2) 8-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөліп беруді және пайдалануды, сондай-ақ байланыс аясындағы техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы өз құзыреті шегінде қатысуды қоса алғанда, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 19-19) тармақшамен толықтырылсын:
«19-19) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;»;
3) 9-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттау жөніндегі құжаттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қатер төндірген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аса маңызды жұмыстар мен іс-шаралар орындалған кезде, оларды пайдалануды тоқтата тұру;»;
4) 11-баптың 6-тармағында:
бірінші бөліктегі «стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда» деген сөздер «стандарттау жөніндегі құжаттарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «нормативтік құжаттарда» деген сөздер «стандарттау жөніндегі құжаттарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 28-5-баптың 13-тармағының 1) тармақшасындағы «стандарттарға» деген сөз «стандарттау жөніндегі құжаттарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
32-тармақтың 6) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
6) 29-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды, көпірлерді және басқа да объектілерді салу немесе реконструкциялау кезінде байланыс жолдарын (желілерін), құрылысжайларын қайта орналастыру мен көшіру жөніндегі жұмыстар стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес және байланыс жолдарының (желілерінің), құрылысжайларының меншік иелері және (немесе) пайдаланушылар беретін техникалық шарттар бойынша құрылысқа тапсырыс берушінің есебінен орындалады.
Бұл ретте реконструкциялау учаскесінде шығарылу (көшірілу) жүзеге асырылған байланыс жолдарын (желілерін), құрылысжайларын мемлекеттік заңды тұлғалардың беру ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.»;
7) 31-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Елді мекендерді жаңадан салудан, кеңейтуден, реконструкциялаудан, жерді игеруден, мелиорация жүйелерін қайта орналастырудан, пайдалы қазбаларды игеруден туындаған байланыс құрылысжайларын көшіруді немесе қайта орналастыруды құрылысқа тапсырыс берушілер стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес және байланыс желілері иелерінің және (немесе) оларды пайдаланушылардың техникалық шарттары бойынша өз есебінен жүргізеді. Бұл ретте байланыс құралдарының қуатын ұлғайту байланыс құрылысжайлары меншік иелерінің есебінен жүзеге асырылады.»;
8) 35-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Байланыс операторлары пайдаланушыларға сапасы жағынан стандарттау жөніндегі құжаттарға, техникалық нормаларға, байланыс қызметтерін көрсету шартының талаптарына сәйкес келетін байланыс қызметтерін көрсетуге міндетті.».
33. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 17-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;»;
2) 15-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1-бап. Ішкі су көлігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау»;
2-тармақтың екінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ішкі су көлігі кемелерін жою және кәдеге жарату техникалық реттеу және стандарттау объектілері болып табылады.».
34. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-ІІ, 70-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 3-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) электр энергетикасы саласындағы техникалық реттеуді және стандарттауды;»;
34-тармақтың 2) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 7-2), 7-3), 70-31), 70-32), 70-33) және 70-34) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-2) Тұлғалар тобының тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатын құруға үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
7-3) Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;»;
«70-31) Тізілімді бекітілген қағидаларға сәйкес қалыптастырады және жүргізеді;
70-32) Тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
70-33) Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
70-34) Тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар пайдалануға беретін генерациялайтын қондырғылар үшін орналастыру орнын (алаңын), отынның типін және түрін келіседі;»;
3) 9-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Электр және жылу энергиясын өндіруге, беру мен пайдалануға арналған электр жабдықтары, электр мен жылу желілері, тұтынушылардың қондырғылары, электр мен жылу энергиясы техникалық реттеу және стандарттау объектілері болып табылады.»;
4) 9-3-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасында өндірілетін және оның аумағына әкелінетін электр-техникалық жабдықтар мен материалдар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.»;
«3. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігі растауға жататын электр станцияларының, электр және жылу желілерінің жабдықтарын, тұтынушылардың қондырғыларын сәйкестікті растау саласындағы құжатсыз пайдалануға беруге жол берілмейді.»;
34-тармақтың 5) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
5) 10-2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) уәкілетті органға электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімінің жобасына сараптама қорытындысын ұсынады;»;
6) 12-баптың 2-тармағының 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес электр энергиясының сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;»;
«5) техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі және қосалқы жабдықтарды, аварияға қарсы және режимдік автоматика, релелік қорғау, диспетчерлік технологиялық басқару құралдарын жұмыс жағдайында ұстауға;»;
34-тармақтың 7) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
7) 15-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1-бап. Электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін әзірлеу тәртібі және оған қойылатын талаптар
1. Жүйелік оператор жыл сайын он бесінші қазанға дейінгі мерзімде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін әзірлейді.
Электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде жылдық ең жоғары электр жүктемесі күніне әзірленетін электр қуатының теңгерімі бөлігінде мыналар ескеріледі:
1) салу үшін уәкілетті орган тендер жеңімпазымен тиісті шарт жасаған, тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың қолда бар электр қуатының көлемі;
2) уәкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер шеңберінде пайдалануға берілетін, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың генерациялайтын қондырғыларының қолда бар электр қуатының көлемі;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген қолда бар электр қуатын қоспағанда, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың бұрыннан бар генерациялайтын қондырғыларының қолда бар электр қуатының көлемі;
4) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасаспай, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген қолда бар электр қуатының көлеміне қосымша енгізуге жоспарлаған қолда бар электр қуатының көлемі (Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген жобалау-сметалық құжаттама болған кезде);
5) уәкілетті органның пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тетігін қолданбай пайдалануға беру жоспарланатын жаңа электр станцияларының қолда бар электр қуатының көлемі (Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген жобалау-сметалық құжаттама болған кезде).
2. Уәкілетті орган электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналып әзірленген болжамды теңгерімі келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде оны түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, нарық кеңесіне сараптама қорытындысын алу үшін жібереді.
3. Нарық кеңесі уәкілетті органға электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімдерінің әзірленген жобасына сараптама қорытындысын келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде жібереді.
Сараптама қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.
Сараптама қорытындылары қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
4. Уәкілетті орган сараптама қорытындысымен келіскен кезде электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгеріміне тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Уәкілетті орган сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда, нарық кеңесіне келіспеу себептерінің негіздемесімен жауап жібереді.
5. Нарық кеңесі уәкілетті органмен бірлесіп отырыс өткізуді талап еткен жағдайларда, мұндай отырысты өткізу міндетті болып табылады.
6. Уәкілетті орган электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін келіп түскен күнінен бастап үш ай ішінде бекітеді.
7. Электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналып бекітілген болжамды теңгерімі бекітілген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның және жүйелік оператордың интернет-ресурстарында орналастырылады.
8. Егер электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналып бекітілген болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде болжамның алғашқы бес жылы ішінде электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығы 100 мегаваттан асатын болса, уәкілетті орган Тізілімге енгізілген тұтынушыларға күнтізбелік отыз күн ішінде электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығының туындауы туралы хабарлама жібереді.
Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің аймағы генерациялайтын көздер өндірген электр энергиясын беруге кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулер жоқ, электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібіне сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Электр қуатының жабылмайтын тапшылығы энергия тапшы аймақтарды Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің басқа аймақтарымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілеті ескеріле отырып есептеледі.»;
34-тармақтың 8) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
8) 15-3-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылар тұтынуға арналған болжамды өтінімдерді қалыптастырады, онда өздерінің құрамында меншік, жалдау құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен бар генерациялайтын көздердің электр қуаты есебінен жабылмайтын, алдағы және келесі күнтізбелік жылдардың әр айына тұтынудағы электр қуатының ең жоғары мәндерін көрсетеді және оларды есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші тамызынан кешіктірмей жүйелік операторға жібереді.
Бұл ретте көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын және Тізілімге енгізілген тұлғалар тобына кіретін тұтынушылар тұтынуға арналған болжамды өтінімдерді қалыптастырады, онда өздерінің құрамында меншік, жалдау құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен бар генерациялайтын көздердің электр қуаты есебінен, сондай-ақ өздерімен бірге тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген энергия өндіруші ұйымдардың электр қуаты есебінен жабылмайтын, алдағы және келесі күнтізбелік жылдардың әр айына тұтынудағы электр қуатының ең жоғары мәндерін көрсетеді және оларды есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші тамызынан кешіктірмей жүйелік операторға жібереді.
Жүйелік оператор есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде электр қуаты резервінің қажетті шамасын және технологиялық шығыстың өтемін жасау үшін, ұлттық электр желісінің өз және шаруашылық мұқтаждарына тұтынудың орташа жылдық электр қуатын ескере отырып, көтерме сауда нарығы субъектілерінің болжамды өтінімдері негізінде алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға электр қуатына болжамды сұранысты әзірлейді.»;
3-1-тармақтың бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) осы Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 1) - 3) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесіндегі тапшылықты жабу үшін жасалған және тиісті тұлғалар тобы талап етпеген көлемде - Тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдармен жүзеге асырады. Көлемі мен мерзімдері Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларына сәйкес айқындалады;»;
3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен - электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф бойынша жыл сайын алдағы күнтізбелік жылға жүзеге асырады. Осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалады және ол энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының тиісті жыл ішіндегі жоспарлы ең жоғары мәнінің және осы энергия өндіруші ұйым өзі тұтынатын электр қуатының тиісті жыл ішіндегі ең жоғары мәнінің айырмасын білдіреді, бұл ретте:»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдар:
1) экспорттың есепті жылдағы ең жоғары электр қуатын;
2) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне берудің есепті жылдағы ең жоғары электр қуатын;
3) өзі тұтынатын электр қуатының есепті жылдағы ең жоғары мәнін;
4) көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын және өздерімен бірге Тізілімге енгізілген тұлғалар тобының біріне кіретін тұтынушыларға берудің электр қуатының есепті жылдағы ең жоғары мәнін шегеріп, бірыңғай сатып алушыға орталықтандырылған сауда-саттықта аттестатталған электр қуатынан аспайтын көлемде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асырады.
Электр қуатын кезектен тыс аттестаттауды өткізу нәтижесінде Тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша бірыңғай сатып алушымен жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көрсетілген көлемі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.»;
34-тармақтың 9) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
9) 15-4-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Уәкілетті орган Тізілімге енгізген энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасуға құқылы емес.»;
34-тармақтың 10) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
10) мынадай мазмұндағы 15-5 және 15-6-баптармен толықтырылсын:
«15-5-бап. Тізілімді қалыптастыру және Тізілімге енгізілген тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатын құруға қатысуы
1. Энергия өндіруші ұйымдармен бірге бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушылар осы тұлғалар тобындағы заңды тұлғаларға меншік, жалдау құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен тиесілі генерациялайтын көздер есебінен қуатпен қамтамасыз етілуге құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құқық энергия өндіруші ұйымдармен бірге бір тұлғалар тобына кіретін энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдарға қолданылмайды.
2. Уәкілетті орган тұлғалар тобын Тізілімге осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдар бақылауында болатын заңды тұлғаның өтініші негізінде енгізеді.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған заңды тұлғаның өтініші мыналарды қамтиды:
1) осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес айқындалған бақылау болған жағдайда, өздерімен бірге бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларды өз есебінен электр қуатымен қамтамасыз ететін энергия өндіруші ұйымдардың тізбесі;
2) осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес айқындалған бақылау болған жағдайда, өздерімен бірге бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар есебінен қуатпен қамтамасыз етілетін тұтынушылардың тізбесі.
Тізілім осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылардың тізбесін қамтиды.
4. Тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді уәкілетті орган осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдар бақылауында болатын заңды тұлғаның өтініші негізінде жүзеге асырады.
5. Тізілімге енгізілген тиісті тұлғалар тобы шеңберінде энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар арасында электр қуатымен қамтамасыз ету жөнінде екіжақты шарттар жасалады.
6. Осы Заңның 15-1-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайда, Тізілімге енгізілген тұтынушылар болжамды тапшылық туындаған кезге есептелген, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде жалпы жоғары жүктемеге өздерінің жоғары жүктеме үлесіне пропорционал түрде тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыру арқылы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қатысуға міндетті:
1) жаңа электр қуатын салу;
2) өзінің бұрыннан бар электр қуатын кеңейту;
3) шығып қалған не алдағы жеті жылдық кезеңде шығып қалуға жататын өзінің бұрыннан бар электр қуатын реконструкциялау немесе жаңғырту;
4) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді бірыңғай сатып алушыдан сатып алу.
7. Осы баптың 6-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген кез келген көтерме сауда нарығының субъектісі жүзеге асыруы мүмкін. Бұл ретте Тізілімге енгізілген тиісті тұлғалар тобының қалған тұтынушылары Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларына сәйкес электр қуатын құруға қатысудан босатылады.
Осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген әрекетті тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушылар Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
8. Тізілімге енгізілген тұтынушылардың электр қуатын құру бойынша осы баптың 6-тармағында көзделген міндеттемелері тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құрған электр қуатының шамасына жиынтығында мынадай шарттар орындалған кезде:
1) электр қуаты 2019 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген;
2) электр қуатының жабылмайтын тапшылығы болжанатын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде электр қуаты құрылған;
3) электр қуаты уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тетігін қолданбай енгізілген;
4) электр қуаты уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім жасаспай енгізілген;
5) электр қуатының көлемі бұрын осы баптың 6-тармағында көзделген міндеттемелерді орындау кезінде ескерілмеген кезде төмендетіледі.
9. Осы баптың 6-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді орындау арқылы осы баптың 6-тармағында көзделген міндеттемелер орындалған кезде Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін орналастыру орнын (алаңын), отынның типі мен түрін Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде электр қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге болжамды тапшылығы ескеріле отырып, бекітілген Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларына сәйкес уәкілетті органмен келіседі.
10. Тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушылар уәкілетті органның Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығының туындауы туралы хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде осы баптың 6-тармағында көзделген әрекеттер туралы шешім қабылдайды, бұларға сәйкес олар тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысатын болады және оны уәкілетті органға жібереді.