28-6-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғылар иелерінің құқықтары
Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар иелері:
1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға тағайындалған радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) берілген рұқсат талаптарына сай қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланады;
2) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға тағайындалған радиожиіліктегі (радиожиілік арнасындағы) бөгеулерді жою үшін уәкілетті органға жүгінеді;
3) лауазымды адамдардың, уәкілетті органның әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасайды.
28-7-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғылар иелерінің міндеттерi
Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар иелері:
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық сипаттамалары мен пайдалану шарттарының радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламада жазылған параметрлерге, сондай-ақ белгiленген қағидалар мен нормаларға сәйкес келуiн қамтамасыз етедi;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) уәкілетті орган радиобақылау жүргізу мақсатында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға уәкілетті органның лауазымды адамдарының қызметтік куәлік көрсеткен кезде қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
3) уәкілетті органның радиоэлектрондық құралдардың радиожиіліктерін (радиоарналарын) пайдалануды тоқтата тұру (соның ішінде, уақытша тыйым салуды енгізу салдарынан) немесе тоқтату туралы, соның ішінде радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланушыларға берілген рұқсат талаптарын бұзушылықты жою жөніндегі нұсқаманы орындайды.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 28-8-баппен толықтырылды
28-8-бап. Радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі
1. Радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі - уәкiлеттi органның радиожиiлiк ресурсын пайдалану жөнінде шешiм қабылдауы үшiн қажеттi ақпаратты алу мақсатында радиосигналдардың және радиосәуле тарату көздерінің параметрлері мен сипаттамалары туралы деректерді жинау, өңдеу, талдау және сақтау жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенi.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингін уәкілетті орган:
1) радиожиiлiк спектрiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн анықтау;
2) радиосәуле тарату параметрлері мен сипаттамаларын дерекқорда тіркелген көздердің мәлімделген параметрлері мен сипаттамаларына сәйкестендіру;
3) тiркелмеген радиосәуле тарату көздерін табу;
4) радиосәуле тарату көздерінің орналасқан жерін табу;
5) Халықаралық электр байланысы одағының, Өңірлік электр байланысы одағының және Компьютерлік оқыс оқиғаларға ден қою қызметінің ұсынымдары бойынша, сондай-ақ шекара маңындағы елдердің байланыс әкімшіліктерінің өтініштері бойынша жұмыстарды орындау шеңберінде өлшеулер жүргізу;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі нәтижелерiн есепке алу, сақтау және өңдеу мақсатында жүзеге асырады.
6-тарау. Байланыс желілерін дамыту
29-бап. Байланыс желілерін дамыту
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Байланыс операторлары байланыс желілерін дамытуды дербес жоспарлайды және жүзеге асырады.
2. Байланыс желілерін дамытуға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру өз қаражатының және қарыз қаражатының есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен инвестицияларды тарту есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Тұрғын үйлер мен басқа да объектiлердi салу кезiнде iшкi және орамдар iшіндегі байланыс желiлерiн жобалау мен тарту, сондай-ақ абоненттiк пошта шкафтарын орнату қолданыстағы техникалық нормалар мен ережелер негiзiнде құрылысқа тапсырыс берушiлердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
4. Тұрғын жай массивтерiнiң кешендi құрылысын, өндiрiстiк объектiлер мен оған iргелес жатқан елдi мекендердi салу кезiнде, азаматтық ғимараттар мен пошта бөлiмшелерiнiң үй-жайларын қоса алғанда, барлық байланыс құралдарын жобалау мен салу тапсырыс берушiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Кабельдік кәрізді қоса алғанда, кварталдар ішіндегі желілер мен байланыс жолдарын, инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін жобалау және тарту байланыс ғимараттарын, телекоммуникация жолдарын және инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін салу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды
4-2. Ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында телекоммуникациялық жабдықтарды орналастыру үшін байланыс операторларына шарт негізінде алаңдарды тең жағдайларда беруге міндетті.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 4-3-тармақпен толықтырылды
4-3. Байланыс операторлары шарт негізінде инженерлік инфрақұрылым объектілерін, телекоммуникациялық жабдық пен байланыс желілерін бірлесіп пайдалана алады.
5. Үйлердi, ғимараттарды, жолдарды, көпiрлердi және басқа да объектiлердi салу немесе қайта жаңарту кезiнде байланыс желiлерiн қайта салу мен көшiру жөніндегі жұмыстар стандарттарға сәйкес және байланыс желiлерiнiң меншiк иелерi және (немесе) пайдаланушылар беретiн техникалық шарттар бойынша құрылысқа тапсырыс берушiнiң есебiнен орындалады.
6. Жалпыреспубликалық магистральдық, халықаралық байланыс жолдары мен желiлерiн жобалауды, салуды құрылыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн лицензия негiзiнде жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi органмен келiсе отырып жүзеге асырады.
7. Қызметкерлерi үкiметтiк байланыс желісінiң абоненттерi болып табылатын мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ғимараттарын, құрылыстары мен объектiлерiн салу кезiнде, сондай-ақ олар орналасқан жерiн ауыстырған кезде қосу желiлерiн және арнаулы мақсаттағы iшкi байланыс желiлерiн жобалау мен тартуды құрылысқа тапсырыс берушiлер өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды
29-1-бап. Тікелей сым-өткізгішті пайдалануға беру
Жергілікті телекоммуникация желісінің иесі телекоммуникация желісі иелерінің және (немесе) байланыс операторларының өтініші бойынша шарттық талаптарымен тікелей сым-өткізгіштерді, оның ішінде Интернет желісіне қол жеткізу қызметін көрсету үшін абоненттік жолдардың бір бөлігі болып табылатын тікелей сым-өткізгіштерді пайдалануға бере алады.
Абонент Интернет желісіне қол жеткізу қызметін көрсететін байланыс операторын таңдауға құқылы.
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 29-2-баппен толықтырылды; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 29-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29-2-бап. Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесі үшін телекоммуникация желілерін пайдалануға беру
Ұялы байланыс операторы шұғыл шақыру жүйесінің операторына автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы хабарларды беру және шұғыл шақыру жүйесінің операторымен екіжақты дауыс байланысын орнату үшін өзінің ұялы байланыс желісін пайдалануға өтеусіз негізде беруге міндетті.
30-бап. Көлiк құралдарын пайдалану
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Фельдъегерлiк және арнаулы пошта байланысы қызметтерiне, сондай-ақ пошта операторларына шарт талаптарымен теміржол, теңiз, iшкi су, әуе және автомобиль көлiгiнiң барлық бағдарлары мен желілері бойынша пошта операторының жұмыскерлері, фельдъегерлiк және арнаулы пошта байланысы қызметкерлерiнiң ілесіп жүруiмен пошта жөнелтiлімдерін және арнаулы жөнелтiлімдердi тасымалдауға, сондай-ақ пошта жөнелтiлімдерiн және арнаулы жөнелтiлімдердi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тасымалдау үшiн тапсыруға құқық берiледi.
2. Облыс iшіндегі қалааралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық бағдарлар бойынша тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк ұйымдары, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тасымалдау жөніндегі қызметтердi көрсетуге мүмкiндiгi болмаған жағдайларды қоспағанда, пошта және арнаулы жөнелтiмдердi тасымалдауға шарт жасасудан бас тартуға құқылы емес, сонымен қатар:
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) фельдъегерлік қызмет және арнаулы байланыс қызметі қызметкерлерінің өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде орындарды тұрақты броньдау, кезексіз билет алу;
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) фельдъегерлік қызмет және арнаулы пошта байланысы қызметі көлік құралдарының қызмет көрсетілетін мекемелерге, ұйымдарға, әуе кемелерінің, теміржол құрамдарының, автомобиль, теңіз және өзен көлігі тұрақтарының орындарына кедергісіз өту;
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жолаушыларды жалпы отырғызу басталғанша фельдъегерлік қызметтің және арнаулы пошта байланысы қызметінің қарулы қызметкерлерінің кедергісіз міну құқықтарын қамтамасыз етеді.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Фельдъегерлік қызметтің және арнаулы пошта байланысы қызметінің автомобиль көлiгi құралдары қандай да бiр ерекше жазбаларсыз «арнаулы» санатқа жатқызылады және соғыс жағдайын енгізу немесе соғыс уақытын жариялау жағдайларын, сондай-ақ төтенше жағдай енгізу кезiн не табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай болған кездi қоспағанда, оларды осы қызметтердiң келісімiнсiз мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдардың мүдделерiне пайдалануға болмайды.
4. Бүлiнген байланыс желiлерi мен құралдарында авариялық ахуал туындаған жағдайда байланыс ұйымдары тасымалдаушыдан көлiк құралдарын бiрiншi кезекте жалға алуға құқылы.
Байланыс ұйымдарына тиесiлi автомобиль көлiгi құралдарының арнаулы рәмiздерi болуы мүмкiн және оларды байланыс ұйымдарының келісімiнсiз байланыс саласындағы қызметке жатпайтын қызметтер көрсету мен жұмыстарды орындау үшiн пайдалануға болмайды.
31-бап. Байланыс жерiн беру және пайдалану
1. Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес байланыс операторларына меншiкке, тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлген, сондай-ақ жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану (сервитут) құқығымен берiлген жер учаскелерi байланыс жерiне жатады.
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Автостанциялар мен темір жол станциялары, әуежайлар, теңiз, өзен порттары мен айлақтары жанынан пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бөлiмшелерi үшiн үйлер, құрылыстар немесе ғимараттар салуға арналған жер учаскелерi вокзал үйiне таяу жерден, ал қалалық поштамттар мен пошта байланысы тораптарын салуға - автомобиль көлiгi құралдарымен, пошта вагондарымен, ұшақтармен, теңiз және өзен кемелерiмен жеткiзiлген пошта жөнелтімдерін алмастыруға жағдай туғыза отырып, қаланың орталық бөлiгiнен бөлiнуге тиiс.
3. Байланыс операторларына берiлетiн жер учаскелерiнiң, оның iшiнде күзетiлетiн аймақтар мен соқпақтардың көлемi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы қызмет түрi үшiн жер учаскелерiн бөлудiң нормаларына және жобалау-техникалық құжаттамаға сәйкес айқындалады.
4. Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында ұсынылатын талаптар сақталған жағдайда көпiрлер, туннельдер, көшелер, автомобиль және темір жолдар, құрылыстар, коллекторлар, тыйым салынған аймақтар, ормандар мен сулар арқылы байланыс желiлерiн тартуға құқылы.
5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiне және жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтарына телекоммуникация желiлерi мен объектiлерiн салу Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес аталған жерде (аумақтарда) жер пайдаланудың белгiленген режимiн ескере отырып жүзеге асырылады.
6. Жер учаскесіндегі, үйдегi, құрылыстағы немесе ғимараттағы жұмыстар аяқталғаннан кейiн байланыс операторы немесе тапсырыс берушi жер учаскесiн, үйдi, құрылысты немесе ғимаратты өз есебiнен бастапқы қалпына келтiруге не жер учаскесiнiң меншiк иесiне, жер пайдаланушыға немесе үйдiң, құрылыстың немесе ғимараттың меншiк иесiне келтiрiлген шығындарды өтеуге мiндеттi.
7. Байланыс операторлары желiлер мен объектiлердi салу кезiнде табиғат қорғау технологияларын қолдануға және қызметiн жүзеге асыру кезiнде экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге мiндеттi. Бұл орайда қоршаған ортаға және халықтың экологиялық қауiпсiздiгiне келтiрген залалы үшiн операторлар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
8. Елдi мекендердi жаңадан салуға, кеңейтуге, қайта жаңартуға, жердi игеруге, мелиорация жүйелерiн қайта орналастыруға, пайдалы қазбаларды шығаруға байланысты байланыс ғимараттарын көшiрудi немесе қайта орналастыруды құрылыс тапсырысшылары стандарттарға сәйкес және байланыс желiлерiн иеленушiлердiң және (немесе) пайдаланушылардың техникалық шарттары бойынша өз есебiнен жүргiзедi. Бұл ретте байланыс құралдарының қуатын ұлғайту байланыс ғимараттары меншiк иелерiнiң есебiнен жүзеге асырылады.
9. Жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы өзiне меншiк немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесiн шектеулі нысаналы пайдалану құқығын мүдделi байланыс операторларына табыстауға мiндеттi.
10. Байланыс объектiлерi үшiн жер учаскелерiне құқықтар табыстау жергiлiктi атқарушы органдар шешiмiнiң, жер учаскесiн сатып алу-сату шартының, жер учаскесiн жалдау шартының негiзiнде, сондай-ақ жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану туралы шарт (сервитут шарты) бойынша жүзеге асырылады.
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-тарау. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32-бап. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері
1. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері - телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген байланыстың көрсетілетін қызметтерi, оларды уәкiлеттi орган белгiлеген қызмет көрсету сапасының көрсеткіштерімен халыққа ұсыну мiндеттi болып табылады.
2. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсынудың негiзгi өлшемшарттарына мыналар жатады:
1) байланыстың көрсетілетін қызметтерiн пайдаланушылар үшiн бағаның қолжетiмдiлiгi;
2) тұрған жерi бойынша қолжетiмдiлiк, ол елдi мекен санаты мен тұрғындар саны ескеріле отырып, айқындалады;
3) уақыт бойынша қолжетімділік, ол белгiленген уақыт кезеңi iшiнде жеке телефондар орнатуға немесе қол жеткізу желілерінің белгілі бір санын енгізуге (қоғамдық телефондар орнатуға) өтiнiмдердi қанағаттандыру ескеріле отырып, айқындалады.
3. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы үшін республикалық бюджетке қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының, сондай-ақ ұялы байланыстың берiлуi үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын тәртiппен төлемақы енгiзiледi.
4. Телекоммуникацияның әмбебап көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қайта теңгерімдеу жоспарын уәкілетті орган бекітеді.
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33-бап. Әмбебап қызмет көрсету операторы
1. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері тізбесінен байланыстың әмбебап қызметтерін көрсетуді әмбебап қызмет көрсету операторлары жүзеге асырады. Әмбебап қызмет көрсету операторы әмбебап көрсетілетін қызметтер тізбесінен бір немесе бірнеше әмбебап қызмет көрсетеді.
2. Әмбебап қызмет көрсету операторларының саны барлық ықтимал пайдаланушыларды байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету қажеттілігi негiзге алына отырып, айқындалады.
3. Байланыстың әмбебап қызметтерiн көрсету құқығы байланыс операторларының арасында өткiзiлген конкурс нәтижелерi бойынша берiледi.
4. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер болмаған немесе жеңiмпазды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесінен жекелеген әмбебап байланыс қызметтерін көрсетуді уәкiлеттi орган осы аумақта көрсетілетін қызметтердің осы түрлері бойынша нарықта анағұрлым көп үлеске ие болатын байланыс операторына жүктейдi. Бұл ретте байланыс операторы өзіне жүктелген байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі міндеттен бас тартуға құқылы емес.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 34-баптын тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-бап. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін субсидиялау
1. Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін байланыстың әмбебап қызметтері субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге жатады. Ауылдық елді мекендерде байланыстың әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының залалдары, егер бұл конкурс шарттарында немесе байланыс операторына байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі міндеттерді жүктеу шарттарында айқындалған болса, субсидиялануға жатады.
Қалаларда байланыстың әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының залалдары субсидиялануға жатпайды.
2. Субсидиялар мөлшері конкурс шарттары немесе байланыс операторына байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі міндеттерді жүктеу шарттары бойынша айқындалады, тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте көзделген субсидиялар мөлшерінен аспауға тиіс және шығыстар мен байланыстың залалды әмбебап қызметтерін көрсетуден түскен нақты кірістердің айырмасы ретінде айқындалады.
3. Субсидияларлар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды, байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
8-тарау. Байланыс қызметтерін пайдаланушылардың құқықтары
35-бап. Байланыс қызметтерiнiң сапасы
1. Байланыс операторлары пайдаланушыларға сапасы жағынан стандарттарға, техникалық нормаларға, байланыс қызметiн көрсету шартының талаптарына сәйкес келетiн байланыс қызметтерiн көрсетуге мiндеттi.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін уәкілетті орган бекітеді.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Байланыс қызметтерi пайдаланушылардың барлық санаттарына (тұрғын халыққа, бюджеттік ұйымдарға, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiле отырып, байланыс қызметтерiн көрсету ережелерiне сәйкес тең жағдайларда көрсетiледi.
36-бап. Байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың құқықтарын қорғау
1. Пайдаланушылардың өздерiне тиiстi сападағы байланыс қызметтерiнiң көрсетiлуiне құқығын, осындай қызметтер туралы және оларды орындаушылар туралы ақпарат алу құқығын қорғау, сондай-ақ осындай құқықтарды iске асыру тетiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Телефон байланысы арқылы (ұялы байланысты қоса алғанда) зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізуді ұсыну кезінде тарифтелетін жалғаным басталғанға дейін байланыс операторы осы жалғанымның құны туралы абонентті хабардар етуге міндетті.
Абонент телефон жалғанымына келісім берген жағдайда (яғни, абонент мұндай жалғанымды үзбесе), осы жалғанымның төлемі тарифтеудің толық бірліктерінің тарифке көбейтілген саны бойынша телефон жалғанымының ұзақтығы негізге алынып айқындалады.
Егер абонент мұндай жалғанымға келіспесе (яғни тиісті хабардар етуді алғаннан кейін мұндай жалғанымды үзсе), онда жалғанымды орнатуды ұйымдастырғаны үшін төлем алынбайды.
Егер байланыс операторы тарифтелген жалғаным басталғанға дейін осы жалғанымның құны туралы абонентті хабардар етпеген жағдайда, онда зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізу ұсынылғаны үшін төлем алынбайды.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Қысқа мәтінді хабарлама жіберу арқылы зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізу ұсынылған кезде ұялы байланыс операторы қысқа мәтінді хабарлама арқылы осы қызметті көрсетудің құны туралы абонентті хабардар етуге міндетті. Абонент осы хабарламаның жіберілгенін растаған жағдайда, аталған қызметті көрсеткені үшін төлем алынады, бұл ретте растағаны үшін абоненттен төлем алынбайды.
Егер байланыс операторы зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізуді ұсыну бойынша қысқа мәтінді хабарламаның құны туралы абонентті хабардар етпесе, онда бұл қызметті көрсеткені үшін төлем алынбайды.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды
1-3. Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету кезінде байланыс операторы соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті шектеуге міндетті.
2. Байланыс операторлары хат-хабар алысу, телефонмен сөйлесу, пошта жөнелтiмдерi, телекоммуникация желiлерi бойынша берiлетiн телеграфтық және өзге де хабарламалар құпиясын қамтамасыз етедi, бұған Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен осы құқықты шектеу жағдайлары қосылмайды.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жергілікті телефон байланысы қызметтерін көрсететін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің байланыс операторлары анықтама қызметтерін құру немесе телефон нөмірлерінің анықтамалығын жариялау мақсатында сұрау салу бойынша бір-біріне өз желісінің пайдаланушылары туралы деректерге рұқсат беруге құқылы. Ақпарат осы Заңның және Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптары ескеріле отырып беріледі.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Байланыс операторынан қызметтік ақпарат алуға тек қана абоненттің келісімімен және осы Заңда және «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол беріледі.
2009.07.12. № 221-ІV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Байланыс желісіне заңсыз қол жеткізгені үшін Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауаптылық белгіленеді.
5. Байланыс операторлары байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың хат-хабар алысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф арқылы жiберiлетiн және өзге де хабарламаларының құпиясын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 6- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Байланыс операторының жергiлiктi телефондық қосылыстарды уақытына қарай есепке алуды жүзеге асыруға техникалық мүмкiндiктерi болған жағдайда, байланыс қызметiн пайдаланушы - жеке тұлға қызметтерге абоненттік, уақытына қарай немесе аралас ақы төлеу жүйесiн таңдап алуға құқылы.
Уақытына қарай ақы төлеу жүйесi кезiнде пайдаланушының талабы бойынша байланыс операторы ақы төленуге тиiстi, жүзеге асырылған жергiлiктi телефондық қосылыстар туралы жазбаша ақпаратты тегiн беруге мiндеттi.
Мұндай ақпарат берiлмеген жағдайда байланыс қызметтерiн пайдаланушы байланыс қызметтерiне абоненттiк жүйе бойынша төлем жүргiзуге құқылы.
Байланыс қызметтерiн пайдаланушы - заңды тұлға жергiлiктi телефондық қосылыстарға уақытына қарай ақы төлеу жүйесi бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады. Байланыс қызметтерiн пайдаланушы телефондық қосылыстарды есепке алудың сертификатталған есептегiшiн орнатуға құқылы.