ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы
(2021.24.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
1-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі):
1) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 24-баптың бірінші бөлігі 15) тармақшасы бірінші бөлігінің төртінші абзацын;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін мазмұнындағы 131, 133-баптардың, 16-тараудың, 150 және 433-баптардың тақырыптарын, 19-баптың 2-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігін, 22-баптың 9 және 10-тармақтарын, 48-баптың 9-тармағының 6) тармақшасын, 67-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасын, 82-баптың 2-тармағының үшінші бөлігін, 83-баптың 1-тармағының екінші бөлігін, 97-баптың 5-тармағының төртінші абзацын, 114-баптың 2-тармағының 14) тармақшасын, 116-баптың 2-тармағының үшінші бөлігін, 121-баптың 2-тармағын, 123-баптың 7-тармағын, 129-баптың 2-тармағының 2) тармақшасын, 131, 133-баптарды, 16-тарауды, 145-баптың 6-тармағын, 150-бапты, 152-баптың 4-тармағын, 190-баптың 2-тармағының 2) тармақшасын, 211-баптың 5-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацын, 433-бапты, 434-баптың 2-тармағы жетінші бөлігінің үшінші абзацын;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін мазмұнындағы 176-баптың тақырыбын, 1-баптың 1-тармағының 63) және 71) тармақшаларын, 11-баптың екінші бөлігін, 69-баптың 3-тармағының 7) тармақшасын, 140-баптың 6-тармағын, 142-баптың 1-тармағының 15) тармақшасын, 176-бапты, 215-баптың 6-тармағын, 484-баптың 3-тармағының 2) тармақшасын, 678-баптың 2-тармағын, 709-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің үшінші абзацын;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін мазмұнындағы 23, 72-баптардың тақырыптарын, 19-баптың 1-тармағының 8) тармақшасын және 2-тармағының 15) тармақшасын, 23-бапты, 24-баптың бірінші бөлігі 13) тармақшасының бірінші бөлігінің үшінші абзацын және 14) тармақшасын, 26-баптың 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарын, 30-баптың 1-тармағының 15), 16) және 17) тармақшаларын, 69-баптың 5-тармағын, 72-бапты, 73-баптың 1-тармағының 6) тармақшасын, 11-тараудың 2-параграфын, 114-баптың 2-тармағының 6) тармақшасын, 208-баптың 5-тармағын, 209-баптың 4-тармағын, 5-тармағының 5) тармақшасын, 211-баптың 5-тармағының 7) тармақшасын, 212-баптың 5-тармағын, 412-баптың 5-тармағының 12) тармақшасын, 630 - 632-баптарды, 633-баптың 1-3-тармақтарын, 4-тармағының 1) - 4), 6) және 7) тармақшаларын, 5 және 6-тармақтарын, 634-баптың 1-тармағын, 2-тармағының 1) - 3) тармақшаларын, 3 - 5-тармақтарын, 635-бапты;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін мазмұнындағы 11-тараудың 2-параграфының, 636 - 643-баптардың тақырыптарын, 11-тараудың 2-параграфын, 215-баптың 6-1-тармағын, 633-баптың 4-тармағының 5) тармақшасын, 634-баптың 2-тармағының 4) тармақшасын, 636 - 643-баптарды қоспағанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.
