14) 284-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Осы баптың ережелеріне сәйкес пайдалы құрауыштар алына отырып қайта өңделуге жататын иесіз қалдықтар мемлекеттік не жеке меншікке айналдырылғаннан кейін қалдықтар ретінде қаралмайды.»;
15) 288-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар түзілетін жеке және заңды тұлғалар олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын көздеуге, экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға және оларды кәдеге жарату, қайта өңдеу, залалсыздандыру және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды орындауға міндетті.
Жеке және заңды тұлғалар өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.»;
3-тармақтағы «уақытша» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1 Қалдықтарды уақытша сақтау қалдықтарды орналастыру болып табылмайды.
Қалдықтарды уақытша сақтау орындары оларды кәдеге жарату, қайта өңдеу, сондай-ақ қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтарды жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын үшінші тұлғаларға бергенге дейін алты айдан аспайтын мерзімде қалдықтарды қауіпсіз жинауға арналған.
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтаудың жобалық құжаттамада белгіленген шарттары мен мерзімдері (бірақ алтын айдан аспайтын) бұзылған жағдайда, мұндай қалдықтар түзілген кезінен бастап орналастырылған болып танылады.»;
16) 289-баптың 5, 6, 7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қауіпті қалдықтар паспорты қалдықтар түзілген кезден бастап үш ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
6. Міндетті бөлімдерге енгізілген деректердің толықтығы мен дұрыстығын арттыратын қосымша ақпараттың түсуіне қарай қауіпті қалдықтар паспорты жаңартылуға жатады. Жаңартылған паспорт он жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
7. Қауіпті қалдықтар паспорттарының көшірмелері қалдықтардың осы партиясын немесе оның бір бөлігін тасымалдайтын жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ қалдықтардың осы партиясының (партия бөлігінің) әрбір жүк алушысына міндетті түрде ұсынылады.
8. Жүк алушы алынған қалдықтар партиясын өңдеу кезінде, оны басқа материалдармен араластыруды қоса алғанда, өз кәсіпорнынан тысқары жерге тасымалдаған жағдайда осы партияға (партия бөлігіне) қауіпті қалдықтардың жаңа паспортын ресімдеуге, сондай-ақ жаңа паспортты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберуге міндетті.»;
17) 291-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қалдықтарды орналастыру нормативтерінің жобаларын қалдықтарды орналастыратын меншікті объектілері бар жеке және заңды тұлғалар әзірлейді;»;
18) 292-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштарын бөлек жинауды, сақтауды, ұдайы әкетуді, қайта өңдеуді, кәдеге жаратуды және залалсыздандыруды, сондай-ақ елді мекеннің аумағын тазартуды көздейтін, коммуналдық қалдықтарды жинаудың ұтымды және экологиялық қауіпсіз жүйесін ұйымдастыруға жауап береді.»;
3-тармақтың 18) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2, 5-3 және 5-4-тармақтармен толықтырылсын:
«5-1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету арнайы белгілермен және спутниктік навигациялық жүйелермен жарақтандырылған, арнайы жабдықталған көлік құралдарымен жүзеге асырылады.
5-2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған және мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында құрылған ұйымның ақпараттық жүйесіне көліктің қозғалысы туралы навигациялық ақпаратты беруге міндетті.
5-3. Тұрмыстық қатты қалдықтарды әкетуді жүзеге асыратын көлік құралдарының қозғалысын спутниктік навигациялық жүйелер деректері бойынша бақылайтын ақпараттық жүйені ұйымдастыру мен жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған және мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында құрылған ұйым жүзеге асырады.
5-4. Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауға, көлік құралдарының боялуына, олардың айырым белгілеріне және жабдықталуына, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының стандарттарында белгіленеді. Қалдықтарды тасымалдауға қойылатын стандарттардың талаптары дара кәсіпкерлердің және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.»;
19) мынадай мазмұндағы 292-1-баппен толықтырылсын:
«292-1-бап. Жекелеген қалдық түрлерімен және олардың өмірлік цикл процестерімен жұмыс істеу жөніндегі экологиялық талаптар
1. Жекелеген қалдық түрлерімен жұмыс істеу кезінде қалдықтардың меншік иелері экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың, жекелеген қалдық түрлерімен жұмыс істеу саласындағы стандарттар талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
2. Қалдықтар санатына өткен мынадай материалдармен және өнімдермен: шиналармен, электрондық және электр жабдығымен, орамамен, қағазбен, пайдаланылған маймен, химиялық ток көздерімен, құрамында сынап бар қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының стандарттарында белгіленеді. Қалдықтар саласындағы стандарттардың талаптары дара кәсіпкерлердің және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.»;
20) 293-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 3-1-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдастары: электрондық және электр жабдығы, құрамында сынап бар қалдықтар, батарейкалар, аккумуляторлар және өзгедей қауіпті құрауыштар бөлек жиналуға және мамандандырылған кәсіпорындарға кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге тапсырылуға тиіс.»;
«3-1. Қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілер есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейін қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштерде жыл сайын беруге міндетті.»;
21) 295-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мақсаттары үшiн Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес қалдықтар тобы қауiптi болып есептеледі.»;
22) 296-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
23) мынадай мазмұндағы 297-1-баппен толықтырылсын:
«297-1-бап. Тұтыну қалдықтарының қайталама шикізатқа өтуі
1. Тұтыну қалдықтары, нәтижесінде қалдықтар өнім өндіру процесінде шикізатты және (немесе) басқа да материалдарды ішінара немесе толық алмастыру мақсатына қызмет ететін операциялар жасалған соң қайталама шикізат мәртебесіне ие болады.
2. Тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
3. Қалдықтар саласындағы заңнаманың талаптары қайталама шикізатқа қолданылмайды.»;
24) 298-баптың 1-тармағы «түрлері үшін» деген сөздерден кейін «жобалау құжаттамасында» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 25) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
25) 300-бап мынадай мазмұндағы 3-1, 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды алдын ала қайта өңдемей көмуге тыйым салынады.»;
«6-1. Тұрмыстық қатты қалдықтардың жаңадан салынатын полигондары сүзінді су мен қоқыс газын жинауға және бөлуге арналған жүйелермен жабдықталуға тиіс. Сүзінді су мен қоқыс газын жинауға және бөлуге арналған жүйелерді жобалауға, салуға және пайдалануға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының стандарттарында белгіленеді. Сүзінді су мен қоқыс газын жинауға және бөлуге арналған жүйелерді жобалауға, салуға және пайдалануға қойылатын стандарттардың талаптары дара кәсіпкерлердің және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
6-2. Тұрмыстық қатты қалдықтардың жаңадан салынатын полигондары сүзгіге қарсы экранмен жарақтандырылуға тиіс. Сүзгіге қарсы экрандарды жобалауға және салуға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының стандарттарында белгіленеді. Сүзгіге қарсы экрандарды жобалауға және салуға қойылатын стандарттардың талаптары дара кәсіпкерлердің және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.»;
26) 301-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9)-19) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) пластмасса, пластика қалдықтары, полиэтилентерефталат орамасы, полиэтилен қалдықтары;
10) макулатура, картон және басқа да қағаз қалдықтары;
11) құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар;
12) шыны сынықтары;
13) түсті және қара металдар сынықтары;
14) пайдаланылған автомобиль майлары мен сұйықтықтары;
15) литий, қорғасын-қышқыл батареялары;
16) ұйымдастыру техникасы;
17) тұрмыстық техниканы, жиһазды және өзгелерді қоса алғанда, ірі габаритті қалдықтар;
18) құрылыс материалдарының қалдықтары;
19) тамақ қалдықтары.»;
27) 306-бапта:
3-тармақтағы «үшін жиырма жыл бойы» деген сөздер «үшін - жиырма жыл бойы, 3-сынып полигондары үшін бес жыл бойы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Полигондарды рекультивациялау полигон орналасқан аймақтың табиғи-климаттық жағдайлары ескеріле отырып, полигон бойында қалдықтарды тұрақтандыру, полигон еңістерін эррозияға қарсы қорғау және көгалдандыру жөніндегі іс-шараларды қамтиды. Полигондарды рекультивациялауға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының стандарттарында белгіленеді. Рекультивациялауға қойылатын стандарттардың талаптары дара кәсіпкерлердің және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.».
4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат):
4-тармақтың 1) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 231-баптың 3-тармағының 23) тармақшасындағы «әкету - өткізу бойынша айналым болып табылмайды.» деген сөздер «әкету;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын:
«24) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторларының қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы алуы;
25) Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сай келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрауыштарының өндірісін ынталандыру шеңберінде кәсіпорындардың қаржыландыруды алуы - өткізу бойынша айналым болып табылмайды.»;
2) 492-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өзi орналасқан жердегi мемлекеттік кіріс органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-інен кешiктiрмей, тоқсан сайын ұсынады.
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға қатысты мәліметтерді (уақытша сақтаудың көлемдері, белгіленген мерзімдері, орналастырудың нақты кезеңі) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық органдары өзi орналасқан жердегi мемлекеттік кіріс органдарына есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-інен кешiктiрмей, тоқсан сайын ұсынады.».
5. 2014 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат, № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; №23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат):
1) 170-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың оныншы және он бірінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын есепке алу және (немесе) өткізу тәртібін бұзу —
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
мынадай мазмұндағы оныншы, он бірінші және он екінші бөліктермен толықтырылсын:
«10. Сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге заңсыз өткізу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-қимыл белгілері болмаса, —
әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. Газ желісі ұйымдарының арасында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу —
әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
12. Осы баптың оныншы және он бірінші бөліктерінде көзделген, бір жыл ішінде қайтадан жасалған әрекет —
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып және аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
2) 684-баптың бірінші бөлігіндегі «170 (жетінші және тоғызыншы бөліктерінде)» деген сөздер «170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 804-баптың бірінші бөлігінің 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«42) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның (170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктері), 171 (екінші және үшінші бөліктері (тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын асыру бойынша), 356 (он төртінші бөлігі), 463-баптар);».
6. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат):
286-бапта:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) көмір қабаттарындағы метанды өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет;»;
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретінде мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің үлесі елу пайыздан кем болатын квазимемлекеттік сектор субъектісі өз қызметін көмір қабаттарындағы метанды өндіру жөніндегі инвестициялық басым жобаны іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын жағдайда қолданылмайды;».
7. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар):
1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«8-2) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асыруды, қайта өңдеудi және кәдеге жаратуды ұйымдастырады;»;
2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:
«29) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асыруды ұйымдастырады.».
8. «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-II, 172-құжат):
6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 21-1) және 22-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«21-1) Қазақстан Республикасында суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мелиорациялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін мемлекеттік жүргізу қағидалары мен тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
«22-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды жүргізу үшін техникамен және жабдықпен материалдық-техникалық жарақтандырудың заттай нормаларын, пайдалану шығындары үшін материалдардың жұмсалу нормаларын, химиялық реактивтер мен зертхана ыдыстарының, далалық жарақтардың және арнайы киімдердің тиесілілік нормаларын, гидрогеологиямелиоративтік қызмет жұмыскерлерінің уақыт пен жұмыс жүктемесі нормаларын әзірлеу және бекіту;».
9. «Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 7-1), 8-1), 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысы - жаңартылатын энергия көздері пайдаланыла отырып, электр және жылу энергиясын өндіруге арналған технологиялық және қосалқы жабдық;»;
«8-1) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері - электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндіретін электр энергиясы көлемі үлесінің жоспарланатын көрсеткіші, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін, оның ішінде түрлері бойынша пайдалану объектілерінің жиынтық белгіленген қуаттылық көрсеткіштері;»;
«9-1) Қазақстанда өндірілетін жаңартылатын энергия көздері - қазақстандық өндірушілер өндіретін және:
Қазақстан Республикасында толық өндірілгендер ретінде Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын;
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті қайта өңдеуге ұшырағандар ретінде айқындалатын жаңартылатын энергия көздері;
9-2) резервтік қор - жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы қалыптастыратын қор, оның ақшасы арнайы банктік шотта сақталады және кассалық алшақтықтарды және қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіретін ұйымдар алдындағы, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген, шартты тұтынушыларға берілген электр энергиясы үшін олардың тарапынан төлем жасалмау немесе төлемді кідірту салдарынан туындайтын берешекті жабуға ғана пайдаланылады;»;