Аумақтарда қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобаларға кешенді қала құрылысы сараптамасын мемлекеттік сараптама ұйымы барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізеді.
Оң сараптама қорытындылары қаралған жобаларды бекіту үшін негіз болып табылады.
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Азаматтық істер, қылмыстық істер, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде объектілер құрылысы саласындағы жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының қорытындысына қатысты тиісінше Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен сот сараптамасы жүргізілуі мүмкін.
2. Міндетті сараптамаға:
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобалары;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) бюджет қаражаты есебінен немесе осы қаражаттың қатысуымен қаржыландырылатын, сондай-ақ бюджет қаражатының қатысуынсыз тұрғызылатын, бірақ шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің көлеміндегі мемлекеттік меншіктің үлесі заңнамада белгіленген тәртіппен көзделетін, сондай-ақ мемлекет кепілдігімен не мемлекет кепілгерлігімен мемлекеттік емес қарыз қаражаттың қатысуынсыз тұрғызылатын үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) осы Заңның 60-бабының 2-тармағында келтірілген техникалық жағынан күрделi емес объектiлер құрылысының жобаларын қоспағанда, бюджет қаражатының немесе мемлекеттiк инвестициялардың өзге де нысандарының қатысуынсыз қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттама жатады.
2-1. 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Осы Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген техникалық жағынан күрделі емес объектілер міндетті сараптамаға жатпайды.
5. Бұрын салалық және ведомстводан тыс кешенді сараптамалардың оң қорытындылары берілген, құрылыстың бекітілген жеке жобаларын қайта қолдану кезінде, сондай-ақ жаппай құрылысқа арналған қолданыстағы үлгілік жобаларды қайта байланыстыру кезінде қайталама салалық сараптамалар жүргізілмейді, бірақ бұл жобаларды нақты жергілікті жерге және жағдайларға байланыстыру бөлігінде ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтеді.
6. Міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын құрылыс жобаларын (техникалық-экономикалық негіздемелерді немесе жобалау-сметалық құжаттаманы), оның оң қорытындысы болмаса, бекітуге және одан әрі іске асыруға жол берілмейді.
7. Құрылыс жобаларының (техникалық-экономикалық негіздемелердің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың) тапсырыс берушісі осы жоба бойынша сараптама жұмыстарының тапсырыс берушісі де болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, тапсырыс берушінің міндетіне құрылыс жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жасауға бөлек конкурстарды ұйымдастыру және өткізу кіреді. Бөлек конкурстар жобаны дайындау мен өткізілген конкурс нәтижелері бойынша сол уақытқа жеңімпаз деп айқындалған сараптама ұйымына оны ұсыну арасында үзіліс болмайтындай мерзімдерде өткізіледі.
8. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын, бірақ мемлекеттік монополияға жатпайтын және мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылмайтын жобалардың тапсырыс берушісі сараптама жүргізу үшін өз қалауы бойынша кез келген аккредиттелген сараптама ұйымын таңдауға құқылы.
9. Тапсырыс берушілер ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік нормативтерде көзделген құжаттардың толық жинақталымын ұсынуға міндетті. Сараптама жүргізу үшін ұсынылған құжаттардың анықтығына тапсырыс беруші жауапты болады.
10. Сараптама ұйымдары сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құрады, сондай-ақ мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды), оның ішінде шет мемлекеттің тиісті органы берген сараптама қызметімен айналысу құқығына арналған құжаттары бар шетелдік сарапшыларды тартады.
Қаралатын жобаларды дайындауға және (немесе) әзірлеуге тікелей немесе жанама қатысқан не оларды әзірлеген жобалау ұйымдарының өкілдері болып табылатын мамандарды сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) құрамына кіргізуге, сондай-ақ жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қатысудың өзге де нысанына тартуға жол берілмейді.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Тапсырыс берушілер және жобалаушылар, сондай-ақ сарапшылар немесе сараптама ұйымдары тараптардың бірі жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу немесе оның нәтижесін шығару тәртібін бұзған жағдайларда, осы өтінішін негіздей отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
Тапсырыс беруші жүргізілген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелерімен келіспеген кезде сарапшылардың қорытындысына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
12. Тапсырыс беруші сапасыз әзірленген және бұрын сараптамамен мақұлданған жобаға және (немесе) құрылыс барысында анықталған бекітілген жобадан негізсіз ауытқуларға байланысты жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына өзгерістер енгізу қажеттігін анықтаған жағдайда да сараптама жүргізіледі.
Мұндай жағдайда, тапсырыс беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты жібереді.
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 13-тармақпен толықтырылды
13. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілері бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке-дара жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісу тәртібі қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерiн, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын салуға, сондай-ақ олардың қазiргi барларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделi жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негiздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға кешендi ведомстводан тыс сараптама жүргiзу қағидаларымен реттеледі.
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14. Тапсырыс берушілер кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес құжаттардың толық жиынтығын ұсынуға міндетті. Сараптама жүргізу үшін ұсынылған құжаттардың анықтығы үшін тапсырыс беруші жауапты болады.
Мыналар кешенді қала құрылысы сараптамасына тапсырыс берушілер болып табылады:
жалпымемлекеттік маңызы бар жобалар бойынша - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган;
өңірлік маңызы бар жобалар және елді мекендерді дамыту мен оларда құрылыс салу жобалары бойынша жергілікті атқарушы органдар.
Қала құрылысы жобаларына тапсырыс беруші осы жоба бойынша сараптама жұмыстарына тапсырыс беруші де болып табылады.
64-2-бап. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құны және оны жүргізу мерзімдері
1. Құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама қаралып отырған жобаны әзірлеу құнына шығындарды жатқыза отырып, сараптамаға тапсырыс берушілер мен сараптама ұйымдары жасасатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қаржыландыру көзiне қарамастан, мемлекеттiк сараптама ұйымы салалық сараптамалардың қатысуымен орындайтын сараптама жұмыстарының құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен объектілердің құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес белгіленеді.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Аккредиттелген сараптама ұйымдары салалық сараптамалардың қатысуымен орындайтын сараптама жұмыстарының құны тапсырыс беруші мен сараптамалық ұйымның арасында жасалған шартқа сәйкес белгіленеді.
Мемлекеттік сатып алулар шеңберінде орындалатын шарттар бойынша сараптама жұмыстарының құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен объектілердің құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес белгіленетін құннан төмен болмауға тиіс.
4. Құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесіне, сондай-ақ құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібі мен ұзақтығы (мерзімдері) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен айқындалады және құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сараптама қызметінің барлық субъектілері үшін бірыңғай болып табылады.
64-3-бап. Жобаларға сараптама түрлері
1. Жобаларға сараптама мынадай түрлерге бөлінеді:
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) аккредиттелген сараптама ұйымдары немесе тиісті аттестаты бар сарапшылар жүзеге асыратын, құрылысқа арналған жобаларға сараптама (құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама);
2) мемлекеттік монополияға жатқызылған құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) кешенді қала құрылысы сараптамасы - мемлекеттік монополияға жатқызылған, барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына сараптама;
4) мүдделі мемлекеттердің уәкілетті органдары құратын халықаралық сараптама комиссиялары жүзеге асыратын, объектілерді жобалау және салу немесе аралас шекара маңы аумақтарының қала құрылысын жоспарлау бойынша тиісті халықаралық шарттардың екі және одан да көп қатысушы мемлекеттері үшін өзара мүддені білдіретін жобаларға мемлекетаралық сараптама.
2. Әр түрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобалары (қала құрылысы жобалары) осы Заңда, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртіппен кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтеді. Кешенді қала құрылысы сараптамасының оң қорытындылары тиісті деңгейдегі қала құрылысы жобаларын бекіту және оларды одан әрі іске асыру үшін негіз болып табылады.
3. Екі және одан да көп елдердің мүдделерін қозғайтын жобалар бойынша мемлекетаралық сараптама жүргізу тәртібі халықаралық шартқа сәйкес белгіленеді.
64-4-бап. Мемлекеттік монополияға жатқызылған сараптама қызметі
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мемлекеттік монополияға:
1) барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы;
2) мыналар:
қаржыландыру көздеріне қарамастан, ықтимал қауіпті құрылыс объектілеріне жататын жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылысжайларды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жаңа объектілерді, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларын салу;
бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен қаржыландырылатын, мыналарға:
ықтимал қауіпті;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық жағынан қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын, жауапкершіліктің бірінші деңгейіне жатқызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық жағынан қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган әзірлеген үлгілік жобалар үшін құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жатады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік монополияға жатқызылатын қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы мен ведомстводан тыс кешенді сараптаманы мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.
Азаматтық істер, қылмыстық істер, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде мемлекеттік монополияға жатқызылатын қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы мен ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысына қатысты тиісінше Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен сот сараптамасы жүргізілуі мүмкін.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызметке «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы мен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйені жүргізу жатқызылады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің және ерекше индустриялық аймақтардың объектілеріне қолданылмайды.
64-5-бап. Аккредиттелген сараптама ұйымдары
1. Аккредиттелген сараптама ұйымдары:
осы Заңның 64-4-бабының 1-тармағында көзделген жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізеді;
палата құрылған кезден бастап оның мүшелері (қауымдастырылған мүшелері) болуға міндетті.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы ерекше индустриялық аймақтың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізеді. Ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы аккредиттелген сараптама ұйымдарының кәсіби бірлестігінің мүшесі (қауымдастырылған мүшесі) болып табылмайды.
2. Аккредиттелген сараптама ұйымдары, егер:
1) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) объектілердің (кешендердің) құрылысы іске қосу кешендері немесе кезек бойынша көзделсе;
2-1) 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) инженерлік немесе көліктік инфрақұрылымның желілік құрылыстарын салу жеке учаскелерге (кесінділерге) бөлінсе, жергіліктісараптама қорытындыларын бере отырып, жобаға арналған құжаттардың толық жинақталымына тұтастай да, жобаның жекелеген бөлімдеріне (бөліктеріне) де сараптама жүргізуге құқылы.
Жобаның жекелеген бөлімдері (бөліктері) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жергілікті қорытындылары жобалау-сметалық құжаттаманы тұтастай бекіту үшін негіздер болып табылмайды, бірақ жиынтық сараптама қорытындысының құрамында пайдаланылады. Техникалық зерттеп-қарау нәтижелері негізінде объектідегі тозған элементтерді немесе инженерлік жүйелерді ауыстыру арқылы пайдалану сапаларын қалпына келтіру мақсатында күрделі жөндеу жүргізу үшін сметалық құжаттаманы әзірлеу ғана талап етілетін жағдайларға, бұл талап қолданылмайды.
3. Міндетті түрде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді талап етпейтін құрылыс жобаларына осы сараптаманы тапсырыс берушінің шешімі бойынша аккредиттелген сараптама ұйымы да жүргізуі мүмкін.
64-5-баптың 4-тармағы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымдарын қоспағанда, аккредиттелген сараптама ұйымдары осы Заңда көзделген сараптама қызметінен басқа қандай да бір өзге қызметпен айналысуға құқылы емес.
64-6-бап. Құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сарапшылар
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Құрылыс объектілерін жобалау және қала құрылысы жобалары саласында сараптама қызметімен айналысу құқығына аттестат алу үшін жеке тұлғаның тиісті мамандық бойынша жоғары білімі, объектілер құрылысына, қала құрылысы жобаларына арналған техникалық-экономикалық негіздемелердің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімі (бөлігі) бойынша жобалау саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуға және аттестаттаудан өтуге тиіс. Аттестаттау рәсімі ағылшын тілінде өткізілуі мүмкін.
2. Үш жыл бойы практикалық сараптама қызметімен айналыспаған аттестатталған сарапшы қайта аттестаттаудан өткеннен кейін ғана сараптама қызметін жүзеге асыруға жіберіледі.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткенге дейін 3-тармақтың қолданысы тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 3-тармақ аталған Заңның 3-бабының редакциясында қолданылды
3. Сарапшыларды басқа аккредиттелген немесе мемлекеттік сараптама ұйымымен жасалған шарт бойынша штаттан тыс сарапшылар ретінде тарту, сондай-ақ сараптама ұйымы басшылығының тапсырмасы бойынша жобаның жекелеген бөлімдеріне (бөліктеріне) сараптамалар орындау жағдайларын қоспағанда, олар сараптама қызметін жеке-дара жүзеге асыруға құқылы емес.
64-7-бап. Аккредиттелген сараптама ұйымдарын және аттестатталған сарапшыларды есепке алу
Аккредиттелген сараптама ұйымдарын және аттестатталған сарапшыларды есепке алу тізілімдерді жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімі заңды тұлғаның деректемелері, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі туралы, жобалардың әртүрлі бөлімдеріне сараптама бойынша мамандандырылған аттестатталған сарапшылардың штатта бар-жоғы туралы ақпарат жиынтығын, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, қолданылған жауаптылық шаралары туралы мәліметтерді қамтиды.
Аттестатталған сарапшылардың тізілімі сарапшының жеке деректері, аттестаттың берілген күні мен нөмірі туралы, мамандануы, білімі және кәсібі бойынша жұмыс өтілі туралы ақпарат жиынтығын, сондай-ақ сарапшыға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, қолданылған жауаптылық шаралары туралы, оның ішінде сарапшыны жосықсыз деп тани отырып аттестатынан айыру туралы мәліметтерді қамтиды.
64-8-бап. Сараптама қызметі субъектілерінің құқықтары, міндеттері және жауаптылығы
1. Сараптама ұйымдарының құқықтары мен міндеттері осы Заңда және өз жарғыларында белгіленеді.
2. Сарапшы:
1) сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) құрамында аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысуға;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) кәсіптік мамандануына сәйкес қала құрылысы жобасының жекелеген бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптаманы жүзеге асыруға, олар бойынша сарап тама қорытындысының тиісті бөліктерін жасауға, тапсырыс беруші кері қайтарып алынатын сараптама қорытындысының тұжырымдарында айтылған шарттарды (талаптарды) орындамаған жағдайда сараптама ұйымының бұрын берілген қорытындыны кері қайтарып алуына бастама жасауға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жобаның бөліміне (бөлігіне) тапсырыс берушілерден және оны әзірлеушілерден қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
3) аттестатта көрсетілген кәсіптік мамандануына сәйкес жобалардың жекелеген бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптаманы жүзеге асыруға, олар бойынша сараптама қорытындысының тиісті бөліктерін жасауға, тапсырыс беруші кері қайтарып алынатын сараптама қорытындыларының түйіндерінде ескертілген шарттарды (талаптарды) орындамаған жағдайларда, сараптама ұйымының бұрын берілген қорытындыларды кері қайтарып алуына бастамашы болуға құқылы. Жобаның жекелеген бөлімдері (бөліктері) бойынша сарапшы жасаған жергілікті қорытындылар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын тұтастай бекітуге негіздер болып табылмайды, бірақ жиынтық сараптама қорытындысының құрамында пайдаланылады;
4) педагогикалық, ғылыми және (немесе) өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға құқылы.
3. Сарапшыға:
1) дайындауға сарапшының өзі тікелей немесе жанама қатысқан не жұбайының (зайыбының) және (немесе) жақын туыстарының қатысуымен орындалған жобалар бойынша сараптама жүргізуге;
2) кәсіпкерлік қызметтің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметімен байланысты өзге де түрлерімен айналысуға;
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің өзге де субъектілерімен еңбек, қаржылық және (немесе) басқа да тәуелді қатынастарда болуға тыйым салынады.
4. Сарапшы:
1) кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарының біреуінде штатта тұруға;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қаралатын жобалар бойынша құпиялықты сақтауға және қызметтік және коммерциялық құпияны қамтамасыз етуге;
3) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, аттестат нөмірі және оның берілген күні көрсетілген мөрі болуға;
4) өзінің кәсіптік біліктілігін кезең сайын арттырып отыруға;
5) кәсіптік әдепті сақтауға міндетті.
5. Сараптаманың сапасыз жүргізілу фактілері анықталған жағдайларда, сараптама ұйымдары мен сарапшылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Сараптама жүргізілгеннен кейін бекітуге ұсынылған сапасыз жобалар үшін сараптама ұйымдары жобалардың тиісті әзірлеушілерімен қатар жауаптылықта болады.
64-9-бап. Сараптама қызметінің тәуелсіздігі
1. Сарапшылар өз қызметінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен тәуелсіз болады.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, құжаттаманы сараптамаға қабылдау, жобаларды қарау, олар бойынша сараптама қорытындыларын дайындау және ресімдеу барысында сарапшылардың немесе сараптама ұйымдарының жұмысына араласуға ешкім де құқылы емес.
3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің өзге де субъектілері сарапшылар мен сараптама ұйымдарының кәсіптік қызметіне араласқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
64-10-бап. Сараптама ұйымдарына қойылатын талаптар
1. Сараптама ұйымдарының құрамында жобаның негізгі бөлімдеріне сәйкес мамандандыру бойынша аттестатталған кемінде бес сарапшы болуға тиіс.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Ерекше индустриялық аймақтың сараптама ұйымының құрамында жобаның негізгі бөлімдеріне сәйкес келетін мамандандыру бойынша аттестатталған кемінде жеті сарапшы болуға тиіс.
2. Сараптама ұйымдары мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттеуден өтуге;