31-5) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде белгіленген тәртіппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша бірыңғай сатып алушы көрсететін қызмет;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 31-6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-6) электр қуатының нарығы - энергия өндіруші ұйымдардың генерациялайтын жабдықты электр энергиясын өндіруге әзірлігі жағдайында ұстап тұруға, бұрыннан бар өндірістік активтерді жаңартуға, ұстап тұруға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға, сондай-ақ оларды құруға байланысты электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесі;
31-7) 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 31-8) тармақшамен толықтырылды
31-8) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы - электрондық сауда жүйесінде энергия өндіруші ұйымдар мен бірыңғай сатып алушы арасында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасуға бағытталған процесс;
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 31-9) тармақшамен толықтырылды
31-9) электр станцияларының тізбесі - осы Заңда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін энергия өндіруші ұйымдардың бекітілген тізбесі;
32) электр энергетикасы - электр және жылу энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну саласы;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 33) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 33) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 33) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
33) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері - энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, орталықтандырылған сауда нарығының операторы, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 33-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 33-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33-1) электр энергиясына арналған шекті тариф - электр энергиясын өндіруге, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындар және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын тіркелген пайда ескерілетін, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтары үшін уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;
34) электр энергиясына кепілдік беріп жеткізуші - тұтынушыларды энергиямен жабдықтаушы басқа да барлық ұйымдар энергиямен жабдықтауды тұтынушының кінәсінен емес тоқтатқан жағдайларда тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйым;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 35) - 39) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35) электр энергиясын беру - электр желілері бойынша электр энергиясын беруге және (немесе) таратуға бағытталған технологиялық байланысты әрекеттер;
35-1) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі - өлшем құралдарының және электр энергиясын өлшеуге, жинақтауға, өңдеуге, сақтауға және есепке алу деректерін беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің жиынтығы;
36) электр энергиясын өндiрудiң-тұтынудың тәулiктiк кестесi - электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарындағы көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес күнтiзбелiк әрбiр тәулiкте электр энергиясын өндiру мен тұтынудың сағат сайынғы шамаларын регламенттейтiн, жүйелiк оператор бекiткен құжат;
37) электр энергиясын өндiрудiң-тұтынудың теңгерiлiмiн ұйымдастыру - электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығының жұмыс iстеуiн ұйымдастыру бойынша жүйелiк оператор көрсететiн қызмет;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 37-1) тармақшамен толықтырылды
37-1) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар тобы - мынадай өлшемшарттар: энергия өндіруші ұйымдардың типі, белгіленген қуаты, пайдаланылатын отын түрі, отын орналастырылған жерден қашықтығы, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр энергиясын беруге техникалық сипаттағы шектеулер болмайтын бір бөлігінде орналасуы бойынша қалыптастырылған энергия өндіруші ұйымдар жиынтығы;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 38) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы - электр энергиясы бөлшек сауда нарығының субъектілері арасындағы жария шарттар (электр энергиясын сатып алу-сату, беру және тұтыну, сондай-ақ осыған байланысты көрсетілетін қызметтер ұсыну) негізінде көтерме сауда нарығынан тыс жұмыс істейтін қарым-қатынастар жүйесі;
39) электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектiлерi - энергия өндiрушi, энергиямен жабдықтаушы, энергия берушi ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 40) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40) электр энергиясының көтерме сауда нарығы - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясын сатып алу-сатуға, оның ішінде электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында сатып алу-сатуға, жүйелік және қосалқы қызметтер, электр қуаты нарығында қызметтер көрсетуге байланысты қатынастар жүйесі;
41) электр энергиясының орталықтандырылған саудасы - осы Заңмен белгіленген жағдайларды қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері электрондық сауда жүйесінде ерікті негізде жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сату мәмілелері;
42) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
43) электр энергиясының спот-сауда-саттығы (бұдан әрі - спот-сауда-саттық) - бір күн бұрын және операциялық тәуліктер ішінде режимдерінде қысқа мерзімдік негізде электр энергиясының сағат сайынғы көлемінде ұйымдастырылған сауда;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 44) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
44) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы - ағымдағы операциялық тәуліктерде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндірудің және (немесе) тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасында нақты уақыт режимінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жүйелік оператордың физикалық және бұдан кейінгі қаржылық реттеуі нәтижесінде жүйелік оператор мен энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметті жүзеге асыратын көтерме тұтынушылар арасында қалыптасатын өзара қатынастар жүйесі;
45) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының имитациялық режимі (бұдан әрі - имитациялық режим) - электр энергиясы теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асырмастан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі;
46) электр энергиясының теңгерімсіздігі - электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты шамасының электр энергиясын өндіру-тұтынудың сағаттық тәуліктік кестесіндегі жүйелік оператор бекіткен шамадан ауытқуы;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 47) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47) энергетикалық сараптама - электр энергетикасы саласындағы жұмыс істеп тұрған объектілер, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, сондай-ақ олардағы технологиялық бұзушылықтарды және өндірістік жарақаттануды тергеп-тексеру кезінде уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігіне жүргізілетін электр энергетикасы саласындағы сараптама;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 48) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
48) энергия беруші ұйым - шарттар негізінде электр немесе жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін ұйым;
49) энергиямен жабдықтаушы ұйым - сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 50) тармақша өзгертілді
50) энергия өндіруші ұйым - электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр және (немесе) жылу энергиясының жеке тұтынушылары мен электр энергиясының нетто-тұтынушылары болып табылатын осындай тұтынушыларды қоспағанда, көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушыларға, жылу энергиясын тұтынушыларға өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым.
51) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-тарау. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу
3-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi
1. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) энергия тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру және электр, жылу энергиясы нарығына қатысушылардың құқықтарын тұтынушылардың электр және жылу энергиясын жеткiзушiлердi таңдау құқығына кепiлдiк беретiн нарықта бәсекелестiк жағдайлар жасау жолымен қорғау;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенiнiң қауіпсіз, сенiмдi және тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы кешенiн елдiң шаруашылық-экономикалық және әлеуметтiк кешендерiнiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң ерекше маңызды жүйесi ретiнде басқарудың бiртұтастығы мақсатында жүзеге асырылады.
2. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеудiң мiндеттерi мыналар:
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) басқару бiртұтастығы, бәсекенi дамыту негiзiнде электр энергетикасы кешенiнiң тиiмдi, қауіпсіз жұмыс iстеуi мен дамуы;
2) тұтынушылардың электр және (немесе) жылу энергиясын жеткiзушіні таңдау құқығы;
3) табиғи монополия сапасындағы қызметті реттеу, сондай-ақ отандық энергия өндiрушілердi қорғау үшiн жағдайлар жасау;
4) электр және жылу энергиясының реттелетiн нарығын құру мен жетiлдiру;
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) электр және жылу энергиясын ұтымды және үнемдi тұтыну;
6) жаңартылып отыратын және дәстүрлi емес энергия көздерiн пайдалану мен дамыту;
7) электр энергетикасы кешенiн дамыту мен қайта жарақтандыруға инвестициялар тарту;
8) қоршаған ортаны қорғау, электр беру желiлерiн, электр және энергия қондырғыларын пайдалану кезіндегі құрылыс сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгi жөніндегі iс-шаралар кешенiн орындау үшiн жағдайлар жасау;
9) елдiң шалғай аудандарында энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру үшiн жағдайлар жасау;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10) тармақша өзгертілді
10) Қазақстан Республикасының бiртұтас энергетикалық жүйесi жұмысының және электр энергиясы сапасының ұлттық стандарттарын белгiлеу;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді және субсидиялауды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) лицензиялауды;
2) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеудi;
3) электр энергетикасы объектiлерiн монополиясыздандыру мен жекешелендiрудi;
4) электр энергиясын өндiрудiң, берудiң, техникалық диспетчерлендiру мен тұтынудың сенiмдiлiгiн, қауiпсiздiгi мен үнемдiлiгiн мемлекеттік қадағалауды;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) электр энергетикасы саласындағы техникалық реттеуді және стандарттауды;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 6) және 7) тармақшалармен толықтырылды
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды бюджет қаражаты есебінен кредиттеуді;
7) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды өтеусіз және қайтарымсыз негізде субсидиялауды қамтиды.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды
3-1-бап. Ұлттық электр желісін мемлекеттік реттеу ерекшеліктері
1. Ұлттық компанияға ұлттық электр желісін жеке және (немесе) заңды тұлғаларға иеліктен шығаруға, сондай-ақ оған үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға тыйым салынады.
2. Ұлттық басқарушы холдингке нәтижесінде ұлттық компанияның тоқсан пайыздан кем плюс бір дауыс беретін акциясы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болатын осы ұлттық компанияның акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен; 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен; 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету кезінде ғана шеккен шығыстарына өтем жасау үшін оның осындай көрсетілетін қызметтен түскен кірістерінің жетіспеуі салдарынан өзінің энергия өндіруші ұйымдар алдындағы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оған мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асырады;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды айқындайды;
2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
6) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құрылысының үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды
7-2) Тұлғалар тобының тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатын құруға үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды
7-3) Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
8) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
10) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
11) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
12) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
13) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
14) Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидаларды әзірлейді және бекiтеді;
15) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
16) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді;
17) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
19) электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
20) энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;
21) электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
22) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23) жүйелік оператордың қызметтер көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін сатып алынатын мүлік (активтер) тізбесіне электр энергиясын қосу туралы шешім қабылдайды;
25) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
26) электр желілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
27) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
28) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
29) энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
30) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 30-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-1) электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 30-2) тармақшамен толықтырылды
30-2) электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің көлемін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 30-3) тармақшамен толықтырылды
30-3) жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 30-4) тармақшамен толықтырылды
30-4) энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
31) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
32) бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 33) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33) техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
34) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
35) жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
36) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 37) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37) жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
38) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
39) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 40) тармақша жаңа редакцияда
40) электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
41) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
42) электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
43) жүйелік операторды айқындайды;
44) мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабанның және пломбирдің үлгісін белгілейді;
45) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46) энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларын бекітеді;
47) өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну, сондай-ақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру және электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 47-1) тармақшамен толықтырылды
47-1) электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 48) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)