5. Өзін-өзі реттейтін ұйым өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерінің (қатысушыларының) тізбесін өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Тізбеде мүшелердің (қатысушылардың) атауы, басшысы мен қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
Мүшелердің (қатысушылардың) басшысы ауысқан және (немесе) қызметкерлерінің құрамы өзгерген кезде, өзін-өзі реттейтін ұйым үш жұмыс күні ішінде тізбені жаңартады.
6. Өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауы «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және негіздерде жүзеге асырылады.
Бұл ретте өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) тексеруді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның уәкілетті органмен келісілген қағидаларында айқындалады.
7. Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу) мынадай негіздер бойынша:
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) брокердің, дилердің және маркет-мейкердің, тауар биржасының өтініші бойынша;
2) мүшесі (қатысушы) осы Заңды, биржалық сауда қағидаларын, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысын, стандарттары мен қағидаларын бірнеше рет бұзған жағдайда тоқтатылады.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелігі (қатысуы) теріс себептермен тоқтатылған мүшелері (қатысушылары), сондай-ақ осы Заңды бұзған басшылар мен қызметкерлер кемінде екі жыл мерзімде биржалық саудаға қатыса алмайды.
8. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығару Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде жүзеге асырылады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Брокердің және дилердің мәмілелер жасауы
1. Брокер биржалық мәмілелер жасауды - клиенттің бұйрығына сәйкес, дилер өз мүддесі үшін және өз есебінен жүзеге асырады. Клиенттердің бұйрықтарының түрлері, олардың мазмұны мен ресімделуі тауар биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
2. Брокер клиенттің бұйрығын орындауды осы бұйрықта көрсетілген мәмілелерді жасау шарттарын сақтай отырып жүзеге асырады. Егер мәміле жасау кезінде мәміле шарттарын өзгерту қажеттігі туындаса, брокер өз әрекеттерін клиентпен келісуге міндетті.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21-бап жаңа редакцияда
21-бап. Брокер мен дилердің тауар биржасындағы өзара іс-қимылы
1. Тауар биржасы өз өкілеттіктері шегінде брокерлер мен олардың клиенттерінің өзара қатынастарын регламенттейді, биржалық сауданы бұзушыларға шаралар қолданады.
2. Тауар биржасы брокерлер мен дилерлер үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі үлгі стандарттар әзірлейді және бекітеді.
Брокерлер мен дилерлер өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі стандарттарды бекітеді және тиісті шаралар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды.
3. Клиенттермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) клиенттермен үлестес үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл кезінде брокерге:
1) биржалық мәміле жасау кезінде клиенттердің нарықтық мінез-құлқын өзгерту мақсатында оларға тікелей немесе жанама қысым көрсетуге;
2) биржалық сауда-саттықта баға өтінімдерін әдейі жоғарылату (кеміту) мақсатында орындалуы көзделмейтін шарттар жасасуға (өтінімдерді беруге, кері қайтарып алуға);
3) өткізілетін биржалық тауарларға баға белгілеуге әсер ететін бағаларды белгілеу не ұстап тұру мәселелері бойынша екі және одан да көп клиент арасында келісімдер жасасуға (келіссөздер жүргізуге);
4) қандай да бір таңдалған клиенттің басқа клиентке мүліктік және өзге де зиян келтіруге әкеп соғатын артықшылығын беруге;
5) биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін басқа брокерлермен және (немесе) дилерлермен биржалық сауда-саттықтың бәсекелестігін азайтуға бағытталған үлестес болуды пайдалануға тыйым салынады.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
21-1-бап. Маркет-мейкерлердің қызметі
1. Тауар биржасы мен маркет-мейкердің өзара іс-қимылы келісім, сондай-ақ тауар биржасының ішкі құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
2. Маркет-мейкер биржалық сауда-саттыққа қатысады және бағаны, сұранысты, ұсынысты немесе биржалық сауда-саттық көлемін қолдауды жүзеге асырады.
3. Маркет-мейкердің биржалық сауда-саттыққа дилер ретінде кемінде үш жыл үздіксіз қатысу тәжірибесі болуға тиіс.
4. Маркет-мейкердің қызметі базалық активі стандартталған тауарлар болып табылатын биржалық сауда-саттықта ғана мерзімді келісімшарттармен жүзеге асырылады.
5. Маркет-мейкерлер қызметінің шарттары мен шектеулері биржалық сауда қағидаларында белгіленеді.
22-бап. Брокерлер мен дилерлердің ішкі құжаттарына және жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізуге қойылатын талаптар
1. Брокерлер мен дилерлерге арналған тауар биржасының ішкі құжаттары тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ететін, биржалық саудаға қатысушылардың, олардың өкілдерінің немесе үшінші тұлғалардың мүдделері үшін пайдалануға жол бермейтін шарттарды қамтуға тиіс.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Брокерлер жасалатын биржалық мәмілелердің есебін әрбір клиент бойынша жеке жүргізуге және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жыл бойы сақтауға міндетті.
23-бап. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия
1. Коммерциялық құпия:
1) тіркелген биржалық саудаға қатысушылар туралы мәліметтерді;
2) тауар биржасында жасалатын мәмілелер туралы мәліметтерді қамтиды.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Маркет-мейкерлер, брокерлер мен дилерлер табиғи баға белгілеуді бұзуға және тауар нарығының тұрақсыздануына әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) жол беруге құқылы емес.
3. Өзінің қызметтік жағдайына байланысты көрсетілген ақпаратты алуға мүмкіндігі бар адам коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа ие адам болып табылады.
24-бап. Тауар биржаларының қызметі туралы коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну
1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер жария етілуге жатпайды.
2. Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер биржалық саудаға қатысушыға оның құқықтарына қатысты не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде оның өкіліне берілуі мүмкін.
3. Тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер:
1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: прокурордың санкциясымен олардың іс жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша;
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
1-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне: барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу үшін қажетті ақпаратты беру туралы олардың талап етуі бойынша;
2) соттарға: ұйғарым, қаулы негізінде олардың іс жүргізуіндегі істер бойынша;
3) прокурорға: оның құзыреті шегінде тексеру ісін жүргізу туралы қаулы негізінде оның қарауындағы материалдар бойынша;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына: әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен куәландырылған және прокурор санкциялаған сот орындаушысының қаулысы негiзiнде өздерінің іс жүргiзуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) уәкілетті органға: оның сұрау салуы бойынша өз құзыреті шегінде;
2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына;
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға: «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) монополияға қарсы органға: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мақсаттарда және тәртіппен, сондай-ақ осы Заңда көзделген құзыреті шеңберінде сұрау салуы бойынша ұсынылуға тиіс.
6-тарау. Тауар биржалары саласындағы мемлекеттік бақылау
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25-бап жаңа редакцияда
25-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеріс, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерістер және профилактикалық бақылау арқылы жүзеге асырылады.
3. Жоспардан тыс тексеріс және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
26-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды монополияға қарсы орган олардың қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен жүзеге асырады.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың жолын уақтылы кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға салынатын әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау бақылау субъектілері ұсынатын есепті, сондай-ақ бақылау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша тауар биржалары саласындағы бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау органы бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімдейді және жібереді.
5. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырыс хатпен;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) электрондық тәсілмен - монополияға қарсы орган сұрау салған кезде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына жіберілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынымды жіберген монополияға қарсы органға қарсылық жіберуге құқылы.
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамалары
Монополияға қарсы органның нұсқамаларын тауар биржалары нұсқамаларда көзделген мерзімде, бірақ оларды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей орындайды.
7-тарау. Қорытынды ережелер
29-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
30-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған тауар биржалары 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметін осы Заңға сәйкес келтіруге міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын орындамау уәкілетті органның заңды тұлғаны тарату туралы сотқа талап қоюына негіз болып табылады.
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Тауар биржалары туралы» 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 26-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 143-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы мамырдың 4-і
№ 155-ІV ҚРЗ