2), 6), 9), 12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі - шартты тұтынушылар) - көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар;
Қазақстан Республикасынан тысқары жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері;
2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары;»;
«6) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар - қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындары, электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындар, резервтік қорды қалыптастыруға жұмсалатын шығындар және оның қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;»;
«9) жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек (бұдан әрі - атаулы көмек) - жеке-дара тұтынушылардың Қазақстанда өндірілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін мемлекеттің өтеуі;»;
«12) электр және (немесе) жылу энергиясын жеке-дара тұтынушы (бұдан әрі - жеке-дара тұтынушы) - электрлендірілмеген елді мекендерде және (немесе) орталықтандырылған электрмен жабдықтау экономикалық жағынан орынсыз қоныстарда автономды режимде жұмыс істейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
13) электр энергиясын нетто-тұтынушы (бұдан әрі - нетто-тұтынушы) - жаңартылатын энергия көздерінің аралас қондырғыларын қоса алғанда, таратушы электр желісіне қосылған және желіден электр энергиясын тұтыну көлемдері мен оған жалпы белгіленген қуаты бір жүз киловаттқа дейін беру көлемдерін бөлек есепке алу жүйелерімен жабдықталған, өзіне меншік құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен тиесілі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр энергиясын өзінің толық немесе ішінара тұтынуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға;»;
2) 2-баптың 3-1-тармағының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары және (немесе) реттеудің тәуліктік мерзімінен астамын қамтамасыз ететін су қоймалары бар гидроэлектр станцияларына қолданылмайды.»;
3) 3-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жаңартылатын энергия көздерi секторын дамытудың нысаналы көрсеткiштерiн ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлерiн орналастыру жоспарын бекiтудi және iске асыруды;»;
4) 4-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін жобалауды, салуды және пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық преференциялар беру;»;
5) 6-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5-2) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін бекітеді;»;
«9-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
9-2) резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
10-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10-3) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеп, бекітеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;»;
10-4) тармақша алып тасталсын;
6) 7-бапта:
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлерiн салу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңнамасына және жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлерiн орналастыру жоспарына сәйкес жер учаскелерiн резервке қояды және бередi;»;
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек көрсетедi;»;
7) 7-1-бапта:
6-тармақтың 4) тармақшасындағы «ұсынуға міндетті.» деген сөздер «ұсынуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестелерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
«6-1. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген міндеттермен қатар, белгіленген қуаттылығы кемінде бір мегаватт болатын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүйелік оператор берген, генерациялайтын қондырғылардың жұмыс режимдерін сақтауға міндетті.
6-2. Су қоймаларымен жарақтандырылған гидроэлектр станциялары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін су режимі шеңберінде Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде жүйелік оператордың өкіміне сәйкес электр энергиясын өндіруді тәулік ішінде реттеуді жүзеге асыруға міндетті.»;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне жаңартылатын энергия көздерін енгізгеннен кейін күнтізбелік алпыс күн ішінде оларды пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу-сату шартын жасасу үшін өтінім береді.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын барлық энергия өндіруші ұйымдарда өзінің жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінде коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болуға міндетті. Коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде деректерді өңірлік диспетчерлік орталықтарға қашықтықтан беру мүмкіндігі болуға тиіс.»;
8) 8-1-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бекітілген тіркелген тарифтер жобаны қаржыландыру құрылымына және экономикалық негізділігіне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты айырбастау бағамының өзгеруі ескеріле отырып, жыл сайын индекстелуге жатады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткiштерге қол жеткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi бұрын бекiтiлген тіркелген тарифтердiң деңгейлерiн жыл сайын түзетуге құқылы. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтiлген тіркелген тарифтердi түзету туралы актiсi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн екi жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қуаты аз жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлерiн енгiзудi ынталандыру, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерiн дамытуға табиғи, климаттық, техникалық немесе өзге де жағдайлары қолайсыздау жерлердi электрмен қамтамасыз ету үшiн тіркелген тарифтер жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлерiнiң белгiленген қуаты бойынша сараланады.
Осы тармақтың күшi қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерiн пайдаланатын энергия өндiрушi ұйымдармен жасалған қолданыстағы сатып алу-сату шарттарына қолданылмайды.»;
9) 9-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы Заңның 7-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерiнен электр энергиясын сатудан қаржы-есеп айырысу орталығы алған ақша сомасы ағымдағы тоқсанда жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды өтеу үшiн қажеттi шамадан кем болса немесе асып кетсе, қаржы-есеп айырысу орталығы қайта есептеудi жүргiзедi және келесi тоқсанға электр энергиясын шартты тұтынушылар арасында шығындарды қайта бөледi.
Шартты тұтынушының нарықтан шығуы, таратылуы себебі бойынша одан ақша толық алынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы жоғарыда көрсетілген тұтынушыға есептелген электр энергиясының тиісті үлесін барлық шартты тұтынушыларға Қазақстан Республикасында электр энергиясын тұтынудың жалпы көлеміне қатысты олардың тұтыну көлеміне пропорционалды түрде бөледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Шартты тұтынушының қаржы-есеп айырысу орталығынан жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлерi өндiрген электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындары электр энергиясына шектi тарифтiң шамасын айқындау кезiнде ескерiледi.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Нетто-тұтынушы өзiне қызмет көрсететiн энергиямен жабдықтаушы ұйымға оның қолданыстағы тарифi бойынша, электр желiсiнен есептi кезең iшiнде өзi тұтынған электр энергиясының көлемiне, нақ сол кезең iшiнде электр желiсiне өзі берген көлемдi шегере отырып, ақы төлейдi.
Электр желiсiне есептi кезең iшiнде нетто-тұтынушы берген электр энергиясының көлемi желiден нақ сол кезең iшiнде өзi тұтынған электр энергиясының көлемiнен асып кеткен жағдайда, қызмет көрсететiн энергиямен жабдықтаушы ұйым нетто-тұтынушы берген электр энергиясы үшін сатуға арналған өзінің қолданыстағы тарифi бойынша нетто-тұтынушыға жоғарыда аталған асып кету көлемінде ақы төлейдi.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымның нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алуы-сатуы уәкiлеттi орган әзiрлеген және бекiткен Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
10) 10-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жаңа немесе жұмыс істеп тұрған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін құруды (кеңейтуді, реконструкциялауды) жоспарлап отырған энергия өндіруші ұйым және электр желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері тікелей қосылатын энергия беруші ұйым электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шарт жасауға міндетті. Бұл ретте жасалатын шартта жаңа немесе жұмыс істеп тұрған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін құруды (кеңейтуді, реконструкциялауды) жоспарлап отырған энергия өндіруші ұйымның және электр желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері тікелей қосылатын энергия беруші ұйымның шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы көзделеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Энергия беруші ұйымдар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу үшін жұмыс істеп тұрған электр және жылу желілерін кеңейткен және реконструкциялаған жағдайда, тиісті шығындар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен энергия беруші ұйымдардың тарифтеріне қосылады.».
10. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 11, 52, 57-құжаттар; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат):
1-бап мынадай мазмұндағы 54-2) тармақшамен толықтырылсын:
«54-2) көмір қабаттарындағы метан - газ тектес жай-күйдегі, көмір бассейндерін газдан тазарту процесінде алынатын газды өндіру және (немесе) қайта өңдеу өнімі болып табылатын және құрауыштарының сапалық және сандық құрамы бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін, құрамында метан басым көмірсутектерінің көпқұрауышты қоспасы;».
11. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж. № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):
1) 1-баптың 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«42) шикi газ - тазартылмай өндiрiлген табиғи, iлеспе, қатпарлы газ, көмiр қабаттарындағы метан, сондай-ақ шығу көзi өзгеше көмiрсутегi газы.»;
2) 26-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарынан тыс заңды негіздерде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан сатып алынған сұйытылған мұнай газының меншік иелері жүзеге асыруға құқылы.»;
3) 27-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) газ толтыру пункттерiнiң және (немесе) автогаз құю станцияларының иелерiне сұйытылған мұнай газы өткiзiлген жағдайда, газ желiсi ұйымдары жүзеге асыруға құқылы.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Газ желiсi ұйымдарының газ толтыру пункттерi және (немесе) автогаз құю станциялары иелерiне көтерме саудада өткiзу жағдайларын қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тұлғалардан сұйытылған мұнай газын сатып алған тұлғаның оны көтерме саудада өткiзудi жүзеге асыруына тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
«9. Сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге өткізу құқығына тек қана мыналар ие:
1) сұйытылған мұнай газын өндiрушiлер;
2) өздерiне меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде тиесiлi көмiрсутегi шикiзатын өңдеу процесiнде өндiрiлген сұйытылған мұнай газының меншiк иелерi;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына тұтыну үшiн әкелiнген сұйытылған мұнай газының меншiк иелерi;
4) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарынан тыс заңды негіздерде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан сатып алынған сұйытылған мұнай газының меншік иелері.
Өзге тұлғалар сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
10. Сұйытылған мұнай газын газ желiсi ұйымдары арасында көтерме саудада өткiзуге тыйым салынады.».
12. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат):
21-бапта:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында қалдықтардан алынған қайталама шикізат тауарына ерікті сертификаттау жүргізілгенін растайтын құжаттың;»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы немесе мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада Қазақстан Республикасының аумағында қалдықтардан алынған қайталама шикізат қолданыла отырып өндірілген, осы баптың 4-тармағына сәйкес растайтын құжаты бар тауарға басымдық көздеуге міндетті.».
2-бап. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 12) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 18) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын және 25) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы сәуірдің 8-і.
№ 506-V