10. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 6-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
2) 16-баптың 1-тармағының 15) тармақшасындағы «хабарлауға;» деген сөз «хабарлауға міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 16) тармақшасы алып тасталсын.
11. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат):
7-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
2-бап. 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-бап. 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 185-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларация ұсыну міндеті жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар салық салу объектісі болып табылатын кірістері және Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан мүлкі туралы декларацияны ұсынады.».
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 186-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жеріндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады.».
7-бап. 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Салық органдары активтер мен міндеттемелер туралы және кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсынған жеке тұлғаларға қатысты 2020 - 2022 жылдар бойына іріктеп салықтық тексерулер жүргізуді жүзеге асыруға құқылы емес деп белгіленсін.
9-бап. Осы Заңның 8-бабында көрсетілген тұлғалар жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда көрсетілген мүлікті сатып алудың (оның туындауының) заңдылығы бөлігінде салық органдарының тексеруіне жатпайды деп белгіленсін.
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. 2019 жылғы 31 желтоқсанда тіркелген салықты, ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылатын салық төлеушілер 2020 жылғы 1 қаңтарда тіркелген активтердің бастапқы құнын амортизацияның есеп айырысу сомасына азайтылған активтерді сатып алу құны ретінде айқындайды деп белгіленсін.
Осы баптың мақсаттары үшін негізгі құралдарды сатып алуға, өндіруге, салуға, реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған шығыстардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, кіріс алуға бағытталған қызметте пайдаланылған материалдық емес және биологиялық активтердің, сондай-ақ, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 115-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай активтердің құнын ұлғайтатын басқа да шығыстардың жиынтығы активті сатып алу құны болып табылады.
Амортизацияның есеп айырысу сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
осы бапқа сәйкес айқындалған, активті сатып алу құны
көбейту
техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптауышқа сәйкес актив жатқызылатын тіркелген активтер тобы үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабының 2-тармағында көзделген амортизацияның шекті нормасы
көбейту
осындай салық төлеушінің активті пайдаланған толық жылдарының саны.
11-бап.
1. Осы Заң:
1) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 30) тармақшасының он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацтарын;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 3) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 52) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 53) тармақшасының тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын, 70), 74) және 94) тармақшаларын;
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағын, 2-тармағының 79) тармақшасын;
4) 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының жиырма тоғызыншы, отызыншы, тоқсан бірінші - тоқсан жетінші абзацтарын, 4) және 5) тармақшаларын, 8) тармақшасының екінші абзацын, 9) тармақшасының екінші абзацын, 34), 51), 90), 91) және 92) тармақшаларын, 6-тармағының 1) және 3) тармақшаларын, 7 және 8-тармақтарын қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағы 2) тармақшасының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтары 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 18-і.
№ 412-V