8) қоғаммен шарт арқылы байланысы бар, қоғам қабылдайтын шешiмдердi сол шартқа сәйкес айқындауға құқылы тұлға;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді
9) дербес немесе өзiнiң аффилиирленген тұлғаларымен бiрлесiп қоғамның не осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 6-1), 7), 8) және 10) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың дауыс беретiн акцияларының (ұйымның қатысу үлесінің) он және одан да көп процентiн иеленетiн, пайдаланатын және оларға билiк ететiн тұлға;
10) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылатын өзге де тұлға қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Мыналар:
1) жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары;
2) осы жеке тұлға және (немесе) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ірі акционері (ірі қатысушысы) және (немесе) лауазымды адамы болып табылатын заңды тұлға;
3) жеке тұлғаның және (немесе) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың бақылауында болатын заңды тұлға;
4) оған қатысты осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар ірі акционерлер (ірі қатысушылар) болып табылатын немесе мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар заңды тұлға;
5) осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары жеке тұлғаның үлестес тұлғасы болып табылады.
2. Тиісті қоғам немесе өзге заңды тұлға қабылдайтын шешімді анықтау мүмкіндігі қоғамға немесе өзге заңды тұлғаға бақылау жасау деп танылады.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Осы баптың ережелері коммерциялық емес ұйым болып табылатын қоғамдарға және кредиттік бюроларға қолданылмайды.
Мыналар:
1) коммерциялық емес ұйымның немесе кредиттік бюроның ірі акционерлері (қатысушылары) болып табылатын тұлғалар;
2) іс-әрекетке қабілетсіз және іс-әрекетке қабілеті шектеулі тұлғалар аффилиирленген тұлғалар болып табылмайды.
65-бап. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
66-бап. Аффилиирленген тұлғалардың қатысуымен мәмілелер жасасу ерекшеліктері
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Аффилиирленген тұлғаларының қатысуымен қоғамның мәмілелер жасасу ерекшеліктері осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленеді.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларының қатысуымен мәмiле жасасу тәртібіне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген талаптардың сақталмауы кез келген мүдделi тұлғаның талап қоюы бойынша соттың мәмiленi жарамсыз деп тануына негiз болып табылады.
3. Аффилиирленген тұлғалардың қатысуымен мәмілелер жасасу тәртібіне осы Заңда белгіленген талаптарды бұза отырып қасақана мәміле жасаған тұлғаның, егер мұндай талап пайдакүнемдік немесе жауапкершіліктен жалтару ниетінен туса, мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.
67-бап. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтерді ашу
1. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат болып табылмайды.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Қоғам аффилиирленген тұлғаларының есебiн осы тұлғалар немесе қоғамның тiркеушiсi беретiн мәлiметтер негiзiнде (уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен iрi акционер болып табылатын тұлғаларға қатысты ғана) жүргiзуге мiндеттi.
Қоғамның акционерлерi мен лауазымды адамдарының өз аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты табыс ету тәртібі жарғымен белгiленедi.
3. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар аффилиирлену туындаған күннен бастап жеті күн ішінде өзінің аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметті қоғамға табыс етуге міндетті.
4. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7-тарау. Жасалуына қатысты ерекше талаптар белгіленген қоғамның мәмілелері
68-бап. Ірі мәміле
1. Мыналар:
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) нәтижесінде құны қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті қоғам сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) мәміле немесе өзара байланысты мәмілелердің жиынтығы;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) нәтижесінде қоғам өзінің орналастырылған бағалы қағаздарын сатып алуы немесе орналастырылған бiр түрдегi бағалы қағаздардың жалпы санының жиырма бес және одан да көп проценті мөлшерінде олардың сатылып алынған бағалы қағаздары сатылуы ықтимал мәміле немесе өзара байланысты мәмілелердің жиынтығы;
3) қоғамның жарғысында ірі мәміле деп танылатын өзге де мәміле ірі мәміле деп танылады.
2. Мыналар:
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) белгілі бір мүлікті сатып алуға немесе иеліктен айыруға қатысты белгілі бір тұлғамен не өзара аффилиирленген тұлғалар тобымен жасалатын бірнеше мәміле;
2) бір шартпен немесе өзара байланысты бірнеше шартпен ресімделетін мәмілелер;
3) жарғымен немесе акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен өзара байланысты мәмілелер деп танылатын өзге де мәмілелер өзара байланысты мәмілелер деп танылады.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 69-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
69-бап. Мәміленің нысанасы болып табылатын мүліктің құны
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Нәтижесінде қоғам активтері мөлшерінің он және одан да көп пайызы сомасына мүлік сатып алынатын не иеліктен шығарылатын мәмілені жасасу туралы шешім Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамалық актісіне сәйкес бағалаушы айқындаған осы мүліктің нарықтық құны ескеріле отырып қабылдануға тиіс.
Егер осындай мәміле нысанасы ақша және (немесе) бастапқы нарықта шығарылатын (орналастырылатын) бағалы қағаздар және (немесе) бұрын банк болып табылған заңды тұлғаның активтері және (немесе) талап ету құқықтары болса, бағалау жүргізілмейді.
2. Егер нарықтық құнын белгілеу қажет болатын мүлік ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста жүрген бағалы қағаздар болса, олардың нарықтық құнын белгілеу кезінде осындай бағалы қағаздармен мәмілелердің осындай рынокта қалыптасқан бағасы немесе осындай бағалы қағаздарға сұраным мен ұсынымның бағасы есепке алынады. Егер нарықтық құнын анықтау қажет болатын мүлік қоғамның өз акциялары болса, олардың нарықтық құнын белгілеу кезінде қоғамның өзіндік капиталының мөлшері де, қоғамның даму жоспарларына сәйкес оның өзгеру перспективасы мен нарықтық құнды белгілейтін адам маңызды деп санайтын өзге факторлар да есепке алынады.
2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Жария компанияларға айналымдағы акциялардың он пайызынан астамын өзара иеленуге тыйым салынады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 70-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
70-бап. Қоғамның iрi мәмiле жасасуы
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына сәйкес жасалуы туралы шешім қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданатын мәмілелерді қоспағанда, қоғамның iрi мәмiлелерді жасасуы туралы шешiмдi директорлар кеңесi қабылдайды.
Кредиторларға, жұртшылық пен акционерлерге ақпарат беру мақсатында қоғамның iрi мәмiле жасасуы туралы шешiм қабылданғаннан кейiн үш жұмыс күні iшiнде қоғам мәмiле туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялауға мiндеттi.
2. Қоғамның жарғысында iрi мәмiлелердiң тiзбесi, сондай-ақ оларды жасасу тәртібі белгiленуi мүмкiн, оларды жасасу туралы шешiмдi акционерлердiң жалпы жиналысы қабылдайды.
3. Осы Заңда және қоғамның жарғысында белгiленген тәртiппен қабылданған қоғамның iрi мәмiле жасасу туралы шешiмiмен келiспеген жағдайда, акционер өзiне тиесiлi акцияларды қоғамның осы Заңда белгiленген тәртiппен сатып алуын талап етуге құқылы.
71-бап. Қоғамның мәміле жасасуға мүдделілігі
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары, егер олар:
1) мәміле жасаушы тарап болса немесе оған өкіл немесе делдал ретінде қатысса;
2) мәміле жасаушы тарап болып табылатын немесе оған өкіл немесе делдал ретінде қатысатын заңды тұлғаның аффилиирленген тұлғалары болса, қоғамның мәміле жасасуына мүдделі тұлғалары (бұдан әрі - мүдделі тұлғалар) деп танылады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Мынадай мәмiлелер:
1) акционердiң қоғам акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын сатып алуы, сондай-ақ қоғамның орналастырылған өз акцияларын сатып алуы жөніндегі мәмiле;
2) банктiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәлiметтердi жария етпеу туралы мiндеттеме қабылдау жөніндегі мәмiле;
3) қоғамды осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) қоғамның өз аффилиирленген тұлғасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес жасайтын мәмілесі;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) үлгі нысаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, қоғамның өзінің үлестес тұлғасымен шарт жасасу жасалуына қоғам мүдделi болатын мәмiле болып табылмайды.
72-бап. Қоғамның мәміле жасасуына мүдделілік туралы ақпарат
Осы Заңның 71-бабының 1-тармағында аталған тұлғалар:
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) үш жұмыс күні ішінде, олардың мәмiле тараптары болып табылатындығы немесе оған өкiл немесе делдал ретiнде қатысатындығы туралы;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) өздерімен аффилиирленген заңды тұлғалар туралы, оның ішінде дербес немесе өздерінің аффилиирленген тұлғаларымен бірлесіп, дауыс беретін акциялардың (үлестердің, пайлардың) он және одан да көп процентін иеленетін заңды тұлғалар туралы және органдарында өздері қызмет атқаратын заңды тұлғалар туралы;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) өздері мүдделі тұлғалар болып танылуы мүмкін, өздеріне белгілі жасалған немесе ықтимал мәмілелер туралы ақпаратты директорлар кеңесінің назарына қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен жеткізуге міндетті.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 73-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
73-бап. Мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiленi жасасу тәртібіне қойылатын талаптар
1. Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiм оның жасалуына мүдделi емес директорлар кеңесi мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
2. Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәміленi жасасуы туралы шешiмдi акционерлердiң жалпы жиналысы:
1) қоғамның директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi мүдделi тұлғалар болып табылған;
2) шешiм қабылдауға қажеттi дауыстар саны болмауына орай, директорлар кеңесiнiң мұндай мәмiленi жасасу туралы шешiмдi қабылдау мүмкiндiгi болмаған жағдайларда оның жасалуына мүдделi емес акционерлердiң көпшiлiк даусымен қабылдайды.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Егер қоғамның директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi және жай акцияларды иеленетін барлық акционерлер мүдделi адамдар болып табылған және (немесе) директорлар кеңесі шешім қабылдауға қажетті дауыс санының болмауы себебінен мұндай мәмілені жасасу туралы шешім қабылдай алмаған жағдайларда, мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiмді акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылдайды.
Бұл ретте акционерлердің жалпы жиналысына негізделген шешімді қабылдауға қажетті ақпарат (құжаттарымен қоса) беріледі.
Егер қоғамның директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi мүдделi адамдар болып табылған және (немесе) директорлар кеңесі шешім қабылдауға қажетті дауыс санының болмауы себебінен мұндай мәмілені жасасу туралы шешім қабылдай алмаған жағдайларда, мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiмді жалғыз акционер немесе қоғамның барлық дауыс беретін акцияларын иеленетін адам қабылдайды.
4. Қоғамның жарғысында мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiлелердiң жекелеген түрлерiн жасасудың өзге де тәртібі белгiленуi мүмкiн.
74-бап. Қоғамның жасалуына қатысты ерекше талаптар белгіленген мәмілелер жасасуының салдары
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Iрi мәмiленi және мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiленi жасау кезiнде осы Заңда көзделген талаптарды сақтамау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, өзге де мәмілелер жасау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздерде, мүдделi тұлғалардың талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен осы мәмiлелердi жарамсыз деп тануға әкеп соғуы мүмкін.
Бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде:
егер мәміле жасасу туралы шешім қабылдау кезінде иеленген немесе иеліктен шығарылған мүліктің құны «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған оның нарықтық құнына анық мөлшерлес болмауы дәлелденсе;
қоғамның акционерлерін оның лауазымды адамы (адамдары) өзі (өздері) не үлестес тұлғалары пайда (кіріс) алуы мақсатында қасақана шатастырғаны фактісін сот анықтаса, жасалуында мүдделілік болған, нәтижесінде құны қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті қоғам иеленген немесе иеліктен шығарған және жасасу нәтижесінде қоғамға зиян келтірілген мәміле акцияларының бес немесе одан көп пайызын иеленетін (жинақтап алғанда иелік ететін) акционердің (акционерлердің) талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мәміле жасасудың осы Заңда көзделген тәртібіне қойылатын талаптарын, сондай-ақ лауазымды адамдар қызметінің қағидаттарын бұза отырып қоғаммен мәміле жасалуына мүдделі тұлға қоғам алдында өзінің қоғамға келтірген залалы мөлшерінде жауапты болады. Мәмілені бірнеше тұлға жасаған жағдайда олардың қоғам алдындағы жауапкершілігі ортақ болады.
3. Осы Заңда және қоғамның жарғысында белгіленген талаптарды бұза отырып қасақана ірі мәміле жасаған тұлғаның, егер мұндай талап пайдакүнемдік немесе жауапкершіліктен жалтару ниетінен туса, мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен мазмұн 4-тармақпен толықтырылды; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы тараудың 70 және 73-баптарының талаптары осы Заңда жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген, ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін ұйымдардың арасында «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын мәмілелерге қолданылмайды.
8-тарау. Қоғамның қаржылық есептілігі мен аудиті
75-бап. Қоғамның қаржылық есептілігі
1. 2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қоғамның бухгалтерлік есебін жүргізу мен қаржылық есептілігін жасау тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасымен және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарымен белгіленеді.
76-бап. Қоғамның жылдық қаржылық есептілігі
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Атқарушы орган жыл сайын акционерлердiң жалпы жиналысына талқылау және бекіту үшiн аудитi Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет жөніндегі заңдарына сәйкес жасалған өткен жылғы жылдық қаржылық есептiлiктi табыс етедi. Атқарушы орган қаржылық есептiлiктен басқа жалпы жиналысқа аудиторлық есептi табыс етедi.
2. 2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Жылдық қаржылық есептілікті директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтетін күнге дейін отыз күннен кешіктірмей алдын ала бекітуге тиіс.
Қоғамның жылдық қаржылық есептілігін түпкілікті бекіту акционерлердің жылдық жалпы жиналысында жүргізіледі.
2005.08.07ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-тармақ өзгертілді; 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Қоғам шоғырландырылған жылдық қаржылық есептiлiктi, ал еншiлес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептiлiктi және аудиторлық есептi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен және мерзiмдерде бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын жариялауға мiндеттi.
Iрi мәмiле және (немесе) мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiле туралы ақпарат қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес жылдық қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазбада жария етiледi, сондай-ақ осы Заңның 79-бабының талаптарына сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізіледі. Нәтижесінде қоғам активтері мөлшерінің он және одан да көп пайызы сомасына мүлік сатып алынатын не иеліктен шығарылатын мәміле туралы ақпаратта мәміленің тараптары, мәміленің мерзімдері мен талаптары, тартылған адамдардың қатысу үлесінің сипаты мен көлемі туралы, сондай-ақ мәміле туралы өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
77-бап. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
78-бап. Қоғамның аудиті
1. Қоғам жылдық қаржылық есептіліктің аудит жүргізуге міндетті.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қоғамға аудит директорлар кеңесінің, атқарушы органның бастамасы бойынша қоғам есебінен не ірі акционердің талап етуі бойынша оның есебінен жүргізіледі, бұл ретте iрi акционер аудиторлық ұйымды дербес анықтауға құқылы. Iрi акционердiң талап етуi бойынша аудит жүргiзiлген жағдайда, қоғам аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажеттi құжаттаманы (материалдарды) беруге мiндеттi
3. Егер қоғамның атқарушы органы қоғамға аудит жүргізуден жалтарса, аудит кез келген мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша сот шешімімен тағайындалуы мүмкін.
9-тарау. Қоғамның ақпаратты жария етуі. Қоғамның құжаттары
2008.05.07. № 58-IV ҚР Заңымен 79-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
79-бап. Қоғамның ақпаратты жария етуі
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоғам өзінің акционерлері мен инвесторларының назарына қоғамның мынадай корпоративтік оқиғалары:
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1) акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
1-1) директорлар кеңесі мәселелер тізбесі бойынша қабылдаған шешімдер, бұл мәселелер туралы ақпарат қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлердің және инвесторлардың назарына жеткізілуге тиіс;
2) қоғамның акциялар мен басқа да бағалы қағаздарды шығаруы және уәкілетті органның қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есептерін, қоғамның бағалы қағаздарын өтеу қорытындылары туралы есептерін бекітуі, уәкілетті органның қоғамның бағалы қағаздарының күшін жоюы;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) қоғамның ipi мәмілелерді және бір мезгілде мынадай талаптарға жауап беретін: жасалуында қоғамның мүдделілігі болған табылатын және қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің он және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті иеленуге немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелерді жасасуы туралы ақпаратты жеткізуге міндетті.
Нәтижесінде қоғам активтері мөлшерінің он және одан да көп пайызы сомасына мүлік иеленетін не иеліктен шығарылатын мәмілені жасасу туралы ақпарат мәміленің тараптары, иеленетін немесе иеліктен шығарылатын активтер, мәміленің мерзімдері мен талаптары, тартылған адамдардың қатысу үлестерінің сипаты мен көлемі туралы мәліметтерді, сондай-ақ, бар болған жағдайда мәміле туралы өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс;
3-1) осы қоғам активтерінің бес және одан да көп пайызын құрайтын сомаға қоғамның мүлкін кепілге (қайта кепілге) беруі;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) қоғамның өз капиталының жиырма бес және одан да көп проценті болатын мөлшерде қоғамның қарыз алуы;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5) қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға қоғамның рұқсаттар алуы, қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға қоғамның бұрын алған рұқсаттары қолданысының тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы;
6) қоғамның заңды тұлға құруға қатысуы;
7) қоғам мүлкіне тыйым салынуы;
8) нәтижесінде баланстық құны қоғам активтерінің жалпы мөлшерінің он және одан да көп проценті болатын қоғам мүлкі жойылған төтенше сипаттағы мән-жайлардың туындауы;
9) қоғамның және оның лауазымды адамдарының әкімшілік жауапқа тартылуы;
9-1) сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалуы;
10) қоғамды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешімдер;
11) қоғамның жарғысына, сондай-ақ қоғамның бағалы қағаздар шығару проспектiсiне сәйкес қоғам акционерлерiнiң және инвесторлардың мүдделерiн қозғайтын өзге де оқиғалар туралы ақпаратты жеткізуге міндетті.
2. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1. Жария компания осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 9) және 9-1) тармақшаларында көрсетілген корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты корпоративтік веб-сайтқа орналастыруға міндетті.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2-2-тармақ өзгертілді
2-2. Қоғам депозитарийдiң интернет-ресурсында Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептiлiкті, корпоративтiк оқиғалар туралы ақпаратты, қоғамның жылдық қаржылық есептiлiгiн және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімін, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде орналастыруды қамтамасыз етедi.