2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен кезде және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын жеткізу орындарында, кедендік тазартуды аяқтау орындарында өсiмдiктер карантинi, санитариялық-карантиндiк, ветеринариялық бақылау саласында бақылау және қадағалау жүргiзуге;
3) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарын сақтауға;
4) көлiктегi қауiпсiздiк талаптарын сақтау тұрғысынан көлiктiк бақылау бекеттерiнде автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуiне;
5) «Ішкi су көлiгi туралы» және «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кемелердi қауiпсiз пайдалану жөнiндегi талаптардың орындалуын бақылауға және қадағалауға;
6) жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауына;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) тірі малды, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнім мен шикізатты өткізетін сауда базарларында, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттiк орман қоры аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) жануарлар дүниесі объектілерінің санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында:
балық шаруашылығының су айдындарында - балықтардың белгіленген кәсіпшілік өлшемі, балық аулау мөлшерлері, құрал түрлері мен тәсілдері, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар, кейдейсоқ аулау бөлігінде, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналы) жүргізілуіне;
аңшылық шаруашылығы аумағында - жануарларды аулау құралдарын алып қою, аулау тәсілі және түрі, олардың жыныстық-жастық құрамы, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар бөлігінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарының сақталуына;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) карантинді аймақтарда және жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз пункттерде, карантинді объектілердің, аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарында іс-шараларды бақылауға және қадағалауға;
11) жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгi және авиациялық қауiпсiздiк жөніндегі талаптарды сақтауына;
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) осы Кодекстің 133-бабының талаптары және iшкi iстер органдары жүргiзетiн жедел-профилактикалық iс-шаралар шеңберiнде Қазақстан Республикасының жарылғыш заттардың, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың заңды айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына;
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) Қазақстан Республикасының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына;
13) акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiрудi жүзеге асыратын субъектiнiң аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген акциздiк бекеттер арқылы бақылауға, сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртi мен алкоголь өнiмiне бақылау есебiнiң жүргiзiлуiне;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын, төлем жүйелерінің операторлары мен операциялық орталықтарын, төлем ұйымдарын, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді бақылауға және қадағалауға;
15) Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау және атқару мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуына;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімдерін, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға темекі бұйымдарын сатуды, балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді таратуды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуына;
17) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18) жол бойында жолаушылар поездарында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауға;
19) жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген орындардан тыс жерде сауда жасауға;
20) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдар күзететiн Қазақстан Республикасының объектiлерiн қоспағанда, террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына бақылауды жүзеге асыруға;
22) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына;
23) - 25) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды
26) қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі I және IІ санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілер үшін - атом энергиясын пайдалану саласына байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
Бұл ретте құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті тіркелуге осы тармақтың бірінші бөлігінің 13), 15) (ішкі аудит қызметтерінің тексерулерін қоспағанда), 22) және 26) тармақшаларында, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер жатады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 12) (есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар саласында), 13), 21) және 22) тармақшаларында көрсетілген тексерулерді тағайындау туралы актілер тексеру басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелуге жатады.
Бақылау және қадағалау органдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жүргізілген тексерулер туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған нысан бойынша ұсынады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тексерулерді жүргізу тәртібі және бұл ретте туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
5. Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарға, осы Кодекстің 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы параграфтың күші қолданылмайды.
Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына тексерулер жүргізу кезінде туындайтын қатынастар осы Кодекстің 20-тарауымен реттеледі.
2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді белгілі бір мерзімге тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша қабылдайды.
7. Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртiбiнiң ерекшелiктерi, оларды жүргiзу, ұзарту, тоқтата тұру мерзiмдерi, тексерулердi тағайындау, олардың нәтижелерi мен аяқталуы туралы актiнi ресiмдеу «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексi) айқындалады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалардан және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 141-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
141-бап. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) топтарға бөлу
1. Мемлекеттік бақылау және қадағалау бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) төрт топқа бөлу ескеріле отырып жүргізіледі.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бірінші топқа өздеріне қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі, жоспардан тыс тексерулер, осы баптың 3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 2), 4) және 7) тармақшаларына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қолданылатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жатады.
Бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріліп, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы тәуекел болып табылады.
Тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені тәуекелдерді бағалау жүйесі болып табылады.
Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі мынадай мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларында:
1) қызметін ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі III және IV санаттағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерге қатысты - атом энергиясын пайдалану саласында;
2) өрт қауіпсіздігі саласында;
3) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, әлеуметтік төлемдерді аударудың толықтығын және уақтылығын қамтамасыз ету саласында;
4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласында;
5) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге қатысты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілерге қатысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде қолданылады.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерді жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген қызмет салалары үшін тексерулер жүргізудің мерзімділігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге қатысты тексерулер жүргізудің ерекше тәртібін жүргізу мерзімділігі жарты жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
Бақылау және қадағалау субъектiсінiң тiкелей қызметiне, салалық даму ерекшелiктерiне және осы дамуға әсер ететiн факторларға байланысты, бақылау және қадағалау субъектiлерiн (объектілерін) әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемшарттары болып табылады.
Тексеру жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
Реттеуші мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен жартыжылдық график тексерулер жүргізудің ерекше тәртібін тағайындау үшін негіз болып табылады.
Жартыжылдық графиктер өздеріне қатысты тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі тағайындалған объектілер міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты қалыптастырылады.
Тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерінің жобаларын құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға келісу үшін жібереді.
Тексерулердің жартыжылдық графиктерінің жобаларында нақ сол бақылау және қадағалау субъектiлері белгіленген кезде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган графиктердің жобаларын реттеуші мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға мұндай субъектiлерді тексерулер жүргізу графиктерінен алып тастау үшін не осы баптың талаптарын ескере отырып, оларды жүргізу мерзімдерін түзету үшін қайтарады.
Тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар тексерулер жүргізудің реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен жартыжылдық графиктерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін қалыптастыруы үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерінің нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
Тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырады.
3. Екінші топқа өздеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы және бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жатады.
Жоспардан тыс тексерулер осы Кодекстің 144-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
Реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы бекіткен, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындауға негіз болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімдері өздеріне қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау тағайындалған объектілер міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты қалыптастырылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің бекітілген жартыжылдық тізімдерін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық жиынтық тізімін қалыптастыру үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімдерінің нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімдеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде орналастырады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
Осы тармақтың үшінші - оныншы бөліктері мынадай жағдайларда:
1) егер бару «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылаумен байланысты болса;
2) егер бару «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүргізілетін өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру үшін өнімді іріктеумен байланысты болса;
3) егер бару Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес астықтың сапасын айқындау үшін оны қабылдау, тиеп-жөнелту және сандық-сапалық есепке алу кезінде сынамаларды іріктеумен байланысты болса;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне ықтимал түрде жаппай қатер төндіруі мүмкін болған жағдайларда, осы бұзушылықтардың профилактикасы мен алдын алу мақсатында бақылау және қадағалау жүзеге асырылған;
5) электр станцияларында, қазандықтарда, электр және жылу желілерінде негізгі жабдықтың тоқтап қалуына, өртке, жарылыстарға, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бірнеше бөлікке бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге алып келген технологиялық бұзушылықтардың туындағаны туралы хабарламалар келіп түскен;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына бақылау жүзеге асырылған;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) табиғи монополиялар салаларындағы, осы Кодексте белгіленген баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі міндеттерінің сақталуына бақылау жүзеге асырылған жағдайларда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге қолданылмайды.
Осы тармақтың он бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылық фактілері туындауының себептерін анықтау үшін осы Кодекстің 114-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты нақты факт бойынша жоспардан тыс тексеруді жүргізу жеткіліксіз болған және осы нақты фактіге байланысты өзге де субъектілерге қатысты бақылау мен қадағалау талап етілетін жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
Осы тармақтың он бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін:
1) бақылау және қадағалау органдары нақты фактіге байланысты және ықтимал тәуекелдері бар бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) аясын айқындау мақсатында қолда бар барлық ақпаратқа, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталын пайдалана отырып және басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу арқылы талдау жүргізеді;
2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің бақылау және қадағалау органының бірінші басшысы бекіткен қосымша тізімі қалыптастырылады;
3) осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде анықталған фактілер ғана бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу нысанасы болып табылады.
Осы тармақтың он бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу туралы шешімді негізсіз қабылдағаны үшін бақылау және қадағалау органының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары, тексеру парақтары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыруы тәртібінің негізінде әзірленеді.
Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының ерекшелігі мен құпиялылығы ескеріле отырып, мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыруы қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Үшінші топқа өздеріне қатысты осы Кодекстің 144-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс тексерулер және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жатады.
Жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау осы Кодекстің 137-бабына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Төртінші топқа өздеріне қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау ғана жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жатады.