20) аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
21) құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруды қамтамасыз етеді;
22) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
23) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
24) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
25) өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26) бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді жасасу және бұзу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
27) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
28) басым тауарлар тізбесін әзірлейді және бекітеді;
29) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
30) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлейді;
31) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесіне кіретін функционалдық және ақпараттық сервистердің тізбесін әзірлейді;
32) индустриялық дамуды бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
33) өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы және өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің Индустрия 4.0-ді енгізуі жөніндегі саясатты іске асыруды үйлестіреді;
34) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар базасын, өнеркәсіптегі кадр әлеуетін дамыту бойынша өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу елішілік құндылық мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесін бекітеді;
36) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
37) Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып, өнеркәсіптік тауарлардың еуразиялық тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
38) Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып, өнеркәсіптік тауарлардың еуразиялық тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл жасау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
9-баптың 39) тармақшасы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді
39) түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті реттеуді:
түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды белгілеу;
түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сатып алынған және өткізілген сынығы мен қалдықтары туралы есептілігінің нысанын және оны ұсыну мерзімдерін айқындау арқылы жүзеге асырады;
40) өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
41) өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның ұлттық жүйелерін дамытуға, оның ішінде өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның халықаралық жүйелеріне қатысу шеңберінде жәрдемдеседі;
42) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Сыртқа сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган:
1) өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
3) сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
4) құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты дамыту мен ілгерілетуді жүзеге асырады;
5) шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша салалық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды және олардың жұмысын үйлестіреді;
2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының қабылданған халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі шараларды әзірлейді және бекітеді;
2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсаттары үшін өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) өңірдің өнеркәсіптік саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетеді;
3) тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу елішілік құндылық мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесіне сәйкес ұйымдардың сатып алуындағы елішілік құндылық бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде береді;
4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы ақпаратты береді;
5) индустриялық даму бойынша Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуге қатысады;
6) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында өңірдің индустриялық дамуы туралы баяндайды;
7) осы Заңға сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетеді;
8) бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың іске асырылуын үйлестіруді жүзеге асырады және тоқсан сайын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға ақпарат береді;
9) осы Заңның 53-бабына сәйкес сауда қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды әзірлейді;
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12-бап. Өзге мемлекеттік органдардың құзыреті
Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
1) өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдарға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру және инновацияларды қолдау шараларын іске асыру туралы ақпарат береді;
3) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға шикізаттық емес экспортты ілгерілету бойынша ақпарат береді;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі шараларды әзірлейді және оны ілгерілетуді жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруды қамтамасыз етеді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13-бап. Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін ынталандыру саласындағы ұлттық даму институты:
1) жаңа өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды жасау үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына, сондай-ақ өзге де заңды тұлғаларды құру арқылы инвестицияларды жүзеге асырады;
2) ұлттық даму институттарынан, екінші деңгейдегі банктерден және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын және (немесе) оларға қатысатын ұлттық басқарушы холдингтерге тікелей не жанама түрде тиесілі өзге де заңды тұлғалардан кредиттер (қарыздар) бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алады;
3) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін қаржылық-экономикалық сауықтыру, сондай-ақ экономиканың басым секторларының экономикалық белсенділігі мен инвестициялық тартымдылығын ынталандыру және қалпына келтіру жөніндегі мынадай іс-шаралар кешенін:
берешекті қайта құрылымдауды;
жарғылық капиталдарға инвестицияларды;
стратегиялық және институционалдық инвесторларды іздеуді және тартуды;
өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін қаржылық-экономикалық сауықтыруға ықпал ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ынталандыру түрлерін тұжырымдайды және іске асырады.
2. Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты:
1) өңдеу өнеркәсібін дамытуды, өңірлерді өнеркәсіптік-инновациялық дамытуды, өнеркәсіптің цифрлық трансформациясын және Индустрия 4.0-ді енгізуді қоса алғанда, экономика секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға:
басым тауарлар тізбесі бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
бірыңғай индустрияландыру картасын қолдап отыру;
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алушыларға өнеркәсіптік гранттар беру;
бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді іріктеуді жүргізу, қолдап отыру, іске асырылуын мониторингтеу және талдау;
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін талдау;
сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішін ара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің отандық тауар лары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері қабылдайтын қарсы міндеттемелерді мониторингілеуді қоспағанда, қарсы міндеттемелерді мониторингілеу;
индустриялық дамуды бағалауды жүргізу;
өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы және өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің Индустрия 4.0-ді енгізуі жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, сондай-ақ ұсынымдарды іске асыру кезінде қолдап отыру бойынша қызметтер көрсетеді;
3) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;
4) аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну және аумақтық кластерлерді дамыту процестерін қолдап отыру бойынша қызметтер көрсетеді;
5) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетеді;
6) мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінен алынған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру жөніндегі статистикалық ақпарат пен деректерге талдау жүргізуді көздейтін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру, сондай-ақ ұсыныстар мен сараптама қорытындыларын әзірлеу бойынша қызметтер көрсетеді;
7) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарында жұмыс орындарын құруға және олардың кадрларға деген қажеттілігіне мониторинг пен талдау жүргізеді.
3. Елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институты:
1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді;
2) елішілік құндылықты дамыту және мониторингтеу саласында ақпараттық-талдамалық, консультациялық, оның ішінде елішілік құндылықты сараптау бойынша қызметтер көрсетеді;
3) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға:
өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну;
өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін ішкі нарықта сервистік қолдау бойынша, оның ішінде елішілік құндылықты дамытуға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған ақпараттық жүйелерді қолдап отыру бойынша қызметтер көрсетеді;
4) субконтрактация орталығы болып табылады.
Субконтрактация деп өндірістік қызметті оңтайландыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындар қолданатын өндірістік (өнеркәсіптік) аутсорсинг нысандарының бірі түсініледі.
4. 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты:
1) сыртқы нарықтарға талдау жүргізеді;
2) өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша жәрдем көрсетеді;
3) отандық экспорттаушылардың сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлеуетті экспорттау нарықтарын іздеу және олардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселелері бойынша оларға ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
4) өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі іс-шараларды өткізеді;
5) өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселелері бойынша отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
6) өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету мақсатында шетелдік өкілдіктерді құрады және (немесе) шетелдік өкілдерді тағайындайды;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспорттық саудалық және экспорт алдындағы қаржыландыруды, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі мәмілелерді сақтандыруды және қайта сақтандыруды, кепілдік беруді жүзеге асырады;
8) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесі бойынша ұсыныстарды әзірлейді және сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізеді;
2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган мен шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде, сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резидентінде - екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
Қаржы жылының соңына есептелетін ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, келесі қаржы жылында өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге жұмсалады;
2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес, сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға қызметтер көрсетеді;
2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
10-2) өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес, сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері қабылдайтын қарсы міндеттемелерді мониторингілеуді жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де сервистік қолдау шараларын ұсынады.
6. Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг:
1) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру және инновацияларды қолдау салаларындағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруға қатысады;
2) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді.
14-бап. Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия
1. Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеті:
1) стратегиялық басымдықтары мен негізгі индикаторларын айқындау бөлігінде өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру;
2) өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру;
3) өңдеу өнеркәсібі саласындағы өнеркәсіптік саясатты, оның ішінде кластерлік бастаманы іске асыруға қатысты тұжырымдамалық тәсілдер;
4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын енгізу, күшін жою және қайта қарау;
5) өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерін енгізу;
6) елдегі индустриялық ахуалды жақсарту;
7) өнеркәсіптегі инновациялық және технологиялық дамуға жәрдемдесу бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау болып табылады.
2. Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады және алады;
2) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдарын өз отырыстарына шақырады, сондай-ақ тыңдайды;
3) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жанынан жұмыс және сараптама топтарын құрады, оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
4) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, жұмыс және сараптама топтарының жұмыс жоспарларын бекітеді;
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) өнеркәсіптік саясат мәселелерін қозғайтын реттеушілік саясаттың консультациялық құжаттарын, заң жобаларын, өзге нормативтік құқықтық актілердің және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларын қарайды;
6) мемлекеттік органдар арасындағы өнеркәсіптік саясат мәселелері жөніндегі қайшылықтар бойынша шешімдер қабылдайды;
7) өнеркәсіптік саясатты іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы, стандарттау саласындағы және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын іске асыру туралы ақпаратты тыңдайды;
8) өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық ұйымдардағы келіссөз ұстанымын дайындауды жүзеге асырады;