ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 - 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы
Осы редакция 2020 жылғы 3 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2020 жыл - 2 700 000 000 мың теңге;
2021 жыл - 2 700 000 000 мың теңге;
2022 жыл - 2 600 000 000 мың теңге.
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 - 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 21, 76-құжат; 2019 ж., № 8, 41-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 4 желтоқсан
№ 274-VІ