10) егер үміткер жеке өзі құжаттарын тапсыра алмаған жағдайда, өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхатты;
11) оқу бағдарламасы, мамандығы мен кезеңі көрсетілген академиялық оқуға (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап ететін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) сөзсіз қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы;
12) философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орны белгілеген мерзімдерден аспайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орнымен келісілген мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар жеке оқу жоспарын ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2016.01.10. № 564 Қаулысымен 10-4-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2017.19.05. № 279 Қаулысымен 10-4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-4. Тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі.
Тағылымдамадан өтуге үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі ішінде Әкімшіге мынадай құжаттарды:
1) Жұмыс органы бекіткен нысан бойынша жұмыс берушінің жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға өтінімін (бұдан әрі - өтінім);
2) жеке куәліктің және паспорттың түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
3) бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы мен көшірмесін, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса - білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің түпнұсқасын және көшірмесін не Заңның 39-бабының8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжатты (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
4) осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңдері үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелердің түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
5) мемлекеттік немесе орыс тіліндегі уәждемелік және ұсыным хаттарды;
6) шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы;
7) Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша толтырылған сауалнаманы;
8) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
9) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
10) егер үміткер жеке өзі құжаттарын тапсыра алмаған жағдайда, өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхатты;
11) тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (таратып көрсетілген) көрсетілген сөзсіз (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап ететін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) шақыруын растайтын құжаттардың көшірмелерін;
12) Жұмыс органы белгілейтін талаптарға сәйкес құрылған, және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен тағылымдамадан өту бағдарламасын ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.02.04. № 175 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1154 Қаулысымен (2016 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.26.03. № 158 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді
11. Конкурсқа қатысуға рұқсат алу үшін құжаттарды қабылдауды және тіркеуді ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес келген жағдайда Әкімші жүзеге асырады. Осы Қағидалардың талаптары мен шарттарына құжаттар сәйкес келмесе, сондай-ақ толық құжаттар пакеті берілмеген жағдайда үміткер бұзушылықтарды жойып, оларды қабылдаудың белгіленген мерзімі кезеңінде құжаттарын тапсырады.
Үміткерге құжаттарын тіркеген кезде, құжаттарын қабылдағаны туралы конкурсқа қатысуға рұқсат беру не құжаттары Жұмыс органдарына жеке тәртіппен қарауға жіберілгені туралы ақпарат көрсетілген қолхат беріледі.
Құжаттар осы Қағидалардың талаптары мен шарттарына сәйкес келмеген және «электронды үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініш берілген кезде құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, Әкімші «электрондық үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың талаптарға сәйкессіздігін жою және жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы дәлелді жауап береді.
12. Үміткерлердің материалдарын қарауды және конкурсқа жіберу туралы шешім қабылдауды Әкімші құжаттарды қабылдаған күннен бастап Жұмыс органы 10 (он) жұмыс күні ішінде жеке тәртіппен мынадай жағдайларда:
1) конкурсқа қатысу үшін үміткер ұсынған дипломда (бакалавр немесе маман) көрсетілген мамандықтың атауы мәндес мамандықтар тізбесінде болмағанда;
2) академиялық оқуға тіркелгенін растау құжатында көрсетілген мамандық атауы басым мамандықтар тізбесінен таңдап алған мамандық атауына сәйкес келмегенде;
3) үміткер ұсынған (бакалавр не маман) диплом немесе ағымдағы үлгерімі туралы анықтама бойынша оқуды бағалау жүйесі бағалар баламасы кестесінің бағалау жүйесіне сәйкес келмегенде;
4) Тізімде медициналық мамандықтар не өнер саласындағы мамандықтар бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асыратын мамандандырылған шетелдік жоғары оқу орны болмаған жағдайда жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1154 Қаулысымен (2016 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.01.10. № 564 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді
13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген жағдайларда құжаттары Жұмыс органына қарауға жіберілген үміткерлерге Жұмыс органы шешім қабылдаған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Әкімші конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы не конкурсқа қатысуға рұқсат беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Құжаттар жеке тәртіппен қаралған жағдайларда үміткерді конкурсқа қатысуға жіберуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) дипломда көрсетілген (бакалавр немесе маман) мамандықтардың оқу бағдарламалары мәндес мамандықтар тізбесінде көрсетілген мамандықтардың оқу бағдарламаларының біріне сәйкес келмеуі;
2) академиялық оқуға тіркелгенін растау құжатында көрсетілген мамандық алу үшін оқу бағдарламасының басым мамандықтар тізбесінен таңдап алған мамандықтың оқу бағдарламасына сәйкес келмеуі;
3) дипломның (бакалавр немесе маман) орташа балының немесе ағымдағы оқу үлгерімі туралы анықтаманың осы Қағидалардың 9, 10-2-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкес келмеуі;
4) магистр, философия докторы (РЮ), бейін бойынша доктор дәрежесін алуы, резидентурада оқуы үшін медициналық мамандықтар және өнер саласындағы мамандықтар бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын мамандандырылған шетелдік жоғары оқу орнының үш және одан да көп мынадай өлшемдерге сәйкес келмеуі;
жылына кемінде 3 оқу құралын, монография, авторлық куәлік шығару;
кемінде 3 трансұлттық компаниялардың іске асырылған ірі жобаларының немесе\және осы оқу орны оқытушыларының және студенттерінің қатысуымен соңғы 10 жылда өткізілген ұлттық және халықаралық мәні бар жобалардың болуы;
осы оқу орны оқытушыларының және студенттерінің қатысуымен халықаралық және ұлттық деңгейдегі жылына кемінде 50 көрсетілім\концерт немесе 10 конференция\көрме өткізу;
осы оқу орнының халықаралық немесе\және мемлекеттік\ұлттық аккредиттеуден өткенін растайтын құжаттың болуы;
осы оқу орнының базасында клиникалардың, зертханалардың немесе зерттеу орталықтарының болуы;
осы оқу орнының мамандандыру саласындағы кемінде 1 ұлттық және\немесе халықаралық сыйлығының болуы.
Үміткерге конкурсқа қатысуға рұқсат беруден бас тарту және бас тартуды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде құжаттарды қайта тапсыру үшін негіз болған сәйкессіздіктерді жойған жағдайда үміткер конкурсқа қатысуға жіберіледі.
2.2. «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерге іріктеу жүргізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2017.19.05. № 279 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Үміткерлерді іріктеу мемлекеттік және шет тілдерін меңгеру, зияткерлік қабілеттілігі, кәсіби біліктілігі, бейіндік даярлығы, шетелде оқуға психологиялық дайындығы деңгейін анықтау, сондай-ақ уәждемелік және ұсыным хаттарды бағалау арқылы конкурстық негізде жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2017.19.05. № 279 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Конкурс 6 (алты) турдан тұрады.
ҚР Үкіметінің 2015.02.04. № 175 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.19.05. № 279 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Бірінші, екінші, үшінші және төртінші турларды шетелдік әріптестермен, Қазақстан Республикасының ұйымдары мен сарапшыларымен бірлесіп, Әкімші ұйымдастырады және өткізеді.
Бірінші турда Жұмыс органы құратын Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелері болып табылатын тәуелсіз сарапшылар үміткерлерге Жұмыс органы белгілеген бағалау өлшемшарттарына сәйкес уәждемелік және ұсыным хаттарды бағалау арқылы жасырын, алдын ала іріктеу жүргізеді.
Екінші турда үміткердің шет тілін білу деңгейі анықталады.
Шетелдік жоғары оқу орындарының талаптарына сәйкес шет тілін білу деңгейін анықтау жөніндегі тестілеудің орнына таңдаған оқу мамандығына сәйкес пәндік емтихандар өткізілуі мүмкін.
Үшінші турда үміткердің мемлекеттік тілді білу деңгейі анықталады.
Төртінші турда үміткерлерді кешенді тестілеу жүргізіледі.
Әкімші екінші, үшінші және төртінші турдың өтетін орны мен уақытын айқындап, бұл туралы телефон байланысы арқылы күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей үміткерді хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2017.19.05. № 279 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17. Үміткерлер алдыңғы турдан сәтті өткен жағдайда екінші, үшінші және төртінші турға қатысуға жіберіледі.
Бірінші, екінші, үшінші және төртінші турлардың нәтижелері бойынша әрбір үміткер бойынша қорытынды беріледі, бұл туралы үміткерге Әкімшінің ресми интернет-ресурсында ақпарат орналастыру арқылы хабарланады.
18. Үміткерлер үшін мемлекеттік тілді білудің және пәндік емтихандардың қажетті ең төменгі деңгейін Жұмыс органы бекітеді.
Жұмыс органы шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік әріптестердің талаптарын ескере отырып, үміткерлер үшін шет тілін білудің қажетті ең төменгі деңгейін анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
19. Шет тілін білу деңгейін анықтау бойынша тестілеуден:
1) тағылымдамадан өтуге, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға шақыруларда шет тілін білу деңгейін тағылымдамаға қабылдаушы ұйым, шетелдік жетекші жоғары оқу орны талап ететін деңгейге дейін көтеру шарты жоқ адамдар;
2) белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғандығы туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін тапсырғандар;
3) шақыруларында шет тілін білу деңгейін талап етілетін деңгейге дейін көтеру шарты бар философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін, резидентурада оқу үшін түскен адамдарды қоспағанда, өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын адамдар босатылады.
ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды
19-1. Белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тілден емтихан тапсырғандығы туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін тапсырғандар мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша тестілеуден босатылады.
ҚР Үкіметінің 2015.02.04. № 175 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.19.05. № 279 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20. Бесінші тур үміткерлердің Тәуелсіз сараптамалық комиссияның мүшелерімен жеке әңгімелесуден өтуін ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Әкімші үміткерлерді телефон байланысы арқылы әңгімелесудің өтетін күні мен орны туралы ол өткізілгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей хабардар етеді.
Тәуелсіз сараптамалық комиссияның құрамын, жұмыс тәртібі мен оны ұйымдастыруды Жұмыс органы бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2017.19.05. № 279 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21. Бесінші турда үміткердің кәсіби даярлық, мамандануы бойынша Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын білу, таңдалған мамандану саласында теориялық білім деңгейі және кәсіби құзыреттілігінің болуы анықталады.
ҚР Үкіметінің 2015.02.04. № 175 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22. Тәуелсіз сараптамалық комиссия Жұмыс органы белгілеген нысан бойынша әрбір үміткерге ұсыным береді.
ҚР Үкіметінің 2017.19.05. № 279 Қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23. Бесінші тур өткеннен кейін Жұмыс органы барлық турлардың нәтижелерімен бірге үміткерлердің материалдарын Республикалық комиссияның қарауы үшін алтыншы турға енгізеді.
24. Республикалық комиссия үміткерлер конкурсының барлық турларының нәтижелері негізінде «Болашақ» стипендиясын тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы соңғы шешімді қабылдайды, ол туралы Әкімшінің ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы үміткер хабардар етіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.02.04. № 175 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2017.19.05. № 279 Қаулысымен 25-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25. Республикалық комиссияның шешімінде «Болашақ» стипендиясы есебінен тағылымдама өткізуді жүзеге асыратын шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың талаптарына сәйкес конкурстың мынадай жеңімпаздары үшін тілдік курстардан өту қажеттілігі туралы көрсетіледі:
1) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген санаттар бойынша - Жұмыс органы бекітетін тілдік курстардың ұзақтығы кестесіне (бұдан әрі - кесте) сәйкес, бірақ 12 айдан аспайтын, ағылшын тілін үйрену үшін Қазақстан Республикасында - 6 айдан аспайтын және шетелде 6 айдан аспайтын мерзім;
2) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санат және философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін түскендер бойынша - Жұмыс органы бекітетін кестеге сәйкес, бірақ 12 айдан аспайтын, ағылшын тілін үйрену үшін Қазақстан Республикасында - 6 айдан аспайтын және шетелде 6 айдан аспайтын мерзім;
3) осы Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген санат бойынша 6 айдан аспайтын, ағылшын тілін үйрену үшін Қазақстан Республикасында 6 айдан аспайтын мерзім.
