2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 4 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген аумақтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға тыйым салынады.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) тұрғын емес үй-жайларда орналастырылуға тиіс. Оларды тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) тұрғын емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат үйлерінде (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңы қатынастарындағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады.
Букмекерлік кеңсе мен тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыға бәс тігуге қатысушыларға өздері нәтижесіне мөлшерлемелер жасаған оқиғаның дамуы мен нәтижесін байқауға мүмкіндік беретін жабдықты букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларынан тыс жерге орналастыруға, сондай-ақ бәс тігуге қатысушыларға букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың электрондық кассаларына қол жеткізу үшін, байланыс қызметтерін қоса алғанда, техникалық құралдарды немесе қабылданған мөлшерлемелер, төленген және төленбеген ұтыстар туралы ақпарат беруге тыйым салынады.
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Көрінеу заңсыз ойын мекемесін ашу не ойын бизнесін ұйымдастыру үшін ғимаратты, үй-жайды немесе құрылысты беруге, сондай-ақ көрінеу заңсыз ойын бизнесін жүзеге асыру (ұйымдастыру) үшін ойын жабдығын, бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық беруге тыйым салынады.
12-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Бір казинода кемінде отыз ойын үстелі орнатылуға тиіс.
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Ойын автоматтары залында кемінде алпыс ойын автоматы орнатылуға тиіс.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Әрбір ойын автоматы тиісті ойын жабдығына қатысты Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сай болуға тиіс.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңынмен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Ойын бизнесін ұйымдастырушы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды төлеуді жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі негізінде, өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің ережелерінде көзделген мөлшерде және мерзімде, бірақ осы құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің нәтижелері шығарылған сәттен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей жүргізеді.
5. Ойын автоматтарын немесе олардың бөліктерін казинодағы және ойын автоматтары залдарындағы қабырғаларға, терезе мен есіктің ойықтарына монтаждауға тыйым салынады.
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Ойын автоматына технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы тоқсан бес пайыздан төмен болмауға тиіс.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Ойын мекемелерінің, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың кассалары мен ойын орындары жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге барлық қатысушылардың әрекеттерін тіркейтін бейне жазу жүйелерімен жабдықталуға тиіс.
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 4 қаңтарда қолданысқа енгізілді)
7-1. Букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары металл есікпен, брондалған шынымен және жеке күзет ұйымының немесе аумақтық ішкі істер органы кезекші бөлімінің орталықтандырылған пультіне қосылған дабыл сигнализациясымен жарақтандырылуға тиіс.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8. Кассада немесе ойын бизнесін ұйымдастырушының шоттарында құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға ұтысты төлеу үшін ақша жетіспеген жағдайда ойын бизнесін ұйымдастырушы осы Заңның 14-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, жетпеген сомаға міндетті резервтерді пайдалануы тиіс.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешен мен бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық арқылы жасалған мөлшерлемелердің жалпы сомасын қабылдауды, оның бірыңғай есебін жүргізуді, бәс тігуге қатысушылардың мөлшерлемелерін өңдеуді және ұтысты төлеуді жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге міндетті.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы нәтижесіне бәс тігілетін оқиғаны өз бетінше айқындайды.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11. Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы ат спорты жарыстары (атшабыстар, ат жарыстары) және (немесе) ит жарыстыру шеңберінде болатын алдағы нақты оқиғаларға мөлшерлемелер қабылдайды.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 4 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
12. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор мөлшерлемелерді букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың тиісті кассасы және (немесе) букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың электрондық кассасы арқылы қабылдайды. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор мөлшерлемелерді есепке алу орталығында есепке алынбаған ақша есебінен мөлшерлемелер қабылдауға құқылы емес.
2009.28.08 № 192-IV ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
14. Букмекерлік кеңсе қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлемелерді аппараттық-бағдарламалық кешен есептеген коэффициенттер негізінде және аккредиттелген спорт федерациялары өткізетін немесе халықаралық спорт ұйымдары, федерациялары, комитеттері аясында өткізілетін спорттық жарыстар шеңберінде болатын алдағы нақты оқиғаларға ғана қабылдайды.
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 15-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар аппараттық-бағдарламалық кешенмен жабдықталуға тиіс. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлемені қабылдағанға дейін бәс тігуге қатысушыны тіркеуді қатысушының жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін деректерді енгізе отырып, аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүргізуге міндетті.
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды
16. Мыналар:
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін не ауырлығы орташа қасақана қылмыстар, ауыр қылмыстар, аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар адам құрылтайшысы, қатысушысы немесе бенефициарлық меншік иесі болып табылатын заңды тұлға;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) салықтық берешегі бар немесе банкрот деп танылған заңды тұлғаның құрылтайшысы, қатысушысы немесе бенефициарлық меншік иесі болып табылған тұлға құрылтайшысы, қатысушысы немесе бенефициарлық меншік иесі болып табылатын заңды тұлға ойын бизнесін ұйымдастырушы бола алмайды (заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей және (немесе) жанама түрде иелене, пайдалана, оларға билік ете және (немесе) басқара алмайды).
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 17-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
17. Осы баптың 16-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адам ойын мекемесінде басшылық лауазымға тағайындала алмайды.
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 12-1-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
12-1-бап. Букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың аппараттық-бағдарламалық кешені
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Аппараттық-бағдарламалық кешен сервері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасының фискалдық режимімен қамтамасыз етілуге тиіс. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің сервері Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін ұйымдастырушы орналасқан жерде болуға тиіс.
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы бәс тігу қорытындысының нұсқаларына ұтыстардың коэффициенттерін есептеуді, қабылданған мөлшерлемелерді есепке алуды, бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыстарды есептеуді, ұтыстарды және олар бойынша төлемдерді есепке алуды аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүзеге асыруға тиіс.
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Аппараттық-бағдарламалық кешен букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге және уәкілетті органға Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпаратты жинауды және ұсынуды жүзеге асыруға тиіс.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13-бап. Өтінім берушілерге лицензия алу үшін қойылатын біліктілік талаптары
1. Өтінім берушілерге лицензия алу үшін мынадай біліктілік талаптары қойылады:
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөлiктерiнiң) болуы;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
1-1) казино қызметін жүзеге асыру үшiн үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақүй кешенінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөлiктерiнiң) болуы;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
1-2) ойын автоматтары залы қызметін жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөлiктерiнiң) болуы;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) казино және ойын автоматтары залы қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығындағы ойын жабдығының болуы;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
2-1) букмекер кеңсесі мен тотализатордың қызметін жүзеге асыру үшін бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтың болуы;
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4) тармақша өзгертілді
4) ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидаларының болуы;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5) казиноның және ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін бір ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) өтiнiм берушiде әрбір лицензияға осы Заңда айқындалатын мiндеттi резервтер түрiнде (республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiшпен) ойын бизнесi саласында мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыру үшiн:
казино және ойын автоматтары залдарын - 60 000 мөлшерiнде;
букмекерлік кеңселерді- 40 000 мөлшерiнде;
тотализаторларды - 10 000 мөлшерiнде қамтамасыз етудiң болуы.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Өтініш беруші Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына әрбір лицензияны алу үшін уәкілетті органға (лицензиарға) өзінің осы Заңда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды табыс етеді.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
14-бап. Міндетті резервтер
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Міндетті резервтерді ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияларды алуға үміткер өтінім берушілер әрбір қызмет түрі үшін әрбір лицензияға осы Заңда белгіленген мөлшерде қалыптастырады және банктің клиентпен жасасқан шарты негізінде және алғаш талап ету бойынша (талап етуге дейінгі салым) салымды беру шарттарында Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде салым шарттарында орналастырылады.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Ойын бизнесін ұйымдастырушы міндетті резервтерді осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда орналастыруды тұрақты негізде қамтамасыз етуге міндетті.
3. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Міндетті резервтер Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тек қана ойын бизнесін ұйымдастырушының құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға ұтысын төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындау мақсатында және ойын бизнесін ұйымдастырушының шоттары мен кассасында ақша жетіспеген жағдайда ғана пайдаланылуы мүмкін.
5. Егер міндетті резервтердің сомасы осы Заңда белгіленген мөлшерден азайған жағдайда, ойын бизнесін ұйымдастырушы осындай азайған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті резервтерді әрбір лицензияланатын қызмет түрі үшін осы Заңда белгіленген мөлшерге дейін толықтыруға міндетті.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6. Ойын бизнесін ұйымдастырушы кемінде үш айда бір рет уәкілетті органға банктік салым шартын жасаған кезде ашылған банктік шоттар бойынша ақшасының болуы және қозғалысы туралы анықтама табыс етеді.
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15-бап. Ойын мекемелеріне, букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың кассаларына келудің тәртібі мен ерекшеліктері
1. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге жиырма бір жасқа дейінгі жеке тұлғалардың, сондай-ақ құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың қатысуына тыйым салынады.
2. Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысы, мөлшерлемелер қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидаларын ойын бизнесін ұйымдастырушы ойын мекемесінде, букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассасында көрінетін жерге, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушының интернет-ресурсында (ол болған кезде) орналастырады және онда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) ойын мекемесінің, букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың атауы;
2) ойын бизнесін ұйымдастырушының орналасқан жері, банктік деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, интернет-ресурсы (ол болған кезде) көрсетіле отырып, оның атауы;
3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы, оның қолданылу мерзімі туралы ақпарат;
4) құмар ойындармен және (немесе) бәс тігумен шектен тыс әуестенудің зияны туралы ескерту;
5) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды өз бетінше шектеу тәртібі;
6) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға, сондай-ақ олардың жақын туыстарына психологиялық көмек көрсететін мамандардың (мекемелердің, ұйымдардың, қызметтердің) орналасқан жері мен байланыс телефон нөмірлері;
7) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушының жеке басын анықтау тәртібі;
8) өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің түрлері;
9) бәс тігуге қатысушылар мөлшерлемелер жасайтын оқиға қорытындысының нәтижелерін анықтау үшін пайдаланылатын ақпарат көздерінің тізбесі;
10) құмар ойында және (немесе) бәс тігуде тікелей пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар;
11) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушы мен құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушының құқықтары мен міндеттері;
12) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысу шарттары;
13) құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің, сондай-ақ ойын сессиясының өткізілу тәртібі;
14) құмар ойында және (немесе) бәс тігуде мөлшерлемелерді қабылдау шарттары;
15) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының бәс тігуді ұйымдастырудағы делдалдық үшін сыйақысының (комиссиясының) мөлшері;
16) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға ұтыс төленуге тиісті нәтиже;
17) дауларды қарау тәртібі;
18) өзге де мәліметтер.
3. Ойын бизнесін ұйымдастырушы:
1) ойын мекемесіне, букмекерлік кеңсеге немесе тотализаторға (букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассасына) еркін келуге Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шектеулер белгілеуге;
2) ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор (букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассасы) жұмысы, мөлшерлемелер қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидаларын бұзатын адамдарды құмар ойындарға жібермеуге құқылы.
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды
15-1-бап. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды шектеу
1. Жеке тұлға кез келген ойын бизнесін ұйымдастырушыға еркін нысандағы жазбаша өтінішін жеке өзі беру арқылы алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге өзін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан өз бетінше шектей алады.
2. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжат деректері, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан шектеу мерзімі, өтініш берушінің жеке қолтаңбасы болуға тиіс. Берілген өтініш қайтаруға немесе кері қайтарып алуға жатпайды. Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың біріне өтініш беру Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық ойын бизнесін ұйымдастырушыларға өтініш беру ретінде қаралады.
Ойын бизнесін ұйымдастырушы қабылдаған және тіркеген өтініштің көшірмесі қабылданған күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органға жіберіледі.
Жақын туыстары, отбасы мүшелері азаматтың әрекет қабілетін шектеу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде мұндай адамды құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
3. Уәкілетті орган мұндай өтініш келіп түскен күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлға туралы мәліметтерді құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізеді, оған қолжетімділік уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы ойын бизнесін ұйымдастырушыларға ғана қамтамасыз етіледі.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар туралы ақпарат құпия болып табылады.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар туралы ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлғалар өтініш берушінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз не өзге де заңды негіз болмаса, оны таратуға жол бермеу талабын сақтау арқылы оның құпиялылығын қамтамасыз етеді.