Осы бапта көзделген мемлекеттік тіркеуден бас тарту негіздері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.
5. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені) үшін алым төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беруге арналған өтініште, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шартта (жай серіктестік туралы шартта) көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) өзгерістер туралы тіркеуші органға осы орган белгілеген нысан бойынша хабарлауға міндетті. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген деректер өзгерген жағдайда дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) қайта тіркеуді жүзеге асыруға және жаңа куәлік алуға міндетті.
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу үшін өтініш беруші салықтық өтінішті келу тәртібімен тіркеуші органға қағаз жеткізгіште не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынуға құқылы.
Кәмелет жасына толмаған жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда, салықтық өтініш келу тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынылады.
7. 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Бірлескен дара кәсіпкерлікті тіркеу кезінде өтінішті үшінші тұлғалармен және мемлекеттік органдармен қатынастарда мүдделерін білдіретін уәкілетті тұлға береді.
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бірлескен дара кәсіпкерлікке жазылады. Куәлікке тіркеу органының басшысы куәландырған бірлескен дара кәсіпкер мүшелерінің тізімі қоса беріледі.
9. 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен алып тасталсын (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің банкроттығы, оларды қайта ұйымдастыру және тарату
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi борышкердің немесе кредитордың, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтiнiшi негiзiнде сот шешiмiмен банкрот деп танылады.
Дара кәсiпкердiң банкроттық рәсiмi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Заңды тұлға болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектісін қайта ұйымдастыру немесе тарату жеке кәсіпкерліктің нақты ұйымдық-құқықтық нысаны үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Дара кәсіпкердің қызметі ерікті немесе мәжбүрлеу тәртібімен, сондай-ақ осы Заңда көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда тоқтатылуы мүмкін.
Дара кәсіпкердің қызметі өзіндік кәсіпкерлік кезінде - дара кәсіпкер өз бетімен, бірлескен кәсіпкерлік кезінде - барлық қатысушылар бірлесіп қабылдаған шешім негізінде кез келген уақытта ерікті түрде тоқтатылады.
Дара кәсіпкер қызметін ерікті түрде тоқтату үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтық өтініш ұсынады.
Бірлескен кәсіпкерлікті тоқтату туралы шешім, егер ол үшін оған қатысушылардың жартысы дауыс берсе, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, қабылданды деп саналады.
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жеке кәсіпкердің қызметі мынадай жағдайларда:
1) ол банкрот деп танылған;
2) тіркеу кезінде жіберілген жойылмайтын сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға байланысты дара кәсіпкерді тіркеу жарамсыз деп танылған;
3) қызметін күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) ол қайтыс болды деп жарияланған;
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) ол хабар-ошарсыз кетті деп танылған жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылады.
2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Осы бапта көзделген негіздерден басқа, дара кәсіпкердің қызметі мынадай жағдайларда:
2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) өзiндiк кәсiпкерлiк - дара кәсiпкер әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, қайтыс болды деп жарияланған немесе ол қайтыс болған жағдайда;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік - егер осы тармақтың 1-тармақшасында аталған мән-жайлар болуы салдарынан бірлескен кәсіпкерлік қатысушысының біреуі қалған немесе бір де бірі қалмаған жағдайда, сондай-ақ некені бұзуға байланысты мүлікті бөлу кезінде;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген, қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату көзделетін жағдайда да тоқтатылады.
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.08.12 № 225-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Дара кәсіпкердің қызметі өзінің өтініші, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркеуші органда дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезден бастап, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылды деп есептеледі.
Дара кәсіпкер уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.
7. Белгіленген жағдайларда тіркеусіз дара кәсіпкерлікті жүзеге асыру кезінде оны тоқтату ерікті сипатта болса - нақты тоқтатылған кезден бастап, мәжбүрлеп тоқтату кезінде тиісінше соттың шешімі заңды күшіне енген кезден бастап ол тоқтатылды деп есептеледі.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
8. Орындалмаған мiндеттемелерi жоқ және мемлекеттік органдар төмен немесе орташа дәрежедегі тәуекел санатына жатқызған жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен қайта ұйымдастырудың және ерiктi таратудың оңайлатылған тәртібі белгіленеді.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 7-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-тарау. мемлекеттік реттеу
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 29-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен шектері
1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары жеке кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және өткізетін өнімнің адамдар өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүліктік мүдделерін қорғауды, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мемлекеттің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеуі арқылы, оның ішінде:
1) Қазақстан Республикасының заңдары;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы министрлерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері;
6) жергілікті өкілді органдардың шешімдері деңгейінде реттегіш құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Реттегіш құралдарды енгізу осы Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Заңның мақсаттары үшін:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші тұлғаларға ақпаратты, оның ішінде таңбалау, декларациялау, міндетті нұсқаулықтар, қызмет көрсету қағидалары бөлігінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда,тұтынушыларға ұсыну үшін міндетті жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы, үшінші тұлғаларға беру үшін міндетті өзге де ақпаратты беру туралы талаптарды осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгілеу;
2) салықтық, статистикалық және өзге де есептілікті қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті есептілікті мемлекеттік органдарға тұрақты негізде ұсыну;
3) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдарға ақпаратты, оның ішінде мәліметтер, үзінді көшірмелер, декларациялар, хабарламалар нысандары арқылы, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызметті немесе іс-қимылдарды жүзеге асыруды бастауға, жүзеге асыруға немесе тоқтатуға байланысты мемлекеттік органдарға ұсынылатын, жеке кәсіпкерлік субъектілері толтыратын өзге де құжаттарды беру ақпараттық құралдар деп танылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-бап. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен жеке кәсiпкерлiк өнiмдеріне, процестеріне қойылатын талаптарды белгiлеу
Мемлекет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен барлық жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің орындауы үшін мiндеттi өнiмдерге, процестерге қойылатын талаптарды белгiлейдi.
31-бап. Сәйкестікті, тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөніндегi органдарды аккредиттеу
Сәйкестікті, тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөніндегі органдарды аккредиттеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
32-бап. Өнімдердің жекелеген түрлерінің, процестердің сәйкестігін міндетті растау
Өнімдердің жекелеген түрлерінің, процестердің сәйкестігін міндетті растау, егер бұл Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті болса, белгіленеді.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 33-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
33-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда белгіленеді.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау мынадай:
1) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалатын тексеру нысанында;
2) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын алдын алу-профилактикалық сипаттағы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
3. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 34-бап жаңа редакцияда
34-бап. Жеке кәсіпкерлік саласында лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру
Жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін лицензиялау және оларға рұқсат беру рәсімдері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
35-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын міндеттi сақтандыру
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыру, егер осы Заңның 29-бабының 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік реттеу түрлерін қолдану мемлекеттік әкімшілік ету мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етпейтін жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
36-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының жауаптылығын белгілеу
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
8-тарау. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫ, ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
42-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін жауаптылықтың жалпы негіздері мен нысандары
2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары осы Заңның 29-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік реттеудің мақсатына қол жеткізбеген мемлекеттік бақылауды және қадағалауды, лицензиялауды жүзеге асыру кезінде өз қызметтік міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, сондай-ақ өзге де құқыққа қайшы іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жасағанда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік органдар мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуда кінәлі лауазымды адамдарына қатысты қабылданған шаралар туралы құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жеке кәсіпкерлік субъектісіне бір ай ішінде жазбаша хабарлауға міндетті.
3. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы ақпаратты таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады, ал жеке кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз ақпаратты тарату нәтижесінде оған келтірілген зиян өтелуге тиіс.
43-бап. Жеке кәсіпкерлікке кедергі келтіргені үшін жауаптылық
1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке кәсіпкерлік қызметіне заңсыз кедергі жасайтын кез келген іс-әрекеті (әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Қызметін мәжбүрлеп тоқтата тұру немесе тыйым салу солардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын қаржылық ұйымдардың, кредиттік бюролардың кәсіпкерлік қызметін қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісінің қызметін мәжбүрлеп тоқтата тұруды немесе тыйым салуды бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтініші бойынша сот жүргізеді.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін сот шешімінсіз тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша материалдарды үш тәулік ішінде міндетті түрде бере отырып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда жол берiледi.
4. Кәсіпкерлік қызметіне заңсыз кедергі келтіру салдарынан жеке кәсіпкерлік субъектісі көтерген барлық шығындар мен жеке кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген өзге де зиян өтелуге жатады.
44-бап. Жеке кәсіпкерлікті тексерудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық
1. Мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы жеке кәсіпкерлік субъектісіне тексеру жүргізудің белгіленген тәртібін бұзған жағдайда (тексеруді негізсіз тағайындау, акті шығармай және оны құқықтық статистика органында тіркемей тексеру жүргізу, құжаттарды заңсыз алып қою, материалдық құндылықтарды заңсыз түгендеу, өндірісті тоқтата тұру, артық анықтамалар толтыру, негізсіз сұрау салуларды талап ету және өзге де жағдайларда) өтеулі талап етілетін шығындардың көлеміне тексеруге арналған материалдарды дайындағаны үшін жеке кәсіпкерлік субъекті қызметкерлеріне төленген сыйақы сомалары, өндірістің мәжбүрлі тоқтаған уақытына жалақы, өндірісті тоқтата тұру салдарынан шығарылмаған тиісті тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу кезінде жеке кәсіпкерлік субъектісінің алуы ықтимал жіберіп алған пайда енгізілуі мүмкін.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен заңсыз деп танылған мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекетімен (әрекетсіздігімен) жеке кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
3. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезіндегі заңсыз іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
10-тарау. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
45-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілері жауаптылығының жалпы жағдайлары
Жеке кәсіпкерлік субъектілері жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға міндетті.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
46-бап. Сәйкестікті тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөніндегi органдардың жауаптылығы
Сәйкестікті тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөніндегі органдар өз міндеттерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
47-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
48-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының демпингке қарсы шаралар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының демпингке қарсы шаралар туралы заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
49-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының тауарлар импорты кезінде ішкi рынокты қорғау шаралары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының тауарлар импорты кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары туралы заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
50-бап. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы
Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
51-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi
1. Осы Заң 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 5-бапты қоспағанда, жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңды қолданысқа енгізу кезінде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасы оған қайшы келмейтін бөлікте қолданылады және 2007 жылғы 1 қаңтарға дейін соған сәйкес келтірілуге тиіс.
3. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» 1992 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 16, 424-құжат; 1995 ж., № 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1999 ж., № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат, № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 51-құжат; № 19-20, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат);
2) «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 182-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 21, 778-құжат; № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 15, 150-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 19-20, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат);
3) «Жеке кәсіпкерлік туралы» 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 185-құжат; № 22, 333-құжат; 1999 ж., № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы қаңтардың 31-і.
№ 124-III ҚРЗ
«Жеке кәсіпкерлік туралы»
2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124-III
Қазақстан Республикасының Заңына
қосымша
Мемлекеттік бақылау және қадағалау
түрлерi
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)