2. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке немесе өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бола тұра, олардың қызметiне қатысу - шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жібере отырып, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшіне енген сот шешiмi бар қоғамдық немесе дiни бiрлестiктің не өзге де ұйымның қызметіне қатысуды өз еркiмен тоқтатқан адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
406-бап. Шет мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарына жәрдем көрсету
Басқа мемлекеттердiң саяси партияларын немесе кәсiптiк одақтарын қаржыландыру, оларға үй-жай немесе мүлiк беру, сол сияқты өзге де жәрдем көрсету, егер бұл іс-әрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiнiң елеулi түрде бұзылуына әкеп соқса, - үш жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
17-тарау. СОТ ТӨРЕЛIГIНЕ ЖӘНЕ ЖАЗАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТIБIНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
407-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау
1. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне қандай да болмасын түрде араласу - екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Сотқа дейінгі, жан-жақты, толық және объективтi тергеп-тексеруге кедергi жасау мақсатында прокурордың немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қызметiне қандай да болмасын түрде араласу - үш жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
408-бап. Сот төрелiгiн немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның өмiрiне қол сұғу
Судьяның, алқабидің, прокурордың, сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның, қорғаушының, сарапшының, сот приставының, сот орындаушысының, сол сияқты олардың жақындарының өміріне iстердiң немесе материалдардың сотта қаралуына, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүргiзілуіне не сот үкiмінің, шешiмiнің немесе өзге де сот актiсiнің орындалуына байланысты аталған адамдардың заңды қызметiне кедергi жасау не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған қол сұғу - он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
409-бап. Сот төрелiгiн немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi
1. Iстердiң немесе материалдардың сотта қаралуына байланысты судьяға, алқабиге, сол сияқты олардың жақындарына қатысты өлтiрумен, денсаулыққа зиян келтiрумен, мүлкiн бүлдiрумен немесе жоюмен қорқыту - үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүзеге асырылуына, iстердiң немесе материалдардың сотта қаралуына не сот үкiмінiң, шешiмiнің немесе өзге де сот актiсiнің орындалуына байланысты прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына, сол сияқты олардың жақындарына қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет - екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолданып жасалған
іс-әрекеттер - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып жасалған іс-әрекеттер - бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
410-бап. Сотты құрметтемеу
1. Сот талқылауына қатысушыларды қорлаудан көрiнген, сотты құрметтемеу - үш жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Судьяны және (немесе) алқабидi қорлаудан көрiнген дәл сол іс-әрекет - бес жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
411-бап. Судьяға, алқабиге, прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жала жабу
1. Iстердiң немесе материалдардың сотта қаралуына байланысты судьяға немесе алқабиге қатысты жала жабу - екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүзеге асырылуына, сот сараптамасының жүргiзілуіне не сот үкiмінiң, шешiмiнің немесе өзге де сот актiсiнің орындалуына байланысты прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет - екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан іс-әрекеттер - төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
412-бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту
1. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан дәл сол іс-әрекет - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
413-бап. Қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату
Прокурордың немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қылмыс жасады деп күдiк туғызған немесе айыпталған адамды қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босатуы - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
414-бап. Көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау
1. Көрiнеу заңсыз ұстап алу - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көрiнеу заңсыз күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Күдіктіні ұстап алу фактісі және оның тұрған жері туралы оның туыстарына қасақана хабарламау, адамның күзетпен ұсталу орны туралы ақпаратты осындай ақпарат алуға құқығы бар азаматқа беруден заңсыз бас тарту, сол сияқты ұстап алу хаттамасының жасалу уақытын немесе нақты ұстап алынған уақытын бұрмалау - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
415-бап. Айғақтар беруге мәжбүрлеу
Прокурордың немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның тарапынан қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз әрекеттер қолдану жолымен күдiктiнi, айыпталушыны, жәбiрленушiнi, куәнi айғақтар беруге мәжбүрлеу, сол сияқты адамның ерікті түрде айғақтар беруіне, жасалған қылмыс туралы арыз беруіне кедергі жасау не оны айғақтар беруден бас тартуға мәжбүрлеу не сарапшыны қорытынды беруге мәжбүрлеу - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 416-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
416-бап. Дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау
1. Азаматтық iс бойынша дәлелдемелерді iске қатысушы адамның немесе оның өкiлiнiң бұрмалауы - екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адам жасаған бұрмалау - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын орган қызметкерінің жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын немесе жасырын тергеу іс-қимылдарының хаттамаларын немесе оларға қосымшаларды бұрмалауы -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Қылмыстық сот iсін жүргізу барысында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, прокурордың, процестік әрекеттерге қатысушы маманның немесе қорғаушының дәлелдемелерді бұрмалауы - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген, әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн шығаруға әкеп соққан іс-әрекеттер - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6. Қылмыстық іс бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы дәлелдемелерді, сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соққан бұрмалау - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
417-бап. Парамен коммерциялық сатып алуға не парақорлыққа арандату
1. Парамен коммерциялық сатып алуға арандату, яғни коммерциялық немесе өзге де ұйымдарда басқару функцияларын орындайтын адамға қылмыс жасау дәлелдемелерін қолдан жасау не бопсалау мақсатында оның келiсiмiнсiз ақша, мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар беруге әрекет ету - бес мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Парақорлыққа арандату, яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамға не оған теңестiрiлген адамға не лауазымды адамға не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
418-бап. Көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн шығару
1. Судьяның (судьялардың) көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн шығаруы - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бас бостандығынан айыруға соттың заңсыз үкiмінің шығарылуына байланысты немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
419-бап. Көрiнеу жалған сөз жеткiзу
1. Қылмыстық теріс қылық жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу - үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
2. Қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу - үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не пайдакүнемдiк ниетпен жасалған іс-әрекет - үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың екінші немесе үшінші бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топтың мүдделерiне орай жасалған іс-әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
420-бап. Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма
1. Сотта не сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында куәнің, жәбірленушінің көрінеу жалған айғақтары не сарапшының, маманның қорытындылары, сол сияқты сондай жағдайларда, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау кезінде аудармашы жасаған көрінеу қате аударма - алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша не пайдакүнемдiк ниетпен жасалған дәл сол іс-әрекеттер - бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
421-бап. Куәнің немесе жәбiрленушiнiң айғақтар беруден бас тартуы
Куәнің немесе жәбiрленушiнiң сотта немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында айғақтар беруден бас тартуы - екі мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Адам өзiне, жұбайына (зайыбына) немесе өзiнiң жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден бас тартқаны үшiн, сондай-ақ дiни қызметшiлер - тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға қарсы, медиаторлар - медиацияға байланысты өздеріне белгілі болған адамдарға қарсы және мән-жайлар туралы, ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар - қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдармен әңгімелесу барысында өздеріне белгілі болған адамдарға қарсы және мән-жайлар туралы айғақтар беруден бас тартқаны үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.
422-бап. Жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу немесе оларға мәжбүрлеу
1. Куәні, жәбiрленушiнi олардың жалған айғақтар беруi мақсатында не сарапшыны оның жалған қорытынды немесе жалған айғақтар беруi мақсатында, сол сияқты аудармашыны оның қате аударма жасауы мақсатында параға сатып алу - төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Куәнi, жәбiрленушiнi жалған айғақтар беруге, сарапшыны жалған қорытынды беруге немесе аудармашыны қате аударма жасатуға мәжбүрлеу, сол сияқты аталған адамдарды айғақтар беруден жалтаруға осы адамдарды немесе олардың жақындарын бопсалаумен, өлтiру, денсаулығына зиян келтiру, мүлкiн жою қатерін төндірумен ұласқан мәжбүрлеу - бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, аталған адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып жасалған іс-әрекеттер - алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған не аталған адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш қолданып жасалған, сол сияқты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптауға байланысты іс-әрекеттер - екі жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
423-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерiн жария ету
Жариялауға жол берілмейтіндігі туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен ескертiлген адамның сотқа дейінгі іс жүргізудің деректерiн жария етуi, егер ол прокурордың немесе сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамның келiсуiнсiз жасалған болса, - екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
424-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету
1. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету, егер бұл іс-әрекеттi аталған мәлiметтер оның қызметтiк жұмысына байланысты сенiп тапсырылған немесе белгiлi болған адам жасаса, - үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан не қылмыстық топтың мүдделеріне орай жасалған дәл сол іс-әрекет - алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
425-бап. Тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер
1. Тізімдеме жасалған, тыйым салынған немесе билік етуге шектеу қойылған мүлiктi осы мүлiк сенiп тапсырылған адамның жасаған ысырап етуi, иелiктен шығаруы, жасыруы немесе заңсыз беруi, сол сияқты кредиттік ұйым қызметшісiнiң тыйым салынған не шығыс операциялары тоқтатыла тұрған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларын жүзеге асыруы - екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Соттың үкiмi немесе қаулысы бойынша тәркiлеуге жататын мүлiктi жасыру немесе иемденiп алу, сол сияқты мүлiкке тәркiлеу тағайындау туралы заңды күшiне енген сот үкiмiн немесе қаулысын орындаудан өзге де жалтару - бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
426-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу
1. Жазасын өтеп жүрген немесе алдын ала қамауға алынған адамның бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашуы - үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп;
3) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып
жасалған дәл сол іс-әрекет - үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Қашқан кезiнен бастап жетi күн мерзiмде қамауға алу немесе күзетпен ұстау орнына өз еркiмен қайтып оралған адам, егер ол өзге жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасамаса және егер қашуы осы баптың екiншi бөлiгiнің 2) және 3) тармақтарында көзделген әрекеттермен ұштаспаған болса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 427-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
427-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден жалтару
Бас бостандығынан айыру орнынан тысқары жерге қысқа мерзiмге шығуға рұқсат етiлген сотталған адамның шығу мерзiмi бiткеннен кейiн, сол сияқты айдауылсыз жүріп-тұру құқығын пайдаланатын не қадағалауда жүрген сотталған адамның бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын одан әрi өтеуден жалтару мақсатында түзеу мекемесiне қайтып оралмауы -
екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін сотталған адамның, сондай-ақ алкоголизмнен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан емделуге мұқтаж деп танылған сотталған адамдардың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын өздеріне қолданудан жалтаруы -