248-бап. Аудитордың жеке мөрiн пайдалануға және сақтауға байланысты бұзушылықтар
1. Аудитордың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында белгiленген жеке мөрдi тиiсiнше сақтау және пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзуы -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
249-бап. Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға уақтылы, анық немесе толық ақпарат бермеуі
Аудиттелетін субъектінің аудит жүргізу барысында аудиторлық ұйымға анық емес аудиторлық есеп жасауға әкеп соққан, уақтылы, анық немесе толық ақпарат бермеуі -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
250-бап. Мiндеттi аудит жүргізуден жалтару
Мiндеттi аудит жүргізуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi келтiру -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
251-бап. Ұлттық валюта мен шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау
Уәкiлеттi банктердегi банк шоттарына ұлттық валюта мен шетел валютасын:
1) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) экспортынан түсетін ұлттық валюта мен шетел валютасындағы түсiмдердi;
2) резиденттiң тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) импорты үшін резидент еместiң пайдасына аударған, резидент еместiң тауарларды жеткізу (жұмыстарды жүзеге асыру, қызметтер көрсету) бойынша мiндеттемелердi орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық валюта мен шетел валютасын есепке жатқызбау түрiнде жасалған, ұлттық валюта мен шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға есепке жатқызылмаған ұлттық валюта мен шетел валютасы сомасының жиырма пайызы, бірақ екі мың айлық есептiк көрсеткіштен аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе.
Осы бапта көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі өткеннен кейін есепке жатқызылмаған ұлттық валюта мен шетел валютасының сомасы елу мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып түскен және егер осы әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаған жағдайларда басталады.
Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар осы бапта көзделген жауаптылықта болмайды.
252-бап. Валюталық операцияларды Қазақстан Республикасының валюта заңнамасын бұза отырып жүргізу
1. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын уәкілетті банктер мен олардың айырбастау пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізбеу, резиденттер арасында тыйым салынған валюталық операциялар жүргізу, ақша төлемдері мен аударымдарын уәкілетті банктердегі шоттар арқылы жүргізбеу, егер мұндай талап Қазақстан Республикасының валюта заңнамасында белгіленсе, -
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға, белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген операция сомасының - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін сақтамауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ipi кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4. Қолма-қол шетел валютасын иелену және (немесе) сату бағамдарын белгілеу туралы өкім шығарудың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген тәртібін өкім шығарылған жердің жергілікті уақытымен күндізгі сағат 18.00-ден келесі күнгі сағат 8.00-ге дейінгі кезеңде және (немесе) «Қазақстандық қор биржасы» акционерлік қоғамының жұмыс емес күндері осындай өкім шығару арқылы бұзу -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
253-бап. Арнаулы валюталық режимді бұзу
Арнаулы валюталық режимді:
1) валюталық операция жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнаулы рұқсатын алу талабын орындамау;
2) резиденттер алған шетел валютасын міндетті түрде сату талабын орындамау;
3) шетел банктеріндегі шоттарды пайдалану;
4) валюталық операциялар жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды орындамау;
5) Қазақстан Республикасының Президенті енгізген өзге де уақытша валюталық шектеулерді сақтамау бөлігінде бұзу -
жеке және заңды тұлғаларға арнаулы валюталық режимді бұза отырып жүргізген операция сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
254-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану
1. Инсайдерлердің бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау кезінде инсайдерлік ақпаратты пайдалану, инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға заңсыз беру, үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратқа негізделген, бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы ұсынымдар немесе ұсыныстар беру жөніндегі әрекеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының эмитенттерге қатысты инсайдерлер деп танылған заңды тұлғалардың осы эмитенттерге ақпарат беруі жөніндегі талаптарын орындамауы, егер осы әрекеттер ірі залал келтірмесе, -
жеке тұлғаға - екі жүз, лауазымды адамға - төрт жүз, заңды тұлғаға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Эмитент және ол шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы инсайдерлік ақпаратқа билік етуге және оны пайдалануға бақылауды жүзеге асыру бөлігінде эмитенттердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы -
заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
255-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жосықсыз жарнамалау
Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің жарнаманы жариялау кезiнде анық емес мәлiметтер ұсыну және тарату арқылы бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жосықсыз жарнамалау -
жеке және заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
256-бап. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге де тұлғалардың есептілікті, ақпаратты, мәліметтерді беру жөніндегі талаптарды бұзуы
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, сондай-ақ оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынбауы, сол сияқты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уақтылы ұсынбауы -
жеке тұлғаларға - елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, сондай-ақ оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында анық емес, сол сияқты толық емес есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы -
жеке тұлғаларға - елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Бағалы қағаздар нарығы субъектiсiнiң бағалы қағаздармен жасалатын операциялар туралы көрiнеу жалған, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ мәліметтер ұсынуы -
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен ескертпе өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігіндегі есептілік деп берілуі эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту, облигацияларды ұстаушылар өкілінің қызметі туралы және облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамау не тиісінше орындамау туралы хабарлау; тәуекелдерді басқару және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттар мен есептілік түсініледі.
257-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын бұзуы
1. Акционерлердің акционерлiк қоғам iстерiн басқару құқықтарының, кіріс бөлiгiн бөлу (дивидендтер төлеу) тәртiбiнің, бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу, қоғамның қызметi туралы ақпарат алу құқықтарының бұзылуы, сондай-ақ акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру мен өткiзудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiн бұзу -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Облигациялар бойынша сыйақылар төлеудің және (немесе) оларды өтеудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбi мен шарттарын бұзу -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Бағалы қағаздар эмитентінің өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алудың Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген тәртібі мен шарттарын бұзуы, сондай-ақ өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алуды Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда жүзеге асырмауы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
258-бап. Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау тәртібін, сондай-ақ мәмілелер жасасу шарттарын бұзу
Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасаудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiн, сондай-ақ мәмілелер жасасудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарын бұзу -
жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне - үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 259-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
259-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасасу
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасауы -
жеке тұлғаларға - екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне - үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қаржы нарығы субъектiлерiнің өзге де қаржы құралдары бағаларымен (бағамдарымен), оның ішінде нарықтық валюта айырбастау бағамымен айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасасуы -
жеке және заңды тұлғаларға айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілелер сомасының он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
260-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу, олар бойынша құқықтарды есепке алу және растау тәртiбiн бұзу
1. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiн немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы, сол сияқты бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының номиналды ұстау жүйесiн құрайтын құжаттар мен мәліметтерді бағалы қағаздар нарығына басқа кәсiби қатысушыға берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібі мен шарттарын бұзуы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
261-бап. Эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың шарттары мен тәртiбiн бұзуы
1. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттары мен тәртiбiн бұзуы, оның ішінде қаржы ұйымы болып табылмайтын эмитенттің, облигациялар шығару проспектісінде белгіленген, осы баптың екінші бөлігінде көзделген әрекеттерді қоспағанда, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдалану шарттары мен тәртібін бұзуы -
лауазымды адамдарға - үш жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Эмитенттің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың шарттары мен тәртiбiн бұзуы -
заңды тұлғаларға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақша сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
262-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының өздерінің қызметiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзуы
Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының өздерінің қызметiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 263-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
263-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы ақпаратты ашу жөніндегі міндетті бұзу
Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) қор биржасының ішкі қағидаларында айқындалатын тәртіппен және шарттармен ақпаратты ашу жөніндегі міндетті бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) орындамауы, сол сияқты өз қызметі туралы толық емес немесе анық емес ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы -
жеке тұлғаларға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
264-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының және инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын бұзуы
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың (алушылардың) дербес шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алу тәртiбiн бұзуы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының кастодиан-банктермен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара қарым-қатынастардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгiленген тәртiбiн iрi залал келтiрмей бұзуы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті зейнетақы жинақтаушы қорының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын бұзып, мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
265-бап. «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу
1. Акционерлік инвестициялық қордың, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының өз қызметi, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткiштер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, сондай-ақ оны жариялау және тарату тәртiбiн бұзуы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Акционерлік инвестициялық қордың, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы немесе жариялауы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
266-бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде төлемдер жүргiзу бойынша белгiленген шектеулердi бұзу
Заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша басқа заңды тұлғаның пайдасына бір мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомада қолма-қол тәртiппен төлемдi жүзеге асыруы -
төлемдi жүзеге асырған заңды тұлғаға төлем сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
267-бап. Мемлекеттiк мекеменiң және жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының ақшалай мiндеттемелердi мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қабылдау жөнiндегi заңсыз әрекеттерi
1. Мемлекеттiк мекеменiң немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының ақшалай мiндеттемелердi мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен азаматтық-құқықтық мәмiлелердi заңнамада белгiленген тiркеусiз және (немесе) уәкiлеттi орган бекiткен сметалар сомасынан асырып қабылдау жөнiндегi, мемлекеттiк мекеменiң немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның жауаптылығына әкеп соққан заңсыз әрекеттерi -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
268-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзу
1. Тауар биржасы қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуы -
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты емес сауда қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыруы -
бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды тауар биржаларынан тыс өткізу -
жеке тұлғаларға - жетпіс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Биржалық брокерлердің және (немесе) биржалық дилерлердің әрбір клиент бойынша жеке жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізу және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жыл ішінде сақтау жөніндегі талаптарды сақтамауы -
сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5. Биржалық саудаға қатысушылардың биржалық тауарлар тiзбесiне кiрген өзiнiң тоқсан сайынғы жалпы биржалық тауарлары айналымының кемiнде отыз пайызын қосарланған қарсы аукцион режимiнде өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі міндетін орындамауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 6-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 7-бөлікпен толықтырылды
7. Тауар биржасының биржалық сауда-саттықтар нәтижелерін өзінің интернет-ресурсында орналастыру жөніндегі міндетін орындамауы, уақтылы орындамауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 8-бөлікпен толықтырылды
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 9-бөлікпен толықтырылды (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Тауар биржасының тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын сақтамауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 10-бөлікпен толықтырылды (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 11-бөлікпен толықтырылды
11. Тауар биржаларының сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға есептіліктің күнделікті нысандарын ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты көрінеу жалған ұсынуы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 12-бөлікпен толықтырылды
12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
заңды тұлғаға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 13-бөлікпен толықтырылды
13. Тауар биржасының биржалық сауда-саттықты жүргізу режимдерін орындамауы -
заңды тұлғаға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 14-бөлікпен толықтырылды
14. Осы баптың он үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 15-бөлікпен толықтырылды (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15. Тауар биржаларының клирингтік орталықтарының клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуы жөніндегі міндетін орындамауы -
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
16-тарау. Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар