Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы
1995 ж. 3 қазандағы № 2483 Қазақстан Республикасының Заңы
(2023.01.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен тақырыбы мен кіріспе өзгертілді
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі
1-1-бап. Күзет іс-шаралары
1-2-бап. Күзетілетін адамдар
1-3-бап. Күзетілетін объектілер
2-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің мiндеттерi
3-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi жұмысының принциптерi
4-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi жұмысының құқықтық негiзi
4-1-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысын ұйымдастыру
2-тарау. Алынып тасталды
3-тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң мiндеттерi мен құқықтары
8-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң мiндеттерi
9-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң құқықтары
4-тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң күш жұмсауы, арнаулы құралдар, атыс қаруы мен жауынгерлiктехниканы қолдануы
10-бап. Күш жұмсау, арнаулы құралдар, қару мен жауынгерлiк техниканы қолдану шарттары мен шектерi
11-бап. Күш жұмсау
12-бап. Арнаулы құралдарды қолдану
13-бап. Қаруды қолдану және жауынгерлiк техниканы пайдалану
5-тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң кадрлары
14-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнің кадрлар құрамы
15-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлерi
15-1-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері
16-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмыскерлері
17-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің құқықтық жағдайы
18-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің қызметтік мiндеттерi мен құқықтары
19-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің жеке қауiпсiздiгi мен құқықтық қорғалу кепiлдiктерi
20-бап. Алып тасталды
6-тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiн қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
21-бап. Алып тасталды
22-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiн қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету
7-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
23-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысына бақылау жасау
24-бап. Прокурорлық қадағалау
25-бап. Алынып тасталды
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша:
«әскери қызметшiлердiң», «әскери қызметшiсi», «әскери қызметшiсiнiң», «әскери қызметшiлерiнiң», «әскери қызметшiлерiне», «әскери қызметшiлерi», «әскери қызметшiлер», «әскери қызметшiсiне», «әскери қызметшiлерiн», «Әскери қызметшiлердiң» деген сөздер тиісінше «қызметкерлердің», «қызметкері», «қызметкерінің», «қызметкерлерінің», «қызметкерлерiне», «қызметкерлерi», «қызметкерлер», «қызметкерiне», «қызметкерлерiн», «Қызметкерлердiң» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен тақырып жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен бүкіл мәтіні бойынша «Қазақстан Республикасының Президенті Күзет», «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет», «Қазақстан Республикасы Президенті Күзет», «Президент Күзет» және «Президенттiң Күзет» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің мәртебесін, өкілеттігін және ұйымдастырылуын, сондай-ақ оның қызметін бақылау мен қадағалауды айқындайды.
1 тарау. Жалпы ережелер
ҚР 04.07.02 ж. № 335 Заңымен 1-бап жаңа редакцияда; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері, мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі бланкілері, өзінің рәмізі мен айырым белгілері, туы, жалауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шоттары болады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туының, жалауының, рәмізінің және айырым белгілерінің сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
ҚР 04.07.02 ж. № 335 Заңымен Заң 1-1-баппен толықтырылды; 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 1-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен 1-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-1-бап өзгертілді
1-1-бап. Күзет іс-шаралары
Күзет іс-шаралары - күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың, жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларының жиынтығы.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы болып табылады.
Күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жедел штабының басшысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдардың немесе олардың аумақтық органдарының өкілдері қатарынан айқындайды.
Күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам күзет іс-шаралары өткізіле бастағаннан бастап және олар аяқталғанға дейін оларды өткізуге тартылған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының барлық әскери қызметшілеріне, қызметкерлері мен мамандарына басшылықты жүзеге асырады.
Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша осы Заңға және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терроризмге қарсы операциялар шеңберінде жүргізіледі.
ҚР 04.07.02 ж. № 335 Заңымен Заң 1-2-баппен толықтырылды; 2010.14.06. № 290-IV ҚР Заңымен 1-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-2-бап. Күзетілетін адамдар
1. Күзетілетін адамдар - Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына және осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзетуге жататын адамдар.
2. Мыналар күзетілетін адамдар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының Президенті;
2) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы;
4) Қазақстан Республикасының Премьер-министрі;
5) Республика Президентінің зайыбы (жұбайы) және Президентпен бірге тұратын басқа да отбасы мүшелері;
6) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы;
7) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының онымен бірге тұратын отбасы мүшелері немесе оған еріп жүрушілер;
8) Қазақстан Республикасының экс-президенті;
9) тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары;
10) қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қамтамасыз етілетін шет мемлекеттердің, шет елдер парламенттері мен үкіметтерінің басшылары;
11) қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының өкімдері негізінде қамтамасыз етілетін халықаралық ұйымдардың басшылары мен шет мемлекеттердің өзге де адамдары.
3. Осы баптың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында аталған лауазымды адамдар тең жағдайда күзетіледі.
4. Осы баптың 2-тармағының 1)-9) тармақшаларында аталған адамдар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығына күзетуші адамдар қызмет міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда оларды ауыстыруды ұсынуға құқылы.
ҚР 04.07.02 ж. № 335 Заңымен Заң 1-3 баппен толықтырылды; 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 1-3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-3-бап. Күзетілетін объектілер
Күзетілетін объектілер - күзетілетін адамдардың болуына арналған үйлер, құрылыстар мен ғимараттар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен су айдыны.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзететін объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітеді.
ҚР 04.07.02 ж. № 335 Заңымен; 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгерді; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің мiндеттерi
Мыналар:
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қарсы бағытталған құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
3) күзетілетін объектілерде және күзетілетін адамдар болатын басқа да жерлерде олардың меншігін күзету, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) өз өкілеттіктері шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
5) күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге төнетін қатерлердi болжау және анықтау, олардың алдын алу және залалсыздандыру жөнiндегi жедел шаралар кешенін жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзетуді жүзеге асыру және рәсімдік және хаттамалық іс-шараларды атқаруға қатысу Мемлекеттік күзет қызметінің мiндеттерi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің өзге де мiндеттерi белгіленуі мүмкін.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi жұмысының принциптерi
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң жұмысы заңдылық, гуманизм, адам құқықтары мен кәсiптiк этиканы құрметтеу, дара басшылық принциптерiне сәйкес құрылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi өзiнiң алдында тұрған мiндеттердi басқа мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және жекелеген азаматтармен өзара бiрлесе отырып шешедi.
4-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi жұмысының құқықтық негiзi
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi жұмысының құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.
ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен Заң 4-1-баппен толықтырылды; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 4-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
4-1-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiне басшылықты Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын, лауазымнан босататын және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығаратын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының ұсынуы бойынша Республика Президенті бекітеді.
ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен 2 тарау (5-7-баптар) алынып тасталды
3 тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң мiндеттерi мен құқықтары
ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң мiндеттерi
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң мiндетi:
1) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қолсұғатын құқық бұзушылықтарды болдырмау және олардың жолын кесу; бұлардың ықтимал жасалуына ықпал ететiн мән-жайларды анықтау және өз құқықтары шегiнде оларды жою үшiн шаралар қолдану;
2) құқық бұзушылықтардан және жазатайым оқиғалардан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсiз күйде не денсаулығы мен өмiрiне қауіпті өзге де жағдайда болатын күзетiлетiн адамдарға көмек көрсету. Күзетiлетiн адамдарға медициналық қызмет көрсетумен байланысты ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге өз құзыреті шегінде қатысу;
3) күзетiлетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiне немесе күзетілетін объектілерде және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар мен оқиғалар жөніндегі мәлiмдеулердi, хабарларды және келiп түсетін өзге де ақпаратты қабылдап алу, заңнамада көзделген шараларды уақтылы қолдану;
4) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадiр-қасиетi мен меншiгiне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды анықтау мен iздестiруде құқық қорғау органдарына жәрдем көрсету;
5) күзетiлетiн адамдардың күзетілетін объектілерде және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық тәртiппен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
6) күзетiлетiн адамдардың көлiктiң барлық түрiнде жүрiп-тұру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, күзетiлетiн адамдардың жүрiп-тұруы үшiн бөлiнетiн автомобиль және басқа көлiк құралдарының жүрiс қауiпсiздiгi саласында қолданылып жүрген белгiленген ережелердi, нормативтер мен стандарттарды сақтау және сақталуын бақылау;
7) авариялар, апаттар, өрт, табиғат зiлзалалары және басқа төтенше жағдайлар кезiнде күзетiлетiн адамдарды құтқару және оларға алғашқы медициналық көмек көрсету жөнiнде, сондай-ақ күзетiлетiн адамдардың жеке мүлкiн және күзетiлуге тиiс әрi қараусыз қалған өзге де мүлiктi күзету жөнiнде шұғыл шаралар қолдану; Қазақстан Республикасы аумағында немесе жекелеген жерлерде төтенше немесе әскери жағдай енгiзiлген ретте заңға сәйкес күзетiлетiн адамдарға қатысты осындай жағдайдағы құқықтық режимнiң қамтамасыз етiлуiне, сондай-ақ эпидемия мен эпизоотия кезiнде күзетiлетiн адамдарға қатысты карантиндiк шаралар жүргiзiлуiне қатысу;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын байланыспен қамтамасыз етуді, президенттік байланыс жүйелерінің қауіпсіздігін, сондай-ақ олардың ақпараттан оқшау қалуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуді ұйымдастыру. Президенттік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәртібі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірлескен бұйрықтарымен айқындалады;
9) азаматтарға, кәсiпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге олардың байланыс құралдарын, көлiгi мен үй-жайларын қызмет мақсатында пайдалануға байланысты келтiрiлген зиянды белгiленген тәртiппен өтеу;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
10) санаттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту және терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша оларға қойылатын талаптарды белгілеу.
ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен; 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді
9-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң құқықтары
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiне өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн мынадай құқықтар берiледi:
1) күзетілетін объектілерге кіру (көлікпен кіру) кезінде және олардан шығу (көлікпен шығу) кезінде азаматтарды (күзетілетін адамдарды қоспағанда) жеке жете тексеру, олардың алып жүрген заттарын жете тексеру, көлік құралдарын және олармен алып өтетін заттарды, оның ішінде техникалық құралдар қолданыла отырып жете тексеру жүргізу. Күзетілетін объектілерге заттар мен заттектерді алып өтуге тыйым салу. Күзетілетін объектілерге алып өтуге тыйым салынған заттар мен заттектердің тізбесін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы айқындайды;
1-1) Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде фактілер мен оқиғаларды суретке түсіруді, дыбысжазбаны, кино және бейне түсірілімді жүзеге асыру.
2) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетi мен меншiгiне қол сұғатын құқық бұзушылықтың жасалуына итермелейтiн жағдаяттарды жою жөнiнде ұсыныстар және (немесе) нұсқамалар енгізу;
2-1) жеке және заңды тұлғаларды тексеруді және оларды күзетілетін адамдар мен объектілерді күзету және оларға қызмет көрсету жөніндегі жұмысқа жіберуді жүзеге асыру;
2-2) терроризмге қарсы операцияға қатысу және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз ету кезінде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды және уақытша шектеулерді қолдану;
2-3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде анықтау жүргізу;
2-4) күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгi мақсатында «Жедел-iздестiру қызметi туралы» және «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жедел-iздестiру және қарсы барлау іс-шараларын жүргізу;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 2-5) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
2-5) күзетілетін адамдардың болуына арналған террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын қосымша талаптарды белгілеу;
3) ұйымдардың, әскери құрамалардың қызметтiк үй-жайларын, сондай-ақ азаматтардың тұрғын және басқа үй-жайларын, олардың көлiк, байланыс құралдарын және өзге мүлкiн уағдаластық негiзде пайдалану;
4) белгiленген тәртiппен мемлекеттік органдардан меншiк нысанына қарамастан ұйымдардан және әскери құрамалардан өзiне жүктелген мiндеттi орындауға қажеттi ақпаратты сұрату және алдырту;
5) күзетілетін адамдар келуге арналған үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда, оларға іргелес жатқан аумақтарда, сондай-ақ күзетілетін объектілерде санитариялық-гигиеналық, экологиялық, радиациялық, биологиялық, химиялық және эпидемияға қарсы бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
5-1) күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзетілетін объектілерді күзету және қорғау бойынша жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және атқару, күзет іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу тәртібін, сондай-ақ күзет іс-шараларына қатыстыруға тартылатын күштер мен құралдардың құрамын мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындау;»
6) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң арнайы даярлықтан өткен қызметкерлерiне табель қаруы мен арнаулы құралдар сақтауына, тағынып жүруiне рұқсат беру;
8) күзет шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу үшiн қызметкерлерiн Республикадан тыс жерлерге iссапарға жiберу;
9) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Iшкi iстер министрлігі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қарауындағы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнде, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң оқу орындарында, соның iшiнде арнаулы оқу орындарында уағдаластық негiзде кадрлар даярлау мен біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асыру;
9-1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында оқытуды, даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыру;
10) баланста тұрған объектiлердi пайдалану мен оларға техникалық күтiмдi қамтамасыз ету, бұларды санитарлық-гигиеналық, экологиялық және эпидемияға қарсы бақылауды ұйымдастыру;
10-1) Мемлекеттік күзет қызметінің орналасу орнынан тыс жерде уәкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын айрықшаланған бөлімшелер құру;
11) күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде сiңiрген еңбегi үшiн азаматтарды ынталандыру, оларды заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсыну;
12) Қазақстан Республикасының азаматтарын ерiктiлiк негiзiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң штаттан тыс қызметкерлерi ретiнде қызметке тарту;
13) күзет іс-шараларына қатысу үшін қажет болғанда ішкі істер органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың күштерi мен құралдарын тарту. Мемлекеттік органдарды күзет іс-шараларына қатысуға тарту тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен бекітіледі.
Күзетiлетiн адамдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешуде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiн ұйымдастырушы әрi үйлестiрушi орган болып табылады.
4 тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң күш жұмсауы, арнаулы құралдар,
атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы қолдануы
ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді
10-бап. Күш жұмсау, арнаулы құралдар, қару мен жауынгерлiк техниканы қолдану шарттары мен шектерi
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің қаруды, арнаулы құралдар тағынып жүруге, сақтау мен қолдануға, сондай-ақ күш жұмсауға құқығы бар. Олар арнаулы дайындықтан өтуге, күш жұмсауға, арнаулы құралдар мен қаруды қолдануға байланысты жағдайларда iс-әрекетке жарамдылығы жөнiнен әлсiн-әлi тексеруден өтiп тұруға мiндеттi.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкері және әскери қызметшісі, егер қорғанысы күзетiлетiн адамдарға, күзетілетін объектiлерге немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерінің (әскери қызметшісінің) өз басына төнген қатердiң сипаты мен қаупiне сәйкес келсе, заңда көзделген жағдайларда күш жұмсауына, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлiк техниканы қолдануына байланысты келтiрген моральдық, материалдық залал мен дене жарақаты үшiн жауап бермейдi.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінің және (немесе) әскери қызметшілерінің өкiлеттiгiн асыра пайдаланып күш жұмсауы, арнаулы құралдар мен қаруды қолдануы заңда белгiленген жауаптылыққа әкелiп соғады.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)