бағыттары
ҚР Үкіметінің 2017.19.05. № 279 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.27.03. № 143 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын (бұдан әрі - «Болашақ» стипендиясы) жұмсау бағыттары «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының (бұдан әрі - конкурс жеңімпазы) оқуын немесе тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға байланысты мынадай шығыстарды төлеуді қамтиды:
1) визаларды (консулдық алымды) ресімдеу, ұзарту;
2) шетелдік жоғары оқу орындарына 5-тен (бес) аспайтын сауалнама нысандарын ресімдеу және тапсыру;
3) конкурс жеңімпаздарын қабылдаушы елдің уәкілетті органдарында және шетелдік жоғары оқу орындарында тіркеу;
4) шет тілін білу деңгейін айқындау үшін аралық және қорытынды бақылау тестілеуді қоса алғанда, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша олардан өту қажет болған жағдайда тілдік курстар;
5) академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту;
6) шетелдік жоғары оқу орындарының талаптары бойынша академиялық оқуға түсу үшін қажетті академиялық және техникалық даярлық деңгейін анықтау бойынша пәндік емтихандарды бір рет тапсыру;
7) тағылымдамаларды, тілдік курстарды (бұдан әрі - тілдік мектеп), магистратура алдындағы дайындықты өткізуді жүзеге асыратын шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың (бұдан әрі - шетелдік ұйым) талаптары бойынша академиялық оқуға, тілдік курстарға түсу кезінде, сондай-ақ конкурс жеңімпазының тілдік дайындығы, академиялық оқуы, тағылымдамасы процесінде қажетті міндетті қызметтер;
8) оқу елінде тұру және тамақтану, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан, тағылымдамадан өту, оқу әдебиетін сатып алу;
9) тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан, академиялық оқудан, тағылымдамадан өту елінің және (немесе) шетелдік жоғары оқу орнының, тілдік мектептің, шетелдік ұйымның талаптарына сәйкес міндетті медициналық тексеру;
10) конкурс жеңімпазының банк карточкасын ашу, қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін қайта шығару және оған қызмет көрсету;
11) шет мемлекеттердің уәкілетті органдары (бұдан әрі - шетелдік әріптестер) айқындайтын шетелдік жоғары оқу орындарының, тілдік мектептердің немесе шетелдік ұйымдардың конкурс жеңімпаздарының үлгерімі туралы ресми құжаттарды (транскрипттерді) беруі;
12) жазатайым оқиғалар мен кенеттен ауру пайда болудан шетелдік студенттер үшін көзделген медициналық сақтандыру;
13) «Болашақ» стипендиясы тағайындалғаннан кейін академиялық оқу не тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан, тағылымдамадан өту басталған сәттен бастап, Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқу, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан, тағылымдамадан өту орнына дейін және тілдік курстарды, магистратура алдындағы дайындықты, академиялық оқуды аяқтағаннан не тағылымдамадан өткеннен кейін кері бағытта жол жүру;
14) академиялық оқудың ұзақтығы 1 (бір) оқу жылынан артық болған жағдайда, Қазақстан Республикасында тұратын жерінен әрбір оқу жылының басында оқу жеріне дейін және әрбір оқу жылы аяқталғаннан кейін кері бағытта жол жүру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында визаны ресімдеу не мерзімін ұзарту қажет болған жағдайда, академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өту орнынан және кері бағытта жол жүру;
15) шетелдік әріптестердің академиялық оқуды, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан, тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсету шарттары бойынша міндеттемелерін орындауға байланысты шығындары.
2. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі шет елдердің тиісті мемлекеттік органдары, шетелдік жоғары оқу орындары, тілдік мектептер, ғылыми ұйымдар, ғылыми әріптестер және/немесе статистикалық, рейтингтік және өзге де тиісті ұйымдар ұсынған құжаттардың және/немесе өзге де ақпараттың негізінде тамақтану, тұру, оқу әдебиеттерін сатып алу шығыстарының нормаларын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ конкурс жеңімпазының Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқу бойынша; тілдік курстардан, тағылымдамадан өту орнына дейін жол жүру көлігінің түрі мен класын айқындайды. «Болашақ» халықаралық стипендиясы шығыстарының осы бағыттарының 1-тармағында көзделген өзге де шығыстар қызмет көрсетуші ұйымдар беретін растау құжаттарының негізінде төленеді.