5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
31-бап. Өтпелі ережелер
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Коммерциялық емес микрокредиттік ұйымдарды қоспағанда, микрокредиттік ұйымдар 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қайта тіркелуге жатады.
Осы тармақта белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, микрокредиттік ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылуға не таратылуға жатады.
2. Коммерциялық емес микрокредиттік ұйымдар 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастырылуға не таратылуға жатады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін 2021 жылғы 1 маусымға дейін өтініш беруге құқылы кредиттік серіктестіктерді қоспағанда, 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін құрылған және 2021 жылғы 1 наурызға дейін уәкілетті органға микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін өтініш бермеген микроқаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастырылуға не таратылуға жатады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Ешбір тұлға, егер ол көрсетілген ұйымдар өзінің қызметін қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауына байланысты микроқаржы ұйымдарының тізілімінен алып тасталған жағдайды қоспағанда, уәкілетті орган микроқаржы ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы қызметкері бұрын микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған заңды тұлға болып табылса, микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін не орналастырылған акцияларын дербес өзі немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оларға билік ете алмайды.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-3. Микроқаржы ұйымдары микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға өтініш бергенге дейін орналасқан жері осы Заңның 14-1-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін филиалдардың үй-жайларын жабуға міндетті.
3 - 6. 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 31-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 31-1-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 31-1-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31-1-бап. Микроқаржы ұйымының қаржы өнімдерінің бекітілгені туралы хабардар етуі
Микроқаржы ұйымы уәкілетті органды қаржы өнімдерін бекітуге уәкілеттік берілген микроқаржы ұйымы органының қаржы өнімдерін бекіткені туралы олар бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Микроқаржы ұйымы бекітілгені туралы уәкілетті органды хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі, уәкілетті органды микроқаржы ұйымының қаржы өнімдерінің бекітілгені туралы хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 14-бабының 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Микрокредиттік ұйымдар туралы» 2003 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 4, 23-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; № 23, 140-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қарашаның 26-ы.
№ 56-V