Қаржы жылының соңына есептелетін ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, келесі қаржы жылында өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге жұмсалады;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес, сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға қызметтер көрсетеді;
10-2) өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес, сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері қабылдайтын қарсы міндеттемелерді мониторингілеуді жүзеге асырады;»;
5) 38-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, мыналар арқылы жүзеге асырады:»;
2) тармақшадағы «шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор» деген сөздер «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 43-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы «шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай операторды» деген сөздер «шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтын» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі ретінде айқындалған заңды тұлға:
1) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде өзінің құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуге және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіруге;
2) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі ретінде айқындалған күннен бастап бір ай ішінде «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.
Лицензия қайтарылған кезде осы тармақта көрсетілген заңды тұлғаға «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 15-тармағының талаптары қолданылмайды.
Лицензияның қолданысы тоқтатылғанға дейін қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарына олардың мерзімін ұзарту және жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуге тыйым салынады;
3) бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді орындауға не сақтандыру портфелі мен резервтерін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беруді жүзеге асыруға міндетті.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 23 қаңтар
№ 54-VІІІ ҚРЗ