5) денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстарының сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету;
6) жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың құпиялылығын және пациенттің өз дербес деректеріне қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
7) медициналық ақпараттың пациентпен ілесе жүруін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 95-V ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
28-бап. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қорғауды қамтамасыз ету
1. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады, олардың жиналуы, өңделуі жинау мақсаттарымен шектеледі.
2. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін дербес деректерді жинау, өңдеу жеке тұлғаның (пациенттің) немесе оның заңды өкілінің келiсiмімен жүзеге асырылады.
3. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды алған ақпараттық жүйелердiң меншiк иелерi немесе иелерi оларды қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. Мұндай мiндет жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар алынған кезден бастап оларды жойып жiбергенге дейін не иесіздендiргенге дейiн немесе осы дербес деректер өзiне қатысты адамнан оларды жария етуге келiсiм алынғанға дейiн туындайды.
4. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды мүлiктiк және (немесе) моральдық зиян келтiру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтар мен бостандықтарды iске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берiлмейдi.
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Медицина қызметкерлеріне осы Кодекстің 37-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көзделген медициналық қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға рұқсат беріледі.
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 28-1-баппен толықтырылды
28-1-бап. Ұлттық денсаулық сақтау шоттары
1. Аурулардың алдын алу мен халықты емдеуге бағытталған шаралар арасында денсаулық сақтау ресурстарын тең және тиімді бөлу мақсатында олардың бөлінуін бағалау үшін пайдаланылатын, елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржылық ағындарды ұдайы, жан-жақты және дәйекті мониторингілеу жүйесі ұлттық денсаулық сақтау шоттары болып табылады.
2. Ұлттық денсаулық сақтау шоттары:
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның статистикалық бюллетеньдері;
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның деректері;
бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың медициналық ұйымдар бойынша деректері;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ресми интернет-ресурстарында жарияланған статистикалық деректер пайдаланыла отырып, халықаралық әдіснама негізінде жыл сайын қалыптастырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген деректер негізінде уәкілетті орган көрсетілетін қызметтер мен медициналық көрсетілетін қызметтерді берушілер бойынша шығыстар сипатталған талдамалық есепті, сондай-ақ оларды қаржыландыру көздері туралы ақпаратты қалыптастырады.
3. Ұлттық денсаулық сақтау шоттарының деректерін қалыптастыру және пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
8-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
29-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары мен бағыттары
1. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары:
1) Қазақстан Республикасының және оның азаматтарының денсаулық сақтау саласындағы мүдделерін қорғау;
2) Қазақстан Республикасының эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді мемлекетаралық деңгейде шешу үшін халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарын қолдану;
4) саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру болып табылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың бағыттары:
1) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу;
2) денсаулық сақтау саласындағы техникалық көмекті мемлекетаралық деңгейде тарту және көрсету;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және шетелдік азаматтарға медициналық көмек көрсету;
4) халықаралық инновациялық технологияларды енгізу және денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту;
5) әлемдік медицина ғылымына интеграциялану;
6) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің ақпараттық және зияткерлік ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету;
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау саласындағы мемлекетаралық өзара iс-қимыл;
8) төтенше жағдайлар туындаған кезде денсаулық сақтау саласында халықаралық көмек көрсету;
9) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласында ақпарат, технология алмасу және фармацевтикалық және медициналық өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарды үйлестіру;
10) шекараларды санитариялық қорғау, әкелінетін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
30-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық және құқықтық негіздері
1. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негізін:
1) халықаралық ұйымдарға берілетін міндетті және ерікті жарналар;
2) халықаралық жобалар мен іс-шараларды қаржыландыруға қатысу;
3) гранттарды тарту мен пайдалану;
4) жасалған халықаралық шарттарға сәйкес қаржыландыру құрайды.
2. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негізі халықаралық шарттар мен келісімдер болып табылады.
Ерекше бөлім
2-Бөлім. Денсаулық сақтау жүйесі және медициналық көмекті ұйымдастыру
9-тарау. Денсаулық сақтау жүйесі және медициналық көмекті ұйымдастыру
31-бап. Денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы
1. Денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады.
2. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан тұрады.
3. Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан тұрады.
Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторында емдеуге тыйым салынатын аурулар тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
32-бап. Денсаулық сақтау субъектілері
1. Денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар денсаулық сақтау субъектілері болып табылады.
2. Денсаулық сақтау жүйесінде мынадай денсаулық сақтау ұйымдары:
1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар;
2) стационарлық көмек көрсететін ұйымдар;
3) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдары;
4) апаттар медицинасы ұйымдары;
5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары;
6) паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсететін ұйымдар;
7) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
8) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
9) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
11) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;
12) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары;
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) саламатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
14-1) 2014.03.07. № 229-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
15) ұлттық холдингтер;
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 16) және 17) тармақшалармен толықтырылды
16) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын бағалауды және біліктілігінің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын ұйымдар;
17) туғаннан бастап үш жасқа дейiнгi жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жасқа дейiнгi, психикасының және дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары жұмыс істейді.
3. Уәкілетті орган:
1) денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын және олардың қызметі туралы ережелерді;
2) денсаулық сақтау қызметкерлерінің медициналық және фармацевтикалық мамандықтары мен лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын;
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) өңірлердің медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу нормативтерін;
4) денсаулық сақтау ұйымдарының өзара іс-қимыл тәртібін әзірлейді және бекітеді.
4. Жеке тұлғалардың осы мамандық бойынша маман сертификаты, кемінде бес жыл жұмыс стажы және тиісті лицензиясы болған ретте жекеше медициналық практикамен айналысуға құқығы бар.
33-бап. Медициналық көмекті ұйымдастыру
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Медициналық көмекті ұйымдастыруды уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық көмек көрсетуді денсаулық сақтау субъектілері осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
2. Денсаулық сақтау субъектілері:
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) сапалы медициналық көмектің көрсетілуін;
2) уәкілетті орган рұқсат берген диагностиканың, профилактика мен емдеу әдістерінің, сондай-ақ дәрілік заттардың қолданылуын;
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) төтенше жағдайлар, әскери жанжалдар мен терроризм актілері жағдайларындағы жұмысқа дайындықты;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4) айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың, сондай-ақ кәсіптік аурулардың профилактикасы, алдын алу, оларды диагностикалау мен емдеу жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін;
5) азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, жедел және дәйекті ақпарат берілуін;
6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын;
7) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимылды және өз қызметіндегі сабақтастықты;
8) саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтанудың қалыптастырылуын;
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) уәкілетті орган белгілеген нысандар, түрлер, көлем, тәртіп пен мерзімдер бойынша алғашқы медициналық құжаттардың жүргізілуін, есептердің табыс етілуін;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) инфекциялық аурулар, уланулар, айналадағыларға қауіп төндіретін психикалық және мінез-құлықтың бұзылу (аурулар) жағдайлары туралы - уәкілетті органға, төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларының пайда болу қатері және (немесе) пайда болуы туралы - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, жаңа алған жарақаттар, жаралар, криминалдық түсіктер бойынша келіп көрінген адамдар туралы мәліметтерді, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың жағдайлары туралы ішкі істер органдарына хабарлауды қамтамасыз етуге міндетті.
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Денсаулық сақтау субъектілері медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық хаттамаларды басшылыққа алады.
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 33-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
33-1-бап. Медициналық көмектің көлемі
Медициналық көмек мынадай көлемде ұсынылады:
1) базалық - осы Кодекстің 34-бабына сәйкес ұсынылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі;
2) медициналық көмектің мыналарды:
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті;
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмекті қамтитын қосымша көлемі.
34-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда жазылады (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес, барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсетуді қамтиды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда жазылады (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне:
1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
2-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап осы Кодекстің 185-1-бабының редакциясында қолданылады
2) мыналарды:
алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;
алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;
3) уәкілетті орган айқындайтын ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланған саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасымен, ал шұғыл көрсетілімдер бойынша - жолдаманың болу-болмауына қарамастан көрсетілетін стационарлық медициналық көмек;
4) алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) уәкілетті орган белгілеген халық санаттары үшін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі кіреді.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету:
1) жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде - денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес;
2) амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде - белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде шарттар жасасуға артықшылықты құқыққа аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ объектінің:
1) дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу кезінде тиісті өндірістік практика (GMP);
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді шарттарды жасасу кезінде тиісті дистрибьюторлық практика (GDP);
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификат алған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы субъектілер ие болады.
2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды
34-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар
Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi, денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
35-бап. Ақылы медициналық қызметтер алудың негіздері мен тәртібі
1. Ақылы медициналық қызметтерді мемлекеттік және жекеше медициналық ұйымдар, аурудың бейіні және медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы сәйкес келгенде жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар көрсетеді.
2. Ақылы медициналық қызметтер:
1) пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының және денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасынсыз алғашқы медициналық-санитариялық көмек, диагностикалық және емдік қызметтер көрсету;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формулярына енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу;
3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізу;
4) тиісті жолдамасыз санаториялық емдеу;
5) медициналық көрсетілімдерсіз медициналық-генетикалық зерттеулер жүргізу;
6) азаматтарды жұмысқа кіру және оқуға түсу үшін медициналық зерттеп-қарау;
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7) ұйыммен шарт бойынша, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету;
8) қосымша сервистік қызметтер ұсыну;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) осы Кодекстің 88-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде ұсынылады.
3. Ақылы медициналық қызметтер пациент пен осы көрсетілетін қызметтерді ұсынатын денсаулық сақтау субъектісінің арасында жасалатын шарт негізінде көрсетіледі.
Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған шарт мынадай негізгі талаптарды:
1) медициналық көмектің түрлері мен көлемін;
2) медициналық көмек көрсету мерзімдерін;
3) медициналық және медициналық емес қызметтерге арналған тарифтерді және оларды төлеу тәртібін;
4) тараптардың құқықтары мен міндеттерін;
5) шартқа өзгерістер, толықтырулар енгізу және оның қолданылуын тоқтату тәртібін;
6) тараптардың шарт міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті белгілеуін қамтуға тиіс.
4. Ақылы қызметтер көрсетудің түрлері мен олардың баға прейскуранты мемлекеттік, жекеше медициналық ұйымдардағы және жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалардағы көрнекі ақпарат арқылы халықтың назарына жеткізіледі.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудің бағасы медициналық, сервистік қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығын түрлерін және өзге де қосымша шығыстарды ескере отырып айқындалады және ол жарты жылда бір реттен аспайтын жиілікпен қайта қаралуы мүмкін.
6. Азаматтарға ақылы қызметтер көрсеткен кезде есепке алу және есеп құжаттамасын жүргізу уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша жүзеге асырылады.
7. Денсаулық сақтау ұйымы азаматтар өтініш жасаған кезден бастап оларға ақылы медициналық қызметтердің уақтылы және сапалы көрсетілуі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.
3-Бөлім. Медициналық қызмет
10-тарау. Медициналық қызметтің мазмұны мен түрлері
36-бап. Медициналық қызметтің мазмұны
Медициналық қызмет жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың кәсіптік қызметін қамтиды.
37-бап. Медициналық қызметтің түрлері
Қазақстан Республикасында медициналық қызметтің мынадай түрлері:
1) медициналық көмек;
2) зертханалық диагностика;
3) патологиялық-анатомиялық диагностика;
4) қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызмет;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызмет;
6) қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы қызмет;
7) денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі мен ғылыми қызмет;
8) денсаулық сақтау саласындағы сараптама;
9) осы Кодексте тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері жүзеге асырылады.
11-тарау. Медициналық көмек
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38-бап. Медициналық көмектің түрлері
Медициналық көмектің түрлері мыналар болып табылады:
1) алғашқы көмек;
2) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
3) білікті медициналық көмек;
4) мамандандырылған медициналық көмек;
5) жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызмет;
6) медициналық-әлеуметтік көмек.
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 38-1-баппен толықтырылды
38-1-бап. Алғашқы көмек
1. Шұғыл жағдайлар кезінде оқиға орнында зардап шегушінің өзі (өзіне-өзі көмек көрсету) немесе жақын жердегі басқа адам (өзара көмек) жүргізетін адамның өмірін құтқаруға және асқынулардың алдын алуға арналған жедел базалық іс-шаралар кешені алғашқы көмек болып табылады.
2. Алғашқы көмек көрсету жөніндегі базалық іс-шаралар денсаулық сақтау саласындағы стандарттарда айқындалады.
39-бап. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек
1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек - аурулардың профилактикасы мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу мен медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуымен пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек.
2. 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлері мен көлемін уәкілетті орган белгілейді.
40-бап. Білікті медициналық көмек
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек білікті медициналық көмек болып табылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Білікті медициналық көмектің түрлері мен көлемін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
41-бап. Мамандандырылған медициналық көмек