2) талаптардың сақталуын зертханалық зерттеу, қарап тексеру жəне (немесе) жете тексеру, растайтын құжаттардың бар-жоғын тексеру арқылы тексеруге болады;
3) талаптар жалпы сипатта болмауы жəне Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне сілтемені қамтымауы керек.
2. Кешенді тексерулер тəуекел дəрежесін бағалау өлшемшарттары қолданыла отырып жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісін (объектісін) іріктеу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы тəуекел дəрежесін бағалау жəне тəуекелдерді басқару өлшемшарттарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган əзірлеп, бекітеді.
3. Кешенді тексерулер жүргізудің жиілігі тəуекел дəрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалады, бірақ:
1) тəуекелдің жоғары дəрежесіне жатқызылған бақылау субъектісі (объектісі) қызметінің салалары үшін - жылына бір реттен жиілетпей;
2) тəуекелдің орташа дəрежесіне жатқызылған бақылау субъектісі (объектісі) қызметінің салалары үшін - екі жылда бір реттен жиілетпей;
3) тəуекелдің төмен дəрежесіне жатқызылған бақылау субъектісі (объектісі) қызметінің салалары үшін - үш жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
4. Кешенді тексеру тағайындалған бақылау субъектісі (объектісі) міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты жыл сайынғы негізде автоматты режимде «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесінде қалыптастырылатын график кешенді тексеруді тағайындауға негіз болады.
Кешенді тексерулерді жүргізу графигі тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесінде жарияланады.
Тəуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде графикті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органның бірінші басшысы бекітеді.
Кешенді тексерулерді жүргізу графиктерін бір кезеңге қалыптастыруға тыйым салынады.
5. Бақылау органы бақылау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уəкілетті адамын, жеке тұлғаны) кешенді тексеру жүргізудің басталғаны туралы тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Бақылау субъектісі кешенді тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарлама алған, бірақ тексеру кезінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабының 6-тармағына сəйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өткен жағдайда, тексеру жүргізудің басталуы туралы қайта хабардар ету талап етілмейді.
6. Кешенді тексеруді жүргізу кезеңі алдыңғы кешенді тексеру аяқталған күннен бастап айқындалады жəне кешенді тексеруді жүргізу мерзімімен аяқталады.
Кешенді тексеруді жүргізу кезеңі күнтізбелік үш жылдан аспауға тиіс.
7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) жоспардан тыс тексеруді тағайындауға мыналар негіз болады:
1) егер бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жоймаса, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
2) адам шығынына, адамдардың денсаулығына жəне (немесе) қоршаған ортаға зиян келтіруге, адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына алып келуі мүмкін немесе алып келген аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды əсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың салдарынан қалыптасқан жағдай;
3) қашықтан бақылау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының экология заңнамасын өрескел бұзушылықтардың анықталуы;
4) растайтын дəлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың жолданымдары;
5) адамның денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокурордың талабы;
6) адамның денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
7) бақылау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру;
8) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы.
8. Жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін негіздерде өзге кезең көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезеңі жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін негіздер келіп түскен күннен немесе төтенше жағдай туындаған күннен бастап айқындалады жəне жоспардан тыс тексеруді жүргізу мерзімімен аяқталады.
9. Анонимді жолданымдар берілген жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.
10. Жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде бақылау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексерудің басталғаны туралы бақылау субъектісін хабардар ету талап етілмейді.
11. Тексерулер тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі, онда мыналар көрсетіледі:
1) актінің нөмірі мен күні;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді жүргізуге уəкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
4) тексеруді жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мəліметтер;
5) бақылау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жері, сəйкестендіру нөмірі, бақылау объектілерінің тізбесі, аумақ учаскесі;
6) тексеру нысанасы;
7) тексеруді жүргізу мерзімі;
8) тексеру жүргізудің негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге жататын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
9) тексеруді жүргізу кезеңі;
10) бақылау субъектісінің осы Кодексте көзделген құқықтары мен міндеттері;
11) бақылау органы басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) қолтаңбасы;
12) заңды тұлға басшысының не оның уəкілетті адамының, жеке тұлғаның тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны туралы немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.
12. Тексеруді тағайындау туралы акт, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда міндетті түрде тіркеледі.
Тексеруді тағайындау туралы акт, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт бақылау субъектісі (объектісі) міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тіркеледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу есепке алу сипатында болады жəне тəуекелдерді бағалау мен басқарудың ведомстволық жүйелерін қалыптастыру жəне жетілдіру үшін пайдаланылады.
Бақылау органы тексеруді тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тексеру басталғанға дейін оларды құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы уəкілетті органның бақылау субъектісінің (объектісінің) тұрған жеріндегі аумақтық органына ұсыну, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну арқылы өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркейді.
Тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу кезінде бақылау органы тексерілуге жататын талаптардың тармақтары көрсетілген тексеру парақтарын ұсынады.
Тексеруді тағайындау туралы актілерді, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, оларды тіркеуден бас тартудың жəне олардың күшін жоюдың, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, тексеру мерзімдерін ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту туралы хабарламалардың жəне тексеру мен оның нəтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсынудың тəртібін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
Тексеру қажеттігі адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына алып келуі мүмкін немесе алып келген аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды əсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың салдарынан қалыптасқан ахуалға байланысты туындаса, сондай-ақ бұзушылықтардың тікелей жасалуы кезінде олардың жолын кесу жəне дəлелдемелерді бекіту үшін кезек күттірмейтін əрекеттер жасау қажеттігіне орай тексеруді жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізу кезінде тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеу өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тексеру басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
13. Тексеру үшін объектіге келген мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар бақылау субъектісіне:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелгені туралы белгі қойылған тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын;
3) қажет болған кезде - құзыретті органның режимдік объектілерге баруға арналған рұқсатын көрсетуге міндетті.
Бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, жеке тұлғаға заңды тұлғаның хат-хабарды қабылдауға уəкілеттік берілген құрылымдық бөлімшесіне) тексерілуге жататын талаптардың тармақтарын көрсетілген тексеру парағымен бірге тексеруді тағайындау туралы актінің табыс етілген күні тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.
Тексеруді жүзеге асыратын органның лауазымды адамының тексеруді жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сəйкес əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
Хаттамаға мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам жəне заңды тұлғаның басшысы не оның уəкілетті адамы, жеке тұлға қол қояды.
Заңды тұлғаның басшысы не оның уəкілетті адамы, жеке тұлға хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы, бұл ретте бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме береді.
Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексерудің күшін жоюға негіз болмайды.
Тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (лауазымды адамдар) ғана тексеру жүргізе алады.
Бұл ретте мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құрамы бақылау органының шешімі бойынша өзгеруі мүмкін, бұл туралы бақылау субъектісі жəне өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган ауыстыру себебі көрсетіле отырып, тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін хабардар етіледі.
Бір мəселелердің аясында бірнеше бақылау субъектісіне (объектісіне) тексеруді бір мезгілде жүргізу қажет болған кезде бақылау органы əрбір бақылау субъектісіне (объектісіне) тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдеуге жəне оны өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркеуге міндетті.
14. Тексеруді жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді жəне:
1) кешенді тексерулер - он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартыла отырып, он бес жұмыс күнінен аспауға;
2) жоспардан тыс тексерулер - он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартыла отырып, он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
15. Тексеруді жүргізу мерзімін бақылау органының басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) осы баптың 14-тармағында айқындалған мерзімдерге тек бір рет ұзартуы мүмкін.
16. Тексеру мерзімі ұзартылған жағдайда бақылау органы өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркей отырып, тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген нөмірі мен күні жəне тексерудің себебі көрсетіледі.
Тексеру мерзімі ұзартылған жағдайда бақылау органы бұл туралы бақылау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уəкілетті адамын, жеке тұлғаны) тексеру аяқталғанға дейін міндетті түрде хабардар етеді.
Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны бақылау органы тексеру ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не егер осы субъект бұрын электрондық поштасының мекенжайын бақылау органына ұсынған болса, бақылау субъектісінің осындай мекенжайына электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжат арқылы немесе өзге де қолжетімді тəсілмен жібереді.
Тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде заңды тұлға басшысының не оның уəкілетті адамының, жеке тұлғаның оны алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы мəліметтер болуға тиіс.
17. Тексеру кезінде өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын іріктеу мынадай талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады:
1) іріктелетін өнім үлгілерінің, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларының саны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік құжаттарының өнімге жəне өнімді сынау əдістеріне қойылатын талаптарына сəйкес айқындалады;
2) өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын іріктеуді бақылау субъектісі басшысының немесе өкілінің жəне бақылау субъектісі уəкілетті адамының қатысуымен мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам жүргізеді жəне ол үлгілерді іріктеу актісімен куəландырылады.
Іріктелген өнім үлгілері, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамалары жинақталған, қапталған жəне пломбаланған (мөрленген) болуға тиіс;
3) өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын іріктеу актісі үш данада жасалады. Актінің барлық данасына өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын іріктеп алған мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам, бақылау субъектісінің басшысы не өкілі жəне (немесе) бақылау субъектісінің уəкілетті адамы қол қояды.
Өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын іріктеу актісінің бір данасы жолдамамен жəне тиісті түрде іріктеп алынған өнім үлгілерімен, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларымен бірге сараптама (талдау, сынақ) жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен уəкілеттік берілген ұйымға жіберіледі.
Өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын іріктеу актісінің екінші данасы бақылау субъектісінде қалады.
Өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын іріктеу актісінің үшінші данасы бақылау органында сақталады.
Үлгілерді іріктеу актісінде мыналар көрсетіледі:
жасалған орны мен күні;
бақылау органы басшысының өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын іріктеуді жүзеге асыруға негіз болған шешімінің нөмірі мен күні;
мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын, өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын іріктеуді жүргізетін лауазымды адамдардың лауазымы, тегі, аты жəне əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжаттарда көрсетілсе);
өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын іріктеу жүргізілетін бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы жəне тұрған жері;
бақылау субъектісі басшысының не өкілінің жəне (немесе) бақылау субъектісі уəкілетті адамының лауазымы, тегі, аты жəне əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе);
өндіруші, өндірілу күні, партия сериясы (нөмірі), үлгілердің жалпы құны көрсетілген іріктелген өнім үлгілерінің, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларының тізбесі мен саны;
қаптаманың түрі мен мөрдің (пломбаның) нөмірі.
18. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар тексеруді жүргізу кезінде:
1) тексеру парақтарында белгіленбеген талаптардың орындалуын, сондай-ақ егер мұндай талаптар осы лауазымды адамдар атынан əрекет ететін мемлекеттік органның құзыретіне жатпаса, олардың орындалуын тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамалары тексеру объектілері болып саналмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды беруді талап етуге;
3) өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын зерттеуді, сынауды, өлшеуді жүргізу үшін белгіленген нысан бойынша жəне (немесе) көрсетілген үлгілерді, сынамаларды ұлттық стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеу қағидаларында жəне оларды зерттеу, сынау, өлшеу əдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар күшіне енген күнге дейін қолданылатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидалары мен əдістерінде белгіленген нормалардан асатын мөлшерде іріктеу туралы актіні ресімдеместен, оларды іріктеп алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеруді жүргізу нəтижесінде алынған жəне коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге жəне (немесе) таратуға;
5) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерінен асыруға;
6) бір кезең ішінде бір мəселе бойынша жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге де мемлекеттік орган бұрын тексерулер жүргізген бақылау субъектісін (объектісін) кешенді тексеруді жүргізуге;
7) бақылау субъектілерінің есебінен шығынды сипаттағы іс-шараларды жүргізуге құқылы емес.
19. Тексеру нəтижелерін ресімдеу тəртібі:
1) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам тексеру нəтижелері бойынша тексеру нəтижелері туралы акт жасайды;
2) тексеру нəтижелері туралы актіде:
актінің жасалған күні, уақыты жəне орны;
мемлекеттік органның атауы;
тексеру жүргізуге негіз болған, тексеруді тағайындау туралы актінің (бар болса, тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актінің) күні мен нөмірі;
тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты жəне əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
бақылау субъектісінің атауы немесе тегі, аты жəне əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
тексеруді жүргізу күні, орны жəне кезеңі;
тексеру нəтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мəліметтер;
тексеру парағының атауы жəне бұзушылықтар анықталған талаптардың тармақтары;
бақылау субъектісі өкілдерінің, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамдардың тексеру нəтижелері туралы актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетіледі;
3) тексеру нəтижелері туралы актіге:
бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
өнім үлгілерін іріктеу, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау актілері, жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың) хаттамалары (қорытындылары) жəне тексеру нəтижелеріне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері (бар болса) қоса беріледі;
4) жүргізілуі барысында тексеру парақтары талаптарының тармақтарын бұзушылықтар анықталған тексеру нəтижелері туралы əрбір акт бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы бір ғана нұсқама берілуі мүмкін;
5) тексеруді тағайындау туралы актінің, тексеру нəтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бекітеді;
6) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада:
нұсқаманың жасалған күні, уақыты жəне орны;
бақылау органының атауы;
тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
бақылау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
тексеруді жүргізу күні, орны жəне кезеңі;
тəуекел дəрежесін бағалаудың субъективтік өлшемшарттарына сəйкес бұзушылықтың ауырлық дəрежесін міндетті түрде көрсете отырып, тексеру парағы талаптарының тармақтарына сəйкес анықталған бұзушылықтардың тізбесі;
анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетілген оларды жою бойынша нұсқаулар;
бақылау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уəкілетті адамының, жеке тұлғаның), сондай-ақ тексеру кезінде қатысқан адамдардың нұсқамамен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетіледі.
20. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күнді құрайды.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдерін айқындау кезінде:
1) бақылау субъектісінің бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық жəне қаржылық мүмкіндіктерінің бар-жоғы;
2) пайдаланылатын өндірістік объектілердің техникалық жай-күйінің ерекшеліктері;
3) мемлекеттік органдарда, жергілікті атқарушы органдарда «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 жəне 3-қосымшаларда көзделген тиісті рұқсатты алу немесе хабарламаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндетті қорытындыларды, келісулерді жəне басқа да құжаттарды беру мерзімдері ескеріледі.
Анықталған бұзушылықтарды жоюға қосымша уақыт қажет болған жағдайда бақылау субъектісі өзіне тексеру нəтижелері туралы акт жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, тексеру жүргізген бақылау органына анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Өтініште бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шараларды жəне оларды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін жазуға міндетті.
Тексеру жүргізген бақылау органы өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініште жазылған дəйектерді ескере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту немесе уəжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
21. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі ішінде бақылау субъектісі тексеруді жүргізген бақылау органына анықталған бұзушылықтарды жою тəртібі мен тəсілдерін мұқият сипаттап, бұзушылықтарды жою туралы толық ақпарат беруге міндетті.
Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы берілген ақпаратқа бұзушылықты жою фактісін дəлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса береді.
Бақылау органы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген, анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, осы баптың 7-тармағының 1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы.
22. Тексеру нəтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама үш данада жасалады.
Бақылау органы тексеру нəтижелері туралы актінің жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың бірінші данасын өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға жəне оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырады, екінші данасы бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, заңды тұлғаның хат-хабарды қабылдауға уəкілеттік берілген құрылымдық бөлімшесіне, жеке тұлғаға) танысу жəне анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау жəне басқа да іс-қимылдар үшін қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшіншісі бақылау органында қалады.
Бақылау субъектісінің таңдауы бойынша электрондық нысанда қалыптастырылған тексеру нəтижелері туралы акт жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама «цифрлық үкімет» веб-порталы немесе өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның цифрлық жүйелері арқылы беріледі.