240-бап. Кеден қоймасында сақтаған кезеңде жарамсыз болған, бүлінген немесе бұзылған тауарлар
Кеден қоймасында сақталған кезеңде авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жарамсыз болған, бүлінген немесе бұзылған тауарлар оларды декларант таңдаған кедендік рәсіммен орналастыру кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жарамсыз, бүлінген немесе бұзылған күйде әкелінген деп қаралады.
241-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы және тоқтатылуы
1. Кеден қоймасы кедендік рәсімінің осы Кодекстің 237-бабында көзделген қолданылу мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы:
1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген жағдайларда шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен тауарларды орналастырумен;
2) осы Кодекстің 253-бабының 3-тармағына сәйкес қолданылуы тоқтатыла тұрған кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуын қайта бастаумен;
3) осы Кодекстің 277-бабының 3-тармағына сәйкес қолданылуы тоқтатыла тұрған ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуын қайта бастаумен;
4) осы Кодекстің 305-бабының 3-тармағына сәйкес қолданылуы тоқтатыла тұрған уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын қайта бастаумен;
5) егер тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарларды шығаруды жүргізген кеден органы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тасымалдау үшін оларды осы кедендік рәсіммен орналастырылған болса, осындай тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру арқылы;
6) осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес тауарларды керек-жарақтар ретінде шығарумен;
7) тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органдарының уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тануымен;
8) Комиссия айқындайтын және (немесе) осы Кодексте айқындалатын мән-жайлар басталғанға дейін тауарлар кедендік бақылауда болатын мән-жайлардың басталуымен аяқталады.
2. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар бір немесе бірнеше партиямен кедендік рәсімдермен орналастырылуы мүмкін.
3. Жинақталмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының XVI бөліміне ескертпелерді және (немесе) 2 (а) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндіру қағидаларын қолдану мүмкін болған жағдайда, жиынтықталған немесе жасалып біткен түрдегі тауардың кодына сәйкес келетін Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың кодын мәлімдей отырып, кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау үшін өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылуы мынадай шарттар сақталған кезде:
1) кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың және кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау үшін кедендік рәсімдермен орналастырылатын тауарлардың декларанты бір ғана тұлға болып табылғанда;
2) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы бір мәміле шеңберінде өткізілгенде;
3) Комиссия айқындайтын жағдайларда - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жинақталмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешім ұсынылғанда;
4) Комиссия айқындайтын өзге де шарттар сақталғанда мүмкін болады.
4. Кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғаннан кейін тауарлар осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мән-жайлар басталған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кеден қоймасынан әкетілуге жатады.
5. Осы баптың 1-тармағына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмаған кезде кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 237-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мерзімдер өткен соң тоқтатылады, ал осындай тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
6. Егер осы Кодекстің 237-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде және 4-тармағында көрсетілген әрекеттер оларда көрсетілген мерзімдерде жасалмаса, кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы осы мерзімдер өткен соң тоқтатылады, ал тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
242-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу
1. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет:
1) декларантта - кеден органы тауарларға арналған декларацияны тіркеген кезден бастап;
2) кеден қоймасының иесінде - тауарларды кеден қоймасына қойған кезден бастап туындайды.
2. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) тауарларды кеден қоймасына қойғанда;
2) егер тауарларды сақтау кеден қоймасында жүзеге асырылмаса, осы Кодекстің 241-бабына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанда, оның ішінде осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде тоқтатылады.
3. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет кеден қоймасы иесінде осы Кодекстің 241-бабына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде, оның ішінде осы баптың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде тоқтатылады.
4. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғаларда мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарлар осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылғанда;
2) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғанда және (немесе) олар осы баптың 7-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде өндіріп алынғанда;
3) шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кемусалдарынан осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін
осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен танығанда;
4) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - кеден қоймасы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылғанда;
5) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлардың шығарылымы жойылғанда;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
7) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
8) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырғанда тоқтатылады.
5. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
6. Мынадай мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып:
1) декларантта:
авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, тауарлар кеден қоймасына қойылғанға дейін жоғалған жағдайда - осындай жоғалу күні, ал егер мұндай күн анықталмаса, - тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру күні;
авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, егер тауарларды сақтау кеден қоймасында жүзеге асырылмаса, кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін тауарлар жоғалған немесе өзге тұлғаға берілген жағдайда - осындай жоғалу немесе беру күні, ал егер мұндай күн анықталмаса, - тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру күні;
егер тауарларды сақтау осы Кодекстің 235-бабының 4-тармағына сәйкес кеден қоймасында жүзеге асырылмаса, тауарлар сақтау орнынан тыс жерге әкетілген жағдайда - осындай әкету күні, ал егер мұндай күн анықталмаса, - тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру күні;
2) кеден қоймасының иесінде:
авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты жағдайларда сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, тауарлар жоғалған жағдайда - тауарлардың жоғалу күні, ал егер мұндай күн анықталмаса, - тауарларды кеден қоймасына қойған күн;
кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанын растайтын құжаттар оған берілместен, кеден қоймасынан тауарлар берілген
жағдайда - тауарларды беру күні, ал егер мұндай күн анықталмаса, - тауарларды кеден қоймасына қойған күн есептеледі.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар тарифтік преференциялар мен кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай етіп төлеуге жатады.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кеден органында тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қажетті дәлме-дәл мәліметтер болмаса, тауарлардың кедендік құны кеден органының қолында бар мәліметтердің негізінде айқындалады.
Тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қажетті дәлме-дәл мәліметтер кейіннен анықталған кезде тауарлардың кедендік құны осындай дәлме-дәл мәліметтер негізге алына отырып айқындалады және осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады не осы Кодекстің 87 және 137-баптарына сәйкес әрекеттер, осы Кодекстің 12-тарауына және 142-бабына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.
8. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғаннан кейін және (немесе) олар өндіріп алынғаннан (толық немесе ішінара) кейін осы Кодекстің 241-бабына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған не тауарлар осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылған не кеден органдары осындай тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткен жағдайларда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызуға (қайтаруға) жатады.
26-тарау. КЕДЕНДІК АУМАҚТА ҚАЙТА ӨҢДЕУ КЕДЕНДІК РӘСІМІ
243-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің мазмұны және қолданылуы
1. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде осындай шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кейіннен әкетуге арналған оларды қайта өңдеу өнімдерін алу мақсатында осындай тауарлармен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар жасалады.
2. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды, ал кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлар (қайта өңдеу өнімдері, қалдықтары мен қалғандары) шетелдік тауарлар мәртебесіне ие болады.
3. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтата тұру үшін кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды оған орналастыру арқылы қолдануға жол беріледі.
4. Комиссия кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылмайтын тауарлардың тізбесін айқындауға құқылы.
244-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы берген және осы Кодекстің 248-бабында айқындалған мәліметтер қамтылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың болуы тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру шарттары болып табылады. Егер кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін қолданудың мақсаты тауарларды жөндеу болып табылса, сондай-ақ Комиссия айқындайтын өзге де жағдайларда, тауарларға арналған декларация осындай құжат ретінде пайдаланылуы мүмкін;
2) осы Кодекстің 252-бабына сәйкес мұндай шетелдік тауарларды балама тауарлармен ауыстыру жағдайларын қоспағанда, кеден органдарының кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мүмкіндігі;
3) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру шарттары болып табылады.
2. Мыналар:
1) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімін сақтау;
2) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен операциялар жасаған кезде осы Кодекстің 246-бабының ережелерін сақтау;
3) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген тұлғаларда болуы және осы тұлғалардың тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасауы үшін осындай тауарларды пайдалану тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес пайдалану шарттары болып табылады.
3. Осы тарауды қолдану мақсаттары үшін кеден органының шетелдік тауарларды оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіруі деп қайта өңдеу өнімдерін алу мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларға кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған нақ сол тауарлардың ұшырағанын осы Кодекстің 247-бабында айқындалған тәсілдердің бірімен анықтау түсініледі.
245-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі
1. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта айқындалған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімі негізінде белгіленеді.
2. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту кезінде тұлғаның өтініші бойынша ұзартылады.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту кезінде кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін декларант көрсетілген кедендік рәсімнің қолданылу мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей, тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру жүргізілген кеден органына осындай ұзартудың қажеттігі туралы өтінішті ұсынып, уәкілетті мемлекеттік органның осындай құжатта көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзартуды растайтын құжатын оған қоса береді.
Декларанттың кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішін кеден органы көрсетілген өтініш кеден органында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қарауға тиіс. Кеден органы өтінішті қарау нәтижелері бойынша кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту не осындай ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімінің өтуі көрсетілген кезеңде тоқтатыла тұрады. Кеден органы кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, көрсетілген мерзім осындай шешімді қабылдаған күнге қарамастан, алдыңғы мерзім аяқталған күннен бастап ұзартылады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімінің ұзартылуын растайтын уәкілетті мемлекеттік органның құжатын декларант ұсынбаған жағдайда, кеден органы кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартады.
Көрсетілген жағдайда кеден органының лауазымды адамы кеден органының кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешімін декларантқа жібереді.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда кедендік бақылауды жүзеге асыратын кеден органының лауазымды адамы тауарларға арналған декларацияға тиісті өзгерістер енгізіп, осындай өзгерістердің енгізілгені туралы декларантты хабардар етеді.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартылған жағдайда осындай кедендік рәсімнің қолданылуы осы Кодекстің 253-бабына сәйкес аяқталуға жатады.
246-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар:
1) тауарларды қайта өңдеуді немесе өңдеуді;
2) монтаждауды, жинауды, бөлшектеуді және шақтауды қоса алғанда, тауарларды дайындауды;
3) қалпына келтіруді, құрауыш бөліктерін ауыстыруды, жаңғыртуды қоса алғанда, тауарларды жөндеуді;
4) егер бұл тауарлар қайта өңдеу процесінде толық немесе ішінара тұтынылатын болса да, қайта өңдеу өнімдерін өндіруге септігін тигізетін немесе оны жеңілдететін тауарларды пайдалануды қамтиды. Бұл операция осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген операциялардың біреуімен бір мезгілде жасалуға тиіс.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларға:
1) тауарларды сатуға және тасымалдауға (тасуға) дайындау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі операциялар, оның ішінде тауарлар өздерінің жеке-дара сипаттамаларын жоғалтпайтын, тауарларды орау, өлшеп-орау және сұрыптау;
2) төл алу, құстарды, балықтарды қоса алғанда, жануарларды өсіру және бордақылау, сондай-ақ шаян тәріздестер мен моллюскілерді өсіру;
3) ағаштар мен өзге де өсімдіктерді өсіру;
4) ақпаратты, аудио- және бейнежазбаларды ақпарат жеткізгіштердің кез келген түріне көшіру және көбейту;
5) технологиялық процесте шетелдік тауарларды көмекші құралдар (жабдық, станоктар, құрал-жабдықтар және басқасы) ретінде пайдалану;
6) Комиссия айқындайтын өзге де операциялар жатпайды.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасымен кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері белгіленген және Комиссия айқындайтын тізбеге енгізілген тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын пайдалануға жол беріледі.
Комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасымен кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері белгіленген және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тізбеге енгізілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін жағдайларды айқындауға құқылы.
247-бап. Шетелдік тауарларды оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру
Шетелдік тауарларды оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мақсатында мынадай тәсілдер пайдаланылуы мүмкін:
декларанттың, қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасайтын тұлғаның немесе кеден органдары лауазымды адамдарының шетелдік тауарларға мөрлерді, мөртабандарды басуы, цифрлық және басқа да таңбаларды салуы;
шетелдік тауарлардың ауқымында егжей-тегжейлі сипаттау, фотосуретке түсіру, бейнелеу;
шетелдік тауарлардың және оларды қайта өңдеу өнімдерінің алдын ала іріктеп алынған сынамаларын және (немесе) үлгілерін салыстыру;
тауарларда бар таңбалауды, оның ішінде сериялық нөмірлер түріндегі таңбалауды пайдалану;
тауарлардың және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі жасалатын операциялардың сипаты негізге ала отырып, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасаудың технологиялық процесінде шетелдік тауарларды пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдерін өндіру технологиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді қамтитын ұсынылған құжаттарды зерттеу жолымен немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау уақытында кедендік бақылау жүргізу жолымен қолданылуы мүмкін өзге де тәсілдер.
248-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат
1. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы беретін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты Қазақстан Республикасының кез келген тұлғасы, оның ішінде қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасайтын немесе мұндай операцияларды тікелей жасамайтын кез келген тұлға алуы мүмкін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта: