4) кәмелетке толмағандарға бағытталмауға;
5) шараптың емдік қасиеттері бар деп сендірмеуге, оны шамадан тыс тұтынуды көтермелемеуге;
6) шарапты тұтынудан тартынуды айыптамауға;
7) шарапты тұтыну өзара қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді деп сендірмеуге тиіс.
15-бап. Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды қорғау
Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды олардың сенiмiн және тәжiрибесiнiң жоқтығын терiс пайдаланудан қорғау мақсатында:
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) ата-ананың, тәрбиешілердің, педагогтардың беделiн түсiруге, кәмелетке толмағандардың оларға деген сенiмiн жоғалтуға;
2) ата-ананы немесе басқа да адамдарды жарнамаланатын өнiмдi сатып алуға иландыра шақыратын тiкелей ұсыныс жасауға;
3) белгiлi бiр өнiмге ие болу басқалармен салыстырғанда қандай да болсын артықшылық беретiнiн, сондай-ақ қолда ондай өнiмнiң болмауы керiсiнше жағдайға алып келетiнiн кәмелетке толмағандарға тiкелей көрсетуге;
4) кәмелетке толмағандарды қауiптi орындар мен жағдайларда көрсету алдын алу мақсаттарында ақталмаса, оны мәтiндiк, көрнекi немесе дыбыстық ақпараттарды жарнамада орналастыруға;
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) әлеуметтік жарнаманы және кәмелетке толмағандарға арналған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ кәмелетке толмағандардың физикалық, психикалық денсаулығы мен адамгершілігіне зиянды әсер етуге алып келмейтін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын қоспағанда, кәмелетке толмағандардың бейнелерін жарнамада көрнекі немесе дыбыстық пайдалануға;
6) өнiмдi пайдалану нәтижелерi көрсетiлген немесе сипатталған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың өнiмдi пайдалану дағдыларының қажеттi деңгейiн кемiтiп көрсетуге жол берiлмейдi. Жарнама өнiм арналған жас мөлшерi тобындағы кәмелетке толмағандар үшiн нақты қол жеткiзуге болатын ақпарат беруге тиiс;
7) кәмелетке толмағандардың бойында кәмелетке толмағандарға арналған өнiмнiң құны (бағасы) туралы шындыққа жанаспайтын (бұрмаланған) түсiнiк қалыптастыруға, сондай-ақ жарнамаланатын өнiмге кез келген отбасы бюджетi қол жеткiзе алады деген тiкелей немесе жанама нұсқауға жол берiлмейдi.
16-бап. Жарнамасы бар материалдарды сақтау мерзiмдерi
Жарнамасы бар материалдарды немесе олардың көшiрмелерiн, оларға кейiннен енгiзiлетiн өзгерiстердiң бәрiн қоса алғанда, жарнама берушi, жарнама жасаушы бiр жыл бойы, жарнама таратушы - жарнама соңғы таратылған, орналастырылған күннен бастап кемiнде бiр ай бойы сақтауға мiндеттi.
3-тарау. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу
17-бап. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу деп Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес белгiленетiн жарнама жасауды, таратуды және орналастыруды бақылау түсiнiледi.
Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеудi жарнама саласындағы уәкілетті орган, жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өздерінің құзыреті шегiнде жүзеге асырады.
2. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеудiң негiзгi мақсаттары:
1) ұлттық мүдделердi қорғау;
2) жөнсiз жарнаманы, сондай-ақ қоғамдық құндылықтар мен жалпыға бiрдей қабылданған мораль және адамгершiлiк нормаларына қол сұғатын жарнаманы болғызбау және оларға жол бермеу;
3) жосықсыз бәсекеден қорғау болып табылады.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырлды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
3. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырлды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Жарнама таратушылардың және жарнама берушілердің қызметі жарнама саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау объектісі болып табылады.
Жарнама таратушылар және жарнама берушілер бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау субъектілері болып табылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жіберіледі.
Ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырыс хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
3) электрондық тәсілмен - мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау айына екі реттен жиілетпей жүргізіледі.
2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 17-1 баппен толықтырлды; 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 17-1-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-1-бап. Жарнама саласындағы уәкiлеттi органның және жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдардың құзыреті
1. Жарнама саласындағы уәкiлеттi орган:
1) сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерде орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларын бекітеді;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде:
1) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5. Жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
1) жарнама саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 17-2-баппен толықтырлды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 17-2-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-2-бап өзгертілді; 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 17-2-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-2-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті
1. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы және облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру туралы хабарламалар қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекітеді;
2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) хабардар етпей орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнаманы және ғимараттар (құрылысжайлар) меншік иелерінің, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе кондоминиум объектісін басқару органының, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалардың келісімінсіз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін анықтайды;
4) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар береді;
5) сыртқы (көрнекі) жарнаманың республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде нақты орналастырылғанын орналастыру орнын, жарнама таратушының атауын және орналастыру фактісі анықталған күнді міндетті түрде көрсете отырып, оның орналастырылу фактісін бір рет фото немесе бейне растау жолымен анықтайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
2. Ауданның жергілікті атқарушы органдары:
1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру туралы хабарламалар қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) хабардар етпей орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнаманы және ғимараттар (құрылысжайлар) меншік иелерінің, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе кондоминиум объектісін басқару органының, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалардың келісімінсіз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін анықтайды;
4) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар береді;
5) сыртқы (көрнекі) жарнаманың аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде нақты орналастырылғанын орналастыру орнын, жарнама таратушының атауын және орналастыру фактісі анықталған күнді міндетті түрде көрсете отырып, оның орналастырылу фактісін бір рет фото немесе бейне растау жолымен анықтайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидалары негізінде жарнама саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды әзірлейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарына бекітуге ұсынады.
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы Заңда және «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті өкілді және атқарушы органдарға сыртқы (көрнекi) жарнаманы реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдауға тыйым салынады.
18-бап. Жарнамалық ақпарат беру
Осы Заңның талаптары орындалмаған жағдайда уәкiлетті органдардың талап етуi бойынша жарнама берушi, жарнама жасаушы және жарнама таратушы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жарнамалық ақпараттың құжаттық растамасын беруге мiндеттi.
Егер жарнама берушi, ескертуге қарамастан, өзiнiң жарнамаға қоятын талабын өзгертпесе не өзiнiң жарнамалық ақпаратының дәйектi екендiгiне құжаттық растама тапсырмаса не жарнаманы жөнсiз жасауы мүмкiн өзге де мән-жайларды жоймаса, жарнама жасаушы және (немесе) жарнама таратушы, егер шартта өзгеше көзделмесе, белгiленген тәртiппен шартты бұзуға және залалдың толық өтелуiн талап етуге құқылы.
19-бап. Терiске шығару
1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзу фактiсi анықталған жағдайда, бұзушылыққа жол берген тұлға мұндай жарнаманы таратуды, орналастыруды дереу тоқтатуға және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен терiске шығаруды жүзеге асыруға мiндеттi. Бұл ретте терiске шығару жөніндегі шығыстардың бәрiн бұзушылыққа жол берген тұлға көтередi.
2. Терiске шығару нақ сол тарату, орналастыру құралдарымен және тәсiлдерiмен терiске шығарылатын жөнсiз жарнама сияқты, ұзақтығының, кеңiстiгiнiң, орны мен тәртібінiң нақ сондай сипаттамалары мен өлшемдерi пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
3. Егер терiске шығару белгіленген мерзiмде жүзеге асырылмаса, онда уәкiлетті органның шешiмi бойынша терiске шығаруды жарнама туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол берген және белгiленген мерзiмде терiске шығаруды жүзеге асырмаған тұлғаға келтiрiлген шығындарды өтеу туралы керi талап қою (регресс) құқығы бар жарнама таратушылар жүзеге асыруға тиiс.
20-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманың мазмұнына қатысты бұзылғаны үшiн, егер ол жарнама жасаушының не жарнама таратушының кiнәсiнен болғаны дәлелденбесе, жарнама берушi жауапты болады.
2. Жарнама жасаушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманы ресiмдеуге немесе жасауға қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады.
3. Жарнама таратушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнама таратудың, орналастырудың уақытына, орнына және тәсiлiне қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады.
4. Осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында аталған тұлғалардың жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен туындайды.
21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының