Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауларына байланысты олардың мүлкіне келтірілген залал, сондай-ақ сыртқы барлау органы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарының (ата-аналарының, балаларының, асырап алушыларының, асырап алынған балаларының, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерiнің және апа-сiңлiлерiнің, қарындастарының, аталарының, әжелерiнің, немерелерiнің) денсаулығына және мүлкіне келтірілген залал бюджет қаражаты есебінен толық көлемде өтеледі. Залалды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің құқығы
Сыртқы барлау органының қызметкерлеріне қару мен арнайы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы берiледi. Олар дене күшiн, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдануға да құқылы. Қаруды, арнайы құралдарды және дене күшiн қолдану тәртiбi осы Заңда айқындалады.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы қолдану шарттары мен шектері
1. Сыртқы барлау органының қызметкерлері арнайы дайындықтан өтуге, дене күшін, арнайы құралдар мен қаруды қолдануға байланысты жағдайлардағы іс-қимылдарға жарамдылығын кезең-кезеңмен тексеруден өтуге міндетті.
2. Қажеттi қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында немесе қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде сыртқы барлау органының қызметкері өзінде арнайы құралдар немесе қару болмаған жағдайда қолына түскен кез келген құралдарды, сондай-ақ осы Заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қарулануға алынбаған басқа қаруды қолдануға құқылы.
3. Егер қорғау күзетілетін адамдарға, басқа азаматтарға, күзетілетін объектілерге немесе сыртқы барлау органы қызметкерінің өзіне қол сұғудың сипаты мен қауіптілігіне сәйкес келетін болса, сыртық барлау органының қызметкері заңдарда көзделген жағдайларда дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы қолдануға байланысты келтірілген моральдық, материалдық зиян және дене зақымы үшін жауаптылықта болмайды.
4. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы өкілеттігін асыра қолдануы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
5. Терроризмге қарсы операциялар жүргізу аймағында терроризмге қарсы операцияға қатысушы сыртқы барлау органы қызметкерлерінің террористерге қатысты дене күшін, жауынгерлік және өзге да техниканы, қару мен арнайы құралдарды, оның ішінде қызметтік жануарларды осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген ескертусіз және шектеусіз қолдануға құқығы бар.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды
16-1-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің дене күшін қолдануы
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің азаматтардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына, бостандығына, жеке басының қадір-қасиетіне, олардың және мемлекеттің меншігіне және қорғалатын мүдделеріне қол сұғатын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу, құқық бұзушылықтардың сипаты мен нақты жағдайларды ескере отырып, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған адамдарды ұстап алу, заңды талаптарға қарсы іс-қимылды еңсеру үшін, егер күш қолданбау тәсілдері сыртқы барлау органына жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етпесе, дене күшiн, оның iшiнде жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдануға құқығы бар.
2. Сыртқы барлау органы қызметкерінің осы Заңда арнайы құралдарды немесе қаруды қолдану рұқсат етілген барлық жағдайларда дене күшiн қолдануға құқығы бар.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 16-2-баппен толықтырылды
16-2-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдануы
1. Сыртқы барлау органының қызметкерлері қарулануға алынған арнайы құралдарды мынадай жағдайларда:
1) азаматтарға және күзетілетін адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшін;
2) сыртқы барлау органы күзететін ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайларға, басқа да объектілер мен көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшін, сол сияқты оларды басып алған жағдайда осы объектілер мен құралдарды босату үшін;
3) қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу үшін;
4) қару, оқ-дәрі, жарылғыш, улы және радиоактивті заттарды заңсыз ұстаушы адамдарды қарусыздандыру үшін;
5) сыртқы барлау органының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелерiне не күзет іс-шараларын қамтамасыз етуге тартылған басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшін;
6) құқық бұзушыларды, сыртқы барлау органының немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне өздерiне жүктелген қызметтік мiндеттердi атқаруға қарсылық көрсететін немесе қасақана кедергі келтіретін адамдарды ұстау үшін;
7) егер ұсталған, қамауға алынған адамдар, сондай-ақ сотталған, күдiктi және айыпталушы адамдардың қашып кетуi немесе айналасындағыларға немесе өзiнің денсаулығына зиян келтіруі мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса, оларды күзетпен апару және күзету кезінде, сондай-ақ сыртқы барлау органы қызметкерлерінiң өздерiне заңмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруына кедергі келтіретін адамдарға қатысты;
8) кепілге алынған адамдарды босату, азаматтардың, күзетілетін адамдар мен объектілердің өміріне, денсаулығына, құқықтарына, бостандығына, жеке басының абыройы мен меншігіне қол сұғатын жаппай тәртіпсіздіктің, топтық іс-әрекеттердің жолын кесу үшін;
9) егер басқа тәсілдермен күзетілетін адамдар үшін нақты қауіпті тойтару мүмкін болмаса, жүргізушісі сыртқы барлау органы қызметкерінің тоқтау туралы талабын орындамаған көлік құралын тоқтату үшін;
10) қажеттi қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында қолдануға құқылы.
2. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің, азаматтар мен күзетілетін адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн шабуыл, топтық шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, күзетілетін адамға бағыттап, сондай-ақ жүктілік белгілері анық білінетін әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнетін адамдарға және жас балаларға қатысты арнайы құралдар мен жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдануға тыйым салынады.
3. Сыртқы барлау органы қолданатын арнайы құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 16-3-баппен толықтырылды
16-3-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің қару қолдануы және жауынгерлік техниканы пайдалануы
1. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің қару мен жауынгерлiк техниканы соңғы шара ретiнде мынадай:
1) азаматтарға, күзетiлетiн адамдарға, сондай-ақ күзету сыртқы барлау органының қызметкерлеріне тапсырылған басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
2) сыртқы барлау органы күзететiн ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайлар мен басқа да объектiлерге және көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшін;
3) сыртқы барлау органының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелерiне, осы орган күзет іс-шараларын қамтамасыз етуге тартқан басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн, сондай-ақ сыртқы барлау органының қаруын, көлік құралын, арнайы және жауынгерлік техникасын тартып алу әрекеттерінің жолын кесу үшін;
4) азаматтарды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сондай-ақ кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттарды және арнаулы жүктердi босату үшiн;
5) қылмыс жасау кезiнде не тiкелей қылмыс жасағаннан кейiн үстiнен түскен, қарулы қарсылық көрсеткен адамдарды, сондай-ақ өзіндегі қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш, улы және радиоактивті заттарды тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн;
6) сыртқы белгілері мен іс-әрекеттерінің жиынтығы басқа азаматтардың, күзетілетін адамдардың және сыртқы барлау органы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына төндіретін нақты қауіптің болуын куәландыратын адамдарды оқшаулау және ұстау үшін;
7) қылмыс жасады деп күдік туғызатын және айыпталатын адамдардың қамауда отырған жерден қашуының немесе қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған адамдардың, оларға қатысты қамауға алу түріндегі жаза қолданылған, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың күзетуден қашуының, сондай-ақ аталған адамдарды күшпен босатуға ұмтылудың жолын кесу үшін;
8) егер жүргiзушiсi күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауіп тудырса және сыртқы барлау органы қызметкерінің тоқтау бойынша тоқтаудан бас тартса, көлiк құралын тоқтату үшiн;
9) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн;
10) дабыл белгісін беру немесе көмекке шақыру үшін;
11) қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында қолдануға құқығы бар.
2. Азаматтардың, сыртқы барлау органы қызметкерлері мен күзетілетін адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiретiн, сондай-ақ олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, топтық шабуыл жасаған, кепілге адамдарды, объектілерді, көлік құралдарын, оның ішінде әуе кемелерін алған жағдайларды қоспағанда, күзетілетін адамға бағыттап, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнетін адамдарға және кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қару қолдануға тыйым салынады.
3. Сыртқы барлау органының қызметкерлері қару қолданған барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және зардап шеккендерге кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шараларды қолдануға, қару қолданғаны туралы тікелей бастығына баяндауға мiндеттi.
4. Адамдардың өліміне немесе өзге де ауыр салдарларға әкеп соққан қару, арнайы құралдар, дене күшін қолданудың әрбір жағдайы туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарланады.
5. Сыртқы барлау органының қарулануында тұрған қарудың, жауынгерлік техниканың түрлері мен ұрыс оқ-дәрiлері жиынтығының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң жауаптылығы
Сыртқы барлау органының қызметкерлерi өз қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн және заңсыз iс-әрекеттерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
18-бап. Сыртқы барлау субъектілеріне жасырын көмек көрсететін адамдар
1. Барлау қызметінің мақсаттарына қол жеткізу үшін сыртқы барлау субъектілері ақы төленбейтін не ақылы негізде оларға жасырын көмек көрсетуге келісімін берген, кәмелеттік жасқа толған әрекетке қабілетті адамдармен жария емес ынтымақтастық қатынастарын орнатады. Аталған адамдармен өзара қарым-қатынастар тәртібі сыртқы барлау субъектілерінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.
2. Сыртқы барлау субъектілеріне жасырын көмек көрсететін (көрсеткен) адамдардың және олардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлау субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асырады.
Сыртқы барлау субъектілеріне жасырын көмек көрсететін (көрсеткен) адамдарды қорғауды өзге мемлекеттік органдар сыртқы барлау субъектілерімен өзара іс-қимыл тәртібі арқылы жүзеге асыруы мүмкін.
3-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
19-бап. Сыртқы барлау органын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Сыртқы барлау органының қызметін қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
20-бап. Сыртқы барлау субъектілерінің қызметін ведомстволық бақылау
Сыртқы барлау субъектілерінің қызметін ведомостволық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына жүктеледі.
21-бап. Сыртқы барлау субъектілерінің қызметін прокурорлық қадағалау
Қазақстан Республикасының аумағында сыртқы барлау туралы нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен ол уәкілеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының сыртқы барлау субъектілеріне жасырын жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдар туралы мәліметтер прокурорлық қадағалау нысанына кірмейді.
22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2010 жылғы мамырдың 22-сі.
№ 277-ІV ҚРЗ