834) Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасын жасау;
835) мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын және мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын бекіту, ұсыну және орындау тәртібін айқындау;
836) республикалық бюджет түсімдері бойынша жиынтық жоспар жасау;
837) бюджеттің қазынашылық атқарылуы тәртібін айқындау;
838) бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген түпкілікті нәтижені сақтай отырып, бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық көлемін өзгертпей, бір бюджеттік бағдарлама шегінде кіші бағдарламалар арасында, бір бюджеттік кіші бағдарлама шегінде іс-шаралар, жобалар, өңірлер арасында бюджет қаражатын қайта бөлу кезінде бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі мен жағдайларын айқындау;
839) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын жасау және жүргізу тәртібін белгілеу;
840) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу тәртібін келісу;
841) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін белгілеу;
842) мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін айқындау;
843) бюджетке түсетін түсімдерді ақшалай нысанда жүзеге асыру және бюджетке түсетін түсімдердің сыныптамасына сәйкес толық көлемде ұлттық валютамен бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жатқызу тәртібін белгілеу;
844) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша мемлекеттік қазынашылық шоттарынан шетел валютасын қайта айырбастау тәртібін айқындау;
845) мемлекеттік мекемелердің, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың мемлекеттік қазынашылықтағы шоттардан шетел валютасын қайта айырбастауы мен есепке жатқызуы тәртібін айқындау;
846) салықтық емес түсімдер бойынша уәкілетті органдардың төлеушілер бөлінісінде өздері әкімшілендіретін түсімдер туралы мәліметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету;
847) түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтару және (немесе) есепке жатқызу тәртібін белгілеу;
848) жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші қаржы жылдары бюджетінің тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстары тізбесін қалыптастыру;
849) мерзімі үш жылдан асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу тәртібін айқындау;
850) мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік инвестицияларды іске асыру шеңберінде дербес білім беру ұйымдарының азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асыру тәртібін айқындау;
851) бюджеттік операцияларды жүргізу кезінде төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін айқындау;
852) валюталардың түрлері бойынша шетел валютасымен мемлекеттік мекеменің шотына немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотынан айырбасталған шетел валютасын мақсаты бойынша пайдалану тәртібін және мерзімдерін айқындау;
853) бюджеттік операцияларды жүргізу кезінде төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасымен жүзеге асыру тәртібін айқындау;
854) азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігердің төлемдерін жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру тәртібін және мерзімдерін айқындау;
855) инкассолық өкімдерді орындау тәртібін белгілеу;
856) жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарынан уақытша бос бюджет ақшасын тарту және оларды қайтару қағидаларын, келісімдердің нысанын бекіту;
857) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің уақытша бос бюджет қаражаты туралы ақпаратты мемлекеттік қазынашылыққа жіберу тізбесін, тәртібі мен нысанын айқындау;
858) қазынашылық мониторинг жүргізу тәртібін айқындау;
859) бюджет қаражатын келесі қаржы жылында толық пайдалануға рұқсат етілетін мемлекеттік инвестициялық жобалар және (немесе) іс-шаралар бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) тізбесін жасау және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу;
860) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ағымдағы қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) қаражатын бюджетке қайтару тәртібін және мерзімдерін айқындау;
861) заңды тұлғаларға трансферттер түрінде бөлінген, ағымдағы қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) бюджет қаражатын бюджетке қайтару тәртібін және мерзімдерін айқындау;
862) нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған, пайдаланылмаған, толық пайдаланылмаған бюджет қаражатын толық пайдалану, тиісті жоғары тұрған бюджетке қайтару тәртібін айқындау;
863) бюджеттік есепке алуды жүргізу тәртібін айқындау;
864) бюджеттік есептілікті жасау;
865) өз құзыреті шегінде бюджеттік есептіліктің қосымша нысандарын белгілеу;
866) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша бюджеттік даму бағдарламалары бойынша пайда болған соманы қайта бөлу туралы шешімін қалыптастыру тәртібін айқындау;
867) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша бюджеттік даму бағдарламалары бойынша пайда болған соманы қайта бөлу туралы шешімін қалыптастыру;
868) бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша тоқсан сайын және жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына, жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер туралы және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмауы туралы ақпарат жіберу;
869) бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша есепті тоқсанның қорытындылары бойынша салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша түсімдердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының түсімдердің жиынтық жоспарында көрсетілген жоспарлы мәндерден асып кетуіне байланысты қалыптасқан бюджет қаражатының қалдығы туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдардың осы бюджет қаражатының қалдығын Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 116-бабының 3-тармағына сәйкес шығыстарды қаржыландыруға жіберуі үшін тиісті жергілікті атқарушы органға жіберу;
870) бюджеттік мониторинг жүргізу тәртібін айқындау;
871) мемлекеттік кірістер органдары ұсынған мәліметтер негізінде республикалық бюджет түсімдері жөніндегі талдамалық есепті қалыптастыру;
872) шоғырландырылған бюджет түсімдері жөніндегі талдамалық есепті қалыптастыру;
873) Қазақстан Республикасының Парламентінде есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету;
874) қызметінің өзіндік ерекшелігін ескеріп және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізудің белгіленген тәртібін сақтап, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік мекемелерде өз жүйесінің бухгалтерлік есеп жөніндегі жалпы ережелерін қолдану тәртібі туралы нұсқаулар беруін келісу;
875) мемлекеттік қаржы статистикасы жөніндегі есепті жасау;
876) 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
877) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп жасау;
878) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен және мемлекеттік қазынашылықпен бірлесіп оларға сәйкес үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету көлемі белгіленетін көрсеткіштерді айқындай отырып, мемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерлігінің, квазимемлекеттік сектор субъектілері борышының, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекет міндеттемелерінің орта мерзімді кезеңге арналған болжамын жүзеге асыру;
879) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алудың және борыштың, экспортты қолдау жөніндегі мемлекет міндеттемелерінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелерінің, мемлекет кепілгерлігінің тоқсан сайынғы мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындау;
880) Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышын өтеу және оған қызмет көрсету, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында ол шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу тәртібін айқындау;
881) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен квазимемлекеттік сектор субъектілері борышының тоқсан сайынғы мониторингін жүзеге асыру;
882) қарыз шартын жасау арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қарыздар тарту, сондай-ақ қарыз қаражатын пайдалану тәртібін айқындау;
883) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік ислам арнаулы қаржы компаниясын құру;
884) Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында ол шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыру;
885) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш саласында бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алу мақсаттарының тізбесін келісу;
886) жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен өздері жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу және оған қызмет көрсету тәртібін айқындау;
887) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекет кепілгерлігін беру тәртібін, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі шартының нысанын айқындау;
888) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау тәртібін, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша операциялық шығындардың өтемақысын, мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақыны, қоса қаржыландыруды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтынуына кепілдік беруді, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын және қолжетімділік үшін төлемақыны айқындау;
889) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу тәртібін айқындау;
890) дербес білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі бекітетін дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыру есебінен алынған, сондай-ақ мемлекет дербес білім беру ұйымдарының меншігіне берген дербес білім беру ұйымдарының мүлкі туралы қосымша мәліметтерді мемлекеттік мүлік тізіліміне ұсыну қағидаларын келісу;
891) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде мемлекеттік кепілдік беруді жүзеге асыру;
892) мемлекет кепілдік берген борышты мониторингтеуді және оны басқаруды жүзеге асыру;
893) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекет кепілдік берген қарызды алған қарыз алушының қаржылық жағдайын мониторингтеуді, мемлекет кепілдік берген қарыз қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау;
894) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру тәртібін және нысанын айқындау;
895) «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» бекітетін дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыру есебінен алынған, сондай-ақ мемлекет дербес білім беру ұйымдарының меншігіне берген дербес білім беру ұйымдарының мүлкі туралы қосымша мәліметтерді мемлекеттік мүлік тізіліміне ұсыну тәртібін келісу;
896) экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемені мониторингтеуді жүзеге асыру;
897) мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты мониторингтеуді жүзеге асыру тәртібін айқындау;
898) мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты республикалық бюджетке қайтару тәртібін айқындау;
899) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру және мониторинг нәтижелерін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсыну;
900) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу;
901) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы есептерді қалыптастыру;
902) барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдардың мемлекеттік инвестициялық жобаларын, сондай-ақ бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған жобаларды қоспағанда, мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін келісу;
903) барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар айқындайтын барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдардың бюджеттік инвестицияларын жоспарлау және іске асыру тәртібін келісу;
904) дербес білім беру ұйымдарының басқару органы айқындайтын дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру тәртібін келісу;
905) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 149-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелі негізінде республикалық бюджет жобасына енгізу үшін мемлекеттік инвестициялық жобаларды айқындау;
906) мемлекеттік инвестициялық жобалар саласындағы бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын, техникалық-экономикалық негіздемесін, қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру және мемлекеттік инвестициялық жобаларды айқындау тәртібін келісу;
907) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттандыру объектілерін құруды және дамытуды көздейтін мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау мен іске асыру тәртібін келісу;
908) инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық негіздемені және қаржы-экономикалық негіздемені түзетуге байланысты бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету тәртібін келісу;
909) ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жобалары бойынша техникалық тапсырманы түзетуге байланысты ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету тәртібін келісу;
910) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жобалар аяқталғаннан кейін үш жыл ішінде жүзеге асыратын бюджеттік даму бағдарламаларының паспорттарында және мемлекеттік инвестициялық жобалар құжаттамасында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуді мониторингтеуді жүзеге асыру тәртібін айқындау;
911) есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп айқындау;
912) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалауды қоспағанда, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізу тәртібін келісу;
913) қаржы агенттігін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезінде сенім білдірілген өкілді (агентті) айқындау;
914) сенім білдірілген өкілдің (агенттің) өкілеттіктерін, сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырмаларды орындағаны үшін сыйақы төлеу мөлшері мен тәртібін айқындау;
915) бюджеттік кредит беру тәсілдерін, бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету графигін, бюджеттік кредитті қайта құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру рәсімдерін, талап қоюдың ескіру шарттарын, бюджеттік кредит бойынша борышты аудару, кредиторлардың талаптарын тоқтату және бюджеттік кредиттер бойынша кепілдікті тоқтату шарттарын, бюджеттік кредиттер бойынша бақылау рәсімдерін айқындау;
916) бюджеттік кредиттерді өндіріп алу үмітсіз деп тану тәртібін айқындау;
917) сенім білдірілген өкілдің (агенттің) деректері негізінде қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайларда кредитордың мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша талаптарын тоқтату туралы шешім қабылдау;
918) бюджеттік кредиттерді міндетті түрде тіркеу, есепке алу және мониторингтеу тәртібін белгілеу;
919) қарыз алушылардың, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің), соңғы қарыз алушылардың ақпарат нысандарын беру тәртібін белгілеу;
920) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп есептілікті ұсыну тәртібін, мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау;
921) байланысты гранттардың пайдаланылуын бағалауды жүзеге асыру тәртібін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен айқындау;
922) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін корпоративтік табыс салығы түріндегі республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер тізбесін бекіту;
923) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, келіп түскен салықтық аударымдардың елу пайызынан аспайтын мөлшерде облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салығы түрінде облыстық бюджетке, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін салықтық түсімдер тізбелерін бекіту;
924) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы түрінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне түсетін салықтық түсімдер тізбесін бекіту;
925) бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көлемі мен нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда олардың қайта бекітілуін келісу;
926) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері - орталық салалық мемлекеттік органдар айқындайтын нысаналы салымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау тәртібін, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы салымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды келісу;
927) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері - орталық салалық мемлекеттік органдар айқындайтын нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау тәртібін, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды келісу;
928) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру тәртібін келісу;
929) нысаналы жарнаның пайдаланылуы туралы есептерді қалыптастыру тәртібін айқындау;
930) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын нысаналы жарнаның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау тәртібін, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы жарнаны пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды келісу;
931) Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар бойынша өтеу, оларға қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға субсидиялау және бюджеттен субсидиялар төлеу қағидаларын келісу;
932) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бюджет қаражатын жоспарлау және бөлу қағидаларын, медициналық көмек көрсетуге арналған қаражат бойынша есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін келісу;
933) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітетін Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларын келісу;
934) мемлекеттік борыштың, квазимемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың ағымдағы жай-күйі, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекет міндеттемелері, мемлекет кепілгерлігі, мемлекеттік борышты өтеу есебіне төленген ақша сомасы, берілген мемлекеттік кепілдіктер мен экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдіктер, мемлекеттің кепілдіктері мен экспортты қолдау бойынша мемлекеттің кепілдіктері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекет міндеттемелері бойынша төленген ақша сомалары туралы мәліметтерді статистикалық ақпарат нысанында тоқсан сайын ресми жариялау;
935) мемлекеттік сыртқы қарыздар бойынша есептілікті ұсыну және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру тәртібін әзірлеу;
936) Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу тәртібін әзірлеу;
937) бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қарыз алушының кредит қабілеттілігі өлшемшарттарын айқындау;
938) бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы агенттіктерін республикалық бюджеттен қамтамасыз етілмейтін бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу тәртібін айқындау;
939) бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және (немесе) сенім білдірілген өкіл (агент) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын және ол бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
940) бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша сыйақы түрлерін, оның мөлшерлемелерін айқындау және белгілеу тәртібін айқындау;
941) бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыруды жүзеге асыру;
942) мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және техникасымен, мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен, кеңсе керек-жарақтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлеу және бекіту;
943) Республикалық бюджет комиссиясының республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары негізінде бюджет қаражатын қысқарту туралы шешім қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұру;
944) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;
945) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөнінде шараларды қабылдау;
946) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
990) автомобиль көлік құралдарын тоқтатқан кезде кеден органдары лауазымды адамдарының іс-қимыл жасау тәртібін кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;
991) кеден органдарында ұтқыр топтарды құру, олардың қызметі, жарақтандырылуы, оның ішінде көлік құралдарымен жарақтандырылуы тәртібін әзірлеу және бекіту;
992) көлік құралын тоқтату туралы талаптың, автомобиль көлік құралын жеткізу туралы талаптың, сондай-ақ автомобиль көлік құралын тоқтату туралы актінің нысандарын оны толтыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
993) кеден органдарының лауазымды адамдарының сүйемелдеуімен автомобиль көлік құралын басқаратын адам жүзеге асыратын автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізу және ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды сақтау орнына тасу (тасымалдау) тәртібін айқындау;
994) тармақша 2025 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
994) көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу интернет-платформа арқылы жүргізілмейтін интернет-платформа операторларының интернет-платформада тіркелген, интернет-платформаны пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе тапсырыс берушілерге жұмыстарды орындайтын тұлғалар туралы мәліметтерді салық органдарына ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындау;