2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Тауарды экспорттау кезінде сараптама ұйымы тауар шығарылған жер туралы сараптама актілерін куәландырмайды және бермейді.
2. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн бiр сараптама ұйымының құрамында жүзеге асырады.
3. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттауды уәкiлеттi орган құратын, тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссия жүзеге асырады.
Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияның құрамына тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар, уәкiлеттi органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де ұйымдардың өкiлдерi енгізіледі.
Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
4. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Егер тауар туралы ұсынылған деректер бұрмаланған және (немесе) анық емес болса, тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға тауардың шығарылған жері туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау туралы сараптама актiлерiн жасауға тыйым салынады. Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Стандарттау жөніндегі ұлттық органның және өзге де ұйымдардың өкілдері енгізіледі.
2-тарау. Техникалық регламенттер
17-бап. Жалпы ережелер
1. Техникалық регламенттер осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсатта әзiрленедi және қолданылады.
2. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.
3. Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және қолданылады.
Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi.
4. Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде айқындалған талаптар осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады.
5. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар кәсiпкерлiк қызмет үшiн осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарды орындауға қажет деңгейден артық кедергі тудырмауға тиiс.
6. Техникалық регламент мемлекеттік саясат мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерістер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.
7. Техникалық регламентте оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламентті қолданысқа енгізуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакция
8. Егер өнім өндіру кезінде өзара байланысты стандарттар пайдаланылса, техникалық регламенттердің талаптары орындалды деп есептеледі.
Өзара байланысты стандарттарды талдауды және жүйеге келтіруді Стандарттау жөніндегі ұлттық орган Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Өнім өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етілетін жағдайда өзге де стандарттарды пайдалануға болады.
18-бап. Техникалық регламенттердің мазмұны
1. Техникалық регламенттер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi қажеттi талаптарды белгiлейдi.
2. Техникалық регламентте:
1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған тiзбесi;
2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс.
Техникалық регламентте өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткізу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн.
3. Техникалық регламентте, келтiрiлетiн зиянның деңгейi ескерiлетiн, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптардың болмауы салдарынан осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету қамтамасыз етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптар болмауға тиiс.
4. Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың нормалары мен стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, олар техникалық регламенттерді әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн.
5. Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламентте тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.
6. Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:
1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз ететiн;
2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшелiктерге байланысты осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;
3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) 7-тармақ жаңа редакция (бұр.ред.қара)
7. Техникалық регламенттерде өнімдердің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар белгіленеді.
19-бап. Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою ерекшелiктерi
1. Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.
2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Техникалық регламентті әзірлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшін жою жөніндегі ұсыныстарды құзыретіне міндетті қағидалар мен нормаларды белгілеу кіретін мемлекеттік органдар стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Стандарттау жөніндегі ұлттық органның, мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкілетті органға береді.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакция (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті орган техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсынады. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі бекітілген жоспар бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жариялануға тиіс.
Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.
4. Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге өзгерістер мен толықтыруларды немесе оның күшiн жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе оның күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.
5. Егер техникалық регламентте белгiленген талаптар тиiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламентте белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік орган уәкiлеттi орган арқылы:
1) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды;
2) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс етедi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.
7. Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік орган:
1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;
2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады;
3) техникалық регламенттің жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi.
8. Техникалық регламенттің жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн болуға тиiс.
9. Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік органның атауы, оның почта және электрондық мекен-жайы туралы ақпарат болуға тиiс.
10. Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады.
11. Техникалық регламентті қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс.
12. Техникалық регламентті төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгізу қажет болған кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады.
Техникалық регламентті қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс.
3-тарау. Стандарттау. Жалпы ережелер
20 - 25-1-баптар. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-тарау. Сәйкестікті растау
26-бап. Өнiмнiң және процестердiң белгiленген талаптарға сәйкестігін растау
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Өнiм (дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардан басқа), процестер сәйкестiктi растау объектiлерi болып табылады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарын сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растауды:
1) өнiмдi өндiрушi (орындаушы) сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау нысанында;
2) өнiмдi тұтынушы оның тапсырмасы бойынша сәйкестiктi растау жөніндегі органның сертификаттау жүргiзуi нысанында;
3) сәйкестiктi растау жөніндегі орган сертификаттау жүргiзу және сәйкестiк сертификатын беру нысанында жүргiзедi.
3. Сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарды басқару мемлекеттік техникалық реттеу жүйесi шеңберiнде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесi сәйкестiктi растау саласында бiртұтас саясат жүргiзудi қамтамасыз етедi және сәйкестiктi растаудың, сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың, жүйе тiзiлiмiн жүргiзудiң негiзгi ережелерi мен рәсiмдерiн және сәйкестiктi растау мақсаттарын iске асыруға қажетті өзге де талаптарды белгiлейдi.
5. Қазақстан Республикасының аумағында өнiмнiң сәйкестiгiн растау мiндеттi немесе ерiктi сипатта болады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беретін шетелдiк және халықаралық ұйымдар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы уәкiлеттi органды хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыруға құқылы.
27-бап. Сәйкестiктi мiндеттi растау
1. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiм техникалық регламенттерде айқындалады.
2. Сәйкестiктi мiндеттi растау:
1) дайындаушы (орындаушы) кәсiпорынның сәйкестiк туралы декларация қабылдауы;
2) мiндеттi сертификаттау жүргiзу нысанында жүзеге асырылады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Өнімнің сәйкестігін міндетті растау техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестікке жүзеге асырылады.
Өнімді сәйкестендіру мақсатында ұйымдардың стандарттарын қолдануға жол беріледі, бірақ ұйымдардың стандарттары сәйкестікті міндетті растау рәсімдерін жүргізу үшін қолданылмайды.
2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Сәйкестiктi растау схемаларында сәйкестiктi белгiлеу тәсiлдерi (сынау, өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, техникалық құжаттаманы талдау, инспекциялық бақылау) болады және сәйкестiктi растау жөніндегі органдар мен (немесе) өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) оларды мiндеттi сертификаттау жүргiзген немесе сәйкестiк туралы декларация қабылдаған кезде қолданады.
Өнiмнiң сәйкестігін мiндеттi растау кезiнде техникалық сарапшылар тартылуы мүмкiн.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Егер техникалық регламенттерде өзгеше белгіленбесе, бұрын тұтынуда болған, көрме үшін және оны нысаналы пайдаланбау үшін әкелінген, сондай-ақ iзгiлiк көмек желісі бойынша жеткiзiлетiн өнiм сәйкестiктi мiндеттi растау объектiлерiне жатпайды.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 27-1-баппен толықтырылды
27-1-бап. Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру
1. Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды бекіту және тіркеу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Сәйкестікті растау жөніндегі орган көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларда көрсетілген құжаттар тізбесін техникалық хатшылыққа ұсынады.
3. Техникалық хатшылық құжаттарды қарауды техникалық хатшылыққа келіп түскен күнінен бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
4. Ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) олар көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, техникалық хатшылық күнтізбелік он бес күн ішінде жазбаша түрде уәжді бас тартуды қоса бере отырып, ұсынылған құжаттарды сәйкестікті растау жөніндегі органға қайтарады.
5. Оң шешім шығарылған жағдайда техникалық хатшылық көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды уәкілетті органға жібереді.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 27-2-баппен толықтырылды
27-2-бап. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу
1. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Техникалық хатшылық бекіту және тіркеу үшін көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды уәкілетті органға ұсынады.
3. Уәкілетті орган көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекітуді және тіркеуді уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 27-3-баппен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
27-3-бап. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру
1. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беруді техникалық хатшылық көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
2. Көлік құралын жасаушы көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлікті алу үшін көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидаларына сәйкес құжаттар тізбесін техникалық хатшылыққа жібереді.
3. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру бойынша құжаттарды қарау олар техникалық хатшылыққа келіп түскен күннен бастап есептелетін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.
4. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көлік құралын жасаушыға көлік құралын жасаушының халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік беріледі.
28-бап. Өнiмдi дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың сәйкестiктi растау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) мен сатушылар:
1) осы өнiм үшiн техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiктi растау нысаны мен схемасын таңдауға;
2) аккредиттеу саласы өтiнiм берiлген өнiмге қолданылатын сәйкестiктi растау жөніндегі кез келген органға жүгiнуге;
3) егер бұл сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасында көзделсе, сәйкестiгі мiндетті растаудан өткен өнiмге сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң сәйкестiк белгiсiн қолдануға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестiктi растау жөніндегі органдар мен аккредиттелген зертханалардың заңсыз әрекеттерiне уәкiлеттi органға шағым жасауға;
5) өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сотқа шағым жасауға құқылы.
2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға тиiс өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар), сатушылар:
1) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;
2) өнiмнiң сәйкестiгi расталуын жүргiзудi қамтамасыз етуге;
3) егер бұл сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасында көзделсе, сәйкестiгi расталудан өткен өнiмге, инспекциялық бақылау жүргiзуге арналған жағдайларды қамтамасыз етуге;
4) өнiмдi сәйкестiгi расталғаннан кейiн ғана өткізуге;
5) мемлекеттік бақылау жүргiзiлген кезде мүдделi тараптарға қажеттi ақпаратты, өнiмнiң сәйкестiк сертификаттарын (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерiн), сәйкестiк туралы декларацияларды (сәйкестiк туралы декларациялардың көшiрмелерiн) табыс етуге;
6) iлеспе құжаттамада сәйкестiк сертификаты немесе сәйкестiк туралы декларация жөніндегі мәлiметтердi көрсетуге;
7) егер сәйкестiк сертификатының немесе сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi аяқталса, не сәйкестiк сертификатының немесе сәйкестiк туралы декларацияның қолданысы тоқтатыла тұрса, күшi жойылса немесе тоқтатылса, өнiмдi өткізудi тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;
8) сәйкестiктi растау жөніндегі органды техникалық құжаттамаға немесе сертификатталған өнiм өндiрiсiнiң технологиялық процестерiне енгiзiлетiн өзгерістер туралы хабардар етуге;
9) сәйкестiктi растау нәтижелерi бойынша техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмнiң өндiрiлуiн тоқтата тұруға мiндеттi.
29-бап. Сәйкестiк сертификаты
1. Сәйкестiк сертификатын өтiнiм берушiге сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасына сәйкес барлық рәсiмдердi орындаудың оң нәтижелерi болған жағдайда өнiмге сәйкестiктi растау жөніндегі орган бередi.
2. Сәйкестiк сертификатында:
1) өтiнiм берушiнiң, өнiмдi дайындаушының (орындаушының), сәйкестiк сертификатын берген органның атауы және орналасқан жерi;
2) сертификатталған өнiмнiң бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн атауы;
3) оның талаптарына сәйкестiкке сертификаттау жүргiзiлген техникалық регламенттің атауы;
4) жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер туралы ақпарат;
5) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiне дәлел ретiнде өтiнiм берушiнiң сәйкестiктi растау жөніндегі органға ұсынған құжаттары туралы ақпарат;
6) сертификаттың қолданылу мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
3. Сәйкестiк сертификаты бланкiде ресiмделедi, оның нысаны мен толтырылу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Сәйкестiк сертификаты оны берген сәйкестiктi растау жөніндегі органда тiркелуге тиiс.
4. Сериялы шығарылатын өнiмге сәйкестiк сертификаты сәйкестiктi растау схемасында белгiленген мерзiмге берiледi.
Сәйкестiк сертификатының күшi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына қолданылады.
30-бап. Сәйкестiк белгiсi
1. Сәйкестiк белгiсi сәйкестiктi растау рәсiмiнен өткен өнiмдi таңбалауға арналады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сәйкестiк белгiсiнiң бейнесiн, оған қойылатын техникалық талаптар мен таңбалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
3. Сәйкестiк сертификатын алған дайындаушы (орындаушы), сатушы сәйкестiк белгiсiн сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiнде белгiленген өзi үшiн қолайлы кез келген тәсiлмен қолдануға құқылы.