2-бап. Мыналар:
1) Салық кодексінің 69-бабы 4-тармағының 7) тармақшасы, 82-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы, 116-бабының 8-тармағы, 121-бабының 8-тармағы, 215-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасы, 225-бабы 2-тармағының 24) тармақшасы, 250-бабының 8-тармағы, 298-бабы 1-тармағының екінші бөлігі, 372-бабы 5-тармағының 34) тармақшасы, 394-бабының 14) тармақшасы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
2) Салық кодексінің мазмұнындағы 9-тараудың 4-параграфының, 539 және 540-баптардың, 17-бөлімнің тақырыптары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталып, Салық кодексінің 24-бабы бірінші бөлігі 13) тармақшасының екінші бөлігі, 74-бабы 3-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацы, 9-тарауының 4-параграфы, 88-бабы 1-тармағының 7) және 9) тармақшалары, 189-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацы, 222-бабының 3-тармағы, 228-бабының 9-тармағы, 229-бабының 5-тармағы, 232-бабының 3 және 4-тармақтары, 5-тармағының 11) тармақшасы, 233-бабы 1-тармағының үшінші және төртінші бөліктері, 250-бабы 1-тармағының төртінші бөлігі, 4-тармағы, 293-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы және 4-тармағы, 307-бабы 2-тармағының 8) тармақшасы, 372-бабы 5-тармағының 32) және 33) тармақшалары, 510-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы, 521-бабы 3-тармағының 11) тармақшасы, 539 және 540-баптары, 17-бөлімі, 645-бабы 9-тармағының 13) және 14) тармақшалары, 654-бабының 11) және 12) тармақшалары 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Салық кодексінің 26-бабының 12-тармағы, 189-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацы, 341-бабы 1-тармағының 14) тармақшасы, 372-бабы 5-тармағының 28) тармақшасы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
4) Салық кодексінің мазмұнындағы 427 және 428-баптардың тақырыптары 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталып, Салық кодексінің 427 және 428-баптары 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Салық кодексінің 288-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы, 293-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағы, 636-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің жетінші және сегізінші абзацтары және екінші бөлігі, 77-1-тарауы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді; 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Салық кодексінің мазмұнындағы 292-баптың тақырыбы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталып, Салық кодексінің 225-бабы 2-тармағының 25) және 27) тармақшалары, 232-бабының 2-тармағы, 241-бабы 1-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктері, 250-бабының 1-тармағының төртінші бөлігі, 2-тармағы, 264-бабының 20) тармақшасы, 288-бабы 2-тармағының 10) тармақшасы, 292-бабы, 300-бабының 11-тармағы, 307-бабы 2-тармағының 15) және 16) тармақшалары, 319-бабы 2-тармағының 19), 20) және 42) тармақшалары, 394-бабының 41) тармақшасы, 407-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары, 616-бабының 29) тармақшасы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
3-бап. Мыналар:
1) Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағы 37) тармақшасының қолданысы 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«37) мұнайды дайындау - мұнайды дайындайтын технологиялық процестердің кешені, оның ішінде жинау, дайындауға жеткізу, ұңғыма сұйықтығының өлшегіш қондырғыларға түсуі, газсыздандыру, сусыздандыру, тұзсыздандыру, тұрақтандыру, демеркаптанизациялау;»;
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағы 60) және 73) тармақшаларының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«60) салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы -электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның салық төлеушіге тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдардың реттілігі;»;
«73) электрондық салық төлеуші - осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушіні тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеуші;».
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) Салық кодексінің 1-бабының 1-тармағы 3) тармақшасының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«3) әлеуметтік төлемдер - Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін әлеуметтік аударымдар, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;».
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Салық кодексінің 3-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.
2. Салықтық әкімшілендіру, салықтық есептілікті белгілеу ерекшеліктері, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту жөніндегі өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгерген кездегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізілуі мүмкін.»;
5-бап. Салық кодексінің 19-бабы 1-тармағы 3) тармақшасы екінші бөлігінің қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«Осы тармақшаның бірінші бөлігінде белгіленген ерекшелік салық органдарының кірістер мен шығыстарға қатысты салықтық тексеру жүргізу барысында қоятын талаптарына қолданылмайды;».
6-бап. Салық кодексінің 30-бабы 3-тармағы 11) тармақшасының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«11) ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабының орындалуын бақылау және валюталық бақылау агенттері болып табылатын уәкілетті банктерге беру үшін қажет мәліметтер бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.
Салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт пен импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларында айқындалады.».
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды
6-1-бап. Салық кодексінің 41-бабының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«41-бап. Мемлекеттік мекемелердің және жекелеген заңды тұлғалар санаттарының мүлікті сенімгерлік басқаруға беруі кезінде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
1. Мемлекеттік мекемелер мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде, егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында (мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде) немесе осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша салықтық міндеттемелер сенімгерлік басқарушының орындауына жатады.
2. Сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтар және жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемені, егер бір мезгілде мынадай шарттар сақталған жағдайда:
1) сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы:
ұлттық басқарушы холдинг немесе
ұлттық компания немесе
дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлға болып табылса,
немесе
жарғылық капиталға қатысу үлестерінің елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлға болып табылса;
2) сенімгерлік басқаруға алынған мүлік халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сенімгерлік басқарушыда негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құрамында есепке алынуға жататын болса, орындауға құқылы.
3. Сенімгерлік басқарушы, егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында (мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде) өзгеше белгіленбесе, салықтарды есептеу және төлеу, салықтық есептілікті жасау және ұсыну бойынша салықтық міндеттемелерді:
егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлік басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілетін жағдайда - мұндай құқық мемлекеттік тіркелген;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлік басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілмейтін жағдайда - мүлікті сенімгерлік басқару шарты (мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы акті) жасалған күннен бастап орындайды.
4. Сенімгерлік басқарушы:
егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында (мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде) өзгеше белгіленбесе, салықтарды есептеу және төлеу, салықтық есептілікті жасау және ұсыну бойынша салықтық міндеттемелерді өз атынан, қатарына осындай сенімгерлік басқарушы жататын тұлғалар үшін осы Кодекстің Ерекше бөлігінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен орындайды;
мүлікті сенімгерлік басқаруға беру кезінде салықтық міндеттемені орындау мақсатында осы Кодекстің 194-бабына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті.
5. Егер мемлекеттік мекемелер мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде мемлекеттік мекеменің мүлкі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сенімгерлік басқарушыда негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құрамында есепке алынбайтын жағдайда, онда мұндай мүлікті қабылдап алу-беру актісінде мұндай мүліктің акт жасалған күнге баланстық құны көрсетілуге тиіс.»;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-бап. Салық кодексінің 48-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«48-бап. Салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімдері
1. Мыналарға:
1) салық органы салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы;
2) салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті ұсынуға міндетті, салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, салықтық есептілікті қайтарып алуға құқылы;
3) салық төлеуші (салық агенті) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы болатын уақыт кезеңі салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіруі деп танылады.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды. Осы баптың 4, 5, 6 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі тиісті салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.
3. Салық төлеуші, салық органы:
1) инвестициялық басым жобаны іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшартта көрсетілген салықтар бойынша осы Кодекстің 80-тарауы қолданылған кезде - осындай келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде және инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен немесе қолданылуы өзгеше тоқтатылған күннен бастап бес жылда;
2) осы Кодекстің 288-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы қолданылған кезде - жеке тұлға оқыған кезеңде және жеке тұлға оқуын аяқтаған күннен бастап бес жылда салықтарды есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы.
4. Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық органы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін бес жылда - үстеме пайда салығын, Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдістемесінде мынадай көрсеткіштердің бірі: рентабельділіктің ішкі нормасы (РІН) немесе пайданың ішкі нормасы немесе R-фактор (кірістілік көрсеткіші) пайдаланылады.
5. Талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі:
1) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар салу кезеңіндегі салықтық міндеттеме және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап бойынша осы Кодекстің 432-бабының 1-тармағы қолданылған жағдайда - Қазақстан Республикасының аумағында мұндай ғимараттар мен құрылысжайлар алғаш пайдалануға берілген салықтық кезең аяқталғаннан кейін;
2) геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңіндегі салықтық міндеттеме және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап бойынша осы Кодекстің 432-бабының 2-тармағы қолданылған жағдайда, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалар экспортының басталуы тура келетін салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.
Егер экспорт 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған болса, талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі 2016 жылғы 1 қаңтардан басталады;
3) осы Кодекстің 432-бабында көрсетілген қосылған құн салығының расталған асып кету сомасын осы Кодекстің 104-бабына сәйкес қайтару және (немесе) есепке жатқызу жүргізілген жағдайда, қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомасының анықтығы, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеру нәтижелеріне шағым жасау қорытындысы бойынша расталған салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.
6. Осы баптың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын есепке жазу немесе оның есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау мақсаттары үшін талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі салық төлеуші қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талаппен қоса қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсырған салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.
7. Талап қоюдың ескіру мерзімі:
1) салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпей өтетін кезең үшін қосымша салықтық есептілікті ұсынған жағдайда, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу және (немесе) олардың есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік бір жылға;
2) салық төлеуші осы баптың 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпей өтетін кезең үшін залалдарды ауыстыру бөлігінде өзгерістермен және толықтырулармен қоса қосымша салықтық есептілікті ұсынған жағдайда, бюджетке төленетін корпоративтік табыс салығын есепке жазу және (немесе) оның есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік үш жылға;
3) мынадай:
салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын бөлігінде шағым жасаған;
бейрезиденттің халықаралық шарт негізінде бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтініші қаралған;
халықаралық шарт негізінде бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтінішті қарау нәтижелері бойынша салық органы шығарған шешімге бейрезидент Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасаған;
осы тармақшаның төртінші абзацында көрсетілген салық органының шешіміне бейрезиденттің шағымын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган шығарған шешімге бейрезидент шағым жасаған жағдайларда шағымды (арызды) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін;
4) уәкілетті орган осы Кодекстің 221-бабына сәйкес өзара келісу рәсімін жүргізген жағдайда - уәкілетті органның және (немесе) шет мемлекеттің құзыретті органының өзара келісу рәсімінің қорытындысы бойынша қабылдаған шешімі орындалғанға дейін;
5) осындай хабарламада көрсетілген мәселе бойынша ескіру мерзімі өткенге дейін жіберілген және табыс етілген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалғанға дейін;
6) деңгейлес мониторингтің нәтижелері бойынша ұсынымдар табыс етілген күннен бастап деңгейлес мониторингтің нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін;
7) егер инвестор халықаралық төрелікте талқылауға бастама жасаған болса, онда салық органы инвестор шағым жасаған кезеңнен бастап және осы төрелік талқылау бойынша түпкілікті шешім шығарылған кезге дейінгі кезең үшін инвестор талқылауға бастама жасаған салық төлеушінің салықтарын және бюджетке төленетін төлемдерін есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы - осындай төрелік талқылау аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде ұзартылады.
8. Салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау бөлігінде талап қоюдың ескіру мерзімі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексерудің алдын ала актiсiне жазбаша қарсылық дайындап, берген және оны салық органы қараған;
2) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес салықтық тексеру жүргізу уақытында сұрау салулар жолданған және олар бойынша құжаттар және (немесе) ақпарат алынған кезеңге тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау бөлігінде жалпы талап қоюдың ескіру мерзімі оның тоқтатыла тұрғаны ескеріле отырып, жеті жылдан аспауға тиіс;
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілген салықтық тексеру жағдайында салықтық тексеру аяқталған күннен бастап қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
9. Жеке кәсiпкерлік субъектiсiмен іс жүзінде тауарлар тиеп-жөнелтілмей, жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей жасалған, шот-фактураны жазып беру әрекеті (әрекеттері) бойынша салықтарды және бюджетке төленетiн төлемдердi есепке жазуды немесе олардың есептелген сомасын қайта қарауды салық органы заңды күшіне енген сот шешімі, үкiмi, қаулысы негізінде салықтық мiндеттеме және (немесе) талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі шегiнде жүргiзедi.