1. Халықаралық пошта алмасу және халықаралық пошта транзиті Дүниежүзілік пошта одағы актілеріне, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттарға және актілерге, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес Дүниежүзілік пошта одағы органдарында халықаралық пошта алмасу орындарын ресми тіркеуді жүзеге асыруға міндетті.
3. Қазақстан Республикасы тарапынан халықаралық пошта алмасуды және халықаралық пошта транзитін тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттарға және актілерге, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
4. Халықаралық пошта алмасу мен транзит тағайындалған оператор меншікті қаражаты есебінен құратын халықаралық пошта алмасу орындарында жүзеге асырылады.
5. Дүниежүзілік пошта одағының мүшелері болып табылатын шет мемлекеттердің басқа тағайындалған операторлары халықаралық пошта жөнелтілімдерімен алмасу және өңдеу орындарын Қазақстан Республикасының аумағында құруы уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
44-бап. Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерiн ұсыну кезiнде мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Пошта операторы пошта жөнелтiлімiнің жөнелтушіден қабылдап алған кезден бастап алушыға берген кезге дейiн сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Пошта операторы:
1) тiркелетiн пошта жөнелтiлімi жоғалған, зақымданған (бүлiнген) немесе тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің ішіндегі нәрселер, заттар немесе тауар жетiспеген;
2) пошта жөнелтiлімiн жiберудiң мерзiмдерi бұзылған жағдайларда жауапты болады.
3. Тiркелетiн пошта жөнелтiлімi жоғалғаны, зақымданғаны (бүлiнгені) немесе тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің ішіндегі нәрселер, заттар немесе тауар жетiспегені үшiн пошта операторы мынадай мөлшерде:
1) құндылығы жарияланған пошта жөнелтілімінің жоғалғаны немесе толық зақымданғаны (бүлінгені) үшін - жарияланған құндылығы сомасының және жiберу үшiн төленген тариф мөлшерiнде;
2) тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің ішіндегі нәрселер, заттар немесе тауар тізімдеме бойынша жіберілген кезде, тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің ішіндегі нәрселердің, заттардың немесе тауардың жетіспегені, жоғалғаны немесе құндылығы жарияланған тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің ішіндегі нәрселердің, заттардың немесе тауардың бір бөлігінің зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн - жөнелтуші тізімдемеде көрсеткен, жетіспеген, жоғалған немесе зақымданған (бүлінген) нәрселердің, заттардың немесе тауардың жарияланған құндылығы бір бөлігі мөлшерінде;
3) тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің ішіндегі нәрселердің, заттардың немесе тауардың жетiспегенi, тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің ішіндегі нәрселер, заттар немесе тауар тiзiмдемесіз жiберiлген кезде, құндылығы жарияланған тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің ішіндегі нәрселердің, заттардың немесе тауардың бiр бөлiгiнiң жоғалғаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн - жетіспеген, жоғалған немесе зақымданған (бүлінген) нәрселердің, заттардың немесе тауардың бір бөлігінің массасы оның нақты құнына қарай жіберілетін тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің (пошта жөнелтілімі тысының массасынсыз) массасына қатынасы пропорционалды айқындалатын тіркелетін пошта жөнелтілімінің жарияланған құндылығы бір бөлігі мөлшерінде;
4) өзге де тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің жоғалғаны немесе толық зақымданғаны (бүлінгені) үшiн - төленген тарифтiң екi еселенген сомасы мөлшерiнде;
5) нәрселердің, заттардың немесе тауардың жетіспегені немесе нәрселердің, заттардың немесе тауардың бір бөлігінің жоғалғаны немесе өзге тіркелетін пошта жөнелтілімі нәрселерінің, заттарының немесе тауардың бір бөлігінің зақымданғаны үшiн - төленген тарифтің сомасы мөлшерінде;
6) пошталық ақша аударымының жоғалғаны үшiн - пошталық ақша аударымының сомасы және жiберу үшiн төленген тариф мөлшерiнде жауаптылықта болады.
4. Пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың пошта жөнелтiлімдерi мен пошталық ақша аударымын жiберудiң мерзiмдерiн бұзғаны үшiн пошта операторы кешіктірілген әрбiр күн үшiн төленген тарифтiң үш пайызы мөлшерiнде, бiрақ көрсетiлген қызмет үшiн төленген тариф сомасынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
Пошта жөнелтiлімiн әуе көлiгiмен жiберудiң мерзiмдерiн бұзғаны үшiн пошта операторы пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыға әуе және жерүстi көлiгiмен жiберу үшiн төлем тарифтерiнiң арасындағы айырманы төлейдi.
5. Егер мiндеттемелерiн орындамау немесе тиiсiнше орындамау еңсерілмейтін күштiң немесе пошта жөнелтiлімiндегi нәрселердің, заттардың немесе тауардың ерекше қасиеттерiнің салдарынан болғаны дәлелденсе, пошта операторы тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің ішіндегі нәрселер, заттар немесе тауардың жоғалғаны, зақымданғаны (бүлiнгенi) немесе тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнiң жетiспегенi, пошта жөнелтiлімiн және пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың пошталық ақша аударымын жiберудiң мерзiмдерiн бұзғаны үшiн және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген өзге де негiздер бойынша жауаптылықтан босатылады.
6. Пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылар:
1) ерекше қасиеттерiне орай пошта желiлерi арқылы жiберуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған заттар мен нәрселердің пошта жөнелтiлімiнде анықталуының салдарынан;
2) пошта желiлерi арқылы жiберуге қабылданған нәрселердің, заттардың немесе тауардың тиiсiнше буып-түйiлмеуi салдарынан туындаған, пошта операторына келтiрiлген нұқсан үшiн жауаптылықта болады.
45-бап. Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
46-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 7-баптың 1-тармағының үшінші бөлігін, 39-баптың 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Пошта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №3, 17-құжат; №15, 139-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2005 ж., №14, 55-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №16, 99-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; 2010 ж., №15, 71-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №5, 35-құжат; №13, 91-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №14, 75-құжат; 2014 ж., №11, 61-құжат; №14, 87-құжат; №19-I, №19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; 2015 ж., №16, 79-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы сәуірдің 9-ы.
№ 498-V