1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан осы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында, 221-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде;
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен осы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 221-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдарға зейнетақы жинақтары есебінен зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдері түрінде жүзеге асырылады.
2. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарынан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалады.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерінің мөлшері мен кезеңділігін зейнетақы төлемдерін алушы дербес белгілейді.
2023.21.12. № 49-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында, 1-1 және 4-тармақтарында және 221-бабы 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында, 3-тармағында көрсетілген адамдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын төлеу «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын жеке табыс салығы түріндегі ұстап қалулар ескеріле отырып, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған, алушыда бар зейнетақы жинақтары шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдарға міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жеке табыс салығы түріндегі ұстап қалулар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері:
осы Кодекстің 220-бабы 3-тармағының екінші абзацында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомасынан аспауға тиіс;
осы Кодекстің 220-бабы 3-тармағының үшінші абзацында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс;
осы Кодекстің 220-бабы 3-тармағының төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауға тиіс.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері үшін уәкілетті оператор ашқан арнаулы шоттарға аударады.
5. Уәкілетті оператор міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарының сомаларын аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді, оларды айырбастау, біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуға және (немесе) кейіннен аударуға байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу сомаларын қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Уәкілетті оператордың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу, оның ішінде осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдарға міндетті зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдерімен байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу көрсетілген адамдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
6-параграф. Сақтандыру ұйымдарынан төленетін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
225-бап. Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарынан төленетін сақтандыру төлемдері
1. Осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында, 220-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында және 221-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерін өмір бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға құқылы.
Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары пайдаланылуы мүмкін.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда осы Кодекстің 221-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдардың зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқығы бар.
2. Сақтандыру ұйымынан төленетін айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күні қолданылатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан (екі адам зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,4 еселенген мөлшері) төмен болмауға тиіс.
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандырылушылардың біреуі қайтыс болған жағдайда екінші сақтандырылушы үшін сақтандыру ұйымынан төленетін айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күні қолданылатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен болмауға тиіс.
226-бап. Зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасу және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
1. Зейнетақы аннуитеті шарттары осы Кодекстің талаптарында айқындалған мерзімге жасалады.
2. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар және бір мезгілде сақтандырушылар болып табылатын екі сақтанушы (сақтандырылушы) зейнетақы аннуитеті шартының тарапы бола алады.
3. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасатын адам сақтандыру ұйымын еркін таңдай алады.
4. Зейнетақы аннуитеті шарты жазбаша нысанда жасалады.
Сақтандыру сыйлықақысын есептеу және сақтанушыны (сақтандырылушыны) сәйкестендіру үшін қажетті деректерді қамтитын сақтанушының (сақтанушылардың) немесе міндетті зейнетақы жарналары салымшысының (салымшыларының) және (немесе) өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның өтініші зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін негіз болып табылады.
4-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Міндетті зейнетақы жарналары сақтанушының (салымшының) және (немесе) өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның қалауы бойынша зейнетақы аннуитеті шарты сақтандырушыға жазбаша түрде жүгіну не сақтандырушының интернет-ресурсын немесе сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қатысуымен құрылған интернет-ресурсты пайдалана отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақтанушысы (салымшысы) және (немесе) өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға мен сақтандырушы арасында ақпарат алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымына және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабында белгіленеді.
5-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен сақтандыру ұйымы арасында, бір сақтандыру ұйымы мен екінші сақтандыру ұйымы арасында зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасу және бұзу, қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде ақпарат алмасу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым арқылы жүзеге асырылады.
6. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым осы Кодекстің және «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
7. Зейнетақы аннуитеті шарты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) сақтандыру ұйымы сақтандыру сыйлықақысының сомасын сақтандыру ұйымына толық көлемде аударған кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
8. Басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда, бірақ ол жасалған күннен бастап екі жылдан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактісін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда сақтанушының (сақтандырылушылардың - зейнетақы аннуитеті шартын екі адам жасасқан жағдайда) бастамасы бойынша ғана зейнетақы аннуитеті шартын бұзуға болады.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда сақтандыру төлемдерінің мөлшері, сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шартын бұзу, зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі осы баптың 2-тармағына сәйкес жасалған зейнетақы аннуитеті шартында белгіленеді.
Зейнетақы аннуитеті шартын бұзу кезінде:
1) онда көзделген сатып алу сомасы жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің және сақтандыру ұйымының істі жүргізуге жұмсаған шығыстарының сомасы шегеріле отырып, төленген сақтандыру сыйлықақысының сомасынан кем болмауға тиіс;
2) жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты күні қолданылатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен болмауға тиіс.
9. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы және (немесе) өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға, зейнетақы төлемдерін алушы зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін зейнетақы шотында қалған және (немесе) сақтандыру ұйымымен басқа зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жаңадан қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқығы бар.
10. Қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген жағдайда:
1) сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі осы баптың 12-тармағына сәйкес айқындалады;
2) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні қолданылатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен болмауға тиіс.
11. Сақтандыру ұйымы сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеуді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген әдістемеге сәйкес жүзеге асырады.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілейді.
Сақтандыру төлемдері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жеке табыс салығы түріндегі ұстап қалуларды және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне төленген жарналар ескеріле отырып, деректемелері зейнетақы аннуитеті шарттарында көрсетілетін алушының банктік шотына аударылады.
Сақтандыру төлемдерінің сомаларын аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу сақтандыру ұйымының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.
Сақтандыру ұйымы бірінші ай сайынғы сақтандыру төлемін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының сомасы сақтандыру ұйымына аударылған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ сақтанушы:
ерлер - 55 жасқа;
әйелдер:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52 жасқа;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52,5 жасқа;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53 жасқа;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53,5 жасқа;
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54 жасқа;
2030 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54,5 жасқа;
2031 жылғы 1 қаңтардан бастап - 55 жасқа;
осы Кодекстің 221-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар - 50 жасқа толғаннан кейін жүзеге асырады.
13. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамдар оны жасасқан күннен бастап екі жылдан кейін сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту бөлігінде шарттың талаптарын өзгерту және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақшаны қайтару туралы өтінішпен сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылуға жататын ақша сомасы зейнетақы аннуитеті шарты бойынша оған өзгерістер енгізілген күнгі сатып алу сомасы және зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күнгі осы Кодекстің 225-бабының 2-тармағында айқындалған төлем мөлшері негізге алына отырып есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасы арасындағы айырмаға тең болады.
14. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға байланысты сатып алу сомаларын бір сақтандыру ұйымынан басқа сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитетінің шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
227-бап. Зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері
1. Сақтанушының:
1) сақтандыру ұйымы жүргізген сақтандыру төлемдері мөлшерінің есептерімен танысуға;
2) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу немесе қолданыстағы шарттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға;
3) егер зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан немесе қолданыстағы шарттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін жеткіліксіз болса, меншікті қаражатын тартуға;
4) сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүргізу үшін тәуелсіз актуарийлерді тартуға;
5) зейнетақы аннуитеті шартының көшірмесін алуға құқығы бар.
2. Сақтанушы:
1) зейнетақы аннуитеті шарты жасалған немесе зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осындай шартты және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісімнің түпнұсқасын ұсына отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;
2) зейнетақы аннуитеті шарты бұзылған кезде зейнетақы аннуитеті шартын бұзу туралы өтінішпен жүгінуге және жаңа зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың түпнұсқасын ұсынуға міндетті.
3. Сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру сыйлықақысының сомасын бір рет және толық көлемде алады.
4. Сақтандыру ұйымы:
1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері мөлшерінің есептерімен таныстыруға;
2) зейнетақы аннуитеті шартын осы Кодексте және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ресімдеуге;
3) тармақша 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімде сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен жасалған шарттар бойынша деректер алмасуды жүзеге асыруға;
4) тармақша 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жаңа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу туралы мәліметтер алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сатып алу сомасын жаңа сақтандыру ұйымына аударуға;
5) зейнетақы аннуитеті шартында көзделген, сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері уақтылы жүзеге асырылмаған кезде құқықтары бұзылған сақтанушыға немесе сақтандырылушыға өткен әрбір күн үшін төленбеген соманың 1,5 пайызы мөлшерінде, бірақ төленбеген соманың 50 пайызынан аспайтын мөлшерде өсімпұл төлеуге;
6) осы Кодекстің 226-бабының 13-тармағында көзделген өтінішті алған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қайтаруға жататын ақша сомасын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға міндетті.
228-бап. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару тәртібі
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры алушының алдында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
16-тарау. АСЫРАУШЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН АДАМДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
1-параграф. Жалпы ережелер
229-бап. Асыраушысынан айырылған адамдардың әлеуметтік қорғалу құқығы
1. Туыстары мен жақындарының қайтыс болуына байланысты адамдардың мынадай:
1) қайтыс болған асыраушысының асырауында болған отбасының еңбекке жарамсыз мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
2) егер қайтыс болған асыраушы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер түрінде әлеуметтік қорғауға құқығы бар.
2. Осы бапта көзделген құқықтар осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда іске асырылады.
3. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша асыраушысынан айырылған адамдарға қосымша әлеуметтік көмек шаралары ұсынылуы мүмкін.
230-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу тәртібі
1. Асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамның немесе оның заңды өкілінің өтініші асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (бұдан әрі - асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлем) тағайындау үшін негіз болып табылады.
2. Асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті ұсыну олар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындалған кезде талап етілмейді.
3. Уәкілетті мемлекеттік орган:
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау;
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін айқындайды.
231-бап. Асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті қабылдаудан және оларды тағайындаудан бас тарту
1. Асыраушысынан айырылған адамдар үшін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тартуға мыналар:
1) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындау, жүзеге асыру, оларды тағайындауға проактивті көрсетілетін қызмет арқылы өтініш немесе келісім беру фактілерін растайтын мәліметтер алу;
2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың және (немесе) асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданатын күні қолданылу мерзімі өтетін құжаттарды ұсынуы;
3) жеке басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны ауыстырудан басқа) оларды тағайындауға қажетті құжаттарға сәйкес келмеуі;
4) асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындау құқығының болмауы;
5) асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлем тағайындау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге өтініш берушінің келісімінің болмауы негіз болып табылады.
2. Асыраушысынан айырылған адамдар үшін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тартуға мыналар:
1) асыраушысынан айырылған адамдар үшін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) өтініш берушінің және (немесе) асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) тексеру кезінде Қор сұратқан асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжатты және (немесе) мәліметтерді ұсынбауы;
4) асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің есептелген мөлшерінің теріс мәні негіз болып табылады.
232-бап. Асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлем алушылардың құқықтары мен міндеттері
1. Асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлем алушылардың:
1) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуына қарамастан, осы Кодексте көзделген тәртіппен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алуға;
2) Мемлекеттік корпорациядан және Қордан асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындау және алу тәртібі туралы ақпаратты сұратуға және тегін алуға;
3) мемлекеттік органдардың, Мемлекеттік корпорацияның және Қордың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
2. Асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді алушылар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындау үшін толық және анық мәліметтер ұсынуға;