мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аталған шектеу осы Заңның 16-бабының 1-тармағына сәйкес Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өту құқығын пайдаланатын қазақстандық кәсіпшілік кемелеріне қолданылмайды.»;
5-тармақтағы «Аумақтық суларда (теңізге) және ішкі суларда» деген сөздер «Ішкі және аумақтық суларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға» деген сөздер «ішкі және аумақтық суларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 49-бапта:
тақырыптағы «Аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда» деген сөздер «Ішкі және аумақтық суларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
1 және 2-тармақтардағы «Аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда», «аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда» деген сөздер тиісінше «Ішкі және аумақтық суларда», «ішкі және аумақтық суларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Аумақтық сулардың (теңіздің)» деген сөздер «Аумақтық сулардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 50-бапта:
1-тармақтағы «аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда» деген сөздер «ішкі және аумақтық суларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 тармақтағы «Аумақтық сулар (теңіз)» деген сөздер «Аумақтық сулар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«аумақтық суларда (теңізде)» деген сөздер «аумақтық суларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
«аумақтық суларды (теңізді)» деген сөздер «аумақтық суларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 51-бапта:
тақырыптағы «Аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда» деген сөздер «Ішкі және аумақтық суларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «Аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда» деген сөздер «Ішкі және аумақтық суларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «Аумақтық суларға (теңізге)», «аумақтық суларда (теңізде)» деген сөздер тиісінше «Аумақтық суларға», «аумақтық суларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Аумақтық суларда (теңізде)» деген сөздер «Аумақтық суларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға» деген сөздер «ішкі және аумақтық суларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ішкі және аумақтық суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметтің, оның ішінде континенттік қайраңның минералды немесе жанды ресурстарын сақтауға бағытталған қызметтің жүргізілуін бақылау осы қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп жүзеге асыратын жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға жүктеледі.»;
16) 52-бапта:
тақырыптағы «Аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар» деген сөздер «Ішкі және аумақтық сулар» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1) және 2) тармақшалардағы «аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда», «аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар» деген сөздер тиісінше «ішкі және аумақтық суларда», «ішкі және аумақтық сулар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар» деген сөздер «Ішкі және аумақтық сулар» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
«6-1-тарау. Балық аулау аймағы режимі
52-1-бап. Балық аулау аймағы режимі
1. Балық аулау аймағында балық аулау аймағы режимі - су биологиялық ресурстары кәсіпшілігінің және оларды зерттеулердің тәртібі қолданылады.
2. Балық аулау аймағы режимі Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.
3. Балық аулау аймағы режимінің негізгі мақсаты су биологиялық ресурстары кәсіпшілігінің және оларды зерттеулердің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету болып табылады.
4. Балық аулау аймағы режимінің сақталуын бақылау жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.
5. Балық аулау аймағында су биологиялық ресурстары кәсіпшілігін және оларды зерттеулерді жүргізу тәртібін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
52-2-бап. Балық аулау аймағында су биологиялық ресурстары кәсіпшілігін және оларды зерттеулерді жүргізу
1. Балық аулау аймағында су биологиялық ресурстары кәсіпшілігін және оларды зерттеулерді жүргізу Қазақстан Республикасының экономикалық, экологиялық, қорғаныс және өзге де қауіпсіздігіне залал келтірмеуге немесе осындай залал келтіру қатерін болғызбауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және өзге уәкілетті органдардың міндеттерін орындауына кедергі жасамауға тиіс.
2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарын аулау мақсатында жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттар туралы хабардар етеді.
52-3-бап. Балық аулау аймағы режимін бұзу
1. Су биологиялық ресурстары кәсіпшілігінің және оларды зерттеулердің белгіленген тәртібін бұзу балық аулау аймағы режимін бұзу деп танылады.
2. Балық аулау аймағы режимін бұзуға байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңсыз қызметті тоқтату бойынша қажетті шаралар қолданады.»;
18) 55-баптың 6), 12) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) аумақтық сулардың сыртқы шегін айқындау үшін бастапқы сызықтарды, сондай-ақ географиялық нүктелерді (негізгі геодезиялық деректерді көрсете отырып) белгілейді;»;
«12) қазақстандық кемелердің ішкі және аумақтық суларда, балық аулау аймағында және континенттік қайраң үстінде кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттардың қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;»;
«16) аумақтық сулардағы теңіз дәліздерін және қозғалыстарды бөлу схемаларын белгілейді;»;
19) 56-бапта:
2), 27) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өз өкілеттігі шегінде құрлықта, ішкі және аумақтық суларда, балық аулау аймағында, континенттік қайраңда және өткізу пункттерінде Мемлекеттік шекараны қорғауды және күзетуді, Мемлекеттік шекарада жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi;»;
8-тармақтың 19) тармақшасының төртінші - он бірінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
«27) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының режимдік объектілерінде қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесін монтаждауға және жабдықтауға қойылатын талаптарды бекітеді;»;
«29) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында режимдік объектілер мен артиллериялық техникалық қару-жарақ сақтау орындарын күзетуді қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
«29-1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында режимдік объектілер мен артиллериялық техникалық қару-жарақ сақтау орындарының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;»;
36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«36) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының авиациясын қолдану қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 37-2) тармақшамен толықтырылсын:
«37-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын және оларды қолдану қағидаларын бекітеді;»;
20) 62-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарын аулау мақсатында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру туралы хабардар ету тәртібін әзірлейді және бекітеді.»;
21) 64-бапта:
1-тармақтағы «аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда» деген сөздер «ішкі және аумақтық суларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Мемлекеттік шекарада, балық аулау аймағында және континенттік қайраңда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғауға қатысу;
5) шекаралық аймақта, ішкі және аумақтық суларда, балық аулау аймағында және континенттік қайраңда белгіленген режимдердің сақталуына дербес немесе уәкілетті органдармен бірлесіп бақылауды жүзеге асыру;»;
22) 66-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) шекаралық режимнің, ішкі және аумақтық сулардың, балық аулау аймағының және континенттік қайраңның белгіленген режимдерінің сақталуын дербес немесе уәкілетті органдармен бірлесіп бақылауға, шекаралық аймаққа кіретін орындарда бақылау бекеттерінің қызметін ұйымдастыруға;»;
19) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында» деген сөздер «ішкі және аумақтық суларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 67-бапта:
1-тармақта:
5) тармақшадағы «аумақтық суларды (теңізді) және континенттік қайраңды» деген сөздер «аумақтық суларды, балық аулау аймағын және континенттік қайраңды» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) тармақшадағы «аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда» деген сөздер «ішкі және аумақтық суларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда» деген сөздер «ішкі және аумақтық суларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) егер ізге түсу ішкі немесе аумақтық суларда, балық аулау аймағында не континенттік қайраң үстіндегі су кеңістігінде тоқтау туралы көзге көрінетін немесе дыбыстық сигналды (олар осы сигналды көруі немесе естуі мүмкін болатындай қашықтықтан) бергеннен кейін басталса және үздіксіз жүргізілсе, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе заңнамасын бұзған кемелер (мұз үстімен жылжитын құралдар) өз елінің немесе үшінші мемлекеттің аумақтық суларына кіргенге дейін олардың ізіне түсуге және оларды ұстауға құқығы бар.»;
3-тармақта:
1) тармақшадағы «аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда» деген сөздер «ішкі және аумақтық суларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) және 4) тармақшалардағы «аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда» деген сөздер «ішкі және аумақтық суларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 69-бапта:
2) тармақшадағы «аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда» деген сөздер «ішкі және аумақтық суларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «аумақтық сулардағы (теңіздегі)» деген сөздер «аумақтық сулардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 70-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «аумақтық суларының (теңізінің)» деген сөздер «аумақтық сулардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасын, 5-тармағы 1) тармақшасының оныншы, он бесінші және он алтыншы абзацтарын, 3) тармақшасының екінші абзацын, 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 8-тармағы 12) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 19) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, 2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 23 ақпан
№ 11-VIІ ҚРЗ