4. Агент тиісті кезеңде мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшыларына және өздерінің пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлерге тиесілі болған жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабарлай отырып, оларға есептелген және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ұстап қалынған (есепке жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының сомалары туралы мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi.
4-тарау. БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНАН ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЕРІКТІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНАН ТӨЛЕНЕТІН ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлеуді ұйымдастыру
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан белгіленген график бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес зейнетақы жинақтары есебінен сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдері түрінде, сондай-ақ осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында аталған адамдарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде жүзеге асырылады.
Егер осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асып түссе, осы айырма салымшыға (алушыға) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан белгіленген график бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.
Егер осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, осы сома салымшыға (алушыға) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан бір рет төленеді.
Осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында және 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған адамдардың мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі алынған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері мүгедектікті алу туралы мәліметтер алынған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Осы Заңның 31-бабы 1-1-тармағының екінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының екінші абзацында аталған адамдарға міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомасынан аспауға тиіс.
Осы Заңның 31-бабы 1-1-тармағының үшінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының үшінші абзацында аталған адамдарға міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының біржолғы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кіріс есепке алынады.
Осы Заңның 31-бабы 1-1-тармағының төртінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының төртінші абзацында аталған адамдарға міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауға тиіс.
2-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
2. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алушының банктік шотына және (немесе) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдері үшін уәкілетті оператор ашқан арнайы шоттарға аударады.
Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен аударуға, есепке жатқызуға және зейнетақы төлемдеріне байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу, олардың айырбасталу, уәкілетті оператордың біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуына және (немесе) кейіннен аударуына байланысты банктік көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу сомаларын қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында аталған адамдарға уәкілетті оператордың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдеріне байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу аталған адамдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 31-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен төленетін зейнетақы төлемдерiн алу құқығы
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдардың:
1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген шарттар басталған кезде;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) салымшы 45 жасқа толған кезде осы Заңның 59-бабының 1-тармағына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен емес төлеммен қамтамасыз етуге зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде;
3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Өз пайдасына немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының пайдасына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының емделуіне ақы төлеу үшін міндетті зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдері құқығына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдар мынадай шарттардың бірі болған кезде:
егер салымшының жеке зейнетақы шотындағы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асатын болса;
егер зейнетақы мөлшері, ал осы Заңның 11-бабының 7-тармағында аталған адамдар үшін зейнетақы мен ай сайынғы қамтылым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе, ие болады. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кірісі есепке алынады;
егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса, ие болады.
2. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылады (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 32-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32-бап. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен төленетін зейнетақы төлемдерiн алу құқығы
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде күнтізбелік алпыс ай төленген, республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен емес төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде қырық жасқа толған;
2) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде;
3) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектердің;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Өз пайдасына немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының пайдасына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының үшін емделуіне ақы төлеу үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдері құқығына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдар мынадай шарттардың бірі болған кезде:
егер салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асатын болса;
егер зейнетақы мөлшері, ал осы Заңның 11-бабының 7-тармағында аталған адамдар үшін зейнетақы мен ай сайынғы қамтылым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе, ие болады. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кірісі есепке алынады;
егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса, ие болады.
2. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.
33-бап. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен төленетін зейнетақы төлемдерi
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:
1) елу жасқа толған;
2) мүгедек болып табылатын;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы ерікті зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомалары шегінде кемінде бес жыл зейнетақы жинақтары бар адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды.
2. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін алушы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес өзі дербес айқындайды.
5-тарау. БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
34-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін ұйымдастыру
34-баптың 1-тармағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылған күннен бастап қолданысқа енгізілді
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), (2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады (бұр.ред.қара)
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызуды және есепке алуды жүзеге асырады және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Өзге тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуға, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызуға және есепке алуға тыйым салынады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құрылады, коммерциялық емес ұйым болып табылады.
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының атауы «бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздерді қамтуға тиіс.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының атауында «БЖЗҚ» деген аббревиатураны пайдаланып, оның атауын қысқартуға жол беріледі.
4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, заңды тұлғаларға өзінің атауында «бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздерді қандай тілде болмасын толық және қысқартылған түрінде пайдалануға тыйым салынады.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жалғыз акционері болып табылады.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының органдарын, олардың функциялары мен өкілеттіктерін, олардың шешімдерді қалыптастыруы мен қабылдауының тәртібін осы Заң, Қазақстан Республикасының Үкіметі, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жарғысы және ішкі құжаттары айқындайды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесінің құрамына дауыс беру құқығымен тұрақты негізде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілі кіреді.
8. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының:
1) ерікті зейнетақы жарналарын тартуға;
2) өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақы алуға;
3) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотта салымшының (алушының) мүддесін білдіруге;
4) өзінің мұқтажы үшін иемденген мүлікті жалға беруге;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) филиалдар мен өкілдіктер ашуға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттарға, кастодиандық шарттарға, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
9. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры:
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады) (бұр.ред.қара)
1) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған, кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызуды және есепке алуды жүзеге асыруға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен алушыларға және (немесе) уәкілетті операторға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен зейнетақы жинақтарын, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын және төлемдерді жеке есепке алуды жүзеге асыруға;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылады (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады) (бұр.ред.қара)
4) атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге оның сұрау салуы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы алмай беруге, сондай-ақ осы Заңның 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында айқындалады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шотында ақша болмаған немесе салымшы (алушы) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес тұрғылықты жерінің өзгергенi туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарламаған жағдайларда өткен жыл үшін зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат жiбермейді;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару, қайтару, тоқтату мәселелері бойынша Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында аталған жеке тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты ақы алмай ұсынуға міндетті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсілі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында айқындалады;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару, төлеу мәселелері бойынша уәкілетті оператормен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
4-4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында жариялауға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және көлемде, инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты, оның ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасқан инвестициялық портфельді басқарушылардың тізбесін ашуға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-2) жыл сайын күнтізбелік жыл басталғанға дейінгі бір айдан кешіктірмей, алдағы жылға есептелген және қолданыста болатын зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шектерін кемінде екі баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында жариялау арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) салымшыларға (алушыларға) зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша өтеусіз консультациялық қызметтер көрсетуге;
7) тармақшаға енгізілетін өзгерістерді қараңыз - 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңы (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
8) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болуға;