Жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында арнайы оқшауланған көрнекті орынға ұдайы Мемлекеттік Ту тігіледі, Мемлекеттік Елтаңба не олардың бейнесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мемлекеттік тілдегі мәтіні орналастырылады.
14-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген тиісті лицензиясы болған жағдайда жүзеге асырылады.
2012.28.06. № 23-V ҚР Конституциялық Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
16-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 1996 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 178-құжат; 1997 ж., № 12, 193-құжат; 2006 ж., № 1, 1-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы маусымның 4-і.
№ 258-III ҚРЗ
«Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздері туралы»
2007 жылғы 4 маусымдағы № 258-III
Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
«Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздері туралы»
2007 жылғы 4 маусымдағы № 258-III
Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
«Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздері туралы»
2007 жылғы 4 маусымдағы № 258-III
Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңына
3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің
музыкалық редакциясы
Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнінің мәтіні
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев
Алтын кун аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермегең
Қазағым мықты ғой.
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемің, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!