1) 12-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құрылыс және өзге де шаруашылық мақсаттарында табиғи күйінде немесе болмашы өңделумен және тазартыла отырып пайдаланылатын және жер қойнауында кең таралған кендік емес пайдалы қатты қазбалар кең таралған деп танылады. Кең таралған пайдалы қатты қазбаларға мыналар жатады:
метаморфтық жыныстар, оның ішінде мәрмәр, кварциттер, кварцты-далалық шпат жыныстары;
магмалық тау жыныстары, оның ішінде граниттер, сиениттер, диориттер, габбро, риолиттер (липариттер), андезиттер, диабаздар, базальттар, вулкандық туфтар, шлактар, пемзалар, вулкандық шынылар және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан);
шөгінді тау жыныстары, оның ішінде ұсақ жұмыр тастар мен қиыршық тастар, қиыршық тас-құм (құмды-қиыршық тас) қоспа, құмдар және құмдауықтар, саздақ және саздақты жыныстар (суглинкілер, алевролиттер, аргиллиттер, балшықты тақтатастар), ас тұзы, гипстік жыныстар, мергельдер, әктастар, оның ішінде ұлутастар, бор жыныстары, доломиттер, әктасты-доломит жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), табиғи пигменттер, торф;
емдік балшықтар.»;
2) 188-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелерін қолдану нәтижесінде блоктар осы Кодекстің 19-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін, жер қойнауының пайдалануға беруге жататын екі және одан да көп жеке учаскесін қалыптастырса, құзыретті орган осындай жер қойнауы учаскелерінің әрқайсысына жеке лицензиялар береді.»;
3) 278-баптың 12-тармағында:
сегізінші бөліктегі «құзыретті органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау» деген сөздер «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша экономикалық сараптама жүргізу тәртібін облыстың жергілікті атқарушы органы айқындайды.».
4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33- құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32- құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77- құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125- құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19- І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20- ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159- құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115- құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 119-құжат; 2020 ж., № 9, 31, 33-құжаттар; № 12, 61, 63-құжаттар; № 13, 67-құжат; № 14, 75-құжат):
5-1-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым іске асырылуы кезінде залалдар туындауы ықтимал мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға:»;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) жүзеге асырылуы кезінде залалдар туындауы ықтимал банктерден және бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған талап ету құқықтары бойынша берешекті қайта құрылымдауды жүргізуге, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны толық немесе ішінара есептен шығаруға, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсімпұлдардың) толық немесе ішінара күшін жоюға;»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімін қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асырған банктік қарыздар бойынша өндіріп алу және талап ету құқықтарын басқаға беру үшін коллекторлық агенттіктерді тартуға, сондай-ақ осы Заңның 36-бабының 2-тармағына сәйкес төлем талабын ұсыну арқылы қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаға даусыз тәртіппен өндіріп алуды қолдануға құқылы.».
5. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82- құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52- құжат; № 11, 65-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 19-І, 101-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):
1) 1-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) тармақша «сәйкестендіру» деген сөзден кейін «және арақтарды, айрықша арақтарды және тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды өндіру кезінде тұтынылатын электр энергиясының көлемдері» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың 1) тармақшасының үшінші - бесінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) тауарларға ілеспе жүкқұжат - этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің қозғалысын бақылауға арналған құжат;»;
22) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
24) тармақшадағы «және есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру» деген сөздер «, есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру және арақтарды, айрықша арақтарды және тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды өндіру кезінде тұтынылатын электр энергиясының көлемдері» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 2) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 4-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармақтың 3) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 9-бапта:
3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспабы болмаса, сақтауға және өткізуге тыйым салынады.
Осы тармақшаның ережесі қызметі жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын лицензиаттарға қолданылмайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттары жоқ, сондай-ақ ресімдеу қағидаларын бұза отырып, этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымына және орнын ауыстыруға тыйым салынады.»;
5-тармақтың 4) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін тасымалдау шарттары
Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу (босату) және тасымалдау кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен міндетті түрде тауарларға ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.».
6. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 13, 41- құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 21- 22, 90-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):
80-баптың 4-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен өзге де тұлғалар;».
7-тармақ 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2020 ж., № 16, 77-құжат):
1) 1-бапта:
1-2) тармақша алып тасталсын;
5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) тауарларға ілеспе жүкқұжат - темекі өнімдерінің орын ауыстыруын бақылауға арналған құжат;»;
2) 5-бапта:
5-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5-3) темекі өнімдерін акциз маркаларымен таңбалау тәртібін айқындайды;»;
5-4) тармақша алып тасталсын;
3) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Темекі өнімдерін импорттауды және (немесе) көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті органға темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларациялар ұсынуға міндетті.»;
4) 10-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) темекі өнімдерін акциз маркаларымен таңбалау қағидалары бұзылған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұра алады.»;
5) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Темекі өнімдерінің айналымы кезінде міндетті түрде тауарларға ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленеді.
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттары жоқ, сондай-ақ тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларын бұза отырып, темекі өнімдерінің айналымына және орнын ауыстыруына тыйым салынады.»;
6) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шығарылған жері белгіленбеген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ акциз маркаларынсыз өткізілетін темекі өнімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қоюға және жоюға жатады.».
8. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат):
3-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруын қоспағанда, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді орындау;».
9-тармақ 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9. «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 22, 127-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 19-20, 86-құжат):
1) 1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) тауарларға ілеспе жүкқұжат - биоотынды босату мен қабылдау жөніндегі операцияларды ресімдеу үшін қажетті біріздендірілген құжат.»;
2) 7-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
3) 9-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Биоотынды өткізу тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдей отырып жүзеге асырылуға тиіс.
3. Биоотынды тасымалдауға оның бүкіл жүру жолында тауарларға ілеспе жүкқұжаттар болған кезде жол беріледі.»;
4) 10-бапта:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеуге және биоотын айналымы саласындағы уәкілетті органға ұсынуға;»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) биоотын айналымы кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеуге және ұсынуға міндетті.»;
5) 11-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) биоотынды тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдемей өткізуге тыйым салынады.»;
6) 21-баптағы «ілеспе жүкқұжаттарды» деген сөздер «тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
10-тармақ 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 66-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 24-ІІ, 124-құжат):
1) 1-бапта:
3) тармақшадағы «ілеспе жүкқұжатта», «көтерме» деген сөздер тиісінше «тауарларға ілеспе жүкқұжатта», «мұнай өнімдерін көтерме» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) тауарларға ілеспе жүкқұжат - мұнай өнімдерінің айналымын бақылауға арналған және мұнай өнімдерін босату мен қабылдап алу жөніндегі операцияларды, сондай-ақ мұнай берушілерге мұнай өнімдерін беру жөніндегі операцияларды ресімдеу үшін қажетті құжат;»;
«28) түпкі тұтынушы» деген сөздер «29) түпкі тұтынушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-баптың 6) тармақшасы алып тасталсын;
3) 16-баптың 2-тармағында:
«ілеспе жүкқұжаттардың» деген сөздер «тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ілеспе жүкқұжаттар» деген сөздер «тауарларға ілеспе жүкқұжаттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 19-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек сауда арқылы өткізу, сондай-ақ мұнай өнімдерінің экспорты және импорты кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен тауарларға ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттары жоқ мұнай өнімдерін сатып алуға және (немесе) сақтауға тыйым салынады.»;
5) 20-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мұнай өнімдерін өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту, сондай-ақ құбыржолмен, теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті түрде тауарларға ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.
Мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжатты алушы ресімдейді.
Осы тармақтың мақсаттары үшін:
1) мұнай өнімдерін сатып алушы болып табылатын заңды тұлға, осы заңды тұлға алушы ретінде көрсеткен оның филиалы;
2) ішкі тасымалдау кезінде мұнай өнімдерін алушылар болып табылатын заңды тұлға, оның филиалы;
3) мұнай өнімдерін сатып алушы, оның ішінде мұнай өнімдерін ішкі тасымалдау кезінде сатып алушы болып табылатын жеке тұлға алушы деп танылады.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бір жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның қызмет объектілерінің ішінде мұнай өнімдерін тасуға байланысты тасымалдау ішкі тасымалдау деп танылады.
Тауарларға ілеспе жүкқұжат интернет-ресурс арқылы электрондық түрде ресімделеді.
3. Шикі мұнайды, газ конденсатын, қайта өңдеу өнімдерін және мұнай өнімдерін құбыржолмен, теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдауға байланысты құжаттар қауіпті жүктерді тасымалдау үшін көліктің әрбір түріне белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
4. Шикі мұнайды, газ конденсаты мен мұнай өнімдерін сақтау және құбыржолмен, теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау құралдарының конструкциясы және пайдалану шарттары техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуге тиіс.»;
6) 22-бапта:
1-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Кез келген түрдегі автожанармай құю станциясын иеленушінің мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушінің мүддесінде тапсырма шарты бойынша мұнай өнімдерін өткізуіне (тиеп-жөнелтуіне) жол беріледі.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мұндай жағдайда тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, жөнелту, растау, қабылдамау, кері қайтарып алу, қайтару және күшін жою жөніндегі міндет сенім білдірушіге жүктеледі.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғындарының саны он мың адамға дейінгі елді мекендерде контейнерлік үлгідегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге жол беріледі.
Жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге мынадай жағдайларда ғана:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерде дала жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникасы жиналған орындарда;
теңіз, ішкі су немесе әуе көлігіне май құю кезінде жол беріледі.».
11-тармақтың 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 14, 68, 72, 75-құжаттар; № 16, 77-құжат):
1) 31-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Көмірсутектер саласындағы кіші қызмет түрлерін қоспағанда, лицензияға қосымшаларды, лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын беру кезінде лицензиялық алым алынбайды.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көмірсутектер саласында лицензиялық алымның мөлшерлемесі жекелеген кіші қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынады.»;
2) 1-қосымшаның 8-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
Көмірсутектер саласындағы қызметті лицензиялау |
8. | Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия | 1. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер. 2. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары. 3. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар. 4. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымалардағы атқылау-жару жұмыстары. 5. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау. 6. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жер астында жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою. 7. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу. 8. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту. 9. Теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар. 10. Мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану. 11. Көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау. 12. Көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау. 13. Магистральдық құбыржолдарды пайдалану. | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
».
12. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар):
1) 32-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банктердің, банктік қарыз шарттары жөнінде өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның, ипотекалық ұйымдардың, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын қою жағдайларын қоспағанда, бенефициардың төлем талабын қою құқығы ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта белгіленеді.»;