2) 20-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «, сервистік компаниялар, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің оныншы абзацында және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе;» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 24-баптың 1-1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Коллекторлық агенттіктер банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардан ие болған банктік қарыз шарттары, микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) жөнінде және сервистік компаниялар, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің оныншы абзацында және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлғалар кредиттік бюроларға беретін ақпаратта, егер банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе:».
3. «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) сервистік компания – «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде және (немесе) осы Заңның 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғамен жасалған банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты (бұдан әрі – сенімгерлік басқару шарты) шеңберінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару бойынша, оның ішінде банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту бойынша, өзімен сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта білдіру бойынша, борышкерден ақша және (немесе) өзге де мүлік қабылдау бойынша өкілеттіктерге және осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және сенімгерлік басқару шартында көзделген өзге де өкілеттіктерге ие болған, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы, коллекторлық агенттік;»;
2) 3-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылған кепіл мүлкі оған өндіріп алуды қолдану нәтижесінде микроқаржы ұйымының меншігіне өткен жағдайда, микроқаржы ұйымы көрсетілген мүлік микроқаржы ұйымының меншігіне өткен күннен бастап үш жыл ішінде сауда-саттық (аукцион) өткізу арқылы осындай мүлікті өткізуге міндетті. Жер учаскесін өткізу мерзімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып айқындалады.
Осы тармақта белгіленген талап ломбардтарға қолданылмайды.»;
3) 4-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) үшінші тұлғаға берілген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қарыз алушының өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына қолданылады, ал микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қарыз алушының сервистік компаниямен құқықтық қатынастарына қолданылады.
Өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген үшінші тұлғаның, сондай-ақ сервистік компанияның Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.»;
4) 9-1-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Микроқаржы ұйымының құқықтарды (талаптарды) мынадай тұлғаларға:
екінші деңгейдегі банкке;
коллекторлық агенттікке;
микроқаржы ұйымына;
секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына;
микроқаржы ұйымы қамтамасыз етілген облигацияларды шығарған немесе қарыз алған кезде микрокредит беру туралы шарт бойынша талап ету құқықтарын кепіл ұстаушы – заңды тұлғаға;
қаражатты микроқаржы ұйымдарында шартты түрде орналастыру арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру жөніндегі мәміле шеңберінде жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша – жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорына;
жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты микрокредит беру туралы шарты бойынша немесе заңды тұлғаның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құнсыздану белгілері, оның ішінде микрокредит беру туралы шарт бойынша құқыққа (талапқа) ие болған немесе олар туындаған (жасалған) кезде анықталған микрокредит беру туралы шарты бойынша құқыққа (талапқа) қатысты өзге тұлғаға берілуін қоспағанда, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлға микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) мынадай жағдайлардың бірінде:
құқықтар (талаптар) жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты микрокредит беру туралы шарты бойынша алынғанда;
құқықтар (талаптар) берешегінің мөлшері басқаға беру күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 16 500 еселенген мөлшерінен аспайтын заңды тұлғаның микрокредит беру туралы шарты бойынша алынғанда;
егер өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса, сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына береді.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:
1) коллекторлық агенттік жарғылық капиталының, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы бас ұйымының меншік капиталының мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең аз мәннен төмен емес мәнді құрағанда;
2) қызметті:
банкке немесе банк холдингіне банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын еншілес ұйым құруына рұқсат берілген;
коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілген кезден бастап үш жыл бойы жүзеге асырғанда;
3) сервистік компаниялар тізіліміне енгізу күніне уәкілетті орган қолданған орындалмаған және (немесе) қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары немесе шектеулі әсер ету шаралары және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-1-бабында және 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар болмағанда;
4) сервистік компанияның бірінші басшысында алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы болмағанда;
5) сервистік компания уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келгенде сервистік компанияға берілуі мүмкін.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымдарына және микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін сервистік компаниялардың тізілімін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Сервистік компанияны сервистік компаниялар тізілімінен шығару сенімгерлік басқару шартын бұзу үшін негіз болып табылады.
Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлға микрокредит беру туралы шарт бойынша өзіне берілген құқыққа (талапқа) қатысты кредитордың құқықтарын сервистік компаниямен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде не осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қайта беру арқылы іске асырады.
Сервистік компаниямен сенімгерлік басқару шарты бұзылған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлға басқа сервистік компаниямен жаңа сенімгерлік басқару шартын жасасуға не құқықтарды (талаптарды) осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қайта беруге міндетті.
Осы тармақтың талаптары осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Микроқаржы ұйымы мүлік кепілімен қамтамасыз етілген микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талапты) осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға құқық (талап) басқаға берілгенге дейін соңғы алты ай ішінде «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы жүргізген мүлік құнын бағалаусыз беруге құқылы емес.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бір қарыз алушыға қатысты микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды), бұл құқықтар (талаптар) секьюритилендіру мәмілесінің нысанасы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, бірнеше тұлғаға беруге жол берілмейді.»;
8-тармақта:
бірінші абзацтағы «Микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы шарт бойынша құқығының (талап етуінің) үшінші тұлғаға өтуі талаптары қамтылған шарт (бұдан әрі – талап ету құқығын басқаға беру шарты) жасасылған» деген сөздер «Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (бұдан әрі – басқаға беру шарты) жасалған» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада:
«талап ету құқығын» деген сөздер алып тасталсын;
«құқықтардың (талап етулердің)» деген сөздер «микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтардың (талаптардың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) микрокредит беру туралы шартта көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтардың (талаптардың) үшінші тұлғаға өтіп кеткені туралы, басқаға беру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, микрокредит беру туралы шарт бойынша одан әрі төлемдерді үшінші тұлғаға (өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаның не микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда – сервистік компанияның атауын, орналасқан жерін және банктік деректемелерін) жүзеге асыру қажеттілігін, микрокредит беру туралы шарт бойынша берілген құқықтардың (талаптардың) көлемін, микрокредит беру туралы шарт бойынша берешектің мөлшері мен құрылымын (негізгі борышты, сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және төленуге жататын басқа да сомаларды көрсете отырып, хабардар етуге;»;
3) тармақшада:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаға не сервистік компанияға (микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда) мынадай құжаттарды:
микрокредит беру туралы шартты;
кепіл шартын және кепіл затына құқық белгілейтін құжаттарды (микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда);
кепілгерлік немесе кепілдік шартын (микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау кепілгерлікпен немесе кепілдікпен қамтамасыз етілген жағдайда);
құқықтарды (талаптарды) басқаға беру күніне қарыз алушы берешегінің есеп-қисабын;
қарыз алушымен наразылық хат алмасуды (бар болса);
қарыз алушы – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, қарыз алушы – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты;
қарыз алушының берешекті өтегенін растайтын құжаттарды;
кепілге салынған мүлікті өткізу жөніндегі құжаттарды (бар болса);
басқаға беру шартына сәйкес өзге де құжаттарды беруге міндетті.
Барлық құқықтар (талаптар) қарыз алушыға берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап) берілген тұлғаға өзінде бар барлық құжаттардың түпнұсқаларын береді, ал микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары сервистік компанияға беріледі.»;
үшінші бөлік «, ал микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтардың (талаптардың) бір бөлігі сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері сервистік компанияға беріледі» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Микроқаржы ұйымы, өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға, сервистік компания микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) басқаға беру шарты жасалғаннан кейін микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өтеу есебіне алынған ақшаны өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаның банктік шотына әрбір қарыз алушы бойынша төлемдердің таратып жазылуын бере отырып, аударуға міндетті.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша микроқаржы ұйымының құқығы (талабы) берілген тұлғаның осындай құқықты (талапты) осы бапта көзделген шарттарды сақтамай, басқаға беруіне тыйым салынады.»;
5) 21-бапта:
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Микрокредит беру құпиясы банк омбудсманына өзінің қарауында жатқан, қарыз алушы – жеке тұлғалардың микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) осы Заңның 9-1-бабының 4-тармағында және 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаға берілген осы шарттан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі өтініштері бойынша ашылуы мүмкін.»;
6-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) басқаға берілген (қайта берілген) кезде осы Заңның 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың микрокредит беру туралы шарт (берілген микрокредит) бойынша ақпаратты осы Заңның 9-1-бабының 4-тармағында және 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға беруі;
3) осы Заңның 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың коллекторлық агенттікпен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарт шеңберінде осы коллекторлық агенттікке немесе осы Заңның 9-1-бабына сәйкес сенімгерлік басқару шарты шеңберінде сервистік компанияға микрокредит жөнінде ақпарат беруі;».
4. «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) сервистік компания – «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде және (немесе) «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғамен жасалған банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты (бұдан әрі – сенімгерлік басқару шарты) шеңберінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару бойынша, оның ішінде банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту бойынша, өзімен сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта білдіру бойынша, борышкерден ақша және (немесе) өзге де мүлік қабылдау бойынша өкілеттіктерге және осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және сенімгерлік басқару шартында көзделген өзге де өкілеттіктерге ие болған, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы, коллекторлық агенттік;»;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Осы баптың 1, 2, 4-тармақтарының, 5-тармағы 1), 3), 4), 5), 6) және 9) тармақшаларының және 6-тармағының талаптары сервистік компанияларға қолданылады.»;
3) 9-бапта:
5-тармақта:
бірінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«өзіне банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаға не оның нұсқауы бойынша мұндай тұлға сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан сервистік компанияға уәкілетті органның оны коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығарылғаны туралы хабарламасын алған не коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған күнге, сенімгерлік басқару шарты негізінде коллекторлық агенттікке берілген, банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) бойынша барлық мәліметтер мен құжаттарды беруге;»;
төртінші абзац «шарттарды» деген сөзден кейін «және (немесе) сенімгерлік басқару шарттарын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өзіне банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға не мұндай тұлға сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан сервистік компания осы тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацында көзделген жағдайда, мәліметтер мен құжаттардың қабылдануын қамтамасыз етуге міндетті.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен және төртінші абзацындағы «тәсілдермен хабардар етуге міндетті.» деген сөздер «тәсілдермен;» деген сөзбен ауыстырылып, бесінші абзацпен толықтырылсын:
«сенімгерлік басқару шартында көзделген тәсілдермен өздерімен сенімгерлік басқару шарттары жасалған тұлғаларды;»;
«өздеріне банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқару шарттары негізінде берілген борышкерлерді осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген тәсілдермен хабардар етуге міндетті.»;
4) 10-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Коллекторлық агенттік шарттарды тіркеу журналында берешекті өндіріп алу туралы барлық шарттарды, құқықты (талапты) басқаға беру шарттарын, сенімгерлік басқару шарттарын тіркейді және кредиторлардан қабылданатын құжаттарды:»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) сенімгерлік басқару шарттарын;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) берешекті өндіріп алу туралы шартта, құқықты (талапты) басқаға беру шартында, сенімгерлік басқару шартында берілуі көзделген өзге де құжаттарды есепке алуды жүргізеді.»;
5) 14-бапта:
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде сервистік компания ретінде әрекет етуге құқылы.
Коллекторлық агенттік сенімгерлік басқару шарты шеңберінде:
тараптардың келісімі бойынша өзімен сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлға берген өкілеттіктер шеңберінде банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуге құқылы. Банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қарыз алушы үшін жақсартылған жағдайларда, оларды біржақты тәртіппен өзгертуге жол беріледі;
өзімен сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта, оның ішінде берешекті өндіріп алу және (немесе) кепіл затына өндіріп алуды қолдану процесінде, білдіруге;
борышкерден өзімен сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүддесі үшін берешекті өтеу есебіне қолма-қол емес нысандағы ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, кейіннен осындай ақшаны және (немесе) осындай мүлікті оның пайдасына бере отырып, қабылдауға;
бағалаушылардың, аудиторлардың, заңгерлердің және өзге де консультанттардың көрсетілетін қызметтерін пайдалануға құқылы.
Сервистік компания ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттікке сыйақыны, сондай-ақ сенімгерлік басқарумен байланысты шығыстарды банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарға (талаптарға) ие болған тұлға сенімгерлік басқару шартының талаптарына сәйкес төлейді (өтейді);»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, берешекті өндіріп алу туралы шартта және (немесе) құқықты (талапты) басқаға беру шартында және (немесе) сенімгерлік басқару шартында белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.»;
6) 15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитор мен борышкердің банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді сақтауға;»;
7) 16-баптың 1-тармағының 1) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кредитордан, коллекторлық агенттікпен сенімгерлік басқару шартын жасасқан тұлғадан, берешек бойынша борышкерге талап қою құқығы бар коллекторлық агенттіктен коллекторлық агенттік, оның орналасқан жері, коллекторлық агенттікте борышкердің дербес деректерінің болуы, берешектің мөлшері мен құрылымы туралы мәліметтер алуға;»;
«8) жүгіну себептерін негіздей отырып, кредиторға не сенімгерлік басқару шартына сәйкес сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын коллекторлық агенттікке банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты көрсетілген шарттардың талаптарын өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 4 шілде
№ 133-VII