2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Тіркеу куәлігі иесінің құқықтары мен міндеттері
1. Егер тіркеу куәлігінің иесі тіркеу куәлігінде аталған ашық кілтке сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне қол жеткізу режимі бұзылады деп санаса, ол куәландырушы орталықтан тіркеу куәлігін кері қайтарып алуды талап етуге құқылы.
2. Тіркеу куәлігінің иесі:
1) куәландырушы орталыққа дұрыс ақпарат беруге;
2) тіркеу куәлігінде аталған ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті пайдалануға;
3) 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) электрондық цифрлық қолтаңбаның өздеріне тиесілі жабық кілтін заңсыз қол жеткізу мен пайдаланудан қорғау үшін шаралар қолдануға, сондай-ақ ашық кілттерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сақтауға міндетті.
18-бап. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тіркеу куәлігін берген куәландырушы орталық тиісті хабарлама негізінде оны мынадай жағдайларда:
1) тіркеу куәлігі иесінің немесе онын өкілінің талап етуі бойынша;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) тіркеу куәлігін алған кезде анық емес мәліметтер беру фактісі анықталғанда;
2) тіркеу куәлігінің иесі қайтыс болғанда;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) тіркеу куәлігін иеленушінің тегі, аты немесе әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) өзгергенде;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды
2-2) тіркеу куәлігін иеленуші - заңды тұлғаның атауы ауысқанда, ол қайта ұйымдастырылғанда, таратылғанда;
3) 2011.21.07. № 468-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) куәлаңдырушы орталық пен тіркеу куәлігінің иесі арасыңдағы келісімде көзделген жағдайларда;
5) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша кері қайтарып алады.
2. Куәландырушы орталық тіркеу куәлігін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде кері қайтарып алады.
3. Тіркеу куәлігін жою кезінде куәландырушы орталық тіркеу куәлігінің иесін хабардар етуге және тиісті ақпаратты алған кезден бастап кемінде бір күн мерзімде тіркеу куәліктерінің тіркеліміне өзгерістер енгізуге міндетті.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-бап. Шетелдiк тiркеу куәлiктерiн тану
Шетелдiк тiркеу куәлiгi мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес;
2) шетелдік куәландырушы орталықтар Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелгеннен кейін;
3) шет мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тараптары Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелгеннен кейiн куәландырушы орталық берген, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын тiркеу куәлiгiмен қатар танылады.
5-тарау. Куәландырушы орталық
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Куәландырушы орталықтың қызметi
1. Куәландырушы орталық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады.
2. Куәландырушы орталық электрондық құжат айналымының бірнеше жүйесiне қызмет көрсете алады.
20-1-бап. 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 20-2-баппен толықтырылды
20-2-бап. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу куәландырушы орталықтардың (Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын қоспағанда) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруы үшін міндетті шарт болып табылады. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган аккредиттеуді Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын куәландырушы орталықтарға қатысты жүзеге асырады.
2. Егер куәландырушы орталықтың өтінішінде анағұрлым қысқа мерзім көрсетілмесе, куәландырушы орталықты аккредиттеу үш жыл мерзімге тегін негізде жүзеге асырылады.
21-бап. Куәландырушы орталықтың функциялары
1. Куәландырушы орталық:
1) электрондық цифрлык қолтаңбаның жабық кілттерін заңсыз қол жеткізуден қорғау үшін шаралар қолдана отырып, электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылардың өтініші бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаның кілттерін жасайды;
2) тіркеү күәліктерін береді, тіркейді, кері қайтарып алады, сақтайды,белгіленген тәртіппен берілген тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізеді;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) тіркеу куәлігінің әрбір үлгісі үшін тіркеу куәлігін қолдану қағидаларын бекітеді;
3) қолданылып жүрген және кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерін есепке алуды жүзеге асырады;
4) куәлаңдырушы орталық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тіркеген электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растайды;
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Куәлаңдырушы орталық сақтауда тұрған электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілттері жоғалуының, модификациялануының және қолдан жасалуының алдын алу ұшін қажетті барлык шараларды қолдануға міндетті.
3. Куәлаңдырушы орталық осы баптың 2-тармағында көзделген міндетті орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы негізгі куәландырушы орталығының функцияларын жүзеге асыруды «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы қамтамасыз етеді.
22-бап. Куәландырушы орталықтың қызметін тоқтату
1. Куәландырушы орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтатылады.
2. Куәландырушы орталық қызметін тоқтатқан жағдайда өз қызметін тоқтатудан отыз күн бұрын өзі қызмет көрсететін электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылардың бәрін және уәкілетті органды бұл туралы хабардар етуге міндетті.
3. Куәландырушы орталықтың қызметін токтату кезінде ол берген тіркеу куәліктері мен электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті кілттері, тіркеу куәліктерінін иелері туралы мәліметтер тіркеу куәлігінің иесімен келісіле отырып, басқа куәландырушы орталықтарға беріледі.
4. Осы баптың 2-тармағында аталған мерзім өткеннен кейін басқа куәландырушы орталықтарға берілмеген тіркеу куәліктері мен электрондық цифрлық колтаңбаның тиісті кілттері қолданылуын тоқтатады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақталуға тиіс.
23-бап. Тіркеу куәліктерінің иелері, электрондық цифрлық колтаңбаның жабық және ашық кілттері туралы мәліметтерді қорғау
1. Куәландырушы орталық тіркеу куәліктерінің иелері туралы мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді және оларды Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда ашады.
2. Тараптардың келісіміне сәйкес жасырын болып табылатын тіркеу куәліктерінің иелері туралы мәліметтер тіркеу куәліктерінің жалпы қол жететін тіркеліміне енгізілмейді.
6-тарау. Қорытынды ережелер
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Қазакстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікте болады.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда электрондық құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.
25-бап. Дауларды қарау
Электрондық құжатты және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану кезінде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртібімен қаралуға тиіс.
26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2003 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының