Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 ақпандағы № 134 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Арнайы полиция» (шаруашылық жүргізу құқығында) және «Ақпараттық-өндірістік орталық» (шаруашылық жүргізу құқығында) республикалық мемлекеттік кәсіпорындары құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2013.01.08. № 759 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметінің негізгі мәні:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін дайындау;
2) құжаттарды дайындау жүйесінің ықпалдастырылған деректер банкін жинақтау және жүргізу;
3) көші-қон процестерін есепке алу бойынша жұмыстарды автоматтандыру;
4) ішкі істер органдары үшін бағдарламалық-техникалық өнімдерді (компьютерлік бағдарламаларды, жабдықтарды, байланыс құралдарын, ақпараттық жүйелерді) әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу жөніндегі қызмет болып табылады.
2. Мыналар:
1) «Сақшы-На страже» апталық республикалық газеттерінің біріккен редакциясы» мекемесі;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік күзет қызметі департаменті шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Қазақстан санаторийі» мемлекеттік мекемесі (Алматы қаласы);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Арман» санаторийі» мекемесі (Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Көктерек поселкесі);
«Жеке батыр» санаторийі» мекесі (Солтүстік Қазақстан облысы Шучье ауданының Шучье қаласы) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
ҚР Үкіметінің 2013.01.08. № 759 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі осы қаулыға сәйкес құрылатын және қайта ұйымдастырылатын кәсіпорындарға (бұдан әрі - кәсіпорындар) қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» заң күші бар Жарлығының 18-бабының талаптарын ескере отырып, Кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін және оларды тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) Кәсіпорындардың жарғылық капиталдарын қалыптастырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі