Уәкілетті орган қарыз алушы - жеке тұлғаның өтінішін оның микроқаржы ұйымына өтініш жасауының дәлелдемесі ұсынылған және микроқаржы ұйымымен микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген кезде қарайды.
Уәкілетті орган «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушы - жеке тұлғаның тұрғынжай болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит беру туралы шарт жөніндегі өтінішін қарау кезеңінде кепілге қойылған мүлікке сотқа талап қоюды беру арқылы өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген талап уәкілетті орган өтінішті өтініш жасалған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен астам қараған, сондай-ақ қарыз алушы - жеке тұлғаның бұрын қаралған мәселе бойынша өтініші қайта берілген жағдайларда қолданылмайды.
Қарыз алушы жеке тұлғаның өтінішін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
5. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген талап қанағаттандырылмаған, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушы - жеке тұлға осы баптың 2-тармағында көзделген құқықтарды іске асырмаған не қарыз алушы - жеке тұлға мен микроқаржы ұйымы арасында микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту бойынша келісім болмаған жағдайларда, микроқаржы ұйымы:
1) қарыз алушыға қатысты шаралар қолдану туралы мәселені қарауға құқылы.
Шаралар қолдану туралы шешім микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;
2) берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге құқылы.
Микрокредит беру туралы шартта қарыз алушы микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуға жол берген жағдайда микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікті тарту құқығы болған кезде берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге жол беріледі;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) микрокредит беру туралы шартта көзделген шараларды қолдануға, оның ішінде сотқа микрокредит беру туралы шарт бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінуге, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікке соттан тыс тәртіппен («Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда) не сот тәртібімен өндіріп алуды қолдануға;
4) сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушы - дара кәсіпкерді, заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы талап қоюмен жүгінуге құқылы.»;
7) 14-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға уәкілетті органды, қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды өзінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы осы тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабардар етеді.»;
7-тармақтың 7) тармақшасының төртінші - оныншы абзацтары 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мынадай:»;
1) тармақшадағы «болып табылса» деген сөздер «болып табылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «жері болса» деген сөздер «жері бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «болып табылса» деген сөздер «болып табылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «болып табылса, дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оларға билік ете алмайды» деген сөздер «болып табылатын тұлға микроқаржы ұйымының ірі қатысушысы бола алмайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 8) тармақшасы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 31-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін 2021 жылғы 1 маусымға дейін өтініш беруге құқылы кредиттік серіктестіктерді қоспағанда, 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін құрылған және 2021 жылғы 1 наурызға дейін уәкілетті органға микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін өтініш бермеген микроқаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастырылуға не таратылуға жатады.».
8. «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
8-тармақтың 1) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Коллекторлық агенттіктің құрылтайшылары құрылатын коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде толық төлеуге міндетті.
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталы тек Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен ғана қалыптастырылады.»;
2) 5-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «телефон» деген сөз «коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланыс жасауға арналған телефон нөмірлерінен телефон» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақшаның бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «бастапқы» деген сөз «әрбір» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «коллекторлық агенттіктің берешекке қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктерін растайтын ақпарат пен құжаттардың көшірмесін» деген сөздер «берешек мөлшерін растайтын құжатты және коллекторлық агенттіктің берешекке қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы - он бесінші абзацтары 2021 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
6) тармақшадағы «коллекторлық агенттіктің (филиалдың, өкілдіктің) тұрған жеріндегі үй-жайларында аудио- немесе» деген сөздер «аудио- немесе аудиотіркеуі бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Борышкермен жасалған банктік қарыз (микрокредит) шартында борышкердің орналасқан жерін және (немесе) байланыс деректерін анықтау шарты болған кезде осындай мақсатта коллекторлық агенттіктің осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған тұлға болып табылмайтын үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасауына жол беріледі.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау кезінде коллекторлық агенттік мынадай ақпаратты:
коллекторлық агенттіктің атауын;
коллекторлық агенттік жұмыскерінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымын;
борышкердің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) хабарлайды.»;
6-тармақтағы «бөлігінің бірінші абзацында» деген сөздер «бөлігінде» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 7-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «мәліметтерді ұсынады.» деген сөздер «мәліметтерді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланыс жасауға арналған телефон нөмірлері туралы мәліметтерді ұсынады.»;
4) 12-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімінің бар-жоғына қойылатын талаптар коллекторлық агенттіктің борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғалармен телефонмен сөйлесулер арқылы өзара іс-қимыл жасайтын жұмыскерлеріне қатысты қолданылмайды.»;
5) 15-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланыс жасауға арналған телефон нөмірлері өзгерген жағдайларда, осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органды хабардар етуге;»;
14) тармақшадағы «коллекторлық агенттіктің (филиалдың, өкілдіктің) тұрған жеріндегі үй-жайларында аудио- немесе» деген сөздер «аудио- немесе аудиотіркеуі бар» деген сөздермен ауыстырылсын.
9-тармақ 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
2-баптың 7-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін 2021 жылғы 1 маусымға дейін өтініш жасауға құқылы кредиттік серіктестіктерді қоспағанда, 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін есептік тіркеуден өткен микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға 2021 жылғы 1 наурызға дейін өтініш жасауға құқылы.».
10-тармақ 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «237) тармақшасының алтыншы - он бірінші абзацтарын» деген сөздер «237) тармақшасының алтыншы - сегізінші абзацтарын» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 7) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын және 8) тармақшасын, 9 және 10-тармақтарын;
2) 2021 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 7-тармағы 1) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарын, 8-тармағы 2) тармақшасының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтарын;
3) 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 5) тармақшасын, 2 және 3-тармақтарын, 7-тармағы 1) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 3), 4), 5) және 6) тармақшаларын;
4) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларын, 8-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы, 2, 3 және 4-тармақтары, 7-тармағы 1) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтары, 3), 4), 5) және 6) тармақшалары бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.
3. 2021 жылғы 1 қазанға дейін төленген, жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу жөніндегі міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткеннен кейін есепке жазылған, қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар), комиссиялар мен өзге де төлемдер, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес және жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредиті бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу жөніндегі міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткеннен кейін есепке жазылған сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар) қайта есептеуге жатпайды.
4. Жеке тұлғалармен жасалған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит беру туралы шарттар бойынша 2021 жылғы 1 қазанға дейін төленген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) не заңды күшіне енген сот шешіміне сәйкес төлеуге жататын тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) қайта есептеуге жатпайды.
5. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін есептік тіркеуден өткен коллекторлық агенттіктер 2021 жылғы 1 тамызға дейін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға борышкерлермен байланыс жасауға арналған телефон нөмірлері туралы ақпарат беруге міндетті.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 24 мамыр
№ 43-VІІ ҚРЗ