Осы тармақ осы баптың 6-тармағында көрсетілген, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде прокуратура органдарынан қызметтен қайтадан босатылған адамдарға қолданылады.
8. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшілері, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатарынан жиырма бес жылдан аз еңбек сіңірген, қызметтен босатылған күнге қызметте болудың шекті жасына толған не штаттың қысқартылуына, денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, осы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
9. Пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналары аударылған адамдар үшін осы баптың 1 - 4-тармақтарына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған жағдайда туындайды.
10. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органның кінәсінан уақтылы алынбаған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін мерзімі шектелмей төленеді.
11. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен олардың толық көлемге дейін жеткізілуі ескеріле отырып қайта есептеледі.
2016 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда бюджет қаражаты есебінен қалыптастырылған, жеке зейнетақы шотында қалған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы қайтарылуға жатады.
213-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін есептеу
1. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері ақшалай қамтылымының елу пайызы есебінен белгіленеді.
Әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте жиырма бес жылдан артық еңбек сіңірген жылдарының әрбір толық жылы үшін осы Кодекстің 212-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына және 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері - ақшалай қамтылымының екі пайызына, қызметтен босатылған күнге жинақталған еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшін ақшалай қамтылымының бір пайызына ұлғайтылады.
Қызметтен босатылған күнге жинақталған жиырма бес жылдан асатын жалпы еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшін осы Кодекстің 212-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағының 3) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшері ақшалай қамтылымының бір пайызына ұлғайтылады.
2. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшеріне лауазымдық айлықақысы, әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені, белгіленген біліктілік сыныбы бойынша айлықақысы (қосымша ақы) кіреді.
3. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күні айқындалады және соңғы қызмет орны бойынша тиісті органның белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшілері, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатарынан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері Қазақстан Республикасы әскери қызметшілерінің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ұқсас не теңестірілген лауазымы бойынша қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күні айқындалады.
4. Арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.
5. Осы Кодекстің 212-бабының 8-тармағында аталған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері еңбек сіңірген жылдарының әрбір толық жылы үшін ақшалай қамтылымның 2 пайызы есебімен белгіленеді.
6. Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін айлық зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері осы баптың 2 - 5-тармақтарына сәйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның 65 пайызынан және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 109 еселенген мөлшерінен аспайды.
7. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
214-бап. Еңбек сіңірген жылдарды және жалпы еңбек өтілін есептеу
Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдар күнтізбелік жылдар бойынша есептеледі.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халық аралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетте есептелген еңбек сіңірген жылдары қайта қарауға жатпайды.
Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың жалпы еңбек өтілін есептеу осы Кодекстің 208-бабына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға ұқсас жүргізіледі.
215-бап. Әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар
Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауды тиісті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
216-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру мерзімдері
1. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күннен бастап, бірақ ақшалай қамтылым төленген күннен кейін және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін жүгінген күнге дейін үш жылдан аспайтын мерзімге тағайындалады және жүзеге асырылады.
Өтініш пен қажетті құжаттар тиісті мемлекеттік органда тіркелген күн еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін жүгінген күн болып есептеледі.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алған жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін жүгінген күннен бастап жүзеге асырылады, бірақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін төлеу тоқтатылған күннен ерте жүзеге асырылмайды.
2. Осы Кодекстің 212-бабының 4-тармағында аталған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін жүгінген күннен бастап тағайындалады.
3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері жүгінген күннен бастап, бірақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетте зейнетақы төленген күннен кейін жыл сайынғы индексациялар ескеріле отырып тағайындалады (қайта басталады).
4. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері ағымдағы айға жүргізіледі және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен айды қоса жүзеге асырылады.
5. Тағайындалған, бірақ алушы талап етпеген еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін, бірақ оларды алу үшін жүгінген күнге дейін үш жылдан аспайтын мерзімге төленеді.
6. Стационар жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтарда тұратын және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері осы Кодекстің 213-бабына сәйкес тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мөлшерінің 30 пайызы, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аз болмайтын көлемде жүргізіледі.
Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалған мөлшерінің 70 пайызын аудару жеке банктік шотқа немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтардың қолма-қол ақшаны бақылау шотына жүргізіледі.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтардың көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
Алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтардан шыққан жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап толық көлемде қайта басталады.
5-параграф. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті зейнетақы жарналарынан берілетін зейнетақы төлемдері
217-бап. Зейнетақы активтерінің сақталуы бойынша кепілдіктер
1. Мемлекет зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен инфляцияның деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерде сақталуына кепілдік береді.
2. Зейнетақы активтерінің сақталу кепілдігі:
1) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру;
2) зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтің шарттары мен тәртібін белгілеу;
3) инвестициялық портфельді басқарушыларға осы Кодекске және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес есептелген, инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу жөнінде қойылатын талаптарды белгілеу;
4) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген зейнетақы активтерін қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инвестициялық басқаруды жүзеге асыруы;
5) зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға қатысты тиісті талаптарды белгілеу арқылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін реттеу;
6) тиісті нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды белгілеу арқылы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу;
7) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, акционерлеріне және басшы қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшері мен құрамына қойылатын талаптарды белгілеу;
8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды белгілеу;
9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін кастодиан-банкте сақтау жөніндегі талаптарды белгілеу;
10) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары мен ақшаны ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен үлестес емес кастодиан-банктерде ғана сақтауына қойылатын талаптарды белгілеу;
11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты мен зейнетақы активтерін бөлек есепке алуды жүргізу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату;
12) зейнетақы активтерін орналастыру кезінде әртараптандыруға және тәуекелдерді азайтуға қойылатын талаптарды белгілеу;
13) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушылар, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры алатын комиссиялық сыйақы мөлшерін белгілеу;
14) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудитін жыл сайын жүргізудің міндеттілігі;
15) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдар алдындағы жүйелі есептілігі;
16) міндетті зейнетақы жарналарын салымшыға, ол үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаға (зейнетақы төлемдерін алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру;
17) ол үшін ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаға (зейнетақы төлемдерін алушыға) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған өзінің зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыруға мүмкіндік беру;
18) міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, ол үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның (зейнетақы төлемдерін алушының) таңдауы бойынша зейнетақы жинақтарын толық көлемде немесе ішінара ерікті сақтандыру;
19) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру арқылы да қамтамасыз етіледі.
218-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдік төлемін алу құқығы
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдік инфляцияның деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерінде:
1) осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдарға;
2) осы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында, 221-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдарға қамтамасыз етіледі.
2. Осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген, сондай-ақ 37-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударуды жүзеге асырған адамдарға мемлекет инфляция деңгейін ескере отырып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарын алып қойған күннен не зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударған күннен басталатын кезең үшін осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа толғанға дейін жүзеге асырылған нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.
3. Мемлекет осы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында және 221-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдарға міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан кезден бастап осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа толғанға дейінгі кезең үшін жүзеге асырылған, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде инфляция деңгейін ескере отырып, сақталуына кепілдік береді.
4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдік осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдарға зейнетақы жинақтары сомасында төленген міндетті зейнетақы жарналарының сомасына қолданылмайды.
219-бап. Мемлекеттің кепілдігі бойынша айырманы төлеуді ұйымдастыру
Осы Кодекстің 218-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдік инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен осы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларына және 221-бабы 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларына сәйкес зейнетақы төлемдеріне құқық туындаған күнгі міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі түрінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Егер инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма нөлді құраса немесе теріс мәнге ие болса, онда айырманы төлеу жүргізілмейді.
220-бап. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерін алу құқығы
1. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:
1) осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында көрсетілген;
2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға;