Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы № 435-II Заңы
(2019.15.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңын қараңыз (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары
3-бап. Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi
4-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi
4-1-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
4-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл
5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар
6-бап. Жекеше нотариустың қызметті жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруына жол бермеу
7-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында мемлекеттiк қадағалау және бақылау
2-тарау. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
8-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбi
8-1-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
9-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы
10-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
11-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату
12-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жарамсыздығы
13-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері
14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы
15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерi
16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi
17-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi
4-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі
18-бап. Сақтандыру жағдайын және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау
19-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың талаптары және тәртiбi
19-1-бап. Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
20-бап. Зиян келтiрген тұлғаға кері талап құқығы
21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi
5-тарау. Қорытынды ережелер
22-бап. Дауларды қараудың тәртiбi
23-бап. Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Осы Заң жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жекеше нотариус - нотариаттық іс-әрекетті нотариаттық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия негізінде заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын және аумақтық әділет органында есепке алу тіркеуінен өткен Қазақстан Республикасының азаматы;
2) жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттерді жасау нәтижесінде келтірілген зиянды өтеуінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген міндеті;
3) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
4) сақтандыру жағдайы - басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;
5) сақтандыру омбудсманы - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
6) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
7) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы сақтандырушыға соңғысы жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемесін қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы;
8) сақтандыру төлемі - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;
9) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;
10) сақтанушы - сақтандырушымен жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан жекеше нотариус;
11) үшінші тұлға - жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының тарапы болып табылмайтын, жекеше нотариус жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті нотариаттық іс-әрекеттер жасауға байланысты кәсіби міндеттерін жекеше нотариустың орындауы кезінде мүліктік мүдделеріне зиян келтірілген тұлға;
12) франшиза - сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.
2-бап. Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi
Жекеше нотариустың нотариаттық қызметтердi жасауы нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүдделерi жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi (бұдан әрi - жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) болып табылады, оларды жүзеге асыру үшiн жекеше нотариус Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес жекеше нотариустың жауапкершiлiгiне мiндеттi сақтандыру шартын (бұдан әрi нотариаттық iс-әрекеттер) жасасуға мiндеттi.
4-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi
1. Жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы нәтижесiнде зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қорғауды қамтамасыз ету жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi:
жекеше нотариустың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша жауапкершілігі сақтандырылған жекеше нотариустың қызметін жүзеге асыру;
тараптардың жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өз мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етуi болып табылады.
2009.30.12 № 234-IV ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды
4-1-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi
1. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бiр сақтандырушыларға басқаларының алдында негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге бағытталған қызметке жол берiлмейдi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-2-баппен толықтырылды
4-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл
Сақтандыру жағдайының басталу фактісін растау үшін қажет және оның салдары туралы ақпарат қолында бар әділет органдары, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар және ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.
5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар
1. Қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатады.
2. Жекеше нотариустың нотариаттық қызметтi жүзеге асыруына байланысты өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң ерiктi сақтандыру шартын жасасуы оны жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндеттен босатпайды.
6-бап. Жекеше нотариустың қызметті жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруына жол бермеу
1. Жекеше нотариус жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай нотариаттық қызметтердi жасауға құқылы емес.
2. Қызметiн жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыратын жекеше нотариус Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
7-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында мемлекеттік қадағалау және бақылау
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
2. Жекеше нотариустың осы Заңның жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мiндеттiлiгiне қатысты бөлiгіндегі талаптарды орындауына мемлекеттік бақылау және осы талапты бұзған жекеше нотариустарға шаралар қолдану осы Заңға сәйкес әдiлет органдарына олардың Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген құзыретi шегiнде жүктеледi.
2-тарау. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
8-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі
1. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес сақтандырушы мен сақтанушы арасында жекеше нотариус нотариаттық iс-әрекеттердi жүзеге асыру кезiнде мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiрiлуi мүмкiн үшiншi тұлғаның пайдасына жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.
Жекеше нотариус өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын нотариаттық iс-әрекеттердi бастағанға дейiн жасасуға мiндеттi.
2. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы кезiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянның салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша моральдық шығынды, ала алмаған пайданы өтеудi және тұрақсыздық айыбын төлеудi қоспағанда, сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi.
3. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкiн. Аталған сақтандырушы үшiн шартты жасасу мiндеттi болып табылады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандыру полисін сақтандырушының электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады.
Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен ресімделуі жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді.
Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтанушы мен сақтандырушы арасында сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып электрондық нысанда ақпарат алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
5. Егер жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушының немесе үшiншi тұлғалардың жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушы мен үшiншi тұлғалардың алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттi болады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушының интернет-ресурсы сақтанушы (пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылады.
Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Сақтанушы (пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтандырушы:
1) сақтанушыға жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жөнелтуді;
2) сақтанушының жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;
3) сақтанушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда сақтауды;
4) сақтанушыға ( пайда алушыға) мыналар:
мәліметтерді өзгерту, жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын қайта ресімдеу;
жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету;
келтірілген зиян мөлшерін бағалауды жүргізу;
сақтандыру төлемін алу үшін қажет ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) электрондық нысанда жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы хабарламаның тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде, осы сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтанушымен сақтандырушы ұсынған талаптарда жасалды деп есептеледі.
5. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы өзіне ұсынылған талаптарда осы қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
6. Сақтандырушы жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасасуға арналған сақтандыру ұйымдарының ақпараттық жүйелерін пайдаланып жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.
9-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы
1. Егер жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда ол сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген, ал оны мерзiмiн ұзартып төлеген кезде - бiрiншi сақтандыру жарнасын төлеген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
2. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады.
Сақтандырушылық қорғаудың қолданылу кезеңi жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу мерзiмiмен сәйкес келедi.
3. Егер жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.
10-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мынадай жағдайларда:
1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанда;
2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылғанда;
3) сақтандырушы сақтандыру төлемiн (сақтандыру төлемдерiн) жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарында белгiленген сақтандыру сомасы мөлшерiнде жүзеге асырғанда өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
11-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату
Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатудың тәртібі, шарттары және салдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалады.
12-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жарамсыздығы
Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың шарттары, негiздерi және салдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалады.
13-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері
1. Сақтанушы:
1) сақтандырушыдан жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптарын, жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
2) сақтандырушының қаржылық есептiлiгiмен танысуға;
3) сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген тәртiппен және талаптар бойынша алуға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 19-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге құқылы.
2. Сақтанушы:
1) сақтандыру сыйлықақысын жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге;
2) жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушыға осы Заңның талаптарына сәйкес мәлiметтердi ұсынуға;
3) нотариаттық iс-әрекеттердi жасау нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтеу туралы үшiншi тұлғаның талабы немесе талап-арызы келтiрiлгенi туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап шұғыл түрде, бiрақ бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қолдан келетiн тәсiлмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы сақтандырушыға хабарлауға;
4) басталуына орай сақтанушыда келтiрiлген зиянды өтеу мiндетi туындаған оқиғаның себептерi, барысы және салдары, сондай-ақ келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерлерi туралы талдау жасауға мүмкiндiк беретiн, өзiнiң қолы жеткен барлық ақпаратты және құжаттаманы сақтандырушыға ұсынуға;
5) үшiншi тұлғалардың зиянды өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелердi реттеуге қатысуы үшiн сақтандырушыға мүмкiндiк жасауға;
6) сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды болдырмау немесе азайту жөніндегі шараларды қолдануға;
7) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актілерінде қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуі мүмкін.
14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сақтандырушы:
1) жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдерi туралы ақпаратты және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартына енгізу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтердi беруiн талап етуге;
2) сақтанушы келтiрген зиянды өтеу туралы үшiншi тұлғалардың талаптарына байланысты мәселелердi реттеуге қатысуға;
3) осы Заңның 20-бабында көзделген жағдайларда келтiрiлген зиян үшiн жауапты тұлғаға керi талап құқығын қоюға;
4) осы Заңның 21-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
2. Сақтандырушы:
1) сақтанушыны жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарымен таныстыруға, оның жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезде сақтанушыға сақтандыру сыйлықақысын толық немесе iшiнара қайтаруға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға;
3) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген тәртiппен және шарттар бойынша жүргiзуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (пайда алушының) талабын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) сақтанушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру омбудсманына қайта жіберуге;
4) сақтанушыға оның сақтандыру жағдайы кезiнде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында жұмсаған шығыстарын өтеуге;
5) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
6) сақтандыру төлемiн уақтылы жүзеге асырмаған кезде пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
3. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.