Уәкілетті органның Басқармасы алты адамнан тұрады.
Уәкілетті орган Басқармасының құрамына уәкілетті органның Төрағасы, уәкілетті органның үш лауазымды адамы, Қазақстан Республикасының Президентiнен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен бір-бір өкiл кiредi.
Қазақстан Республикасының Президентiнен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен және уәкілетті органнан уәкілетті орган Басқармасының мүшелерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы және уәкілетті органның Төрағасы тағайындайды және босатады.
6-7-бап. Уәкілетті орган Басқармасының отырыстары
Уәкілетті орган Басқармасының отырыстары уәкілетті органның Төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес қажеттілігіне қарай өткiзiледi.
Уәкілетті орган Басқармасының кезектен тыс отырыстары уәкілетті орган Төрағасының немесе Басқарманың екі мүшесiнiң талап етуi бойынша өткізіледі.
Уәкілетті орган Басқармасының мүшелерi Басқарма отырыстарының тағайындалғаны туралы уақтылы хабардар етiледi.
Уәкілетті орган Басқармасының отырысын - уәкілетті органның Төрағасы, ал ол болмаған кезде оны алмастыратын адам өткiзедi.
Басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде уәкілетті органның Басқармасы шешiм қабылдауға құқылы, олардың қатарында уәкілетті органның Төрағасы не оны алмастыратын адам болуға тиiс.
Уәкілетті орган Басқармасының шешiмi Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда уәкілетті орган Төрағасының даусы шешушi болып табылады.
Уәкілетті органның Төрағасы өзi бiлдiрген қарсылығын қосып, Басқарма шешiмiн бір апта мерзiмнен кешiктiрмей қайта талқылау және дауыс беру үшiн қайтаруға құқылы. Егер Басқарма бұрын қабылданған шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының үштен екi даусымен растаса, уәкілетті орган Төрағасы шешiмге қол қояды.
Басқарма өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-тарау. Уәкілетті органның міндеттері, функциялары және өкілеттіктері
7-бап. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi
1. Уәкiлеттi органның мiндеттерi:
1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеу жөніндегі шараларды iске асыру;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының тиiстi түрлерiнiң адал бәсекелестiк принциптерiнде жұмыс iстеуi үшiн тең жағдай жасау;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) қаржы ұйымдарының қызметiн реттеу, бақылау және қадағалау стандарттары мен әдiстерiнiң деңгейiн арттыру, олар қабылдаған мiндеттемелердiң уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды пайдалану болып табылады.
2. Уәкiлеттi орган осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген өзге де мiндеттердi iске асыруды қамтамасыз етедi.
11.06.04 ж. № 562-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді
9-бап. Уәкiлеттi органның функциялары мен өкiлеттiктерi
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уәкiлеттi орган осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге тұлғалардың қызметiн мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау мақсатында:
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашуға (құруға), оларды ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, оның ішінде банк және сақтандыру холдингтерін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсаттар бередi, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды беру тәртiбiн айқындайды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерi лауазымдарына адамдарды сайлауға (тағайындауға) келісім бередi не келісім беруден бас тартады, сондай-ақ аталған келісімдi берудiң не мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, беруден бас тартудың тәртібін айқындайды;
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-1) - 3-4) тармақшалармен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-2) коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеуді және олардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;
3-3) кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні береді;
3-4) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
3-4) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және Ұлттық пошта операторының үй-жайларды жайластыруға қойылатын талаптарды сақтауына бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары, қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағында орындалуы мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшiн, оның iшiнде шоғырландырылған негiзде пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;
5-1) банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломераттарының қабылдайтын тәуекелдерін ескере отырып, олардың уәкілетті органның талаптарын орындауын айқындауға арналған ішкі рәсімдерді бекітеді;
6) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
6-1) құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және Қазақстан Даму Банкінің бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру тәртібін сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
7) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 2005.23.12. № 107-III Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-1) қаржы ұйымдары, банк және сақтандыру холдингтері акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда және шекте, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және аудиторлық ұйымды тарта отырып, осы Заңның 15-1-бабының 1-тармағында аталған қаржы ұйымдарының және өзге де тұлғалардың қызметiн тексередi;
8-1) қаржы рыногында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы уәкілетті органға өтініш білдірген заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде тексереді;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды
8-2) қаржы ұйымдарының, олардың ірі қатысушыларының, банк және сақтандыру холдингтерінің, банк конгломераты мен сақтандыру тобына кіретін ұйымдардың, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қашықтықтан қадағалауды, оның ішінде шоғырландырылған негізде жүзеге асырады;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
9) қаржы ұйымдарына және өзге де ұйымдарға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де шараларды қолданады;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 9-1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-1) банктердің, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру топтарының, сақтандыру холдингтерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметінде туындайтын тәуекелдерді бағалау әдістерін қолданады;
10) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметімен келiсе отырып, қаржылық ұйымдардың лекцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдайды;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары, коллекторлық агенттіктер, кредиттік бюролар туралы мәлiметтердi (қызметтiк, коммерциялық, банк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), оның iшiнде оларға қолданған шаралар туралы ақпаратты жариялайды;
12-1) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12-2) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
13) банктердің, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру топтарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады, оның ішінде осы Заңның 13-5-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда уәжді пайымдауды пайдаланады;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 14) - 21) тармақшалармен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14) қаржы ұйымдарына және (немесе) өзге де заңды тұлғаларға қатысты ерекше реттеу режимін енгізеді және құзыреті шегінде олардың қызметін реттейді;
15) уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерімен интеграцияланбайтын ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын ақпараттық жүйелерін құру, пайдалану және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгілейді;
16) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
16) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздігінің салалық орталығының функцияларын жүзеге асырады;
17) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
17) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратқа талдау жүргізеді;
18) өзі дербес және (немесе) олардың құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ ұйымдармен бірлесіп, исламдық қаржы құралдарының және исламдық қаржылық көрсетілетін қызметтердің халықаралық стандарттарын ескере отырып, исламдық қаржыландыруды дамытуды жүзеге асырады;
19) екінші деңгейдегі, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты есебінен қаржыландырылатын банктерді сауықтыру жөніндегі шараларды іске асыруды, сондай-ақ банктердің осы шаралар шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындауына бақылауды жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламаларын іске асыруды, сондай-ақ банктердің осы бағдарламалар шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Уәкiлеттi орган қаржы ұйымдарына және олардың үлестес тұлғаларына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына, оның iшiнде аудиторлық ұйымдарды тарта отырып:
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қаржылық жай-күйiн айқындау;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының басқарма құрылымының және шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн айқындау;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының үлестес тұлғаларын айқындау;
4) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар құқықтарының бұзылуын анықтау және оның алдын алу;
5) қаржылық қызмет көрсету немесе қаржы құралдарын шығару жөніндегі уәкiлеттiк берiлмеген қызметтi анықтау және оның алдын алу мақсатында тексеру жүргiзуге құқылы.
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1-тармақ жаңа редакцияда; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Уәкiлеттi орган өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 2-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-2. Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсаттарында банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, банк холдингтерінде, инвестициялық портфельді басқарушыларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, сақтандыру холдингтерінде өз өкілінің (бұдан әрі - өкіл) болуына құқылы.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Уәкiлеттi орган осы баптың 1, 2, 2-1 және 2-2-тармақтарында көзделген функциялар мен өкiлеттiктерден басқа, осы Заңның 10-13-баптарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын, банк және сақтандыру холдингтерін, банк конгломераттарын және сақтандыру топтарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметiне араласуға құқылы емес.