ҚР 22.02.02 ж. № 297-11 Заңымен 14-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың қару иемденіп алуға құқығы
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың ішкі істер органдарынан тиісті рұқсат алғаннан кейін қаруды жеткізіп беруші заңды тұлғалардан азаматтық немесе қызметтік қаруды иеленуге құқығы бар. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар жұмыскерлерінің пайдалануына арналған қарудың түрлерін, үлгілерін, модельдерін және санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Иемденіп алынған қару оны иемденіп алған күннен бастап бір апта мерзімде тиісті ішкі істер органында тіркелуге тиіс. Қару тіркелген кезде қаруды иемденіп алудың заңдылығын растайтын құжаттардың негізінде осы қаруды сақтау мен алып жүруге бес жыл мерзімге рұқсат беріледі.
Рұқсаттың нысаны мен оның қолданылу мерзімін ұзарту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Ұйымның (ерекше жарғылық мiндеттерi бар заңды тұлғаның) басшысы қаруды штаттағы қызметкерлерге олардың өз міндеттерін атқаруы кезеңіне береді. Қару қызметкерлер тиісті даярлықтан өткен соң беріледі. Бұл қызметкерлер атыс қаруын қолдануға байланысты жағдайлардағы іс-қимылға жарамдылығы жөнінен мезгіл-мезгіл тексеруден өтіп отыруға міндетті және оларда қызметтік қаруды сақтау мен алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсаты болуға тиіс.
4. Даярлық бағдарламасының мазмұны мен тексеру өткізу тәртібін қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
ҚР 22.02.02 ж. № 297-11 Заңымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қару иемденіп алуға құқығы
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 18 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан нақты қару түрін иемденіп алуға рұқсат алғаннан кейін азаматтық қару иемденіп алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының 16 жасқа толған азаматтарының лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді) спорттық мақсатта иемденіп алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға құқығы бар.
Белгі беру қаруы, механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгілерін қоса алғанда, пневматикалық қару тіркеуге жатпайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының рұқсат алмай-ақ оларды қару жеткізіп берушілерден — заңды тұлғалардан иемденіп алуға құқығы бар.
Осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында аталған тегіс те ұзын ұңғылы атыс қаруын Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдары аңшы куәлігі болмаса да беретін рұқсаттар бойынша алып жүру құқығынсыз өзін-өзі қорғау мақсатында иемденіп алуға құқығы бар.
Тегіс те ұзын ұңғылы атыс қаруы мен аңшылық пневматикалық қаруды сақтау және алып жүру құқығымен иемденіп алуға аңшы куәлігі бар Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы бар.
Тегіс те ұзын ұңғылы аңшылық атыс қаруын меншігінде кемінде үш жыл ұстаған, белгіленген тәртіппен аң аулау құқығы берілген Қазақстан Республикасы азаматтарының ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын иемденіп алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының азаматы сатып алған қарудың жалпы саны:
1) аңшылық атыс қаруы:
ойық ұңғылысы - бес бірліктен;
тегіс ұңғылысы - бес бірліктен;
2) өзін-өзі қорғау қаруы, оның ішінде тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы не газды пистолеттер, револьверлер не электрлі қару - екі бірліктен аспауға тиіс.
Бұл шектеулер коллекциялау объектілері болып табылатын қаруға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасы азаматтарының газ пистолеттері мен револьверлерін, электрлі қаруды ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша сақтау және алып жүру құқығымен өзін-өзі қорғау мақсатында иемденіп алуға құқығы бар.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының азаматы иемденіп алған ұзын ұңғылы атыс қаруы, аңшылық пневматикалық қару, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді), электрлi қаруды, сондай-ақ газ пистолеттері мен револьверлері иемденіп алынған күннен бастап бір апта мерзімде тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарында тіркелуге тиіс.
Қорғануға арналған тегіс те ұзын ұңғылы атыс қаруын тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының азаматына тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органы осындай қаруды сақтауға бес жыл мерзімге рұқсат береді, ал аңшылық және спорт қаруын, газ пистолеттері мен револьверлерін, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді), электрлi қаруды тіркеу кезінде - оны сақтау мен алып жүруге рұқсат береді. Рұқсат бес жыл мерзiмге берiледi және ұзартылады. Рұқсаттың нысанын және оның қолданылу мерзімін ұзарту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Қару иемденіп алуға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының азаматы тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органына белгіленген нысанда өтініш, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органдар белгiлеген қару ұстауға кедергі жоқ екені туралы медициналық қорытынды және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат тапсыруға міндетті.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Қару сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаты бар адамдарды қоспағанда, қорғануға арналған тегіс ұңғылы атыс қаруын, газ пистолеттері мен револьверлерді, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді), электрлi қаруды бірінші рет иемденіп алатын адамдар тұрғылықты жерінде Қазақстан Республикасының Үкіметі осындай құқық берген ұйымдарда қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган әзірлеген бағдарлама бойынша қаруды ұстау қауіпсіздігі ережелерін білетіні жөнінде тексеруден өтуге міндетті.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар берілгені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтары бар қызметкерлері азаматтық қаруды сатып алуға рұқсатты қару ұстауға кедергі жоқ екені туралы медициналық қорытындыны тапсырмай-ақ алады.
16-бап. Қару иелерінің құқықтары мен міндеттері
1. Қару иелерінің:
1) белгіленген тәртіппен сатып алынған қару мен оның патрондарын меншіктенуге;
2) қару алып қойылған немесе ол ерікті түрде тапсырылған жағдайда заңдарда белгіленген тәртіппен оның құнының өтемақасын алуға;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен қаруды сатуға, сыйға тартуға мұраға қалдыруға не уақытша пайдалануға беруге;
4) атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына рұқсаты болған жағдайда суық қаруды сақтауға және алып жүруге құқығы бар.
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қару иелері:
1) 15-баптың 1-тармағының 3-абзацында келтірілгендерді қоспағанда, меншігіндегі қаруды ішкі істер органдарында тіркетуге және қайта тіркетуге;
2) қару мен оның патрондарын тасымалдаудың белгіленген тәртібін сақтауға;
3) қару мен оның патрондарының сақталуын қамтамасыз етуге;
4) заңдарға сәйкес бақылауындағы объектілердің аумағында және қару сақталатын орындарға ішкі істер органдары қызметкерлерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге, танысу үшін оларға қажетті құжаттама беруге;
5) азаматтық қару иесі қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелері осы қаруды бір ай мерзімде қайта тіркетуге немесе комиссиялық саудаға өткізуге;
6) тұрғылықты жерiн ауыстырған кезде қаруды iшкi iстер органдарының есебiнен шығаруға және он күн мерзiмде жаңа тұрғылықты жерi бойынша оны тиiстi есепке қоюға, ал бiр ауданның не аудандарға бөлiнбейтiн қаланың шегiнде тұрғылықты жерiн ауыстырған кезде бес күн мерзiмде бұл туралы аумақтық iшкi iстер органдарын хабардар етуге міндетті.
17-бап. Қару пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
1. Қару пайдаланушылардың:
1) өздеріне берілген құқыққа сәйкес қару сақтауға, сақтау мен алып жүруге;
2) қаруды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша пайдалануға құқығы бар.
2. Қару пайдаланушылар:
1) қаруды арналған мақсатына сәйкес пайдалануға;
2) қару мен оның патрондарын тасымалдаудың белгіленген тәртібін сақтауға;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) пайдаланылып жүрген қару мен оның патрондарының сақталуын қамтамасыз етуге;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (бұр. ред. қара)
4) қару мен оның патрондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға міндетті.
3. Қару пайдаланушылар - заңды тұлғалар заңдарға сәйкес бақылауындағы объектілердің аумағына және қару сақталатын орындарға ішкі істер органдары қызметкерлерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге, танысу үшін оларға қажетті құжаттама беруге міндетті.
4. Қару пайдаланушылар - жеке тұлғалар заңдарға сәйкес ішкі істер органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша тексеру үшін қолда бар қаруды, оның патрондарын және олар сақталатын орындарды, сондай-ақ оларды ұстау ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында қажетті құжаттаманы көрсетуге міндетті.
18-бап. Қаруды қолдану құқығы
1. Өмірін, денсаулығын және меншікті қорғау үшін нақты қару түрін сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаты бар адамдардың қажетті қорғаныс, аса қажеттілік жағдайында және қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде оны қолдануға құқығы болады.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Ерекше жарғылық міндеттері бар ұйымдардың қызметкерлері қаруды табиғатты, табиғи ресурстарды, меншікті күзету, хат-хабарды және арнаулы жөнелтімдерді жеткізу, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөнінде өздеріне заңдарда жүктелген міндеттерді орындау кезінде және өзін қорғау үшін қолдануға құқылы.
3. Қару қолданбас бұрын ол қарсы қолданылатын адамға бұл жайында нақты ескерту жасалуға тиіс.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Әйелдерге, мүгедектік нышандары айқын адамдарға, жас шамасы айқын немесе белгілі кәмелетке толмағандар топтасып және (немесе) қарулы шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайлардан басқа кезде оларға қарсы қару қолдануға тыйым салынады.
5. Қару қолданудың барлық жағдайларында маңайдағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық жәрдем көрсету үшін шаралар қолдану, ішкі істер және прокуратура органдарына хабарлау қажет.
6. Атыс қаруын қолданып аң аулау ережелерін, сондай-ақ спортпен шұғылдану кезінде және жаттығу мақсаттарында қару қолдану ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 19-бап өзгертілді; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
19-бап. Рұқсаттардың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату, сондай-ақ оларды беруден бас тарту
1. Ішкі істер органдары, егер адамның:
1) тұрақты тұрғылықты жері болмаған;
2) қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлары болмаған жағдайларда, қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаттарды тоқтата тұрады.
Адам қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда рұқсаттың қолданысы сот шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады.
Осы Заңда көзделген негіздер бойынша рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданар алдында рұқсатты берген ішкі істер органы рұқсат иесіне алдын ала жазбаша ескертуге тиіс. Ескертуде нақты қандай құқықтық нормалар мен қағидалардың бұзылғаны немесе орындалмағаны көрсетіледі және жол берілген бұзушылықтарды жою үшін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзім тағайындалады.
2. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылған кезде рұқсат иесі рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ішкі істер органына растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш беруге құқылы.
Рұқсаттың қолданысын қайта бастау және тоқтатылуына бастамашылық жасау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.
3. Рұқсат иесі рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтінішті тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ұсынбаған жағдайда, ішкі істер органы рұқсаттың қолданысын тоқтату рәсіміне бастамашылық жасайды.
Рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы мәселені қарау процесінде рұқсат иесі бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдеуге құқылы. Мұндай жағдайда, рұқсат беру органы осы баптың 2-тармағын басшылыққа алуға тиіс.
4. Ішкі істер органдары алдын ала тоқтата тұрмай қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаттардың қолданылсын:
1) рұқсаттан ерікті түрде бас тартылған не қару иесі қайтыс болған;
2) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы болған;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлiмi бабының тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiнің мерзiмі өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
4) бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 111, 111-1, 112, 298, 330, 330-1, 332, 333, 334, 335, 336, 336-1, 336-2, 336-3, 336-4, 338, 340, 341, 341-1, 344, 355, 356, 356-2, 357, 362, 362-1, 363, 365, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 374, 374-1, 375, 377, 378, 387, 388-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық қайталап жасалған;
5) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 436 және 461-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, рұқсаттар алу мүмкіндігін болғызбайтын мән-жайлар туындаған;
7) азаматтық немесе қызметтік қару иесі көрсетілген қарудың конструкциясын қайта жасап, бұл оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соққан;
8) азаматтық және қызметтiк қару азаматтық және қызметтiк қарудың және оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерге, сондай-ақ криминалистiк талаптарға сәйкес келмеген;
9) егер адам экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарында есепте тұрған жағдайларда тоқтатады.
Ішкі істер органының қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы шешіміне сотқа шағым жасауға болады.
Рұқсаттың қолданысы тоқтатылған жағдайда қолданыс тоқтатылған күннен бастап үш жыл өткен соң оны алу үшін қайталап өтініш жасауға болады. Рұқсаттан ерікті түрде бас тартылған жағдайда оны алуға қайталап өтініш жасау мерзімдері белгіленбейді.
5. Осы баптың 1 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда, ішкі істер органдары қаруды иемденіп алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат беруден бас тартады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 20-бап өзгертілді
20-бап. Қару мен оның патрондарын алып қою
Қару мен оның патрондарын:
1) ішкі істер органдары мынадай жағдайларда:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеуге, өндіруге және жөндеуге, олармен сауда жасауға, қаруды иемденіп алуға, коллекциялауға немесе экспонаттауға лицензия, сондай-ақ қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат болмағанда;
белгіленген тәртіппен көрсетілген лицензиялар мен рұқсаттардың қолданысы тоқтатыла тұрғанда немесе одан айырылғанда;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен түпкілікті шешім қабылданғанға дейін заңды немесе жеке тұлғалар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген қауiпсiздiк талаптарын, қаруды беру, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау, тіркеу, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасымалдау және қолдану қағидаларын бұзғанда;
мүлікті мұраға қалдыру мәселесі шешілгенге дейін қару иесі қайтыс болғанда;
2) аң, балық аулау, табиғат және табиғи ресурстарды қорғау ережелерінің сақталуына мемлекеттік қадағалау жасайтын органдар өздерінің құзыреті шегінде азаматтардың Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарын бұзуын тыйған жағдайларда, қаруды кейіннен ішкі істер органдарына тапсыра отырып;
3) экономикалық тергеу қызметі, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, қаруды кейіннен ішкі істер органдарына тапсыра отырып;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа жағдайларда қаруды кейіннен ішкі істер органдарына тапсыра отырып алып қоюды жүргізеді.
Марапаттау қаруын азаматтардан сақтау, тасу және пайдалану ережелерін бұзуға жол бергені үшін ішкі істер органдары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес алып қояды.
Қару мен оның патрондарын алып қою тәртібін қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, сондай-ақ тәркіленген, техникалық жағынан пайдалануға жарамды азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға не азаматтық және қызметтік қарумен сауда жасауға лицензиялары бар заңды тұлғалар арқылы өткізілуге жатады.
5-тарау. Жекелеген қару түрлерінің айналымы
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 21-бап өзгертілді
21-бап. Қару мен оның патрондарын өндіру
Қаруды, оның негізгі бөліктерін өндіру, қарудың жойылған зақымдаушы қасиеттерін қалпына келтіру мақсатында оны құрастыру, қайта жасау немесе жөндеу, сондай-ақ оның патрондарын жасау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс.
Қару мен оның патрондарын өндіретін заңды тұлғалар өндіру қауіпсіздігін, оған бақылау жасауды, шығарылатын өнімнің тиісті сапасын, оның есебі мен сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
Көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақтандырылған механикалық бүркігіштерді, аэрозольдық және өзге де құрылғыларды қоспағанда, жасаған әрбір қарудың жеке нөмірі болуы тиіс.
Тәжірибелік үлгілерін қоспағанда, жауынгерлік қол атыс қаруы және оның патрондары Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларға, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына ғана беру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен басқа мемлекеттерге беру үшін жасалады.
22-бап. Азаматтық және қызметтік қарумен, оның патрондарымен сауда жасау
1. Азаматтық және қызметтік қарумен, оның патрондарымен сауда жасауды заңдарда белгіленген тәртіппен осы қызмет түріне лицензия алған ұйымдар жүзеге асырады. Азаматтық және қызметтік қарумен, оның патрондарымен сауда жасауға лицензияны қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган осы мақсаттар үшін арнайы құрылған ұйымдарға ғана береді.
2. Қарумен және оның патрондарымен сауда жасауды жүзеге асыратын ұйымдар:
1) сатылатын қаруға сәйкестілік сертификатына ие болуға;
2) иемденіп алынатын және сатылатын қарудың есебін, сондай-ақ 10 жыл бойы есептік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етуге;
3) иемденіп алуға лицензия талап етілмейтін қаруды қоспағанда, сатып алушыдан (заңды тұлғадан) қарудың сол түрін сатып алуға лицензиясын көрсетуді талап етуге;
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) сатып алушының лицензиясында немесе рұқсатында тіркелуге тиіс, сатылатын азаматтық және қызметтік қаруды тіркеуге, сондай-ақ аңшы куәлігінде аңшылық суық қаруды тіркеуге;
5) қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ішкі істер органдарына сатылған қызметтік және азаматтық қару мен оның сатып алушылары туралы ай сайын мәлімет беріп отыруға;
6) олардың сақталуын және сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
7) сатылған қызметтік және азаматтық қарудан атылған оқтар мен гильзаларды мемлекеттік оқ-гильза қоймасына табыс етуге;
8) қызметкерлердің қару айналымы туралы заңдарды білуін қамтамасыз етуге міндетті.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қарудың белгілі бір түрін сатып алуға рұқсатын көрсетпеген заңды және жеке тұлғаларға қарумен сауда жасауға, сондай-ақ нөмірсіз және таңбасыз қару не азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестік белгісі жоқ патрондар сатуға тыйым салынады.