жұмыскерді оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;
уәкілетті орган белгiлеген нормалар шегiнде жұмыскердің тұруына нақты жұмсалған шығыстар;
жұмыскер оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, бiлiктiлiгін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн кері қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;
жұмыс берушi:
жұмыскердің Қазақстан Республикасының шегiнде оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзiмі iшiнде - жұмыскер оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;
жұмыскердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзiмі iшiнде - жұмыскер оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде жұмыскерге төлеуге тағайындаған ақша сомасы;
41) осы Кодекстiң 291-бабының 1-тармағында аталған дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, оның ішінде ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегi тұрғылықты жерiнен (ел, елді мекен) Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және кері қайтқанда әуе көлiгiмен жол жүруге шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде нақты жұмсаған:
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыскері болып табылатын;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметтерін көрсететін бейрезидент-заңды тұлғаның жұмыскері болып табылатын және тікелей осындай жұмыстарды орындайтын және осындай қызметтерді көрсететін резидент-шетелдiк тұлға алған материалдық пайда;
42) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен, мамандық көрсетіле отырып жіберілген кезде осы дербес білім беру ұйымының шығыстары:
жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;
уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде жеке тұлғаның тұруына нақты жұмсалған шығыстар;
жеке тұлға оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейін кері қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;
дербес білім беру ұйымы:
оқитын адамның Қазақстан Республикасының шегінде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзімі ішінде - жеке тұлға оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
оқитын адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзімі ішінде - жеке тұлға оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындаған ақша сомасы;
43) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы жұмсаған мынадай түрдегі төлемдер:
мынадай білім беру деңгейлері бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру бағдарламасында көзделген оқуға және (немесе) кәсіптік практикадан өтуге ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар:
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысуға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;
жол жүруге және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжат болған кезде электрондық билет) негізінде - бронь үшін шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, осы тармақшада көзделген оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту орнына, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шарасы өтетін орынға баруға және кері қайтуға нақты жұмсалған шығыстар;
уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде жеке тұлғаның тұруына нақты жұмсалған шығыстар;
мынадай:
жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінде жіберілген кезде осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде - оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге жіберілген кезде осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде - оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері;
растайтын құжаттар негізінде, келуге және кетуге арналған рұқсатты (визаны) ресімдеу кезінде жұмсалған шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны) шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомалары.
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы шешім қабылдаған күніне және оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысу кезеңінде мұндай дербес білім беру ұйымында:
дайындық бөлімінде;
мынадай білім беру деңгейлері:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғарғы мектеп;
мынадай білім беру деңгейлері:
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлғаларға қолданылады;
44) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының дайындық бөлімінде оқитын жеке тұлға, каникул кезеңін қоспағанда, оқу жылының әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде тамақтануға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда;
45) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлға:
медициналық сақтандыруға, оның ішінде ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына ақы төлеуге;
осы Кодекстің 291-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымының жатақханасында тұруға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда;
46) байланыс операторы абонент қолма-қол ақшасыз операцияларды жүзеге асырғаны үшін абоненттің мобильдік балансына байланыс операторының қаражаты есебінен есепке жатқызатын сома;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 143 абзац жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
47) резидент-жеке тұлғаның кірістерінен ұстап қалынбай өз қаражаты есебінен осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық агенті есептеген және төлеген жеке табыс салығының, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агент есептеген және төлеген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары;
48) операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылатын Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаға, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарламаларға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерді мемлекеттік қаржылай емес қолдау түрінде бюджеттік қаражат есебінен алынған көрсетілетін қызметтердің құны;
49) талап ету құқығын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым иемденген кредит (қарыз) бойынша міндеттемелер тоқтатылған кезде түзілген:
негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру түріндегі кіріс.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 148 абзацпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
50) осы Кодекстің 228-бабының 7-1-тармағында белгіленген шарттар орындалған кезде резидент-заңды тұлғаның бейрезидент-заңды тұлғадан бағалы қағаздарды немесе қатысу үлестерін сатып алуы нәтижесінде туындаған дивидендтер.
320-бап. Салық мөлшерлемелері
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген кірістерді қоспағанда, салық төлеушiнiң кірістеріне 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынады.
2. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер түрiндегi кірістерге 5 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынады.
321-бап. Жеке тұлғаның жылдық кірісіне кіретін кірістер
Жеке тұлғаның жылдық кірісіне мынадай кірістерінің барлық түрі кіреді:
1) жұмыскердің кірісі, оның ішінде үй жұмыскерінің кірісі және резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі;
2) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға алған мүліктік кірістен басқа, тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс;
3) жеке тұлға алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын үшінші тұлғаның төлеуі түріндегі кіріс;
4) жеке тұлға алдындағы берешекті өтеу есебіне орындалған, көрсетілген жұмыстар, қызметтер түріндегі кіріс;
5) өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс;
6) борышты кешіру түріндегі кіріс;
7) есептен шығарылған айыппұлды, өсімпұлды және басқа да санкция түрлерін қоспағанда, борышкерге қойылатын талап мөлшерін азайту түріндегі кіріс;
8) репо операциялары бойынша сыйақы төлеу түріндегі кіріс;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 161 абзац жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдер түріндегі кіріс;
10) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс;
11) стипендия түріндегі кіріс;
12) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс;
13) мүліктік кіріс;
14) дара кәсіпкердің кірісі;
15) жеке практикамен айналысатын адамның кірісі;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін, салық салуға жататын, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның салық агентіне анық емес мәліметтерді ұсынуына байланысты төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу жүргізілмеген кірістер;
17) осы баптың 1) - 16) тармақшаларында көрсетілмеген, салық агентінен немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған басқа да кірістер;
18) бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің осы Кодекстің 340-бабына сәйкес айқындалатын жиынтық пайдасы.
36-тарау. Кірістер
1-параграф. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістер
322-бап. Жұмыскердің кірісі
1. Салық агенті болып табылатын жұмыс беруші есепке жазған және, оның ішінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің бухгалтерлік есебінде шығыстар (шығындар) ретінде танылған мынадай кірістер жұмыскердің салық салуға жататын кірістері болып табылады:
1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс беруші жұмыскердің меншігіне беруге жататын, қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес нысандарындағы ақша;
2) осы Кодекстің 323-бабына сәйкес жұмыскердің заттай нысандағы кірістері;
3) осы Кодекстің 324-бабына сәйкес жұмыскердің материалдық пайда түріндегі кірістері.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 178 абзацпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органының мүшесі алған (алуға жататын) кірісі де жұмыскердің салық салуға жататын кірісі деп танылады.
2. Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарты (келісімшарты) бойынша алынған (алуға жататын) кіріс салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алынған (алуға жататын) жұмыскердің салық салуға жататын кірісі болып табылады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 179 - 181 абзацтар жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жұмыскердің салық салуға жататын кірісіне мынадай кірістер жатпайды:
1) жеке тұлғаның азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша салық агентінен алатын кірісі;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 181 абзац жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс;
3) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс;
4) стипендиялар;
5) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс;
6) мүліктік кіріс;
7) резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі;
8) жеке практикамен айналысатын адамның кірісі;
9) дара кәсіпкердің кірісі.
323-бап. Жұмыскердiң заттай нысандағы кірісі
Мыналар жұмыскердiң салық салуға жататын, заттай нысандағы кірісі болып табылады:
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 188 абзац жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тауарлардың, бағалы қағаздардың, қатысу үлесінің және жұмыс берушінің еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыскердің, сондай-ақ өздеріне жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауына байланысты салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органының мүшесінің меншігіне беруіне жататын өзге мүліктің (ақшадан басқа) құны. Мұндай мүліктің құны қосылған құн салығы мен акциздің тиісті сомасы ескеріле отырып, мынадай мөлшерде айқындалады:
мүліктің баланстық құны;
мұндай мүліктің баланстық құны болмаған жағдайда, мүліктің жұмыскерге берілуіне негіз болған шартта немесе өзге құжатта айқындалған мүлік құны;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 191 абзац жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жұмыс берушінің еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыскердің пайдасына, сондай-ақ өздеріне жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауына байланысты салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органы мүшесінің пайдасына жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі. Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығының тиісті сомасы ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;
3) жұмыс берушіден өтеусіз негізде алынған мүліктің құны. Жұмыскер жұмыс берушіден өтеусіз негізде алған, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;
4) жұмыскер жұмыс берушіден немесе үшінші тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын жұмыс берушiнiң жұмыскерге немесе үшінші тұлғаларға төлеуi. Мұндай тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады.
324-бап. Жұмыскердiң материалдық пайда түрiндегi кірісі
Мыналар, оның ішінде:
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 196 абзац жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жұмыскерге тауарларды өткізу кезінде - жұмыскерге өткізілген тауарлардың құны мен олардың баланстық құны немесе оларды сатып алу бағасы арасындағы теріс айырма;
жұмыскерге жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде - жұмыскерге өткізілген жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен қосылған құн салығының және акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстарының жалпы сомасы арасындағы теріс айырма жұмыскердің салық салуға жататын материалдық пайда түріндегі кірісі болып табылады.
Осы тармақшаны қолдану мақсатында сатып алу бағасын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді жүзеге асырмайтын салық төлеушілер пайдаланады;
2) жұмыскерге борыш сомасын есептен шығару кезінде - жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша борыш сомасын немесе жұмыскердің оның алдындағы міндеттемесін есептен шығару;
3) сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасын төлеу кезінде - жұмыс берушiнің өз жұмыскерлерiнің, оның ішінде жұмыскерлер жасасқан сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге шығыстары;
4) жұмыскерге шығындарды өтеу кезінде - жұмыскердің жұмыс берушiнің қызметiмен байланысты емес шығындарын өтеуге жұмыс берушiнің шығыстары жұмыскердiң салық салуға жататын, материалдық пайда түріндегі кірісі болып табылады.
325-бап. Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 201 абзац жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, мынадай мөлшерде айқындалады:
мүліктің баланстық құны;
мұндай мүліктің баланстық құны болмаған жағдайда, мүліктің жеке тұлғаға берілуіне негіз болған шартта немесе өзге құжатта айқындалған мүлік құны.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 204 абзацпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Өтеусіз алынған жұмыстар және (немесе) көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс қосылған құн салығының тиісті сомасы ескеріле отырып, салық агентінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны түрінде айқындалады.
326-бап. Зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс
Салық салуға жататын, зейнетақы төлемдері түріндегі кіріске бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) салық төлеушілердің:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан;
2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткен Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына;
3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткен Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған зейнетақы жинақтары түрінде жеке тұлғаларға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлем түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер жатады.
327-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс
Мыналар салық салуға жататын, дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс болып табылады:
1) осы Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 16) тармақшасында айқындалған, төленген (төлуге жататын) дивидендтер;
2) төленген (төлуге жататын) сыйақылар;
3) төленген (төлуге жататын) ұтыстар.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін салық салуға жататын, дивидендтер түріндегі кіріске сенімгерлік басқару құрылтайшысының сенімгерлік басқарудан түсетін, сенімгерлік басқарушы болып табылатын заңды тұлғадан алған таза кірісі де жатады.
328-бап. Стипендия түріндегі кіріс
Салық агенті:
Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет, ғылым қайраткерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыскерлеріне және басқа да жеке тұлғаларға төлеуге тағайындаған ақша сомасы салық салуға жататын, стипендия түріндегі кіріс болып табылады.
329-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс
Мыналар салық салуға жататын, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс болып табылады:
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 226 абзац өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын, сақтандыру сыйлықақылары:
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебінен;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 228, 229 абзацтар жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
жеке тұлға өз пайдасына;
жұмыс беруші жұмыскердің пайдасына төлеген сақтандыру төлемдері;
2) осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайларда төленетін өтеу сомалары;
3) сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері сомасының осы баптың 1) тармақшасында көрсетілмеген қаражат есебінен төленген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кетуі.
2-параграф. Жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер
330-бап. Мүліктік кіріс
1. Жеке тұлғаның салық салуға жататын мүліктік кірісіне мыналар жатады:
1) жеке тұлға осы Кодекстің 331-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс;
2) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін кірісі;
3) жеке тұлға осы Кодекстің 333-бабында көрсетілген мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен түсетін кіріс;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 238 абзац жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
4) дара кәсіпкер және (немесе) бірыңғай жинынтық төлемді төлеуші болып табылмайтын жеке тұлға мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруден алған кіріс;
5) талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі (ғимараттағы) үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс;
6) шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің осы Кодекстің 334-бабында көрсетілген өзге активтерді өткізуі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс.
2. Осы баптың 1-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларының ережелері жеке тұлғаларға, оның ішінде шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге қатысты қолданылады.
3. Мүліктік кіріс дара кәсіпкердің кірісі, жеке практикамен айналысатын адамның кірісі болып табылмайды.