қайтару тәртібі осы Кодекстің 310-бабына сәйкес айқындалады.
351-бап. Жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу
1. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық агентi салық салуға жататын кірісті есепке жазу кезінде жүргізедi.
Жеке табыс салығының сомасы осы бөлімге сәйкес айқындалатын төлем көзінен салық салынатын кіріс сомасына осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептеледі.
2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығын ұстап қалуды салық агентi төлем көзiнен салық салуға жататын кірісті төлеу күнінен кешiктiрмей жүргізедi.
3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық агентi төленген кірістер бойынша жеке табыс салығын аударуды кіріс төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей өзiнің тұрған жерi бойынша жүзеге асырады.
4. Салық агентiнiң құрылымдық бөлiмшелерi жұмыскерлерiнiң кірістері бойынша жеке табыс салығын аудару құрылымдық бөлiмшелердің орналасқан жері бойынша тиiстi бюджеттерге жүргiзiледi.
5. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық агенті төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден есептелген жеке табыс салығы сомасын оны ұстап қалмай өз қаражаты есебінен төлеген кезде салық агентінің төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеті орындалды деп есептеледі.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 663 - 676 абзацтармен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
351-1-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемі кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алушының және (немесе) уәкілетті оператордың банктік шотына аударған кезде салық агенті жеке табыс салығын есептеуді жүргізеді.
Жеке табыс салығы осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы біржолғы зейнетақы төлемінің сомасына есептеледі.
2. Жеке табыс салығының сомасын ұстап қалуды және аударуды салық агенті жеке тұлғаның таңдауы бойынша мынадай тәсілдердің бірі бойынша:
1) осы Кодекстің 351-бабында көзделген тәртіппен;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдері үшін белгілеген график бойынша ай сайын тең үлестермен он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде жүргізеді.
Осы тармақта көрсетілген ұстап қалу зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық агентіне ұсынылған жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініш негізінде жүргізіледі.
3. Салық агенті ұстап қалынған жеке табыс салығы сомасын аударуды:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда - біржолғы зейнетақы төлемі жүзеге асырылған келесі айдың;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдері үшін белгілеген графикке сәйкес зейнетақы төлемін аудару басталған келесі айдың күнтізбелік жиырма бес күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
4. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен кезде салық агенті біржолғы зейнетақы төлемінен ұстап қалмаған және аудармаған жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 351-бабында көзделген тәртіппен зейнетақы төлемінің сомасынан біржолғы ұстап қалуға және аударуға жатады.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтары мұраға қалдырылған адамнан салық агенті біржолғы зейнетақы төлемінен ұстап қалмаған және аудармаған жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 351-бабында көзделген тәртіппен зейнетақы төлемінің сомасынан біржолғы ұстап қалуға және аударуға жатады.
6. Жеке тұлғаның жасалған жинақтаушы сақтандыру (зейнетақы аннуитеті) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарына төлеу үшін жіберілген зейнетақы жинақтарының сомаларын аудару кезінде салық агенті біржолғы зейнетақы төлемінен ұстап қалмаған және аудармаған жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 351-бабында көзделген тәртіппен зейнетақы жинақтарының сомасынан біржолғы ұстап қалуға және аударуға жатады.
7. Осы баптың мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салық агенті деп танылады.
352-бап. Мемлекеттік мекемелердің жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу ерекшеліктері
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 663 абзац жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық органдары өзіне (өздеріне) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің кірістері бойынша салық агенттері ретінде қаралуы мүмкін.
2. Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің кірістері бойынша салық агенттері ретінде қарастырылуы мүмкін.
Бұл ретте осы бапта белгіленген тәртіппен салық агенттері деп танылған мемлекеттік мекемелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаттары үшін әлеуметтік салықты төлеушілер деп танылады.
Жеке табыс салығын төлеу салық агентінің тұрған жері бойынша тиісті бюджеттерге жүргізіледі.
3. Жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және төлеуді салық агенті осы Кодекстің 350 және 351-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
4. Салық агенті жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны осы Кодекстің 355-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тапсырады.
353-бап. Төлем көзінен салық салынатын кірісті айқындау
1. Жұмыскердің салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
жұмыскердің салықтық кезеңге есептелген, төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерінің сомасы,
алу
осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, салықтық кезеңдегі кірісті түзету сомасы,
алу
осы Кодекстің 342-бабында көрсетілген тәртіппен салықтық шегерімдер сомасы.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 677 абзацпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Егер жұмыскердің салықтық кезең үшін есепке жазылған кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспаса, жұмыскердің салық салынатын кірісінің осы баптың 1-тармағында айқындалған сомасы 90 пайызға азайтылады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 677 - 682 абзацтар жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мүліктік кірістен басқа, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алған салық салынатын кіріс мөлшері мынадай тәртіппен айқындалады:
мүліктік кірістен басқа, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден ағымдағы салықтық кезеңде алған, төлем көзінен салық салуға жататын кірістер сомасы,
алу
осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген ағымдағы салықтық кезеңде кірісті түзету сомасы,
алу
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар түріндегі салықтық шегерімдердің және осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген стандартты шегерімдердің сомасы.
3. Зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын кіріс мөлшері мынадай тәртіппен айқындалады:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан:
салық салуға жататын, зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс сомасы,
алу
осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы
алу
осы Кодекстің 345-бабының 1-тармағында және 346-бабы 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген тәртіппен және мөлшерлерде салықтық шегерімдер сомасы;
2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан - салық салуға жататын, зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс мөлшерінде.
4. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салық салынатын кіріс мөлшері мынадай тәртіппен айқындалады:
салық салуға жататын, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс сомасы,
алу
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 694 абзац жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген кірісті түзету сомасы,
алу
осы Кодекстің 345-бабының 2-тармағында көрсетілген тәртіппен және мөлшерде салықтық шегерім сомасы.
5. Салық агентінен салық салынатын кірістердің, оның ішінде осы баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілмеген кіріс түрлері бойынша мөлшері мынадай тәртіппен айқындалады:
төлем көзінен салық салуға жататын, осы баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілмеген, ағымдағы салықтық кезеңде алынған барлық кірістердің сомасы,
алу
осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, ағымдағы салықтық кезеңде кірісті түзету сомасы,
алу
осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген стандартты шегерім сомасы.
6. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістің шетел валютасындағы сомасы кіріс төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.
7. Егер осы баптың 1 - 5-тармақтарында көзделген тәртіппен айқындалған сома теріс болып табылса, онда мұндай сома салықтық шегерімдердің асып кетуі деп танылады.
Салықтық шегерімдердің асып кету сомасы осы салықтық кезеңдерде салық салынатын кіріс есебінен өтеу үшін күнтізбелік жыл шегінде кейінгі салықтық кезеңдерге ауыстырылады.
354-бап. Салықтық және есепті кезеңдер
1. Салық агенттері төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеу үшін күнтiзбелiк ай салықтық кезең болып табылады.
2. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны жасау үшін күнтiзбелiк тоқсан есепті кезең болып табылады.
355-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация
1. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агенті тұрған жердегі салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей:
салық агенттері, оның ішінде тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттері;
әлеуметтік төлем агенттері немесе төлеушілер, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз пайдасына тапсырады.
2. Бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттері төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының есептелген сомаларын бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда көрсетеді.
3. Құрылымдық бөлімшелері бар салық агенттері құрылымдық бөлімше орналасқан жердегі салық органына жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны ұсынады.
39-тарау. Жеке тұлға дербес есептейтін жеке табыс салығы бойынша есептеу, төлеу және салықтық есептілікті ұсыну тәртібі
356-бап. Жеке тұлға дербес есептейтін жеке табыс салығы бойынша жалпы ережелер
1. Жеке табыс салығын есептеуді және бюджетке төлеуді жеке тұлға:
1) осы Кодекстің 321-бабының 1) - 12) және 17) тармақшаларында көрсетілген кірістер бойынша - осындай кірістерді салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алған жағдайда;
2) осы Кодекстің 321-бабының 13) - 18) тармақшаларында көрсетілген кірістер бойынша дербес жүзеге асырады.
2. Жеке тұлға дербес салық салуға жататын, шетел валютасымен алынған (алуға жататын) кіріс кіріс алуға жататын күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледi.
357-бап. Жеке тұлға дербес салық салуға жататын жеке тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау
1. Дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның және резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісін қоспағанда, жеке тұлға дербес салық салуға жататын тиісті кірістің салық салынатын сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
жеке тұлға дербес салық салуға жататын жеке тұлға кірісі,
алу
осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, кірісті түзету сомасы,
алу
осы Кодекстің 342-бабында көрсетілген мөлшерде және тәртіппен салықтық шегерімдер сомасы.
2. Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
дара кәсіпкердің осы Кодекстің 366-бабына сәйкес айқындалған салық салынатын кірісі,
алу
тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісі
алу
осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, кірісті түзету сомасы,
алу
осы Кодекстің 342-бабында көрсетілген мөлшерде және тәртіппен салықтық шегерімдер сомасы.
Дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, егер осындай қызмет операциялары бойынша пайда болған теріс бағамдық айырма сомасынан оң бағамдық айырма сомасының асып кетуі ескеріле отырып, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер дара кәсіпкердің салықтық кезең үшін жиынтық түрде алған кірісінің кемінде 90 пайызын құраса, жүргізіледі. Бұл шарт сақталмаған кезде дара кәсіпкер осы тармақтың бірінші бөлігі үшінші және төртінші абзацтарының ережелерін қолдануға құқылы емес.
3. Жеке практикамен айналысатын адам кірісінің салық салынатын сомасы осы Кодекстің 365-бабында белгіленген тәртіппен айқындалады.
4. Резидент-еңбекші көшіп келуші кірісінің салық салынатын сомасы осы Кодекстің 360-бабында белгіленген тәртіппен айқындалады.
358-бап. Жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу
1. Жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда кейінен көрсете отырып, салықтық кезеңде алынған кірістер бойынша жүргізіледі.
Жеке практикамен айналысатын адамдардың кірістерінен жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда кейін көрсетіле отырып, әр айдың қорытындысы бойынша бір айда алынған кірістер бойынша жүргізіледі.
2. Жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаның салық салынатын тиісті кіріс түрінің сомасына осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі.
3. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер көрсетілген арнаулы салық режимдерінің шеңберінде салық салынатын кірістер боыйнша жеке табыс салығын есептеуді осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес жүргізеді.
4. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер жеке табыс салығын (төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша есептелетін салықтан басқа) есептеуді осы Кодекстің 78-тарауының ережелерін ескере отырып жүргізеді.
5. Жеке табыс салығының бюджетке төлеуге жататын сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
жеке табыс салығының осы бапта көзделген тәртіппен есептелген сомасы,
алу
жеке табыс салығының осы Кодекстің 359-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы,
алу
корпоративтік табыс салығының осы баптың 6-тармағына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 751 - 764 абзацтар алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
359-бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу
1. Резидент-жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірістерден Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде төленген кіріс салықтарының немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге шетелдік салықтың (бұдан әрі осы баптың мақсатында - шетелдік табыс салығы) сомалары осындай шетелдік табыс салығының төленгенін растайтын құжат болған кезде жеке табыс салығының мөлшерлемесі шегінде осы Кодекстің 303-бабында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызуға жатады.
2. Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығын төлеу есебіне бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының мынадай формула бойынша есептелген сомасы есепке жатқызуға жатады:
Се = О х Ү х Мт/100 %, мұнда
Се - шетелдік табыс салығының есепке жатқызылуға жататын сомасы;
О - осы Кодекстің 340-бабына сәйкес резидент-жеке тұлғаның жылдық кірісіне енгізілген, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының оң шамасы немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасы;
Ү - осы Кодекстің 297-бабына сәйкес айқындалатын, бақыланатын шетелдік компанияға резиденттің тікелей немесе жанама, немесе конструктивті қатысу немесе тікелей немесе жанама, немесе конструктивті бақылау коэффициенті;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 772 абзац өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Мт - осы Кодекстің 340-бабы 3-тармағының 1) - 10) тармақшаларында көрсетілген кірістерден табыс салығы, оның ішінде Қазақстан Республикасында төлем көзінен ұстап қалынғаны есепке алынбай, осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 12) тармақшасына сәйкес есептелген тиімді мөлшерлеме.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 773 абзац жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)