Конкурс жеңімпазы тілдік курстардан өткеннен кейін шет тілін білудің қажетті деңгейін анықтауға арналған бақылау тестін (бұдан әрі - тест) тапсырады.
Шет тілін білудің қажетті деңгейін Жұмыс органы шетелдік әріптестердің талаптарын ескере отырып белгілейді.
Егер шет тілін білудің қажетті деңгейіне қол жеткізілмесе, конкурс жеңімпазына тестілеуді оны өтпеген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде өз қаражаты есебінен қайтадан тапсыруға бір рет мүмкіндік беріледі.
Егер конкурс жеңімпазы шетелдік жоғары оқу орнына немесе тағылымдамадан өтуді жүзеге асыратын шетелдік ұйымға түсу үшін шет тілін білудің қажетті деңгейін осы тармаққа сәйкес белгіленген мерзімде меңгермесе, ол Республикалық комиссияның шешімі бойынша «Болашақ» стипендиясы бойынша одан әрі академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту құқығынан айырылады және Республикалық комиссияның «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешімі шыққан күннен бастап оған жұмсалған барлық шығыстарды өтейді.
ҚР Үкіметінің 2017.19.05. № 279 Қаулысымен 25-1-тармақпен толықтырылды
25-1. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген конкурс жеңімпаздары және магистр дәрежесін алу үшін конкурсқа қатысушылар қажет болған жағдайда магистратура алдындағы дайындықтан өтеді.
26. Конкурстың ағымдағы жылғы турларының біреуінен өтпеген үміткердің ағымдағы жылғы конкурсқа қайта қатысуына жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.01.10. № 564 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.05. № 279 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 27-тармақ өзгертілді
27. Конкурс жеңімпазы Республикалық комиссия оған «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешімді қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде Әкімшімен Жұмыс органы бекіткен үлгілік нысандар бойынша оқыту шартын/тағылымдамадан өту туралы шарт (бұдан әрі - шарт) жасасады, онда міндетті түрде мыналар қамтылуы тиіс:
1) шарттың нысанасы;
2) тараптардың құқықтары мен міндеттемелері;
3) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда конкурс жеңімпазын оқытуға/тағылымдамадан өтуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету тәсілі;
4) «Болашақ» стипендиясы бойынша оқытудың/тағылымдамадан өтудің мерзімі мен шарттары;
5) конкурс жеңімпазының шетелде академиялық оқуын аяқтағаннан не тағылымдамадан өткеннен кейін Қазақстан Республикасына міндетті түрде оралуы және «Болашақ» стипендиясы шеңберінде алған мамандығы бойынша үздіксіз еңбек қызметін астанада, республикалық маңызы бар қалаларда - кемінде бес жыл не Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде - кемінде үш жыл (осы Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін кемінде үш жыл) жүзеге асыруы туралы шарт:
өз бетімен түскендер, жалпы конкурс санаттары бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін - Қазақстан Республикасының ұйымдарында не акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан ұйымдарда;
мемлекеттік қызметшілер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар, сондай-ақ өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын және осы Қағидалардың 10-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім берген мемлекеттік қызметшілер үшін - өтінімге сәйкес мемлекеттік қызметте не шетелдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарында не Республикалық комиссияның шешімі бойынша, бос жұмыс орындары болған жағдайда - Қазақстан Республикасының ұйымдарында, сондай-ақ акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі ұйымдарда одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздерін жіберген мемлекеттік органда;
ғылыми-педагог қызметкерлер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар, сондай-ақ өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын және осы Қағидалардың 10-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім берген ғылыми не педагог қызметкерлер үшін - Қазақстан Республикасының тиісті деңгейдегі басқа ғылыми ұйымдары мен білім беру ұйымдарында одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өтінімге сәйкес өздерін жіберген ұйымдарда;
инженерлік-техникалық қызметкерлер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін - өтінімге сәйкес Қазақстан Республикасының өндірістік қызметті жүзеге асыратын басқа ұйымдарында одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздерін жіберген ұйымдарда;
тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін - өтінімге сәйкес Қазақстан Республикасының жіберуші ұйымының негізгі қызметімен ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа ұйымдарында одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздерін жіберген ұйымдарда;
мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін - өтінімге сәйкес Қазақстан Республикасының басқа мәдениет ұйымдарында одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздерін жіберген ұйымдарда;
бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін - өтінімге сәйкес Қазақстан Республикасының басқа бұқаралық ақпарат құралдары редакциясында одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздерін жіберген ұйымдарда;
6) конкурс жеңімпазы өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Жұмсау бағытында көзделген шығыстарды қаржыландыруды тоқтата тұру туралы шарт;
7) еңсерілмес күш жағдайларының туындауы салдарынан конкурс жеңімпазын өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босату туралы шарт;
8) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген үміткерлер үшін, сондай-ақ конкурсқа өз бетінше түскендер санаты бойынша қатысатын және осы Қағидалардың 10-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім ұсынған үміткерлер үшін жұмыс берушінің жұмыс орнын (лауазымын) сақтауының міндеттілігі бойынша шарт;
9) еңбек қызметін жүзеге асыруын растайтын құжаттарды ұсыну міндеттілігі туралы шарт.
28. Конкурс жеңімпазы осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген мерзімде шарт жасамаса, сондай-ақ шарт бойынша ол өзінің міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда конкурс жеңімпазын «Болашақ» стипендиясынан айыру туралы мәселені Республикалық комиссияның қарауына бастамашылық жасалады.
29. Шарт конкурс жеңімпазының оқуын/тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру бойынша «Болашақ» стипендиясы тағайындалған күннен бастап Жұмсау бағытына сәйкес туындаған барлық шығыстарды төлеуге байланысты ақшаны аудару үшін негіз болып табылады.
30. Шарт жасалғаннан және осы Қағидалардың 27-тармағының 3) тармақшасындағы талаптар орындалғаннан кейін конкурс жеңімпаздарын шетелдік жоғары оқу орындарына, шетелдік ұйымдарға оқуға/ тағылымдамаға жіберу және осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес ақшаның аударылуы қамтамасыз етіледі.
31. Конкурс жеңімпазы «Болашақ» стипендиясынан бас тартса не оны одан айырған жағдайда, Республикалық комиссия «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап оған жұмсалған барлық шығыстарды тұрақсыздық айыбын (айыппұл) қоса алғанда Республикалық комиссияның шешімі бойынша өтеуге тиіс.
Егер «Болашақ» стипендиясынан бас тарту не одан айырылу еңсерілмес күш, атап айтқанда: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, соғыс қимылдары, блокадалар, медициналық-әлеуметтік сараптаманың тиісті анықтамасымен расталған стипендия иегерінің ауруы, заңнамадағы өзгерістер, мемлекеттік органдардың актілер шығаруы мән-жайының және басқа да мән-жайлар туындауының салдары болып табылса, егер шарттық міндеттемелерді орындауға тікелей әсер етсе, мұндай әсер етуге кедергі болу мүмкін болмаған және қолданылуын қалыптасқан жағдайлардан күтуге болатын барлық ықтимал шаралар мен әрекеттер қабылданған жағдайда «Болашақ» стипендиясынан айырылған не одан бас тартқан адамдар шығыстарды өтеуден және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды) төлеуден босатылады.
ҚР Үкіметінің 2017.19.05. № 279 Қаулысымен 32-тармақпен толықтырылды
32. Жұмыс органы «Болашақ» стипендиясынан бас тартқан немесе одан айырылған, сондай-ақ Әкімші алдында қаржылық берешегі бар конкурс жеңімпаздарын оқытуға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтаруға байланысты жұмысты ұйымдастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.03. № 355 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 11 маусымдағы
№ 573 қаулысына
қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау
бағыттары
ҚР Үкіметінің 2017.19.05. № 279 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын (бұдан әрі - «Болашақ» стипендиясы) жұмсау бағыттары «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының (бұдан әрі - конкурс жеңімпазы) оқуын немесе тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға байланысты мынадай шығыстарды төлеуді қамтиды:
1) визаларды (консулдық алымды) ресімдеу, ұзарту;