5-тарау. Архив ісін мемлекеттік реттеу мен басқару
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.04.06 № 162-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Архив ісін мемлекеттік реттеу
1. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган жүзеге асыратын архив ісін мемлекеттік реттеу мәселелеріне:
1) архив ісі мен құжат жасауда бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекіту;
2-1) Ұлттық архив қорының құжаттарын, басқа да архив құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің толықтыруы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидаларын бекіту;
2-2) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту;
2-3) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін, олардың сақталу мерзімдерін көрсете отырып, бекіту;
2-4) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке меншік архивтердің қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидаларын бекіту;
3) Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту;
4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын архив анықтамаларына және архив құжаттарының көшiрмелерiне апостиль қою;
7) Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша ақпараттық желі және деректер қорын құру;
8) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) автоматтандырылған архивтік технологиялар әзiрлеу мен енгізуді ұйымдастыру;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың сұрау салулары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін басып шығаруды және пайдалануды ұйымдастыру;
11) Ұлттық архив қорын және Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастыру мен олардың жұмыс істеуі, Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету;
12) республикалық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау және пайдалану;
13) Қазақстан Республикасының тарихы жөніндегі шет елдердегi архив құжаттарын жинау мен оларды елге қайтару;
14) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) архив ісін басқару және жүргізу органдарының қызметіне әдістемелік басшылық жасау және оны үйлестіру;
16) іс жүргізу мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау және іс жүргізудің жай-күйі мен құжаттардың сақталуын бақылау;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) Ұлттық архив қоры құрамына жатқызылған және жеке архивтерде сақталатын құжаттардың сақталуын мемлекеттік бақылау;
18) архив iсi жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының өкiлдiгін қамтамасыз ету;
19) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асыратын қатынастарды мемлекеттік реттеу және архив iсiн басқару мәселелерiне:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында архив iсiнде және құжат жасауда бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыру;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік архивтерінің сақтауына қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргiзу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
4) коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;
5) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;
8) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында орналасқан, Ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда iс жүргiзудiң жай-күйiне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау және бақылау жасау;
9) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;
10) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереженi бекіту;
11) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;
12) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тарихы бойынша архив құжаттарын жинау және қайтару;
13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 2009.04.06 № 162-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 18-1 бап өзгертілді; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 18-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 18-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-1-бап. Ұлттық архив қорының құрамына жатқызылған және жеке меншік архивтерде сақталатын құжаттардың сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Ұлттық архив қорының құрамына жатқызылған және жеке меншік архивтерде сақталатын құжаттардың сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Архив ісін мемлекеттік басқару
1. Архив iсiн мемлекеттік басқаруды уәкiлеттi орган мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органның нұсқаулары жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді
20-бап. Қазақстан Республикасындағы архив ісін басқару мен жүргізу органдарының жүйесі
Архив ісін басқару мен жүргізу органдарының жүйесіне:
1) уәкiлеттi орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары;
2) архив мекемелері: Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтері, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасының орталық мемлекеттік архивтері, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері мен олардың филиалдары кіреді.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Архив ісін басқару мен жүргізу органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы уәкілетті органын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары, олардың жүйесіндегі архив мекемелерін қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР 08.05.03 ж. № 413-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.27.05. № 279-IV (бұр. ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік архивтері
1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінде арнаулы мемлекеттік архивтер құрылуы мүмкін.
2. Арнайы мемлекеттік архивтер құру Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының осы Заңда белгіленген тәртіппен арнаулы мемлекеттік архивтер құрылған мемлекеттік органдарына өздерінің қызметіне қатысты архив құжаттарын жинақтау (сатып алу), тұрақты сақтау және пайдалану құқығы беріледі.
4. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік архивтері қызметінің тәртібі нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
6-тарау. Халықаралық ынтымақтастық
23-бап. Халықаралық байланыстар мен қарым-қатынастар
1. Ұлттық архив қоры құжаттарының меншік иелері - жеке және заңды тұлғалар халықаралық байланыстар мен тікелей қарым-қатынастар орнатып, жасап отыруға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының мүдделеріне нұқсан келтірмесе, мемлекет архив құжаттарын бірлесіп пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердің архив мекемелері арасындағы қарым-қатынастардың кеңейтілуіне жәрдемдеседі.
24-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының архив ісі жөніндегі заңдарындағыдан өзгеше нормалар белгіленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
25-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың архивті пайдалану құқығы
1. Архив құжаттарын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары пайдаланатын негіздерде пайдаланады.
2. Өз архивтеріне Қазақстан азаматтарына кіруге шектеу көзделген мемлекеттердің азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында сондай шектеу белгіленуі мүмкін.
26-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету
1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынады.
2. Қазақстан Республикасының уәкілетті органы Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес рұқсат беруге құқылы.
7-тарау. Қорытынды ережелер
27-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
1. Архив ісі жөніндегі заңдарды бұзуға кінәлі болған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Ұлттық архив қорына келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтелуге тиіс.
Қазақстан Республикасының