2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсері болған жағдайларда іске қатысатын адамдардың арызы бойынша немесе өз бастамасымен іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұра алады.
Іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсері деп төтенше жағдайдың енгізілуін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатерін немесе туындауын түсінген жөн;
2) заңды тұлғалар өкілдерінің іске қатысатын жағдайларын қоспағанда, тарап істі қарау мерзімінен асатын уақытта қызметтік іссапарда болған;
3) заңды тұлға өкілдерінің іске қатысатын жағдайларын қоспағанда, тарап медициналық ұйымда стационарлық емдеуде болған;
4) қаралып жатқан іс бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сотқа тапсырылған өтініш;
5) бала асырап алу туралы істер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган асырап алушылардың тұрмыс жағдайын зерттеуді тағайындаған;
6) сот сараптама тағайындаған;
7) сотта медиация жүргізілген немесе партисипативтік рәсім жүргізілген;
8) осы Кодекстің 133-бабында көзделген жағдайларда жауапкер және (немесе) бала іздестіруде болған жағдайларда іске қатысатын адамдардың арызы бойынша немесе өз бастамасымен іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұра алады.
274-бап. Іс жүргізуді тоқтата тұру мерзімдері
Іс бойынша іс жүргізу:
1) осы Кодекстің 272-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда - шығып қалған тұлғаның құқық мирасқоры анықталғанға немесе әрекетке қабілетсіз тұлғаға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) осы Кодекстің 273-бабы 1-1) тармақшасының бірінші абзацында көзделген жағдайда - еңсерілмейтін күштің әсері тоқтатылғанға дейін;
2) осы Кодекстің 272-бабының 3) тармақшасында және 273-бабының 1), 2), 3), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда - тарап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамында болуын тоқтатқанға дейін, ол мемлекеттік міндетті орындауды аяқтағанға дейін, қызметтік іссапардан оралғанға дейін, емдеу мекемесінен шыққанға немесе сырқатынан айыққанға дейін, сарапшының қорытындысын немесе қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қорытындысын сотқа табыс еткенге дейін, жауапкерді іздестіргенге дейін;
3) осы Кодекстің 272-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда - соттың шешімі, үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енгенге дейін;
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы Кодекстің 272-бабының 5) тармақшасында көзделген жағдайларда - Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімі күшіне енгенге дейін;
5) осы Кодекстің 272-бабының 6) тармақшасында, 273-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда - сот құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы орындағанға дейін;
6) осы Кодекстің 272-бабының 7) тармақшасында және 273-бабының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда - медиация, партисипативтік рәсім тоқтатылғанға дейін;
7) заңсыз түрде Қазақстан Республикасына алып өткен немесе Қазақстан Республикасында ұсталып отырған баланы қайтару туралы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт негізінде балаға қатысты қол жеткізу құқығын жүзеге асыру туралы соттың шешімі немесе осы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым немесе осы Кодекстің 272-бабының 8) тармақшасында көрсетілген арызды соттың қарамай қалдыруы туралы ұйғарымы заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 275-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
275-бап. Іс жүргізуді тоқтата тұру туралы соттың ұйғарымына шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруі
Осы Кодексте көзделген жағдайларда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 276-бап өзгертілді
276-бап. Іс жүргізуді қайта бастау
Іс жүргізуді тоқтата тұруды туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейін іске қатысатын адамдардың арызы бойынша немесе соттың бастамасымен іс бойынша іс жүргізу қайта басталады. Іс жүргізу қайта басталған кезде сот іске қатысатын адамдарға азаматтық іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша хабарлайды.
Іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау негіздерін төрағалық етуші жария етеді және сот отырысының хаттамасында көрсетілуге жатады.
24-тарау. ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ ТОҚТАТУ
277-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың негіздері
Сот, егер:
1) іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса;
2) сол тараптардың арасындағы дау бойынша сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына немесе тараптардың татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді орнықтыруына байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы сот ұйғарымы болса;
3) сол бір тараптар арасындағы дау бойынша, сол бір нысана туралы және сол бір негiздер бойынша қабылданған төрелік шешім болса;
4) сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын қабылдаса;
5) тараптар татуласу келісімін жасасса және сот оны бекітсе;
6) тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе;
7) іс бойынша тараптардың бірі болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін даулы құқықтық қатынас құқық мирасқорлығына жол бермесе;
8) iс бойынша тарап ретiнде әрекет ететін ұйым қызметi тоқтатылуына және құқық мирасқорларының болмауына байланысты таратылса;
9) шет мемлекетте соттық иммунитеттің бар екені анықталса, iс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.
278-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың тәртібі мен салдары
1. Іс бойынша іс жүргізу сот ұйғарымымен тоқтатылады.
2. Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайда сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді.
3. Осы Кодекстің 277-бабының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып, сот ұйғарымда мемлекеттік бажды осы Кодекстің 107-бабының талаптарына сәйкес қайтару туралы көрсетеді.
Сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып, талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қолданылған шаралардың күшін жояды.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы соттың ұйғарымына осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.
25-тарау. ТАЛАП ҚОЮДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРУ
279-бап. Талап қоюды қараусыз қалдырудың негіздері
Сот, егер:
1) талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген немесе шартта көзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса;
2) талап қоюды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) егер талап қоюшы мәлімделген талапты қолдамаса, талап қоюға қол қоюға немесе оны беруге өкілеттігі жоқ адам қол қойса немесе оны берсе;
4) осы немесе басқа бiр соттың не төреліктің іс жүргізуінде сол бір тараптар арасындағы дау бойынша, сол бір нысана туралы және сол бір негiздер бойынша бұрын қозғалған iс болса;
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) егер заңда өзгеше көзделмесе, тараптар арасында заңға сәйкес осы дауды төреліктің немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының шешуіне беру туралы келісім жасалса;
6) істі өзінің қатысуынсыз қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;
7) өзінің мүддесіне сай іс қозғалған тұлға мәлімделген талапты қолдамаса;
8) талап қоюшы талап қоюды қайтарып алу туралы арыз берсе;
9) көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы істер жөніндегі арыз жарияланған күннен бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілсе;
10) жылжымайтын затқа коммуналдық меншік құқығын тану туралы арыз заңда белгіленген мерзімнен бұрын берілсе немесе заңда көзделген жылжымайтын мүлікті иесіз деп тіркеу рәсімдері бұзыла отырып берілсе;
11) осы Кодекстің 105-бабының үшінші бөлігінде және 106-бабының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік баж төленбесе;
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) осы Кодекстің 34-тарауында көзделген ерекше іс жүргізудегі істер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаны туралы мәліметтер ұсынылмаса;
13) істі ерекше іс жүргізуде қарау кезінде талап қою ісін жүргізуде қаралуға жататын, соттың ведомстволығындағы құқық туралы даудың бар екені анықталса, талап қоюды қараусыз қалдырады.
280-бап. Талап қоюды қараусыз қалдырудың тәртібі мен салдары
1. Талап қою қараусыз қалдырылған жағдайда іс бойынша іс жүргізу соттың ұйғарымымен аяқталады. Бұл ұйғарымда сот істі қарауға кедергі келтіретін, осы Кодекстің 279-бабының 1), 2), 3), 9) және 10) тармақшаларында санамаланған мән жайларды қалай жою керек екенін көрсетуге міндетті. Осы Кодекстің 279-бабының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша талап қоюды қараусыз қалдыра отырып, сот ұйғарымда мемлекеттік бажды қайтару және талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қолданылған шаралардың күшін жою туралы көрсетеді.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Талап қоюды қараусыз қалдыру туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.
3. Талап қоюды қарау үшін қалдыруға негіз болған мән-жайлар жойылғаннан кейін мүдделі тұлға жалпы тәртіппен сотқа тағы да талап қоюды беруге құқылы.
Ұйғарымның көшірмесі талап қоюға қоса берілген материалдармен бірге талап қоюшыға жіберіледі немесе табыс етіледі.
26-тарау. ХАТТАМАЛАР
281-бап. Хаттама жүргізудің міндеттілігі
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жекелеген процестік әрекет туралы жазбаша нысанда хаттама не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жасалады.
Іске қатысатын адамдардың барлығы сот отырысына келмеген не сот отырысы жаңа дәлелдемелер зерттелмей өткізілетін жағдайда, сот отырысының хаттамасын жүргізу туралы мәселені судья шешеді.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Істі бірінші сатыдағы сотта сот талқылауына дайындау кезінде осы сатыда шешім даудың мәні бойынша шығарылатын жағдайларды қоспағанда, хаттама тараптың өтінішхаты бойынша не соттың бастамасы бойынша жүргізіледі.
3. Істі апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарайтын жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ осы Кодекстің 413-бабының екінші бөлігінде және 420-бабының төртінші бөлігінде көзделген қағидалар бойынша жаңа дәлелдемелер зерттелген жағдайда апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысында хаттама жүргізу міндетті емес.
4. Кассациялық сатыдағы сотта хаттама жүргізілмейді.
282-бап. Хаттаманың мазмұны
1. Сот отырысының немесе отырыстан тыс жасалған жеке процестік әрекеттің хаттамасы істі талқылаудың немесе жеке процестік әрекет жасаудың барлық елеулі мән-жайларын көрсетуге тиіс.
2. Хаттамада:
1) сот отырысының жылы, айы, күні және орны;
2) сот отырысы басталған және аяқталған уақыт;
3) істі қарайтын соттың атауы, сот отырысы судьясының, хатшысының тегі мен аты-жөні;
4) істің атауы;
5) соттың стенографияны қолданғаны туралы мәліметтер және процесте аудио-, бейнежазба жүргізудің мүмкін еместігінің себептері;
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) бейнеконференц-байланыс жүйелерін және (немесе) өзге де техникалық құралдарды пайдалану туралы, сондай-ақ киноға және фотоға түсіруді жүргізу туралы мәліметтер;
6) іске қатысатын адамдардың, өкілдердің, куәлардың, сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың келгені туралы мәліметтер;
7) іске қатысатын адамдарға, өкілдерге, сондай-ақ аудармашыға, сарапшылар мен мамандарға олардың процестік құқықтары мен міндеттерінің түсіндірілгені туралы мәліметтер;
8) төрағалық етушінің өкімдері және сот отырысы залында шығарылған ұйғарымдар;
9) іске қатысатын адамдар мен өкілдердің арыздары, өтінішхаттары мен түсініктемелері;
10) куәлардың ауызша айғақтары, сарапшылар мен мамандардың түсіндірмелері;
11) дәлелдемелер мен құжаттардың жария етілгені және зерттеудің, аудиожазбаларды тыңдаудың нәтижелері және бейнежазбаларды, киноматериалдарды қарау туралы мәліметтер;
12) осы Кодекстің 56-бабының негізінде іске қатысатын мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындысы туралы мәліметтер;
13) сот отырысы залында орын алған сұрақтар мен жауаптардың мазмұны;
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) сот отырысындағы үзіліс туралы және іс кейінге қалдырылған кезде жаңа сот отырысының күні туралы мәліметтер;
14) сот жарыссөздері мен репликалардың мазмұны;
15) осы Кодекстің 54-бабының негізінде іске қатысқан прокурордың қысқаша қорытындысы;
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) шешімнің жария етілгені және оны қабылдаудың құқықтық негіздері мен салдарларының түсіндірілгені туралы, оны түпкілікті нысанда дайындау мерзімі, шағым жасаудың тәртібі мен мерзімін түсіндіру туралы мәліметтер;
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) іске қатысатын адамдарға сот отырысының хаттамасымен және сот отырысының аудио-, бейнежазбаларымен танысу және оларға ескертулер беру құқықтарының түсіндірілгені туралы мәліметтер;
18) хаттаманың түпкілікті нысанда жасалған күні көрсетіледі.
3. Істі талқылауды аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып тіркеп жазған кезде қысқаша хаттама жасалады.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қысқаша хаттаманың мазмұны осы баптың екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 6), 13-1), 16) және 18) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс, сондай-ақ онда соттың аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланғаны туралы, аудио-, бейнежазба қамтылған файлдың атауы көрсетіледі.
Аудио-, бейнежазба жеткізгіші және қысқаша хаттама іске қоса тіркеледі.
Іске қатысатын адамдардың және олардың өкілдерінің өтінішхаты бойынша сот аудиожазбаның көшірмесін және қысқаша хаттаманы немесе сот отырысының хаттамасын ұсынады.
Бұл ретте адам Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауаптылық туралы және алынған жазбаны осы баптың бесінші бөлігінде көзделген мақсаттарда пайдалануы туралы ескертіледі.
Іс жабық сот отырысында қаралған жағдайларда, іске қатысатын адамдарға аудио-, бейнежазба және сот отырысының хаттамасы берілмейді, оларға аудио-, бейнежазбамен және сот отырысының хаттамасымен сотта танысу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (2024 ж. 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Сот отырыстарын аудио-, бейнежазбаға түсіру сот талқылауы барысын дәл тіркеу үшін сот ісін жүргізу мақсатында ғана, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізуде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде не тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде нақты деректерді белгілеу мақсатында пайдаланылады.
Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою тәртібін, сондай-ақ аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу тәртібін сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің талаптарын ескере отырып айқындайды.
283-бап. Хаттама жасау
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сот отырысының немесе жеке процестік әрекеттің хаттамасын сот отырысының хатшысы жасайды не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жүргізіледі.
Күрделі істер бойынша қысқаша хаттама мәтінді автоматты түрде тану арқылы алынған аудиожазбаның мәтінін таратып жазумен сүйемелденуі мүмкін.
2. Хаттама, қысқаша хаттама компьютерлік, машинкада жазу не қолмен жазу тәсілдерімен жасалады.
3. Іске қатысатын адамдар мен өкілдер хаттаманың қандай да бір бөлігін жария ету туралы, өздері іс үшін елеулі деп есептейтін мән-жайлар жөніндегі мәліметтерді хаттамаға енгізу туралы өтінішхат беруге құқылы.
4. Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ал жеке процестік әрекет туралы хаттама ол жасалғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей дайындалуға және оған қол қойылуға тиіс. Күрделі істер бойынша сот отырысының хаттамасы сот отырысы аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей дайындалуға және оған қол қойылуға тиіс.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Хаттамаға төрағалық етуші мен хатшы қол қояды. Барлық өзгерістер, түзетулер, толықтырулар хаттамада ескерілуге және олардың қолы қойылып куәландырылуға тиіс.
Қысқаша хаттамаға қоса тіркелетін электрондық хаттама және аудио-, бейнежазба, аудиожазба мәтінінің таратып жазылуы хатшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады, оларға қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
6. 2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. Егер іске қатысатын адамдар өздерінің ауызша нысанда берген түсіндірмелерін, арыздарын, өтінішхаттарын, қорытындыларын қосымша жазбаша нысанда берсе, сот жазбаша құжаттарды олардың мазмұнын хаттамада оларды толық көрсетпей-ақ іске тіркейді.
284-бап. Хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаның мазмұнына ескертулер
Іске қатысатын адамдар немесе олардың өкілдері сот отырысының хаттамасымен, қысқаша хаттамамен, аудио-, бейнежазбаның мазмұнымен олар дайындалған және оларға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде танысуға құқылы. Көрсетілген тұлғалар танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаға жасалған процестік әрекеттердің және олардың нәтижелерінің тіркелуінің толық еместігін көрсете отырып, жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ескертулер беруге құқылы.
285-бап. Хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаның мазмұнына жасалған ескертулердi қарау
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаның мазмұнына жасалған ескертулерді төрағалық етуші қарайды.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Істі қарауға қатысатын адамдар хабарландырыла отырып, ескертулерді сот отырысында қарау қажеттілігін төрағалық етуші айқындайды. Істі қарауға қатысқан адамдардың келмеуі хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаның мазмұнына ескертулерді қарауға кедергі болып табылмайды.
Төрағалық етуші ескертулерді қарау нәтижелері бойынша олардың дұрыстығын өзінің қарарымен және қолтаңбасымен куәландырады не оларды толық немесе ішінара қабылдамау туралы ұйғарым шығарады. Ескертулердің барлығы іске тігіледі.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік жаңа редакцияда
3. Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымы шағым жасалуға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға жатпайды. Ескертулерді қарау нәтижелерімен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін.
4. Хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаның мазмұнына ескертулер олар берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
5. Егер төрағалық етуші дәлелді себептермен хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаның мазмұнына ескертулерді қарай алмаса, олар іс материалдарына қоса тіркеледі.
3-КІШІ БӨЛІМ. ЕРЕКШЕ ТАЛАП ҚОЮ ІСІН ЖҮРГІЗУ
27 - 29-тараулар. 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 30-тараудағы «Арыз беру», «арызбен», «Арыз», «Арызға», «арыз беру», «арыз», «Арызды», «арызын», «арызды» деген сөздер тиісінше «Талап қоюды беру», «талап қоюмен», «Талап қою», «Талап қоюға», «талап қоюды беру», «талап қою», «Талап қоюды», «талап қоюын», «талап қоюды» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
30-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІНІҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ДАУЛАУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
298-бап. Талап қоюды беру
1. Өздерiне нормативтiк құқықтық актiнiң күшi қолданылатын, заңда көзделген тәртіппен қабылданған және жарияланған нормативтік құқықтық актімен олардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлген құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылып отыр деп санайтын азамат немесе заңды тұлға осы нормативтік құқықтық актiнi заңға толық немесе жекелеген бөлiгiнде қайшы келедi деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгiнуге құқылы.
Заңға сәйкес келмейтін нормативтік құқықтық актіге наразылықты заңсыз нормативтік құқықтық актіні шығарған орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам қабылдамай тастаған жағдайда прокурор нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінеді.
2. Талап қою осы Кодекстің 148-бабында көзделген талаптарға сәйкес келуге және онда дауланып отырған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының атауы, лауазымды адамның атауы, оның қабылданған күні туралы деректер, осы нормативтік құқықтық актімен немесе оның жекелеген ережелерімен азаматтың немесе заңды тұлғаның қандай құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылып отырғаны, дауланып отырған нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасы Конституциясының қандай баптарына, Қазақстан Республикасы заңдарының қандай баптарына немесе ережелеріне қайшы келетіндігі қосымша қамтылуға тиіс.
3. Талап қоюға дауланып отырған нормативтік құқықтық актінің немесе оның бір бөлігінің көшірмесі нормативтік құқықтық актіні қандай бұқаралық ақпарат құралының органы және оны қашан ресми жариялағаны көрсетіле отырып, қоса тіркеледі.
4. Прокурордың сот қарағанға дейін наразылық келтірілген нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінген жағдайларын қоспағанда, сотқа талап қоюды беру нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтата тұрмайды.
299-бап. Істі сот талқылауына дайындау
Осы Кодекстің 165-бабында көзделген тәртіппен талап қою соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде судья істі сот талқылауына дайындауды жүргізеді. Бұл мерзімді ұзартуға жол берілмейді.
300-бап. Талап қоюды қарау
1. Сотқа талап қоюмен жүгiнген азамат немесе заңды тұлға, прокурор, сондай-ақ нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік орган (лауазымды адам) сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабардар етіледі.
2. Іс азаматтың немесе заңды тұлға өкілінің, прокурордың, нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам өкілінің міндетті түрде қатысуымен істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір ай мерзімде қаралады.
Сот прокурордың талап қоюын істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап он күн мерзімде прокурордың қатысуымен және наразылықты қабылдамау туралы шешім қабылдаған органның, лауазымды адамның немесе оның өкілінің қатысуымен қарайды.
Көрсетілген тұлғалардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды.
3. Сот отырысында сот нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының құзыретін не лауазымды адамның өкілеттігін, бүкіл нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін тексереді.