12-15) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, күтіп-ұстау мен реконструкциялауды ұйымдастыру;
13) мыналар:
агроөнеркәсіптiк кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердің кредиттерiн тарту;
бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасау;
тоған, тауарлы көл, балық өсiретiн су шаруашылықтарын және балықты қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту;
мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасау бойынша iс-шаралар әзiрлеу;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытудың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісілген жергілікті бюджеттік басым инвестициялық жобаларының және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың тізбесін жасау;
15) агроөнеркәсiптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiнiң жұмыс iстеуi мен дамуы үшін жағдай жасау;
16) ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) агроөнеркәсіптік кешеннің және ауылдық аумақтардың жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттік органдарға беру;
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 17-1), 17-2), 17-3) және 17-4) тармақшалармен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
17-1) әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;
17-2) 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 17-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін мамандандырылған ұйымдардан көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 17-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 17-5), 17-6), 17-7) және 17-8) тармақшалармен толықтырылды
17-5) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар қызметінің мониторингін жүзеге асыру;
17-6) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға аккредиттеу жүргізу;
17-7) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау;
17-8) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өзінің интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру;
17-9) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 17-10) тармақшамен толықтырылды
17-10) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 17-11) тармақшамен толықтырылды
17-11) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 17-12) - 17-14) тармақшалармен толықтырылды
17-12), 17-13) тармақшалар 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17-12) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асыру;
17-13) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асыру;
17-14) тармақша 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17-14) облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды жүзеге асыру;
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 17-15) тармақшамен толықтырылды
17-15) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауды жүзеге асыру;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
18) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi өкiлдi органдарының (мәслихаттарының) құзыретiне:
1) агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын бекіту;
2) тиiстi қаржы жылына арналған жергілiктi бюджетті, онда агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласындағы ic-шараларды қаржыландырудың қажеттi көлемдерiн көздей отырып бекіту;
2008.24.12. № 111-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жергiлiктi атқарушы органдар (әкiмдіктер) басшыларының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі есептерiн тыңдау;
2008.24.12. № 111-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын, сондай-ақ осы санаттардағы жұмыскерлерге өзге де әлеуметтік көмек шараларын айқындау;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
4. Аудандардың (облыстық маңызы бap (қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының (әкiмдiктерiнiң) құзыретiне:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн осы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
3) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын әзiрлеу;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары негізінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын әзірлеу;
6) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6-1) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.24.12. № 111-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) есептілік ұсыну;
2008.24.12. № 111-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
9) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң құзыретiне:
1) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) ветеринария саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге қатысу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, сою алаңдарының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарының), мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың), пестицидтердi және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының (көмінділердің) жұмыс iстеуiне жәрдемдесу;
5) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асыру және оны аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) беру;
6) ауыл шаруашылығы санағын жүргiзуге қатысу;
7) микрокредит беру бағдарламаларына қатысуы үшiн табысы төмен адамдарды анықтау;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) ауылдық елдi мекендердi абаттандыру, жарық беру, көгалдандыру және санитариялық тазарту жөніндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
9) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында олардың қарауына жатқызылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
8-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы құзыреті
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы құзыретiне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген өкiлеттiктер шегінде жергілiктi маңызы бар мәселелердi шешуге халықтың қатысуын қамтамасыз ету кіредi.
3-тарау. АГРОӨНЕРКӘСIПТIК КЕШЕНДI ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
9-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу азық-түлік қауiпсіздiгін, агроөнеркәсіптік кешен өнiмi нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлiктің тиiмдi жүйесiн құруға, отандық өнiмнiң бәсекелестiк артықшылығын қолдауға, сондай-ақ, өсiмдiк шаруашылығын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеудi және тамақ өнеркәсiбін дамыту үшiн жағдай жасау арқылы ауыл халқының тұрмыс деңгейiн көтеруге, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсiздiктi, техникалық жарақтандыру мен басқа да iлеспе қызмет салаларын қамтамасыз етуге, ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
2. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу:
1) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту;
2) агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау;
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) ауылшаруашылық өнімін кепілдендірілген сатып алу бағасы бойынша сатып алу;
4) мамандандырылған ұйымдар құру;
5) агроөнеркәсiптік кешен тауарларының экспорты мен импортын реттеу;
6) агроөнеркәсіптiк кешендi техникалық жарақтандыру;
7) агроөнеркәсіптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету;
8) агроөнеркәсіптiк кешенді ғылыми, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету және ол үшін кадрлар даярлау;
9) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымының дамуын инвестициялауды жүзеге асыру;
10) ауылды оңтайлы қоныстандыруды ұйымдастыру;
11) ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі және оны бағалау шығындарын қаржыландыру;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) салықтық, бюджеттік, кедендiк-тарифтiк, техникалық реттеу шаралары мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де шараларды қолдану;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды
13) агроөнеркәсіптік кешенде технологиялық міндеттерді мониторингтеу, болжау және технологиялар трансфертін ұйымдастыру;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) қолданбалы ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қоса қаржыландыруға тарту арқылы жүзеге асырылады.
3. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеудiң осы баптың 2-тармағында белгiленген iс-шаралары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес көзделген бағыттар бойынша қаржыландырылады.
Осы ic-шараларды қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен және мәслихаттардың жергiлiктi бюджет туралы шешiмдерiмен белгiленедi.
10-бап. Агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту
1. Агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамытуды мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беру не мамандандырылған ұйымдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылады.
2. Агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту осы Заңның 9-бабының 3-тармағында көзделген ережелер ескеріле отырып:
1) ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң инфрақұрылымын құру және дамыту;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарының, балық шаруашылығына арналған жабдықтардың және аулау құралдарының лизингi;
3) агроөнеркәсiптiк кешенде кредит берудi жүзеге асыратын кредиттiк серiктестiктердi ұйымдастыру және оларға кредит беру;
4) ауылдық жерлердегi кәсiпкерлiк қызметтiң ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерiне кредит беру;
5) ауыл шаруашылығы өнiмін сатып алу, өндiру, қайта өңдеу және өткізу;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылд (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) жасанды түрде балық өсіру және балық өнімін өңдеу;
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) ауыл халқына микрокредит берудi, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда жеке және заңды тұлғаларға субсидиялар төлеуді ұйымдастыру жасалған шарт негізінде Ұлттық пошта операторының өндірістік объектілері арқылы жүргiзiледi.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1-бап. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамытуды қолдау
1. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамытуды мемлекеттік қолдау сақтандыру сыйақыларын субсидиялау арқылы жүзеге асырылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары (бұдан әрі - сақтандырушылар):
1) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор бекіткен сақтандыру өнімдерінің шеңберінде;
2) сақтандырудың ақпараттық жүйесі арқылы жасасқан агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары субсидиялауға жатады.
3. Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау және агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор көрсететін қызметтерге ақы төлеу үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалатын бюджет қаражаты бөлінеді.
Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор көрсететін қызметтерге ақы төлеуге көзделген қаражат агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мен агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор арасында жасалатын шартқа сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотына аударылуы мүмкін.
4. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы операторға агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мен агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор арасында жасалатын шарт негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган беретін қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі - Ұлттық Банк) ағымдағы шот ашылады.
Уақытша бос қаражат Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттан Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырылуы мүмкін.
Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттың кіріс бөлігі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган шарт негізінде беретін бюджет қаражаты және уақытша бос қаражатты Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан түсетін кірістер есебінен қалыптастырылады.
Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттың шығыс бөлігі Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру сомаларын, сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін өтеуге арналған шығыстарды қамтиды.
Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттағы қаражаттың қаржы жылының соңына есептелетін қалдықтары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтаруға жатпайды, келесі қаржы жылы сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялауға жұмсалады.
5. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың функцияларына:
1) сақтандырудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу және оны қолдап отыру;
2) бюджет қаражатын сақтандыру сыйлықақылары бойынша субсидиялар түрінде бөлу процесін әкімшілендіру;
3) субсидиялауға жататын сақтандыру өнімдерін әзірлеу, сараптама жүргізу және бекіту кіреді. Сақтандыру өнімдерін агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор немесе сақтандырушылар әзірлейді. Субсидиялауға жататын сақтандыру өнімдері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі;
4) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласының мониторингі;
5) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) сарапшылық кеңестің қызметін ұйымдастыру кіреді.
6. Сақтандырудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар:
1) құқықтық және жер кадастрларының деректерімен, сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқормен, рұқсаттар және хабарламалар, жеке және заңды тұлғаларды тіркеу, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік салаларындағы орталық атқарушы органдардың, басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының деректерімен интеграциялану;
2) Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау түсірілімдерін алу және өңдеу мүмкіндігі.
Сақтандырудың ақпараттық жүйесінің функционалы:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне сақтандыру өнімдері және агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушылар жөнінде толық ақпарат орналастырылатын бірыңғай ақпараттық ресурсты ұсыну;
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің сақтандыру өнімін сатып алуға өтінімдер беруі;
3) егер сақтандырудың ақпараттық жүйесінің иесі мен сақтандырушы арасында тиісті келісім жасалған болса, сақтандырушы мен сақтанушы арасында агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру шарттарын жасасу;
4) сақтандыру сыйлықақысының субсидияланатын бөлігіне ақы төлеу үшін жасалған агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру шарттары бойынша тізілімді (деректерді) қалыптастыру;
5) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорға нақты уақыт режимінде электрондық нысанда жасалған агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру шарттары бойынша тізілімді (деректерді) беру;
6) сақтандырушылардың жасалған агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру шарттары шеңберінде сақтандыру сыйлықақылары бойынша субсидияны алуға өтінімдер беруі;
7) электрондық алаңда агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өздері сақтандыруды қалайтын тәуекелдері туралы ақпаратты орналастыру;
8) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру мәселелері бойынша ақпарат алмасу.
11-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау
1. Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн субсидиялау:
1) агроөнеркәсiптiк кешен салаларын дамытуға бағытталған субсидиялаудың экономикалық тиiмдiлігі;
2) өндiрiлген өнiмнiң сапасын және бәсекеге қабілеттілігiн арттыру жағдайында агроөнеркәсiптiк кешен салаларының дамуын экономикалық ынталандыру ретiнде жүзеге асырылады.
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Агронеркәсіптік кешенді субсидиялау агронеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен осы Заңның 9-бабының 3-тармағында көзделген ережелер ескеріле отырып, мынадай бағыттар бойынша: