5) мәлімделген талапты растайтын қоса берілген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
3. Жылжымалы мүлік талап етілген жағдайда арызда осы мүліктің тиісті құжаттармен расталған құны көрсетілуге тиіс.
4. Арызға талап қоюшы немесе қол қоюға немесе арыз беруге өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды. Өкіл беретін арызға оның өкілеттігін куәландыратын сенімхат қоса берілуге тиіс.
Арыз электрондық құжат нысанында берілген кезде ол талап қоюшының немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Электрондық құжат нысанында берілетін арызға осы бапта көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
5. Осы Кодекстің 135-бабында санамаланған талаптар оларды бұйрық арқылы немесе талап қою іс жүргізуі тәртібімен қарау көрсетілмей берілген кезде көрсетілген талаптар осы тараудың қағидалары бойынша қаралады.
137-бап. Мемлекеттік баж
1. Сот бұйрығын беру туралы арыз үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде мемлекеттік баж төленеді.
2. Арызды қабылдаудан бас тартылған кезде талап қоюшы төлеген мемлекеттік баж қайтарылады.
3. Талап қоюшы төлеген мемлекеттік баж сот бұйрығының күші жойылған кезде қайтарылмайды. Талап қоюшы жауапкерге талап қою ісін жүргізу тәртібімен талап қойған кезде ол төленуге жататын мемлекеттік баж есебіне есептеледі.
138-бап. Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайтару негіздері
1. Судья осы Кодекстің 151, 152-баптарында көзделген негіздер бойынша сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тартады немесе кері қайтарады.
Бұдан басқа, егер:
1) мәлімделген талап осы Кодекстің 135-бабында көзделмеген;
2) жауапкердің тұрғылықты жері немесе орналасқан жері Қазақстан Республикасының шегінен тыс болған;
3) мәлімделген талапты растайтын құжаттар ұсынылмаған;
4) талап қою ісін жүргізу тәртібімен қарауға жататын құқық туралы даудың бары байқалған;
5) арыздың нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 136-бабының талаптарына сай келмеген;
6) арыз бергенде мемлекеттік баж төленбеген жағдайларда судья арызды кері қайтарады.
2. Судья арызды қабылдаудан бас тарту немесе кері қайтару туралы арыз сотқа келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұйғарым шығарады.
3. Арызды кері қайтару сот бұйрығын беру туралы сотқа қайтадан арыз беруге не сол нысана мен сол негіздер бойынша сол жауапкерге, егер ол жол берілген бұзушылықты жойса, талап қоюға кедергі болмайды.
4. Судьяның арызды қабылдаудан бас тарту туралы немесе кері қайтару туралы ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым берілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.
139-бап. Сот бұйрығын шығару тәртібі мен мерзімі
Мәлімделген даусыз талаптың мәні бойынша сот бұйрығын судья арыздың сотқа келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады.
140-бап. Сот бұйрығының мазмұны
1. Сот бұйрығында:
1) жүргізілетін істің нөмірі және сот бұйрығының шығарылған күні;
2) соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі мен аты-жөні;
3) өндiрiп алушының тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, оның тұрғылықты немесе орналасқан жерi, жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе егер өндiрiп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, іс жүзінде орналасқан жері, банктік деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмiрi;
4) жауапкердің тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, оның тұрғылықты жерi немесе орналасқан жері, оның жұмыс орны және жауапкер жұмыс істейтін заңды тұлғаның банктік деректемелері туралы мәліметтер (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол белгілі болса) немесе, егер жауапкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, орналасқан жері, банктік деректемелері,
бизнес-сәйкестендіру нөмiрi, сондай-ақ қалалық және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы мәліметтер, электрондық пошта мекенжайы (егер мұндай мәліметтер бар болса және белгілі болса);
5) талапты қанағаттандыруға негіз болған заң;
6) өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе құны көрсетілген, талап етілуге жататын жылжымалы мүліктің белгілері;
7) егер заңда немесе шартта тұрақсыздық айыбын өндіріп алу көзделсе, оның мөлшері және ол есептелген уақыт кезеңі;
8) жауапкерден талап қоюшының пайдасына немесе тиісті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың сомасы;
9) мәлімделген талапқа қарсылық білдіру туралы арыз беру мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген мәліметтерден басқа, кәмелетке толмаған балаларға алименттер өндіріп алу туралы сот бұйрығында күтіп-бағу үшін алименттер тағайындалған әрбір баланың аты мен туған күні, жауапкерден ай сайын өндіріліп алынатын төлемдердің мөлшері және оларды өндіріп алу мерзімі көрсетіледі.
3. Сот бұйрығына судья қол қояды.
141-бап. Жауапкерге сот бұйрығының көшірмелерін жіберу. Сот бұйрығына қарсылық білдіру
1. Сот бұйрығы ол шығарылғаннан кейін келесі күннен кешіктірілмей оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып, жауапкерге тапсырылуға немесе жіберілуге тиіс.
2. Жауапкер мәлімделген талапқа қарсылығын сот бұйрығын шығарған сотқа сот бұйрығының көшірмелерін алған күннен бастап немесе оның шығарылғаны туралы оған белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жіберуге құқылы.
3. Жауапкердің қарсылығы сот бұйрығын беру туралы арызда көрсетілген дау нысанының бар екені туралы тиісті дәлелдемелермен расталуға тиіс. Электрондық құжат нысанында берілетін қарсылықтарға құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
4. Қарсылықтарға осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген адам немесе оның өкілі қол қояды. Қарсылықтар электрондық құжат нысанында берілген кезде ол жауапкердің немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Өкіл беретін қарсылықтарға оның өкілеттігін куәландыратын сенімхат қоса берілуге тиіс.
5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінің талаптарына сай келмейтін қарсылықтар сот ұйғарымымен кері қайтарылады.
6. Дәлелді себептермен өткізіп алынған қарсылық беру мерзімін сот бұйрығын шығарған сот осы Кодекстің 126-бабында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен қалпына келтіруі мүмкін.
142-бап. Сот бұйрығының күшін жою
1. Егер жауапкерден белгіленген мерзімде мәлімделген талапқа қарсылық келіп түссе не, егер сот бұйрығында құқықтары мен міндеттері қозғалған басқа да адамнан шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес еместігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Судья қарсылық немесе арыз келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарымда талап қоюшы мәлімдеген талаптың талап қою іс жүргізуі тәртібімен берілуі мүмкін екені түсіндіріледі. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымның көшірмелері ол шығарылғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей талап қоюшыға және жауапкерге жіберіледі.
Сот бұйрығының күшiн жою туралы соттың ұйғарымы шағым жасауға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.
Сот бұйрығының күшiн жоюдан бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 143-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
143-бап. Талап қоюшыға сот бұйрығын беру және оны орындауға жіберу
1. Егер белгіленген мерзімде сотқа жауапкерден қарсылық келіп түспесе, сот бұйрығы талап қоюшыға орындауға ұсыну үшін беріледі немесе оның арызы бойынша сот аумаққа жатқызылуына қарай тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына орындауға жібереді.
2. Талап қоюшының өтініші бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 243-бабына сәйкес дереу орындалуға жататын талаптар бойынша сот бұйрығын сот орындауға тікелей жібереді.
3. Жауапкерден мемлекеттік бажды тиісті бюджеттің кірісіне өндіріп алу үшін сот бұйрығының жекелеген данасын сот аумаққа жатқызылуына қарай тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына тікелей жібереді.
13-тарау. 2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-КІШІ БӨЛІМ. ТАЛАП ҚОЮ ІСІН ЖҮРГІЗУ
14-тарау. ТАЛАП ҚОЮ
148-бап. Талап қоюдың нысаны мен мазмұны
1. Талап қою жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бірінші сатыдағы сотқа беріледі.
2. Арызда:
1) талап қою берілетін соттың атауы;
2) талап қоюшының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның туған күні, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, ал егер талап қоюшы заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi мен банктік деректемелері; егер арызды өкіл берсе, өкілдің атауы мен оның мекенжайы көрсетілуге тиіс. Арызда, егер бар болса, талап қоюшы мен өкілдің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;
3) жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол талап қоюшыға белгілі болса), егер жауапкер заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері, банктік деректемелері (егер олар талап қоюшыға белгілі болса) мен бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (егер ол талап қоюшыға белгілі болса). Арызда, егер талап қоюшыға белгілі болса, жауапкердің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;
4) азаматтың құқықтары мен бостандықтарын немесе талап қоюшының заңды мүдделерін және талап қоюшының талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;
5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің мазмұны;
6) егер бұл заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер;
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) тарап (тараптар) қабылдаған, татуласуға бағытталған әрекеттер туралы мәліметтер, егер мұндай әрекеттер қабылданған болса;
7) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы, сондай-ақ өндіріп алынатын немесе дауланатын ақшалай сомалардың есебі;
8) талап қоюға қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін берген талап қоюда мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің мәні неден көрінетіндігіне негіздеме, қандай заңды мүдделердің бұзылғаны, сондай-ақ қолдануға жататын заңға сілтеме болуға тиіс. Прокурор жеке не заңды тұлғаның мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда, талап қоюда жеке не заңды тұлғаның өзінің талап қоюды беруі мүмкін еместігінің себептеріне негіздеме болуға тиіс. Талап қоюға, кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін талап қоюды беру жағдайларынан басқа кезде, прокурордың талап қоюмен сотқа жүгінуіне жеке не заңды тұлғаның немесе оның заңды өкілінің келісімін растайтын құжат қоса берілуге тиіс.
4. Талап қоюға талап қоюшы немесе талап қоюға қол қоюға өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды. Талап қою электрондық құжат нысанында берілген кезде ол талап қоюшының немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
5. 2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
149-бап. Талап қоюға қоса берілетін құжаттар
1. Талап қоюға:
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың саны бойынша талап қоюдың және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелері;
2) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;
4) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздеген мән-жайларды растайтын құжаттар;
5) дауды сотқа дейін реттеу тәртібінің сақталғанын растайтын құжаттар, егер осы тәртіп заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе;
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) тараптың (тараптардың) татуласуға бағытталған әрекеттерді жасағанын растайтын құжаттар, егер мұндай әрекеттер жасалған болса;
6) егер дәлелдеме жауапкерде немесе үшінші тұлғада болса, талап қоюшының дәлелдемелерді талап ету туралы өтінішхаты;
7) егер талап қоюды заңды тұлға берсе, жарғының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды; 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 1-1-бөлік өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Осы Кодекстің 27-бабының 1-2-бөлігінде көзделген тәртіппен берілетін талап қоюға:
1) инвестор мен уәкілетті мемлекеттік орган арасында жасалған инвестициялық келісімшарттың көшірмелері;
2) инвестордың инвестициялық қызметін растайтын құжаттар қоса беріледі.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Электрондық құжат нысанында берілетін талап қоюға осы баптың бірінші бөлігінің 2)-7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері қоса беріледі.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 150-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
150-бап. Талап қоюды қабылдау
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Судья талап қою келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешеді.
Татуласу рәсімдері жүргізілген кезде талап қоюды қабылдау ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Сотқа дейінгі хаттама осы Кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес жасалған жағдайда, талап қоюды қабылдау ол келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Татуласу рәсімдерін талап қоюды қабылдаған кезде судья осы Кодекстің 17-тарауында көзделген қағидалар бойынша жүргізеді.
2. Талап қоюды бірінші сатыдағы соттың іс жүргізуіне қабылдап, судья сот ісін жүргізу тілін көрсетумен бірге азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
151-бап. Талап қоюды қабылдаудан бас тарту
1. Егер:
1) арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса;
2) сол тараптардың арасындағы, нақ сол нысана туралы және нақ сол негіздер жөніндегі шығарылған дау бойынша, осы Кодексте көзделген негіздермен іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот ұйғарымы болса;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) төреліктің нақ сол тараптар арасындағы нақ сол нысана туралы және нақ сол негіздер жөніндегі дау бойынша қабылданған шешімі болса және бұл туралы сотқа белгілі болса;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) сол тараптар арасында, сол нысана бойынша және сол негіздер бойынша жасалған атқарушылық жазба болса, судья талап қоюды қабылдаудан бас тартады.
2. Судья талап қоюды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымды ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шығарады, ол талап қоюға қоса берілген барлық құжаттармен бірге арыз берушіге табыс етіледі немесе жіберіледі.
3. Талап қоюды қабылдаудан бас тарту талап қоюшының нақ сол жауапкерге нақ сол нысана және нақ сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтіреді.
4. Егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, соттың талап қоюды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымында талап қоюшыға қай органға жүгінгені дұрыс болатыны көрсетіледі.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Талап қоюды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымға шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.
152-бап. Талап қоюды қайтару
1. Егер:
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) талап қоюшы істердің осы санаты үшін заңда белгіленген немесе тараптардың шартында көзделген дауды сотқа дейін немесе соттан тыс реттеу тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса;
2) іс осы соттың соттылығына жатпаса;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) талап қою осы Кодекстің 148-бабының, 149-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларының, 1-1-бөлігінің талаптарына сәйкес келмесе және істі сот талқылауына дайындау сатысында кемшіліктерді жоюдың мүмкін еместігі анықталатын болса;
4) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
5) арызға оған қол қоюға немесе оны беруге өкілеттігі жоқ адам қол қойса;
6) осы немесе басқа соттың не төреліктің іс жүргізуінде сол тараптардың арасындағы, сол нысана туралы және сол негіздер жөніндегі дау бойынша іс болса;
7) егер заңда өзгеше көзделмесе, осы дауды төреліктің шешуіне беру туралы тараптар арасында заңға сәйкес келісім жасалса;
8) коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын затты есепке қабылдаған күннен бастап бір жыл өткенге дейін осы затқа коммуналдық меншік құқығын тану туралы сотқа жүгінсе;
9) талап қоюшы өзі берген талап қоюды қайтару туралы мәлімдесе, судья талап қоюды қайтарады.
2. Судья талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады, онда, егер іс осы соттың қарауына жатпаса, адам қандай сотқа жүгіну керектігін, не азаматтық істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жоюға болатындығын көрсетеді. Ұйғарым талап қою сотқа келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шығарылуға және қоса берілген барлық құжаттарымен бірге талап қоюшыға тапсырылуға немесе жіберілуге тиіс.
3. Талап қоюды қайтару, егер талап қоюшы жіберілген бұзушылықты жоятын болса, сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюшының талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі болмайды.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Талап қоюды қайтару туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.
153-бап. Қарсы талап қою
1. Жауапкер істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін бастапқы талап қоюмен бірлесіп қарау үшін талап қоюшыға қарсы талап қоюға құқылы. Қарсы талап қою, қарсы талап қоюды қайтару, оны қабылдаудан бас тарту осы Кодекстің 148, 151 және 152-баптарында көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.
2. Егер жауапкер істі дайындау сатысында істі сот талқылауына дайындау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланбауы себебінен сот талқылауына қатыспаса, сот талқылауы барысында қарсы талап қою қабылдануы мүмкін.
154-бап. Қарсы талап қоюды қабылдау шарттары
Егер:
1) қарсы талап қою алғашқы талап қоюдың есебіне бағытталса;
2) қарсы талап қоюды қанағаттандыру бастапқы талап қоюды толық немесе ішінара қанағаттандыруды жоққа шығаратын болса;
3) қарсы талап қою мен бастапқы талап қою арасында өзара байланыс болса, ал оларды бірлесіп қарау дауларды неғұрлым жылдам және дұрыс қарауға әкелсе, судья қарсы талап қоюды қабылдайды.
15-тарау. ТАЛАП ҚОЮДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
155-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету үшін негіздер
1. Іске қатысатын адамдардың, төрелік талқылау тараптарының арызы бойынша сот істің қандай жағдайында болмасын, егер осындай шараларды қабылдамау соттың шешімін орындауды қиындатса немесе мүмкін етпейтіндей болса, талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдай алады.
Төрелік талқылау тараптары талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызға төрелікке талап қоюды растайтын құжатты қоса беруге тиіс.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымына, сондай-ақ банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға қатысты олар қайта құрылымдауды жүргізген кезде талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдануға жол берілмейді.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың және (немесе) оларға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі дауланып отырған құқықтық актінің, оның жазбаша нұсқамаларының, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану жөніндегі, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу туралы, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу және оларға реттеу шараларын қолдану туралы дауланып отырған құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұруға қатысты талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдауға жол берілмейді.
Салық тексерулерін жүргізу үшін негіз болып табылатын мемлекеттік кіріс органдарының дауланып отырған құқықтық актісінің қолданылуын тоқтата тұру түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауға жол берілмейді.
Бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға жол берілмейді.
156-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
1. Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар:
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.12.12. № 114-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан, 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) жауапкерге тиесілі және оның өзіндегі немесе басқа да тұлғалардағы мүлікке тыйым салу (банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының корреспонденттік шотындағы ақшаға және сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған репо операциялар бойынша нысана не клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша қамтамасыз ету болып табылатын маржалық жарналар болып табылатын мүлікке, сондай-ақ жалақы сомалары түсетін банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) болуы мүмкін.