178-бап. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу
1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін жүргізіледі. Алушы қайтыс болған жағдайда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.
2. Осы Кодекстің 207-бабының 1 - 3-тармақтарында және 212-бабында белгіленген жағдайлар болған кезде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу тоқтатылады немесе осы Кодекстің 177-бабының 8-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып қайта қаралады.
3. Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны жаңа мөлшерде төлеу мүгедектік тобы өзгерген күннен бастап жүзеге асырылады.
Қайта куәландырылушы еңбекке қабілетті деп танылған жағдайда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы оны еңбекке қабілетті деп таныған айды қоса алғанда төленеді.
4. Егер мүгедектігі бар адам белгіленген мерзімде қайта куәландыру үшін медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне келмесе, онда оған мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады, ал оны мүгедектігі бар адам деп қайта таныған жағдайда тоқтатылған күннен бастап, бірақ бір айдан аспайтын уақыт үшін, егер медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедектігі бар адам деп таныса, төлем қайта басталады.
Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған кезде төлем тоқтатылған күннен бастап қайта куәландырудан өткен айды қоса алғанда, бірақ үш жылдан аспайтын уақыт үшін, егер медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедектігі бар адам деп таныса, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедектігі бар адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.
5. Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы осы Кодекстің 177-бабына сәйкес тағайындалған жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде төленеді.
Психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы осы Кодекстің 177-бабына сәйкес тағайындалған жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде төленеді.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының тағайындалған мөлшерінің 70 пайызы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жеке банктік шотына немесе қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
6. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар толық көлемде төленеді.
7. Алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан шыққан жағдайда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап толық көлемде қайта басталады.
8. Алушы уақтылы талап етпеген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының есептелген сомасы өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға жүгінудің алдындағы 3 жылдан аспайтын уақытқа төленеді.
179-бап. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялардың болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
4) ата-ана құқықтарынан айыру немесе оларды шектеу туралы, бала асырап алу туралы шешімді жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап төленеді. Ата-ана құқықтары қалпына келтірілген кезде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе шектеудің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады;
5) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қорғаншыны (қамқоршыны) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға немесе қорғаншы (қамқоршы) мәртебесі қалпына келтірілген адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап төленеді;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту немесе одан шығу фактісі шетелдіктің тұруға ықтиярхатын алғанға дейін анықталғаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап, бірақ шетелдіктің ықтиярхатын алған күннен кейін қайта басталады;
7) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде мүгедектігі бойынша зейнетақы алу фактісінің анықталуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу шығу елінде артық есептелген (төленген) зейнетақы сомалары өтелген кезде тоқтатылған күннен бастап қайта басталады;
8) медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактісін анықтау туралы хаттама ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын шығарылған сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады.
2. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу жәрдемақы төлеуді тоқтата тұруды туындатқан мән-жайлардың өткенін растайтын, ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
3. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу:
1) алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер;
2) шығу елінің уәкілетті органынан жәрдемақы алушының ісіне сұрау салу;
3) алушының ішкі істер органдарынан тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты ұсына отырып, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өтініші;
4) алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кету фактісінің анықталуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер;
5) өтініш берушінің негізсіз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталғаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
6-параграф. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем
180-бап. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы
1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап туындайды.
2. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан тағайындалады.
3. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу үшін қабылданған кезеңге әлеуметтік аударымдар Қорға оларды тағайындау үшін жүгінген күннен кейін түскен жағдайда алушыға еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қайта есептеу жүргізілмейді.
181-бап. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем мөлшері
1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшерін әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 50 пайызын шегере отырып, кірісті ауыстырудың, еңбекке қабілеттіліктен айырылудың және қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады.
Бұл ретте кірісті ауыстыру коэффициенті 0,6 құрайды, ал әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшері осы Кодекстің 118-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін қатысу өтілінің коэффициенті:
алты айдан аз - 0,1;
алты айдан он екі айға дейін - 0,7;
он екі айдан жиырма төрт айға дейін - 0,75;
жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін - 0,85;
отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін - 0,9;
қырық сегіз айдан алпыс айға дейін - 0,95;
алпыс айдан жетпіс екі айға дейін - 1,0;
алпыс және одан да көп айға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 1,0-ге 0,02 қосылады, бірақ ол 1,3-тен аспайды.
Қатысу өтілінің коэффициентін айқындау кезінде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу кезеңдері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне 0 түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдері, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес 2020 жылғы 1 сәуір - 2020 жылғы 1 қазан аралығында кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңі есептеледі.
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенті 30 пайыздан 100 пайызға дейін белгіленген жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесіне сәйкес келеді.
2. Төлеуші уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын мерзімде және жағдайларда артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүзеге асырмаған жағдайда еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу кезінде артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомалары есепке алынбайды.
3. 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
4. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі өзгерген күннен бастап қайта қаралады.
5. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысымен арттыру күніне тиісті әлеуметтік төлемдер тағайындалған адамдарға жүргізіледі.
6. Сот актілері және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының актілері негізінде заңсыз деп танылған кірістен түскен, әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау кезінде есепке алынған кезең үшін төленген әлеуметтік аударымдар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін кейінгі жүгінуі кезінде есепке алынбайды.
182-бап. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялардың болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алушы болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және кері қайтып келген адам кету елінде төлем алмаған жағдайда еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем төлеу тоқтатылған күннен бастап, бірақ оны алу үшін жүгінудің алдындағы үш жылдан аспайтын уақытқа қайта басталады.
Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге кеткен кезде белгіленген мөлшерде қайта басталады. Егер кеткен кезеңде еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді арттыру жүргізілген болса, оның мөлшері барлық арттыру ескеріліп белгіленеді.
Кету елінде төлем алынған жағдайда еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету кезінде белгіленген мөлшерде жүгінген күннен бастап қайта басталады;
3) қорғаншы болып табылатын алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеп жатқаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қорғаншы болып тағайындалған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
4) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
6) алушының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қайта басталады;
7) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қорғаншыны өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қорғаншы болып тағайындалған адамға немесе қорғаншы мәртебесі қалпына келтірілген адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
8) өтініш берушінің еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін негізсіз айқындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
9) медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактісін анықтау туралы хаттаманы ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын шығарылған сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады.
2. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алуға құқық сақталған жағдайда әлеуметтік төлемнің тоқтатыла тұруын туындатқан мән-жайлардың өткенін растайтын, ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
3. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем:
1) алушы қайтыс болған жағдайда (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда) тоқтатылады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушы қайтыс болған айды (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген айды) қоса алғанда төленеді;
2) алушының еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалған күннен бастап тоқтатылады;
3) алушының еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;
4) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі алушыны еңбекке қабілетті деп тану туралы шешім шығарған жағдайда ол еңбекке қабілетті деп танылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
7-параграф. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы
183-бап. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алу құқығы
1. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетелдіктерге беріледі.
2. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындалады.
3. Отбасында мүгедектігі бар екі және одан да көп бала тұратын жағдайда мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы мүгедектігі бар әрбір балаға тағайындалады және төленеді.
4. Туған, асырап алынған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған мүгедектігі бар баласы бар отбасыларға, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген күннен бастап тағайындалады.
184-бап. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы мөлшері
1. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде төленеді.
2. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
185-бап. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға келген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен ерте қайта басталмайды;
3) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеп жатқаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы баланың (балалардың) заңды өкіліне тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін төленеді;